Ө рнектеген мірін нерімен қарқаралылық сазгер-күйші, қобызшы Шалғынбай Төлеубаевтың шығармашылығы туралы



Pdf көрінісі
Дата01.01.2017
өлшемі50,97 Kb.
#898

Ө

рнектеген 

мірін 

нерімен 

қарқаралылық сазгер-күйші, қобызшы 

Шалғынбай Төлеубаевтың 

шығармашылығы туралы 

• Өнер саңлақтары 

Қарқаралы қаласы. 1969 жыл. 

Күздің жаңбырлы бір кеші. Қар ара-

лас жаңбыр құйып тұр. Қарқаралы 

көшелерінде күндегідей ерсілі-қар-

сылы жүріс жоқ. Бар төңірек мынау 

күздің жабырқау мінезіне бой ұсы-

нып, етек-жеңін қымтана бұйығып 

тұрғандай. Осынау қараңғылық 

тұмшалаған қала ішінде орта тұстағы 

еңселі үйдің шамы жарқырай жанып, 

айналаға ерекше бір жылылық, 

сәулелі нұр шашып тұр. Бұл — аудан-

дық Мәдениет үйі. Жақында ғана қаз 

түрған ансамбль өнерпаздары 

кезекті репетицияға жиналған. Бір 

шетте Қазақстанға еңбегі сіңген 

мәдениет қызметкері, режиссер 

Атығай Шанин тығыршықтай сары 

жігіт, осындағы саз мектебінің ди-

ректоры Шалғынбай Төлеубаевқа 

ренжи сөйлеп тұр. 

— Сахнаға Абай бейнесін шығар-

масақ, ансамбль көркеймейді. Ал 

Нұркетаев болса, шақыртқанымызға 

бір-екі күн болды, әлі жоқ. Енді не 

істейміз? 

Осы сәтте залда ерсілі-қарсылы 

жүрген жастар ду ете түсті. 

— Ура, Орал келді! 

— Ой, сабаз-ай, жеттің бе? 

Жаңағана күбірлесіп түрған Ате-

кең мен Шалғынбай жарыса ұмты-

лып барып, Оралдың екі жағынан 

қаумалап, қошеметтей амандасып 

жатыр. 


Орал келісімен-ақ ансамбль 

жүмысы ширап, серпіліп сала берді. 

Өнерпаз жігіт бойындағы бар ынта-

жігерімен, табиғи дарынымен сах-

наға Абай бейнесін шығаруға кірісті. 

Сағаттар бойы пианинода ойнаған 

Шалғынбайдың қасында тер төгіп, 

Абай арияларын меңгеруге күш сал-

ды. 

Қарағанды қаласы. Кеншілердің 



Мәдениет сарайы. Мұнда көркем-

өнерпаздар ұжымдарының облыс-

тық бірінші фестивалі өтіп жатыр. 

Бір мезет шымылдық жайлап 

қана ашылды. 

— Сахнада Қарқаралының «Сал-

танат» ансамблі, — деп концертті 

жүргізуші саңқылдата хабарлады... 

А в т о р л ы қ  ш е г і н і с : Осы кон-

церттен екі күн бұрын аудандық 

газеттің редакциясында істейтің ма-

ған Қарқаралы қалалық театрының 

режиссері, алдында ғана Қазақста-

нға еңбегі сіңген мәдениет қызмет-

кері Атығай Шанин жолығып, қасиет-

ті өнер қонған Қарқаралыда үлкен 

бір халық ансамбілін құрсақ, соның 

сценариясын сен жазсаң, деп ұсы-

ныс айтқан еді. Сценарий жарты ай-

дың ішінде дайын болды. Онда 

қазақтың Қарқаралыға қатысты та-

рихын қамтуға күш салдық. Мен ез 

ауданымыздағы тамаша өнерпаз-

дар, сол кезде халық театрында ой-

нап жүрген Сара, Баймұқаш, Шабал, 

Нұрғали, Қуан, Бағдат, Көкен, Мәри-

яш, кейіннен ансамбльге тартылған 

Төлеу Ахмедиев, Ләззат Мұздыбае-

ва, Орал Нұркетаев, Әбдірахман 

Әбдішев, Айтқазы Смайылов, Рым-

кеш Сағымбекова, Несіпхан Темір-

ғалиев, Рахима Дүйсекина, Шайза 

Ахметбекова, Мейрам Әрінов, Хасен 

Баймұханбетов, апалы-сіңлілі Шани-

налар, Болат Әнуарбеков, Сәулебай 

Қазкин, Саят Мұздыбаевтарды сол 

кезде танып-біліп, өнерлеріне тәнті 

болып жүрдім. Алдында Қарқаралы 

музыка мектебінде Шалғынбай Төле-

убаев деген Алматы консерватория-

сын бітірген жас жігіт директор бо-

лып келіпті дегенді естіп едім. «Сал-

танатты» үлкен сахнаға дайындаған-

да, оның ең бекқорлығын, музыканың 

қыр-сырын тамаша меңгергендігін 

күнделікті көріп жүрдім. Негізінде ан-

самбль өнерінде ол басқарған халық 

аспаптар оркестрінің орны мен 

ролінің ерекше екендігіне көз 

жеткіздім. Шалғынбай сегіз қырлы 

өнер иесі екен, өзі пианинода да, 

қобыз бен домбырада бірдей ойнай-

ды. Оркестр жетекшісі ретіндегі 

ұйымдастырушылық, ұйытқылық ролі 

өз алдына... 

Сол жолы сексен адамдық хор 

халық аспаптар оркестрінің сүйе-

мелдеуімен «Қараңғы түнде тау қал-

ғып» атты Абай әнімен Мәдениет са-

райын жаңғыртып, дүр сілкіндірді. 

Жаңа құрылған «Салтанат» ансамблі 

облыс бойынша озық шығып, бірінші 

орынды талассыз алды. Сол жолы 

әділқазылар алқасының мүшесі бо-

лған тамаша ақын Мақсұт Бай-

сейітов ағамыздың ансамбль кон-

цертіне жоғары баға беріп, сәт-са-

пар тілегені әлі есімде. 

Кейіннен өзім өнеріне тәнті бо-

лып жүрген Шалғынбаймен «Салта-

наттың» Алматыға сапарында бірге 

жүріп, әңгіме-сұхбат құруыма тура 

келді. Өмірбаяны, өнер жолы туралы 

әңгімесін тыңдадым. 

— 1932 жылы қолдан жасалған 

ашаршылықтың салдарынан әкей 

және немере ағаларым Байкалдың 

арғы жағындағы Улан-Удэге қоныс 

аударып, сол жақта жұмыс істепті. 

Мен 1936 жылы сонда туыппын. 

Әкем 1941 жылы соғысқа аттанып, 

хабарсыз кетті. 1944 жылы әкемнің 

немере інісі Өстемірдің қолына көшіп 

келдік. Ол кісі дәулескер домбыра-

шы еді,— дегенді сол жолы поезд 

үстінде Шәкең, — Әлі есімде, ол кісі 

Саймақтың «Сары өзен», Тәттім-

беттің «Қосбасар» күйлерін кезін 

жұмып алып, беріле, тебірене оты-

рып тартушы еді. Сол ағама еліктеп, 

мен де жас кезімнен домбыраға 

әуестік пайда болды. Дәулетқе-

рейдің «Қосалқа», Құрманғазының 

«Балбырауын», халық күйлері 

«Арғынғазы», «Келіншекті» бұрын 

Құрманғазы оркестрінде болған Ма-

ралбаев деген кісіден үйрендім. Се-

мейде өткен оқушылардың облыс-

тық байқауына қатысып, тұңғыш рет 

жүлделі орынға ие болған 1947 жылы 

мен мектептіңбірінші класын бітірген 

жас бала едім. Сол кезде Семейде 

қызмет істейтін журналист Омар Но-

ғайбаев мен туралы тұңғыш рет ма-

қала жазғаны есімде. 

Шәкеңнің әңгімесін әрі қарай 

жалғастырсақ, 1954 жылы ол кісінің 

отбасы елге Қарқаралыға көшіп 

келеді. Қарқаралыдағы №1 қазақ 

орта мектебін 1956 жылы бітірген 

Шәкең сол жылы Қарағандыдағы 

Тәттімбет атындағы музыка учили-

щесіне түседі. «Училищені Төлеген 

Тоқтаровтың қобыз класынан бітіріп 

шықтым»,— дейді ол. 

Кейіннен Шәкең музыкалық 

білімін одан әрі жетілдіру үшін Алма-

тыдағы Құрманғазы атындағы кон-

серваторияға түсіп, профессор А.Ж-

ұбанов, Л.Хамиди, Ф.Балғаева, 

Қ.Мырзабековтың кластарында 

дәріс алыпты. 1966 жылы консерва-

торияны қобыз, халық аспаптары 

оркестрінің дирижері мамандықтары 

бойынша бітіріп шыққан Ш.Төлеуба-

ев Қарағандыдағы Қ.Байжанов 

атындағы облыстық филармонияда 

екі жыл қызмет атқарып, 1968 жылы 

облыстық оқу белімінің бұйрығымен 

Қарқаралыдағы музыкалық мектеп-

ке директор болып тағайындалады. 

Жоғарыда айтқанымыздай, Шә-

кең атақты режиссер Атекең, тама-

ша әнші Нұрғали, Оралдармен бірге 

«Салтанат» ансамблінің іргетасын 

қалауға белсене кірісетіні де сол 70-

ші жылдардың басы еді. 

— Ансамбльдің алғашқы аты 

«Арқа әуендері» болатын. Кейіннен 

Н.Тілендиевтің «Коммунизм салта-

наты» әнін хорға үйреткеннен кейін 

ансамбль өзінен-өзі «Салтанат» ата-

нып кетті, — дейді Шәкең. 

— Ансамбльдің өркендеу кезеңі 

70-ші жылдардың орта кезінен бас-

талады, — деп әңгімесін жалғасты-

рады Шәкең, — 1975 жылы Ұлы Отан 

соғысының 30 жылдығына арналған 

әдеби-музыкалық үлкен бағдарла-

ма (авторлары А.Шанин мен М.О-

марбекүлы) мәдениет министрлі-

гінен келген комиссиядан жоғары 

баға алып, сол жолы ансамбльге 

«Халықтық ән-би ұжымы» деген атақ 

берілді. 

Авторлық шегініс: Ш.Төлеу-

баев «Салтанаттың» музыкалық бағ-

дарламасын жүзеге асырумен қатар, 

өздігінен ән-мелодия жазуға талап 

жасаған кез де сол 70-ші жылдары 

еді. Шәкеңнің бірінші әніне осы 

жолдардың авторы лирикалық өлең 

жазғаным бар-ды. Тұңғыш ән «Тың-

да, сәулем» деп аталды. Әлі есімде, 

осы әнді тұңғыш рет Нұрғали Найман-

баев өзінің тамаша дауысымен 

бұрынғы Мәдениет үйінде орындады. 

Самал болсам айлы түнгі, 

Аймалар ем алма жүзді. 

Сәуле болсам сүйер едім, 

Сенің қара көздеріңді, — деген 

жыр жолдары әлі күнге дейін жиын-

тойларда шырқалып жүр. Бұл ән 

орындалғанда сазгер мен қаламгер 

— біздер сонау бір ыстықта қымбат 

шақтарды еске түсіріп, бір тебіреніп 

қаламыз... 

— Сол 1975 жылдан кейін-ақ 

«Салтанаттың» мандайы жарқырап, 

бағы көтерілді,— дейді Шәкең, — 

1976 жылы Францияда өткен халы-

қаралық фольклорлық фестивальға 

шақырылып, лауреат атандық. Төрт-

күл әлемнен 30-дан асқан өнерпаз-

дар ұжымы қатысқан үлкен жарыс-

та үздік шығу біз үшін ғана емес, бар-

ша қазақ елі үшін зор абырой, мақ-

таныш болды. 

«Саптанаттың» жұлдызды сапар-

лары жалғаса берді. 1982 жылы Қар-

қаралы өнерпаздары КСРО-ГДР 

достық қоғамының шақыруымен 

Германияның бірнеше ірі қалала-

рында өнер көрсетіп, Европа халқын 

қазақ ән-күйлерімен тәнті етті. 1986 

жылы ансамбль Түркіменияда өнер 

көрсетіп, абыройға бөленді. 

— Осы жылдары ансамбльдің 

орындаушылық деңгейін жоғары 

көтеру үшін репертуарымызға 

М.Төлеубаевтың «Отан», Е.Бруси-

ловскийдің «Қазақстан», С.Мұха-

меджановтың «Ғасырлар үні» орато-

риясынан «Майданға» және капелла 

хорларын, «Адай», «Сарыарқа», 

«Қызыл қайың», «Той бастар» күй-

лерін, Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» 

мен «Көш-керуенін, С.Құсайыновтың 

«Мереке», Т.Момбековтің «Бозін-

ген», «Ерке-сылқым» күйлерін ор-

кестрге түсіріп, орындау шеберлігін 

шыңдай түстік,— дей келіп, Шәкең 

өзімен көп жыл үзеңгілес, қанаттас 

болған Нұрғали, Орал, Болат Кенже-

баевтардың ансамбльге сіңірген 

еңбектеріне жоғары баға береді. 

— «Салтанаттың» әр қойылымын 

Нұрғали марқұм өзінің әдемі қоңыр 

үнімен өте тартымды жүргізуші еді,— 

деп еске алды бір ретте Шалғынбай, 

— Мен бірде Дайрабайдың күйін 

орындайтын болдым. Сонда Нұрға-

лидың сахнаға жымиып күле шығып: 

Дайрабайдың күйі «Дайрабай», 

орындайтын «Шалғынбай» деп ұй-

қастыра хабарлағаны көп жұрттың 

аузына тарап кетті. Нұрғалидың да-

уысы қуатты, әдемі баритон бола-

тын. Қазір ол кісінің өнерін талантты 

ұлы Ержан жалғастырып жүргені бір 

ғанибет. Орал Нұркетаевтың ритмі, 

дауысының тембрі өте әдемі. Оған 

операдан ариялар үйретуде аз тер 

төккен жоқпыз. Сондай-ақ, қазіргі 

атақты әнші, Қазақстанға еңбегі 

сіңген қайраткер Мейірхан Адамбе-

ков те осы «Салтанатта» тәрбиеле-

ніп, түлеп ұшқан. 

Шәкең көп жыл музыкалық 

мектептің директоры, саз оқытушы-

сы ретінде өзі тәрбиелеп шығарған 

талантты шәкірттерін мақтан етеді. 

Олардың арасында Семей саз 

колледжінің директоры, қобызшы, 

сазгер Оразалы Сейітқазин, Тәт-

тімбет оркестріндегі қобызшы Ләз-

зат Әбішева, қобызшы Тілеужан 

Қордабаева, «Салтанат» ансамблінің 

ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі 

Гүлзира Беспаева, оркестр мүшесі 

дарынды домбырашы Бибігүл Рыс-

баева бар. 

Ардақты Атекең, Шалғынбай, 

Нұрғали негіздерін қалаған «Салта-

нат» кейінгі жылдары алдағы аға 

буын туын абыроймен көтеріп 

келеді. Бұрнағы жылы аудандық 

мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 

мәдениет қайраткері Раушан Жыл-

тыбаева, Қанат Мерсәлімов, Ләйла 

Іргебаева жетекшілік еткен «Салта-

нат» Болгарияның Бургос қаласын-

да, былтыр Ресейге тамаша өнер 

көрсетіп, абыройлы оралды. 

Кейінгі жылдары Шалғынбай 

Төлеубаев, Қарлығаш Құспанова 

жетекшілік ететін «Қайран, жастық» 

ансамблінің қойылымдарына белсе-

не қатысып жүр, Ол ардагерлер ан-

самблі құрамында Қоянды жәрмең-

кесіндегі Біржанның, «Қыз Жібек» 

операсындағы Шегенің, «Айман-

Шолпандағы» Жарастың арияларын 

тамаша орындайды. Жұртшылыққа 

мәлім, бұл ансамбль де облыстық 

ардагерлер ұжымдары арасында 

ылғи да бірінші орынды ешкімге бер-

мей жүр. Соңғы кезде Шәкең осы 

ансамбльге арнап «Ардагерлер мар-

шын» жазыпты. Сөзіде,әніде өзінікі. 

* * * 

Жоғарыда айтқанымыздай, 

Ш.Төлеубаев дирижер, қобызшы, 

күйші, сонымен бірге талантты саз-

гер. 

— Мен «Тыңда сәулемнен» басқа 



Абайдың «Көңіл құсы құйқылжыр 

шартарапқа», М.Жұмабаевтың «То-

лқын», К.Салықовтың «Тәттімбет 

ауылында», Ш.Жандаевтың «Үлгім 

менің», М.Омарбекұлының «Туған 

өлкем», С.Ләмбекұлының «Мекте-

бім» атты өлең-жырларына ән жаз-

дым,— дейді Шәкең. 

— «Бесік жыры» әнінің шығу та-

рихы бар. Бір күні Мағжан Жұмаба-

евтың кітабын оқып отырып, осы 

өлеңге көзім түсті. «Күнім, айым, ер-

кетайым, бөлейін енді. Тыста дауыл, 

жатқан ауыл, ұйқың да келді» деп 

келетін ғажайып бір тамаша жыр. 

Жаныңды тербеп, жүрегіңді 

елжіретер шумақтар. Бір жастағы 

Манар, Ербол атты немерелеріме 

қарап отырып, соларға арнап, солар 

сияқты сүйкімді, жылы шуақ, әсем 

нұрға толы ән жазғым келді. Ғажай-

ып жырға аралас сүйкімді бір мақам 

орала кетті. «Бесік жыры» осылай 

туды. Сүйікті немерелерімді де ән 

әлдиімен ұйықтатамын,—дейді саз-

гер Шәкең. 

Шәкеңнің күрсінісі мен жан тол-

қуын да түсінуге болады. Осыдан 10 

жыл бұрын азамат болып ер жеткен екі 

ұлы — Манар мен Ербол оқыстан жол 

апатынан қайтыс болған еді. Мына екі 

немересіне сол арманда кеткен ұлда-

рының аты өшпесін деп солардың 

есімдерін беріпті. Көкіректегі әсерлі 

әуендер де сол бір толғанысты сәттер-

ден туатын болар. Қазір Шәкең зайы-

бы, тамаша ардагер-ұстаз Рымкүл 

екеуі немерелерінің қызығын көріп 

отырған ата-ана... 

*** 

Өзім шығармашылық өмір жолы, 

отбасы туралы жақсы білетін 

Ш.Төлеубаев туралы осы очеркіме 

нүкте қоюға оқталғанымда, мұнан 

көп жыл бұрын болған бір естелік 

ойыма орала кетті. 

Әлі есімде, 1971 жылы «Салта-

нат» ансамблі Алматыда он күн бойы 

концерт көрсетті. Ол өз алдына бір 

әңгіме. Атекеңніңде, Нұрғалидың да 

жарқырап, шабытқа мініп жүрген 

кезі. 

Қайтар күні Алматы вокзалында 



поезд күтіп тұрдық. (Мен сценарий-

бағдарлама авторы ретінде барған 

едім). Сол кезде Мәдидің «Қарқара-

лысын» бастап жіберді. Бір шеттен 

Орал «Қаракесекті» дүркіретті. Тама-

ша баяншы Саят Мұздыбаев құйқыл-

жыта жөнелді. 

Осы арада күтпеген бір қызық 

басталды. Вокзал алаңына жиналғ-

ан көп жолаушылар өздерінен-

өздері «Қарқаралы» мен «Қараке-

секке» бір кісідей қосылып кетті. Ал-

маты вокзалы Арқа әндерімен 

теңселіп тұрды... 

Иә, ән мен жыр — Рухтың жарқ 

еткен алауы. Қасиетті Қарқаралыда 

ешуақытта кеудесін қақпай-ак, жас 

ұрпаққа эстетикалық нәр сіңіруде, 

халықтың әншілік, күйшілік дәстүрін 

насихаттауда дабыра-дақпыртсыз 

еңбек етіп жүрген қарапайым азамат 

Шалғынбай Төлеубаев сол Рухтың 

бір шырақшысы... 

Мақсым ОМАРБЕКҰЛЫ, 

жазушы-журналист. 

ҚАРҚАРАЛЫ қаласы. 



Орталық Қазақстан.-2005.-15 қаңтар.-10 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет