О. Н. Ерниязов Психологиялық зерттеу


ПЕДАГОГТЫҢ АГРЕССИВТІЛІГІН АНЫҚТАУ



жүктеу 1.29 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата31.01.2017
өлшемі1.29 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ПЕДАГОГТЫҢ АГРЕССИВТІЛІГІН АНЫҚТАУ.   

А. АССИНГЕР ТЕСТІСІ 

 

Тест педагогтың әріптестерімен және оқушыларымен қарым-

қатынасы  талапқа  сай  ма,  оған  оқушылардын  қарым-қатынас 

жасау  жеңіл  ме?  деген  сұраққа  жауап  іздейді.  Жауаптар 

объективті  болу  үшін,  әріптестер  бірінің  орнына  бірі  жауап 

берулеріне  болады.  Бұл  олардың  ӛзін-ӛзі  бағалауы  қаншалықты 

дұрыс екендігін анықтауға кӛмектеседі.  

Нұсқау: «Дұрыс деп санаған жауаптың астын сызыңыз». 

Тест сұрақтары: 

1.  Сіз  жұмыстағы  дау-жанжалдан  кейін,  келісімге  келудің 

жолын қарастырасыз ба? 

1) әрқашан;  2) кейде;  3) ешқашанда. 

2.  Сіз ӛзіңізді қиын жағдайда қалай ұстайсыз? 

1)  іштей  ашуланасыз;  2)  толық  шыдамдылық  танытасыз;                       

3) ӛзіңізді ұстай алмайсыз. 

3.  Сізді әріптестеріңіз қандай адам деп ойлайды? 

1)  ӛзіне-ӛзі  сенімді  және  қызғаншақ;  2)  мейірімді;  3)  ӛте 

байсалды және қызғаншақ емес. 

4.  Егер  сізге  жауапты  қызмет  ұсынылса,  сіз  қалай 

қабылдайсыз? 

1)  аса  қауіптілікпен;  2)  мүлде  ойланбастан;  3)  ӛзіңіздің 

тыныштығыңыз үшін бас тартасыз. 

5.  Егер  сіздің  әріптесіңіз  рұқсатсыз  үстеліңізден  қағаз  алса, 

сіз ӛзіңізді қалай ұстайсыз? 

1)  бірден  бетіне  айтып  тастайсыз;  2)  орнына  әкелдіресіз;    3) 

тағы ештеңе қажет емес пе? деп сұрайсыз. 

6. Егер қүйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан әдеттегіден кеш келсе, 

оны қандай сӛздермен қарсы аласыз? 

1) сені кешіктірген қандай себеп?; 2) түнге дейін қайда жүрдің?; 

3) мен мазасыздана бастадым. 

7.  Сіз машинаның рулінде ӛзіңізді қалай ұстайсыз? 

1)  алдыңыздағы  машинаны  қуып  жетуге  тырысасыз;                     

2)  сізден  қанша  машина  ӛзса  да,  сізге  бәрі  бір;    3)  сізден  ешкім 

озбас үшін қатты жылдамдықпен жүресіз. 

8.  Сіздің ӛмірге деген кӛзқарасыңыз? 

1) байсалды;   2) ӛте жеңіл;   3) ӛте қатал. 



 

68 


9.  Егер  бәрі  сіз  ойлағандай  болмаса,  сіз  қандай  шара 

қолданасыз? 

1)  кінәны  басқа  біреуге  аударуға  тырысасыз;  2)  бәріне 

кӛнесіз;   3) болашақта сақ болуға тырысасыз. 

10.  Сіз  қазіргі  жастардың  ӛз  бетімен  кеткендігі  туралы 

фельетонға қандай реакция білдіресіз? 

1)  оларға  ӛз  бетімен  кетуге  тыйым  салу  керек;  2)  оларға 

мәдениетті және ұйымдасқан түрде демалуға жағдай жасау керек;   

3) біз олармен қашанғы алысып жүреміз. 

11. Егер сіздің алғыңыз келген орынды басқа біреу иемденсе, 

сізге қандай ой келеді? 

1)  неге  мен  сол  үшін  қиналдым?;  2)  оның  келбеті  бастыққа 

ұнаған болу керек;  3) келесіде сәті түсер. 

12.  Сіз қорқынышты фильмді қалай кӛресіз? 

1) қорқасыз;  2) ішіңіз пысады;  3) рахаттанасыз. 

13.  Егер  жолдағы  машинаның  кӛптігінен  сіз  маңызды 

жиналысқа кешігіп жатырсаңыз? 

1)  жиналыс  кезінде  қобалжып  отырасыз;  2)  әріптестеріңіздің 

түсінушілікпен қарағанын қалайсыз;  3) ӛкінесіз. 

14.  Сіз ӛзіңіздің спорттық жетістіктеріңізге кӛзқарасыңыз? 

1) міндетті түрде ұтуға тырысасыз; 2) ӛзіңізде жол болғанын 

сезініп  рахаттанасыз;  3)  егер  жолыңыз  болмаса,  қатты  ашула-

насыз. 

15.  Егер мейрамханада сізге дұрыс қызмет кӛрсетпесе, сіз не 



істейсіз? 

1)  айқай  шу  шығармау  үшін  кӛнесіз;  2)  даяршыны  шақырып 

ескерту  жасайсыз;  3)  шағыммен  мейрамхананың  директорына 

барасыз. 

16.  Егер сіздің балаңызды мектепте ренжітсе, сіз ӛзіңізді қалай 

ұстайсыз? 

1) мұғаліммен сӛйлесесіз; 2) «Кішкентай қылмыскердің» ата-

анасымен  жанжалдасасыз;  3)  балаңызға  «ӛзіне  соны  кері  істе» 

деп ақыл айтасыз. 

17.  Ӛз ойыңызша сіз қандай адамсыз? 

1) орташа; 2) ӛзіне-ӛзі сенімді; 3) тек алған бетінен қайтпайтын. 

18.  Егер  сіз  ӛз  қоластыңыздағы  қызметкеріңізбен  мекеменің 

есігінің  алдында  соқтығысып  қалып,  ол  сізден  кешірім  сұрап 

жатса, сіз қалай жауап берер едіңіз? 1) кешіріңіз, бұл менің кінәм;  

2) оқасы жоқ;  3) алдыңызға қараңыз. 


 

69 


19.  Егер  газетте  жастар  арасындағы  бұзақылық  туралы 

жазылса, сіз қандай кӛзқараста боласыз? 

1)  қашан  нақты  шара  қолданады;  2)  жаза  қолдану  керек;               

3) бәріне жастарды кінәлауға болмайды, оған тәрбиелік де кінәлі. 

20.  Егер  сізге  жануар  түрінде  дүниеге  қайта  келуге  тура 

келсе, сіз қандай жануарды қалайсыз? 

1) жолбарыс немесе леопард;  2) үй мысығы; 3) аю. 

«Енді  мұқият  астын  сызған  жауаптарыңызды  қараңыз. 

Жауаптарыңыздың нӛмірлерін қосыңыз». 

Қорытынды: 

36-44 ұпай - Сізде біршама агрессивтік байқалады, бірақ ӛмір 

де  жақсы  жолмен  келе  жатырсыз,  себебі  ӛз-ӛзіңізге  деген 

сенімділік пен даңққұмарлық жеткілікті. 

45  -оданда  кӛп  -  Сіз  ӛте  агрессивті  және  сонымен  қатар  ӛте 

қатал адамсыз. Сіз жоғарыға кӛтерілгіңіз,  ӛзіңіздің әдістемеңізге 

сене отырып, жеңіске жеткіңіз келеді, бірақ сіз ӛзіңізді қоршаған 

адамдар  мен  үйдегілердің  мүддесін  ескермейсіз.  Сондықтан  сіз 

әріптестеріңіздің  сӛзіне  құлақ  аспайсыз.  Сол  үшін  сізді  жақтыр-

маса, кішкене нәрсе үшін әріптестеріңізді жазалағыңыз келеді. 

35-одан  да  аз  -  Сіз  ӛз  қүшіңізбен  мүмкіндіктеріңізге  толық 

сенімді  емессіз.  Сондықтан  ӛте  бейбітшілік  сүйгіш  адамсыз, 

әрине, бұл сізді кішкене жел тұрса, майысып қалатын шӛп секілді 

деп  айтуға болмайды. Дегенмен, сізге ӛзіңізге сенімдірек  болған 

артық болмайды. 

 

 

ДАУ-ЖАНЖАЛ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ РЕАКЦИЯНЫ 

БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ. ТЕСТ "СІЗ ДАУ-

ЖАНЖАЛҒА БЕЙІМ АДАМСЫЗ БА?" 

 

Нұсқау:  «Сізге  берілген  сұрақтарға  байланысты  ӛзіңіз 



келісетін жауап вариантын таңдаңыз". 

1.  Қоғамдық  кӛлікте  адамдар  дауыс  кӛтеріп  дау-жанжал 

бастады. Сіздің реакцияңыз? 

а) Бұл іске араласпаймын. 

б) Ӛзім дұрыс деген жаққа жақтасамын. 

в) Дауға белсенді араласамын. 

2. Сіз жиындарда басшылыққа шағым айта аласыз ба? 

а) Жоқ. 


 

70 


б) Айтамын, егер оған себеп болса. 

в) Тек басшылыққа ғана емес, барлығына айтамын. 

3. Сіз достарыңызбен жиі сӛзге келесіз бе? 

а) Тек олар ашушаң болмаса. 

б) Тек принципті сұрақта. 

в) Сӛзге келу - менің үйреншікті ісім. 

4.  Егер  біреу  кезекті  бұзып  келіп,  алдыңызға  тұрып  алса, 

сіздің реакцияңыз қандай болады? 

а) Іштей таңданамын. 

б) Ескерту жасаймын. 

в) Алға шығып, кезекті ретке келтіремін. 

5. Үйде түскі тамаққа тұзды аз салған. Сіздің реакцияңыз? 

а) Ұсақ нәрсеге бола айқай шығармаймын. 

б) Үндемей ӛзім түз салып аламын. 

в)  Бұған  ескерту  жасаймын  және  тамақтан  бас  тартуым  да 

мүмкін. 


6. Егер сіз аялдамада түрғанда аяғыңызды біреу басып кетсе... 

а) Сол кісіге таңдана қараймын. 

б) Ескерту жасаймын. 

в) Ұялмай - ақ айтып тастаймын. 

7.  Сіздің  туысыңыз  сізге  ұнамайтын  бір  зат  сатып  алды. 

Сіздің реакцияңыз? 

а) Үндемеймін. 

б) Жай ғана коментарии жасаймын. 

в) Айқай шығарамын. 

8. Сізге лотереядан ұтыс шықпады. Сіз не істер едіңіз? 

а)  Сыр  білдірмеймін,  бірақ  ішімнен  енді  ойнамауға  сӛз 

беремін. 

б)  Ӛкінімімді  жасырмаймын,  бірақ  қайта  ойнауға  бел 

байлаймын. 

в) Кӛп уақытқа кӛңілім бүзалады. 

Енді жинаған үпайыңызды санаңыз? "а" - 4; "б" - 2; "в" - 0. 

22-23  ұпай.  Сіз  бірбеткей,  ӛмірсүйгіш  жансыз.  Үйдегі,  жұмыс-

тағы  т.б.  дау-жанжалдардан  оңай  құтылып  кетесіз.  Айнала-

дағылар  сізді  икемсіз  деп  ойлайды.  Дауларда  адамның  кӛңіліне 

қарамай айтып тастауға тырысасыз. 

12-20  ұпай.  Сіз  даушыл  адамдар  қатарына  жатасыз.  Ал 

шындығына тек дауласудан жол болмағанда ғана дау шығарасыз. 

Сіз  айналаңыздағы  адамдарға  (достарыңызға,  жолдастарыңызға) 


 

71 


қарамай-ақ  ӛз  кӛзқрасыңызды  берік  ұстанасыз.  Бірақ  шектен 

шығып кетпейсіз. Сондықтан сізге деген сыйлыстық ӛзгермейді. 

10 ұпайға дейін. Сіз дай-жанжал шығарғанды ұнатасыз. Басқа 

адамдарды  сынауды  жаныңыз  сүйеді,  ал  ӛзіңізді  сынаса 

жақтырмайсыз.  Сіз  мін  тағу  үшін  сынайсыз.  Жұмыс  орнында, 

үйде бірге жүретін адамдарға сіздің қасынызда жүру ӛте қиынға 

соғады.  Ӛз-ӛзіңізді  ұстай  алмау,  дӛрекілік  адамдарды  ӛзіңізден 

алшақтатады.  Бір  сӛзбен  айтқанда  ӛзіңіздің  мінез-құлқыңызды 

ӛзгертуге тырысасыз. 

 

 

А.Ф. ФИДПЕРДІҢ ҰЖЫМДАҒЫ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ 

ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Әдістеме  ұжымдағы  психологиялық  жағдайды  бағалау  үшін 

қолданылады.  Бұның  негізінде  сематикалық  дифференциал  әдісі 

жатады.  Тӛменде  әдістеме  бланкісі  берілген.  Шкаланың  10 

бӛлімінің  әр  қойсысына  берілген  жауаптарды  солдан  оңға  қарай 

1-ден  8-ге  дейінгі  ұпайлармен  бағалайды.  *  белгісі  солға  қарай 

орналасқан  сайын  ұпай  тӛмен  болады  және  жауап  берушінің 

пікіріне  сүйенсек  ұжымдағы  психологиялық  жағдай  жақсырақ. 

Қорытынды  кӛрсеткіш  10  (жақсырақ)  және  80  (жағымсыз, 

шамалы) ұпай аралығында болады. 

Жеке  дара  профильдер  негізінде  ұжымдағы  психологиялық 

жағдайды  сипатайтын  орташа  профиль  туындайды.  Әдістеменің 

қызықты  жері:  анонимді  тексерілуге  мүмкіндік  береді,  ал  бұл 

оның сенімділігін арттырады. Басқа әдістемелермен бірігуінде де 

сенімділік артады (мысалы, социометриямен). 

Әдістеменің толтырылған бланкісінің үлгісі.  

Құрметті жолдас! 

1-кесте  мағыналары  бойынша  қарама-қарсы  сӛздер  жұбы 

берілген.  Бұл  арқылы  сіз  ӛзіңіздің  ұжымыңыздағы  жағдайды 

сипаттай  аласыз.  *  белгісін  жұптың  сол  жақ    пен  оң  жақтың 

қайсысына  қарай  жақынырақ  қоясыз,  сондай  жағдай  сіздің 

ұжымыңызда қалыптасқанын кӛрсетесіз. 

 

 

 



 

72 


1 - кесте 

№ 

 



 

 



 

 



 



 

 



 



 

 



 

 



Достық 

 

 



*   

 

 



 

 

 



Қастық 

 



Келісім 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Келіспеушілік 

 



 

Қанағаттанарлық 

 

 

 



 

 

* 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қанағатсыздық 



 

 



Ӛнімділік 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ӛнімсіздік 

 



 

Жылы шырайлылық 

 

 

 



 

 

* 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Салқындық 



 

 



Ынтымақтастық 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Бірікпеушілік 

 



 

Бірін-бірі қолдайу 

 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Теріс ниеттілік 



 

 



Еліктеушілік 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



Немқүрайлылық 

 



 

Қызығушылық 

 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Жалықтыру 



 

1



 

Жетістік 

 

 

 



 

 

* 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сәтсіздік 



 

 

 



ҚАНДАЙ ТҮСТІ ҰНАТАСЫҢ 

 

Қызыл - белсенділік пен ӛмірлік күш-қуаттың түсі. Бұл түсті 

батыл,  табанды,  ерік-жігерлі  адамдар  ұнатады.  Олар  дегеніне 

жеткісі  келсе,  алдынан  кездескен  қандай  кедергіден  де  қо-

рықпайды. Олар қызба, әсершіл, ӛздерін ұстап тұра алмайтындай 

қызуқанды келеді. Қызылды ұнататындар - жетекшілер. 

Қызғылт  -  жалынның  түсі.  Жалын  түсті  таңдайтындар  қай 

кезде де ыстыққанды келеді. Олар ӛте жарқын, айрықша адамдар, 

кӛптің  ішінде  ерекшеленіп  тұрады.  Алға  қойған  мақсаттарына 

жету жолында ӛмірлерін қиюға да әзір тұрады. 

Сары  -  жылу  мен  жарықтың  түсі.  Егер  сары  түсті  таңдасаң, 

онда  сен  белсенді,  ӛте  кӛпшіл,  достыққа  берік,  еркіндікке 

талпынғыш адамсың. Сен бәрінен де  ӛз еркіндігіңді  биік қойып, 


 

73 


әр  түрлі  ережелер  мен  шектеулерді  жек  кӛресің.  Әсіресе,  соңғы 

жағдайда  ата-анаңмен,  ұзтаздарыңмен  келіспей  қалып,  қапа 

болуың да мүмкін. Бірақ тез қайтасың, ӛйткені кӛңіл-күйің жыл-

дам ӛзгергіш. Тағы бір қырың, сен барып тұрран оптимистсің. 

Жасыл  -  халықтық  сенімі  бойынша  үміттің  түсі.  Ал 

психологтар  тыныштық  пен  тұрақтылықтың  түсі  дейді.  Кім 

жасыл  түсті  қалайтын  болса,  ол  ӛзгерістерге,  ӛмір  қиыншылық-

тары  мен  шиеленістерге  тӛзбейді.  Ұнататын  жұмыстарына  олар 

беріле  кірісіп,  барлық  күш-жігерін  жұмсайды.  Ал  ӛмірдің  басқа 

салаларында  еріншектікке  салынып,  енжар  болуы  да  мүмкін. 

Олардың  достары  кӛп  емес,  дегенімен,  айналасындағылар 

сүйкімді деп есептеп, оларға құрметпен қарайды. 

Кӛкшіл (теңіз суындай) - табиғи болмысты айрықша адамдар 

таңдайды. Олардың бойында қиялшылдық пен ӛмірге бейімділік, 

ұстамдылық пен қызбалық, кеңпейілдік пен ӛзімшілдік қасиеттері 

үйлесім тапқан. Олар тартымды, егер қаласа, кез-келген адамның 

сүйіспеншілігіне  де  бӛлене  алады.  Осы  қасиеттеріне  орай  олар 

кез-келген  жерде  танылып,  ӛз  тобында  немесе  сыныбында 

жетекшілікке дейін кӛтеріле алады. 

Кӛгілдір  (аспан  кӛк)  -  романтиктердің  түсі.  Егер  осы  түс 

саған ұнаса, бойында әсершілдік, сезімталдық, қиялшылдық және 

сүюге  құмарлықтың  болғаны.  Аспан  кӛкті  нәзік  жанды, 

шығармашылыққа  бейім,  адал,  бірақ  ӛмірге  бейімі  жоқ  адамдар 

ұнатады.  Әдетте,  олар  кӛпшіліктің  ілтипатына  бӛленіп,  ӛздерін 

ұнататын кӛптеген достар табады, 

Кӛк  түсті  -  ұнататындар  адамдар  арасындағы  жақсы  қарым-

қатынасты  ең  жоғары  бағалайтын  кісілер.  Ондай  кісілер 

достықты  бағалап,  махаббаттты  бәрінен  жоғары  қояды  және 

жақын  тұтатын  адамдарының  алдында  қолға  алған,  ынта  қойған 

ісін  де  жинастырып  қоюға  бар.  Айналасында  дос-жарандары 

қаптап жүреді. Олар зұлымдықты, сатқындықты және араздықты 

ұнатпайтын ақ тілекті жандар. 

Күлгін  -  ойшылдардың  түсі.  Бұл  түсті  таңдағандар  зиялы, 

байсалды, ұстамды және шыдамды келеді. Олар айналасындағы-

ларға  қамқор,  ілтипатты  және  ӛзгелердің  ӛмір-тіршілігін  қызыға 

бақылап  жүреді.  Мінез,  әрекеттерінің  ұсақ-түйегіне  дейін  зер 

салып,  салмақтайды.  Олардың  ішкі  жан-  дүниесінде,  тереңде 

орасан зор күш-жігер жасырынып тұрады және кей жағдайларда 



 

74 


болмаса,  сыртқа  да  шыға  бермейді.  Наным-сенімдер  мен 

құпияларға құмар келеді. 

Алқызыл  түс  –  нәзік  жанды  ұяң  жандардың  ұнататын  түсі. 

Осындай  адамдар  туралы  жұрт:  ӛмірдің  тек  жақсы,  жарқын 

шақтарын ғана елеп-ескеріп, нашар, қараңғы тұстарын аңғарғысы 

келмейді. Басына күн туып ӛмірдің ащысын татқанша ғана қатты 

күйзеледі.  Ӛмірге  жеңіл-желпі  қарайды  деп  баға  береді.  Егер 

алқызыл  түсті  таңдасаң,  онда  сен  аузын  ашса,  жүрегі  кӛрінетін, 

кіршіксіз,  табиғи  болмысты,  биязы  және  әдемі  заттар  мен 

жайлылық  ты  сүйетін  адамсың.  Саған  сезімталдық,  нық 

сенімділік және жеңілтектік қасиеттері де тән 

Сұр түс - ұстамдылықтың рәмізі. Бұл түсті ұнататын адамдар 

сыр  мінез  келеді.  Сезімін  сыртқа  шығара  бермейді.  Олар  кӛзге 

түскенді,  кӛпшіліктің  қалың  назарында  болғанды  ұнатпайды. 

Олардың  достары  да  аз  болады.  Және  дос  кӛбейте  бергенді  де 

қаламайды.  Қисынды  ойлау  қабілеті  басым.  Ӛте  жауапты, 

ұқыпты, кейде ұсақ-түйекті де елеп-екшейді. 

Қара  түс-  жұмбаққа  толы.  Бұл  түсті  таңдаған  адамдарды 

түсіну  қиын.  Олардың  мінездемесін  қайсы  топқа  жатқызарыңды 

білмейсің,  қарама-қайшылығы  мол.  Әдеттегідей  олар  ішкі  жан 

дүниесі  бай,  айрықша  тұлғалар.  Олардың  кейбіреулері  ӛмірге 

кӛңілі  толмай,  жабығып,  мұңаюға  бейім  келсе,  ӛзгелері 

керісінше,  аса  ұстамды  және  тӛзімді.  Олардың  арасында 

ашынулы,  беті  қайтпайтын    күрескерлер  де,  алдынан  кіші-гірім 

кедергі кедессе, ӛз мақсаттарынан оңай бас тарта салатындары да 

кездеседі. 

Қоңыр  түсті  -  байсалды,  саналы,  ісіне  тыңғылықты  кісілер 

жоғары  бағалайды.  Олар  ӛздерінің  әдет-дағдыларына  берік, 

ӛзгерістерді ұнатпайды және сараңдыққа дейін баратын үнемшіл. 

Олар  уәдеге  берік  келеді,  қиын-қыстау  сәттерде  сенім  артуға 

болады.  Бірақ  олардың  жанында  әрдайым  жүретін  болсаң, 

жалығып кетесің. 

Ақ - шаттықтық түсі. Ақ түсті ұнататындар ӛте әсершіл және 

қызба келеді, тез еліктегіш, ӛзгенің ықпалына жақсы жағына да, 

жаман  жағына  да  жеңіл  беріледі.  Мұндай  адамдардың  бастарын 

тауға да, тасқа да соғатын мінез қайшылығы мол. Оларға ӛздерін 

демеп, бағыттап отыратындай сенімді достар ауадай   қажет. 

 


 

75 


ЖАСӚСПІРІМДЕРДІҢ АЛАҢДАУ ДЕҢГЕЙІН 

АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Нұсқау: «Мына жазылған беттегі жағдайлар сіздің ӛміріңізде 

жие  кездесіп  тұрады.  Осылардың  ішінде  кейбіреулері  сізге 

үнамсыз  ұайым  тудыруы  мүмкін,  мазасыздануы,  алаңдатуы, 

қорқыныш  тудыруы  мүмкін  мүмкін.  Зейін  салып  оқып  мына 

сандардың сәйкес келетінін белгілеңіз». 

"П"    «1«    «<}»    «ОЭ»    "Л" 

0 - егер сіз ӛзіңізді жақсы сезінсеңіз. 

1 - егер сіз мазасызданып уайымдасаңыз. 

2  -  егер  сіз  бұл  жағдайды  ұнатпасаңыз  мазасыздық  тудырса 

және мұндай жағдайдан қашқақтасаңыз. 

3 - егер бұл жағдай сізге жағымсыз әсер әкелсе, мазасыздық, 

алаңдау қорқыныш тудырса. 

4  -  егер  бұл  жағдай  сізге  қатты  әсер  етіп,  қатты 

мазасыздандырып, ӛте қатты қорқыныш әсер тудырса. 

Әдістеменің тестісі: 

1. Тақтаның алдында жауап беру - 0, 1, 2, 3, 4. 

2. Таныс емес адамның үйіне бару - 0, 1, 2, 3, 4. 

3. Жарыстарға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу - 0, 1, 2, 3, 4. 

4. Мектеп директормен әңгімелесу - 0,1, 2, 3, 4. 

5. Ӛз болашағы туралы ойлау - 0, 1, 2, 3, 4. 

6. Мүғалім журнал бойынша кімнен сабақ сұрау керек екенін 

қарап отыры - 0, 1, 2, 3,4. 

7. Сені кінәлап қинауда - 0, 1, 2, 3, 4. 

8. Бір нәрсемен айналыссаң саған қарап отырады - 0, 1,2, 3,4. 

9. Бақылау жұмысын жазып отырсыз - 0,1, 2, 3,4. 

10.  Бақылау  жұмысынан  кейін  мұғалім  бағаны  дауыстап 

айтуда - 0, 1, 2, 3, 4. 

11. Саған кӛңіл аудармайды - 0, 1, 2, 3,4. 

12. Қолға алған ісің жүзеге аспауда - 0, 1, 2, 3, 4. 

13. Ата-аналар жиналысынан ата-анаңды күтудесің - 0, 1, 2, 3, 4. 

14. Сені жол болмаушылық күтіп тұр - 0, 1, 2, 3,4. 

15. Артыңнан күлкіні естідің - 0, 1, 2, 3,4. 

16. Мектепте емтихан тапсырып жатырсың - 0, 1, 2, 3, 4. 

17. Саған ренжиді (неге екені белгісіз) - 0, 1, 2, 3,4. 

18. Үлкен аудиторияның алдына шығу - 0, 1, 2, 3,4. 

19. Маңызды жұмысты шешуге тура келеді - 0, 1, 2, 3,4. 


 

76 


20. Сен мұғалімнің түсіндіргенін түсінбейсің - 0, 1,2, 3,4. 

21. Сенімен келіспей қарсы шығуда - 0, 1, 2, 3, 4. 

22. Ӛзіңді ӛзгерлермен салыстырасың - 0, 1, 2, 3,4. 

23. Сенің қабілетіңді тексеруде - 0,1,2, 3,4. 

24. Саған кішкентай адам ретінде қарауда - 0, 1, 2, 3, 4. 

25. Кенеттен мұғалім саған сұрақ қояды - 0, 1, 2, 3,4. 

26. Сен жақын келгенде олар үн-түнсіз қалды - 0,1, 2, 3, 4. 

27. Сенің жұмысың бағалануда - 0, 1, 2, 3, 4. 

28. Ӛз жұмысың туралы ойлайсыз - 0, 1, 2, 3, 4. 

29. Саған ӛзің үшін шешім қабылдауың керек - 0, 1, 2, 3, 4. 

30. Үй тапсырмасын шеше алар емессің - 0, 1, 2, 3, 4.  

Әдістемені 3 түрлі жағдайда анықтайды: 

1.  Мұғалім  және  мектеппен  жағдайлы  қарым-қатынасты 

қарастыру. 

2. Ӛзін жағдайлы, ӛзекті елестету. 

3. Қарым-қатынас жағдайы. 

Алаңдау түрлері: 

Алаңдау түрі 

 

Пункт шкаласының номері 



 

Мектептік 

 

1,4,6,9,10, 13, 16,20,25,30. 



 

Ӛзін-ӛзі бағалаушылық 

 

3, 5, 12, 14, 19, 22, 23, 27, 28, 29. 



 

Түлғааралық 

2,7,8,11,15,17,18,21,24,26. 

 

 

В.П. ЗАХАРОВ ПЕН А.Л. ЖУРАВЛЕВТЫҢ ЕҢБЕК 

ҰЖЫМЫН БАСҚАРУ СТИЛІН АНЫҚТАУ 

ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Негізгі  әдістеме  27  пайымдаулар  тобынан  тұрады.  Онда 



басқарма  мен  ұжымның  әртүрлі  ӛзара  әрекеттестік  жайлары 

кӛрсетіледі. 

Әдістеме  еңбек  ұжымын  басқару  стилін  анықтауға 

бағытталған. Тестілеу тәртібі нұсқауда кӛрсетілген. 

Нұсқау:  «Сауалнама  іскерлік  қасиеттерін  кӛрсететін  16 

пайымдаулар  тобынан  тұрады.  Әрбір  топ  а,  ә,  б,  әріптермен 

белгіленген  үш  пайымдаудан  тұрады.  Әрбір  топтағы  барлық  үш 


 

77 


пайымдауларын  мұқият  оқып  шығып,  ішінен  сіздің  ойыңызша 

басқарушыға  сәйкес  келетінін  таңдаңыз.  Ӛзіңіздің  таңдаға-

ныңызды  «+»  белгісімен  жауап  қағазына  сәйкес  әріптің  астына 

белгілейсіз. 

Егер  сіз  бір  уақытта  екі  не  одан  да  кӛп  басшыларды 

бағалайтын  болсаңыз,  берілген  үш  пайымдаулар  бойынша 

оларды ӛзара салыстырыңыз, әрбір басшыны сипаттайтын бір-бір 

пайымдаудан  таңдаңыз  (н/е  2  не  одан  да  кӛп  басшыны  сипат-

тайтын 1 пайымдау) және әрқайсысы туралы ӛзіңіздің пікіріңізді 

жауап қағазында әр түрлі белгілермен 0; +; - белгілеңіз. 

Сауалнамаға  жазбаңыз!  Белгілерді  тек  жауап  қағазында 

белгілеңіз. 

САУАЛНАМА ПАРАҒЫ 

Бағалану 

1. 

аб в 


9.   абв 

2. 


абв 

10. абв 


3. 

абв 


11. абв 

4. 


аб в 

12. абв 


5. 

аб в 


13. абв 

6. 


абв 

14. абв 


7. 

абв 


15. абв 

8. 


абв 

16. аб в 

 

Сауалнама мәтіні 



№ 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет