Ақтөбе облысы,
Қобда ауданы,
Абылхаирхан көшесі 16 үй
Орталық кітапхана.
Тел: 871341 – 21 - 110
Қобда аудандық орталықтандырылған
кітапхана жүйесі
Ақпараттық – библиографиялық бөлімі
Қайталанбас дарын
Қоғам қайраткері, Қазақстан халық жазушысы
Ғабит Мүсіреповтың туғанына - 110 жыл
Ұсыныстық - библиографиялық көрсеткіш
.
Қобда - 2012
«Адамның ойы да көркем, бойы да көркем»
Ғабит Мүсірепов
Құрастырған: Қобда аудандық
орталықтандырылған кітапхана
библиографы: Шайхина Р. М.
бөлім меңгерушісі: Қизатова Н. Қ.
Шығаруға жауапты: Қобда аудандық
орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры
Исатаева Б. К.
Мазмұны:
Ғабең ғибраты--------------------------------------1бет
Лайық тұлға --------------------------------- ------2бет
Алғы сөз ---------------------------------------------3бет
Ғабит Мүсірепов өмірі--------------------------- 5бет
Ұлпан романы бойынша -
қазақ әйелі бейнесінің жаңа биігі ----------- 13бет
Көсем сөз зергерінің даналық сөздері -------16бет
Мүсіреповтың мұражайы---------------------- 17бет
Дәйек сөздер---------------------------------------19бет
Фото - шежіре-------------------------------------21бет
Әдебиет көрсеткіш------ ------------------------34бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі-------------35 бет
Ғабең ғибраты
Оймақтай ой, сүйем сезім әуресі,
Тәңір өзі кешсін кетсем сәл ағат.
Сөзге сөздің түскен кезде сәулесі,-
Дейді Ғабең, - жарық шашсын
ғаламат!
Бізге тылсым бір құдірет күштен бе,
Аспан мен жер кетер кейде астасып.
Сөзге сөздің көлеңкесі түскенде, -
Дейді Ғабең, - қара түнек, баспасын!
Айға қолың жетер, жетпес – мәңгі соз,
Өмір өзі толтырады олқысын.
Әдебиет – ең әуелі жанды сөз,-
Дейді Ғабең, - өр өзендей толқысын
Ә. Қайырбеков
1
«Мүсірепов болса,
қашанда таңдануға
лайық тұлға!»
Ә. Нұрпейісов
.
2
Пайдаланылған әдебиеттер
:
1 /Қазақ Совет энциклопедиясы.-
1976 ж.- 236-238 бет
2. //Қазақ ССР 4-том қысқаша энциклопедия.-
1989ж. - 490-491бет.
3. /Қазақстан Ұлттық энциклопедия -
2004ж.- 648 бет..
4. \Жазушылар әлемі \ Жазушылар әлемі -
2003ж.- 2бет.
5.\Жұлдыз -2010ж. -132бет.
6. \Ғабит Мүсірепов туралы естеліктер -
Құрас.Сұлтан Оразалы Алматы: Білім,
2007 - 416бет
.
7. \ Ғабит Мүсірепов Ұлпан: Роман
Алматы: Атамұра, 2003.- 264бет
.
8 \Ғабит Мүсірепов Өмір жорығы: Әңгімелер
Алматы: Жазушы 2003ж.-256 бет
.
35
Әдебиет көрсеткіші
1 Аташұлы Мұрат, Бейімбет жау болса,
мен де жаумын /
М. Аташұлы//Алтын орда.-
2012ж.- №9.- 1наурыз.- бет5.
2 Бейімхан С., Шын талант - шын
еңбексіз отыра алмайды /
С. Бейімхан//Мектептегі сыныптан
тыс жұмыстар.-
2007ж.- №7.- бет34-40.
3Дәуренова С., Ғабит Мүсірепов Ұлпан /
С. Дәуренова//Мектептегі кітапхана.-
2007.- №3.- бет3-4.
4. Досанов Сәбит, Аты аңызға
айналған суреткер /
С. Досанов//Ана тілі.-
2012ж.- №9.- 1-7 наурыз.- бет5.
5. Мақпырұлы С., Өмірі мен өнернамалық жолы
/ С. Мақпырұлы , Т. Сыдыұов//Қазақ әдебиеті.-
2007ж. бет 180-191.
6 Сарсекенова Гүлшарат, Ұлпан романы\
Г. Сарсекенова \Мектептегі кітапхана -
2003ж.- №4.- бет23.
34
Алғы сөз.
Тұңғыш көрнекті жазушы, қоғам қайраткері,
Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғабит Мүсірепов –
халқымыздың осындай аяулы перзенттерінің, оның
маңдайында жарқыраған жарық жұлдыздарының бірі еді.
Әр жұлдыздың туар кезі, тұрар орны болады. Ақ сәулесін
анық түсіріп, айқын жарқырар шағы болады. Дәуір
тынысын дәл аңғарып, оның талабына қарай қарекет
еткен қайраткер адамға әрі–беріден соң уақыттың өзі
қызмет етеді.
Анау бір жылдары қазіргі оңтүстік астанамыздағы
Билік үйінің бір сәулетті залында Ғабит Мүсіреповке
салтанатты жағдайда Социалистік Еңбек Ерінің Алтын
Жұлдызы тапсырылды.
Сол кездегі СОКП Орталық Комитетінің Саяси
бюросы мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының
мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жазушы
омырауына «Орақ пен Балға» медалін тағып тұрып,
Ғабеңнің қазақ кеңес әдебиетіне сіңірген еңбегін де,
бүкіл кеңес мәдениетіндегі алатын құрметті орнын да,
сондай–ақ қаламгердің қоғам қайраткері ретінде халыққа
танылған қажыр–қабілетін де аз сөзбен тұжырымдап
жеткізе айтты.
3
Ғабит Мүсірепов өзінің алды-артындағы үйелменімен
келген үлкен жұлдыздардың ішінде маңдайалдылардың
бірі болды. Жазушының қазақ әдебиеті мен мәдениетін
өркендетуге сүбелі үлес қосқаны, оны өткеннен нәр
алған жаңа негізде өз қолдарымен жасаған «мықты
шоғырдың» ішінде болғаны қазір баршаға мәлім.
Бүгінгі қазақ қауымдығы, қазақ мәдениетінің
қазынасындағы Ғабит Мүсірепов атты үлкен ұғымды, бір
кезде оған көрсетілген жалпы халықтық бағаны үлкен
жазушының қаламгерлігі мен қайраткерлігінің ортақ
биігі, заңды мерейі деп қабылдауымыз керек.
Қобда
аудандық
орталықтандырылған
кітапханасының ақпараттық – библиографиялық бөлімі
көркем сөздің зергері, жазушы, қоғам қайраткер қазақ
әдебиетінің идеялық – көркемдік дамуына қомақты үлес
қосқан үлкен жазушылардың бірі - Ғабит Мүсіреповтің
туғанына 110 жыл мерейтойына орай ұсыныстық
библиографиялық көрсеткішін ұсынып отыр.
Көрсеткіште жазушының өмірбаяны, шығармалары,
мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар және
картотекалар жүйесіндегі әдебиеттер тізімі қамтылды.
Осы ұсыныстық құрал көпшілік оқырман қауымға
арналады.
4
33
32
Ғабит Мүсірепов өмірі
.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің классигі Ғабит
Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиетіне қосқан
көркемдік үлесі үлкен. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме,
очерк, публицистика, повесть, роман, драма
шығармаларының
қалыптасып,
дамуында
Ғ.Мүсіреповтің орны бар. Сондай–ақ, әдеби–сын мен
әдебиеттану саласында да оның еңбегі елеулі. Жер жүзі
әдебиеті мен орыс әдебиетінің алтын қазынасын байыта
түскен ірі аудармашы да. Идеялық мазмұны терең,
көркемдік қасиеті көзтартарлық талай–талай асыл
бұйымдардың авторы.
Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетіндегі майталман
жүйрік сөз зергерлерінің бірі.Оның көркемдік шеберлігі
кейінгі буын қаламгерлердің үйреніп, тағылым аларлық
әдеби мектебіне айналды.Қазақ әдебиетінің дамуына
келелі үлес қосқан Ғ.Мүсірепов тек қазақ еліне ғана емес,
бүкіл халыққа да кең танылған ірі суреткер. Оның
көрнекті еңбектері орыс және басқа да халықтар
тілдеріне аударылумен қатар, шетел тілдеріне де
аударылып, кеңінен таралғаны мәлім. Қазір Ғабит
Мүсіреповтің есімі бүкіл дүние жүзіне әйгілі.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22
наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі
Жамбыл ауданы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауылында
кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1908-1910
жылдары өз ауылында молдадан оқып, арабша хат
таниды. 1916 -1918 жылдары Қостанай уезінің Обаған
5
болысындағы екі класты орыс мектебінде оқиды.
1918-1921 жылдары Пресногорьковтың жоғары басқыш
училищеде оқып, бітірген.1923-1926 жылдары Орынбор
қаласындағы жұмысшы факультетін / рабфакты / оқып
тәмамдайды.1926-1927 жылдары Омбы қаласындағы
Ауыл шаруашылық академиясында оқиды. 1927 -1928
жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында
оқытушы қызметін атқарады.
1928 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов Қазақстанның
партия, кеңес баспа орындарындағы әртүрлі жауапты
қызметтерде болды. 1928 -1932 жылдары Қазақстан
мемлекеттік баспасының бас редакторы міндетін
атқарды. 1933 жылы Қазақ АССР Оқу халық
комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, 1934-
1935 жылдары алдымен «Қазақ әдебиеті», кейін
«Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы.
1936 жылы ВКП (б) Қазақстан Өлкелік
Комитетінің баспасөз бөлім меңгерушісінің орынбасары,
1937 жылы Қазақстан Компартиясы саяси- ағарту
бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1938 жылдан 1955
жылға дейін бірыңғай жазушылық еңбекпен
шұғылданды.
1956-1957 жылдары Қазақстан Компартиясы
Орталық комитетінің органы «Ара -Шмель» атты
сатиралық журналдың бас редакторы болып істеді.
1956-1961, 1964-1966 жылдары Қазақстан
Жазушылар Одағы басқармасының бірінші секретары
міндетін атқарды.
6
Ғабит Мүсіреповтың 75 жасқа толған
мерекесінде
Академик – жазушы Ғ. Мүсірепов пен
Сұлтан Оразалин
31
Ғабит Мүсірепов Петропавл қаласында.
1980 ж.
Ғ. Мүсірепов, И. Абашидзе, С. Сейітов.
О. Сүлейменов, Ш. Айтматов, М. Қаратаев т.б.
(солдан оңға қарай)
30
1957 жылдан 1958 жылға дейін СССР Жазушылар Одағы
басқармасының секретары болып сайланды. 1972 жылы
18 қаңтардағы Қазақстан Жазушылар Одағы
басқармасының ІІІ пленумында Қазақстан Жазушылар
Одағы басқармасының секретары болып сайланды. 1958
жылдан СССР Министрлер Советінің жанындағы
әдебиет, өнер және архитектура саласындағы Лениндік
және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің
мүшесі. Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі.
Ғ.Мүсірепов - көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері.
Қазақстан Коммунистік партиясының І (1937 ж), Х (1960
ж), ХІ (1961ж.) сьездерінде КП Орталық Комитетінің
мүшесі болды, 1963, 1967, 1971, 1975, 1980, 1985
жылдардағы сайлауларда Қазақ ССР Жоғары Советінің
депутаттығына сайланды. 1958- 1962 жылдары СССР
Жоғары Советінің депутаты болды.
Ғ.Мүсірепов бүкіл халықтар жетістіктерін жер
жүзіне насихаттап, танытуға белсенді еңбек сіңірген
даңқты жазушы. Ол Азия және Африка жазушыларымен
байланыс жөніндегі Советтік Комитет председателінің
орынбасары, Европа мәдениеті қоғамының мүшесі
ретінде шет елдің прогрессивті, демократ
жазушыларымен мәдени, достық қарым – қатынасты
күшейтіп, нығайтуға да үлкен үлес қосты.
Совет әдебиетін өркендетудегі аса елеулі еңбегі
үшін Ғ.Мүсірепов Ленин (үш рет), Октябрь революциясы
(1972), Еңбек Қызыл Ту (екі рет), «Халықтар достығы»
(1982) ордендерімен, СССР медальдарымен және Қазақ
7
ССР Жоғары советінің Құрмет грамоталарымен
марапаттаған. 1970 жылы Ғ.Мүсірепов «Кездеспей
кеткен бір бейне» кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты болды.Оған 1974 жылы
Социалистік Еңбек Ері, 1984 жылы Қазақ ССР Халық
жазушысы атағы берілді. 1977 жылы «Суреткер парызы»
кітабы үшін Қазақ ССР Ғылым Академиясының
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығы
берілді.
Жазушы дүние жүзі әдебиетінің классиктерінен,
әсіресе орыс халқы әдебиетінің классиктерінен үйрене
жүріп, өзі де өсті.
Ғабит Мүсірепов – шеберлігі шығарма сайын
ширығып, шыңдала берген, бірден – бірге өрлеп, ең
шырқау биіктерге көтеріле берген жазушы. Оның әрбір
шығармасы – көркемдік жаңалық, тың сөз, өнеге үлгісі.
Оның өзіне қояр, көркем шығармаға қояр талабы өзгеше.
Ол - өз шығармашылығының елең – алаңындағы көркем
сөздің алыбы, кеңес әдебиетінің атасы ұлы Горькийден,
әлем әдебиетінің басқа да ұлыларынан
үйренген.Солардың дәстүрін қазақ әдебиетіне
дамытушылардың бірі болған қаламгер.
Ол – жазушылық өнерді өз әдебиетіміздің айтулы
шебері Бейімбет Майлиннен үйренген, жаңа әдебиеттің
негізін Сәкен, Ілиястармен бірге қаласқан, солардың
эстафетасын алып қалған жазушы. Ол – қазақ әдебиетінің
кемеліне келіп толысқан кезеңінде ұлы суреткер Мұхтар
Әуезовпен қаламдас, замандас болған жазушы
8
Қазақстан жазушылары мен өнер қайраткерлері
Солдан оңға қарай М. Қаратаев, Б. Төлегенова,
Ғ. Мүсірепов, Р. Бағланова, Ә. Тәжібаев.
Е. Серкебаев т. б.1965ж.
Ғ. Мүсірепов студенттер арасында 1983ж
.
29
Ғ. Мүсірепов пен Ғ Мұстафин Талдықорған
.облысын аралаған сапарлары кезінде
Михаил Исаковский, Ғ. Мүсірепов және
Әбділдә Тәжібаев
28
Әсіресе, оған жазушы М.Горькийдің ықпалы мол.
Горький мен Мүсірепов арасындағы творчестволық
байланыс жазушының ана тақырыбындағы әңгімелерінен
айқын танылатыны мәлім.
Жазушы қай – қай шығармасында да ешкімді
қайталамай, тыңға, алға ұмтылуға тырысқанын
байқаймыз. Бұған «Жапон балладасы» дәлел. «Арқаның
әңгімесі», «Көздің әңгімесі» сияқты туындыларымен
жазушы
бұл
тақырыпқа
бірінші
жол
тартты.Халықаралық тақырыпты қозғаған «Жапон
балладасы» тек қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл халықтар
әдебиетінің идеялық көркемдік табысы еді.
Ғ.Мүсіреповтің жазушылық жолы бірте –бірте
сатылап өсу жолы. Проза саласында жазушы ең алдымен
шағын жанрларда қалам тербеп, машықтанғаны белгілі.
Әңгіме, новелла, очерк, повесть, жанрларын еркін
меңгеріп барып, ол кейінірек романға ауысты. Ең
алғашқы романы «Қазақ солдаты». Бұл шығарма 1945
жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесть ретінде
жарияланды да, кейін өңдеп, толықтырып 1950 жылы
«Қазақ солдаты» романы жұртшылыққа ұсынды.
Ғ.Мүсіреповтің творчестолық жолындағы көрнекті
шығарма «Оянған өлке» романы. Бұл романды о баста
жазушы трилогия ретінде жазбақ болғаны мәлім. Сол
трилогияның бірінші кітабын 1953 жылы жариялап
оқырман қауымға ұсынды. 1984 жылы романның екінші
кітабы «Жат қолында» деген атпен жарық көрді.
Идеялық мазмұны терең, көркемдік сипаты көз
9
тартарлық «Оянған өлке», «Жат қолында» романдары
тек жазушы творчествосынан ғана емес, бүкіл қазақ
әдебиетінен келелі орын алатын көрнекті шығарма
ретінде танылды. Жазушының өмірінің соңғы кезеңіндегі
екі үлкен туындысы – «Кездеспей кеткен бір бейне» атты
прозалық поэмасы мен «Ұлпан» атты романы еді.
Жазушының бұл романдары қазақ әдебиетінің асыл
қорына қосылған елеулі көркемдік үлес.
Жазушының драматургия саласына сіңірген еңбегі
де орасан зор. Қазақ әдебиетіндегі драма жанры кейіннен
қалыптасып, дамығаны баршаға мәлім. Ж.Аймауытов,
С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, М.Әуезовпен бірге
ұлттық драматургияның негізін қалап, іргесін көтеріскен
Ғабит Мүсіреповтің есімі қазақ театрының тарихынан
елеулі орын алады.
Ғ.Мүсірепов Шекспир, Мольер, Шиллер, Гоголь,
Островский сияқты драматургия алыптарынан
творчестволық үлкен қуатпен үйрене отырып, ұлттық
драматургияға ірі олжа салды. Оның «Қыз Жібек»,
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты пьесалары халық
жырларының негізінде туса да, өз алдына дербес
туындылар ретінде танылған еңбектер. Халықтық
шығармалардың идеялық, тақырыптық негізін сақтай
отырып, ол бүтіндей тың өрнекті сом дүниелерді жасады.
Мүсірепов бірнеше либеретто, сценарийдің де
авторы. Ол жазған «Қыз Жібек» операсы мен «Қозы
Көрпеш – Баян сұлу» балетінің либереттолары қазақ
операсындағы таңдаулы либереттоның қатарынан орын
алды.
10
Ғ. Мүсірепов жазушы С. Мұқановтың
80 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан
облысына барған делегацияның арасында
1980ж.
27
Ғ. Мүсірепов Азия және Африка елдері
жазушыларының конференциясында 1978ж
.
26
Ғ.Мүсірепов «Аманкелді» атты бірінші қазақ киносының
сценарийін жазысты. «Махаббат туралы дастан» атты
көркем суретті және екі сериялы «Қыз Жібек»
фильмдерінің сценарийін жазған да Мүсірепов. Әсіресе
соңғы туындысымен ол киносценарийдің үлкен шебері
екенін танытты.
Ұлттық әдебиеттің тынысын кеңейтіп,
халықтардың рухани байланысын нығайтатын аударма
саласында да жазушының сіңірген біраз еңбектері бар.
Бұл ретте оның О.Генридің новеллаларын, Сильвестр
Тагароның әңгімесін, А.М.Горький, М.Шолохов,
В.Василевская шығармаларын қазақ тіліне аударғанын
айтсақ та жеткілікті.
Жазушының
проза, драматургия, аударма
саласында сіңірген еңбегімен қатар, қазақ әдебиеттану
ғылымы мен сынына қосқан үлесі де елеулі. Ғ.
Мүсіреповтің сыншылдық ой –пікірінің аса бір шарықтап
шыққан биігі, кемел ойының кең көсіле өрістеген бір
тұсы – Мұхтар Әуезовтің «Абай» романына байланысты
айтқандары. Жиырмасыншы жылдардан бастап өмірінің
соңына дейін қазақ әдебиетінің даму процесінің
көкейкесті проблемалары жайында үздіксіз пікір айтқан
аға жазушылардың бірі Ғабит Мүсірепов болды.
Ғ.Мүсіреповтің республикалық газеттер,
журналдарда, жинақтарда жарияланған әдебиет
мәселелері жайлы еңбектер көп. Солардың ең
таңдаулысы 1970 жылы «Суреткер парызы», 1982 жылы
11
«Заман және әдебиет», 1986 жылы «Дәуір дидары», 1987
жылы «Әдебиет – кәсіп емес, өнер» деген атпен кітаптар
болып шықты.
Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері,
көрнекті жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1985
жылы 31 –інші желтоқсанда, 83 жасында Алматы
қаласында қайтыс болды..
Жазушының есімін мәңгі сақтау мақсатында, Қазақ
мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына
жазушының есімі берілген.
1991 жылы қайраткер тұрған үйде Ғ.Мүсірепов
атындағы әдеби – мемиоралдық мұражай үйі ашылған.
2002 жылы Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдық
мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.
2002 жылы 100 жылдық мерейтой қарсаңында
Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана
қаласындағы көшелердің біріне Ғ.Мүсірепов есімі
беріліп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік балалар мен
жасөспірімдер театры алдына қоладан ескерткіш мүсіні
қойылған.
Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік,
журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының
мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді.Қазақ халқы оны
үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас
шебері деп біледі.Ол ел –жұртына кеңінен танылған,
халықтың адал азаматы, қадірменді ұлы, шын мәніндегі
халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір
өміршең еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып,
рухани асыл бұйымына айналды.
12
25
Ғ. Қайырбеков пен Ғ. Мүсірепов 1965ж
.
Ғ. Мүсірепов Солтүстік
Қазақстан жерінде
1970ж
24
Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы –
қазақ әйелі бейнесінің жаңа биігі.
Ұлы суреткер, көркем сөздің зергері атанған -
Ғабит Мүсірепов туған халқының өткені мен бүгінгісін
шығармаларына арқау етті. Оның стилінің әсемдігі,
дәлдігі, тілінің нәрлілігі, байқампаздығы, сырбаздығы -
бүкіл бір ұрпаққа үлгі. Кейінгі жылдары Ғабит
шығармалары әр алуан қырынан зерттелді. Оның
еңбектерінің бір қыры – жігерлі де, ақылды, қайсар,
күрескер әйелдер туралы шығармалары.
1930 жылы жазған «Ана» атты әңгімелер циклын
«Қыз Жібек» музыкалы драмасымен жалғастырса, Ұлы
Отан соғысы жылдарында бұл тақырыпта қайта оралып,
«Ер ана» (1942), «Ана кесімі айнымайды» (1942),
«Ақлима» (1944), атты әңгімелерімен толықтырады.
1960 жылдары» «Айгүл қойшының бір күні» (1964),
«Әмина» (1966), «Екі әйел – екі дүние» (1977), «Ана
жыры» (1977), «Ана жыры» (1977) әңгімелерімен тағы
жалғастырды .Жазушының аты аталған әңгімелеріндегі
әйелдер бейнесінің биігі де бірегей болып әдебиетімізге
Ұлпан бейнесі келді.
«Ұлпан» тарихи роман. Оның кейіпкерлері Ұлпан,
Есеней, Мүсіреп – тарихта болған адамдар. Сондықтан
тарихи тұлғалар мен көркем шығарма кейіпкерлерін
салыстыра оқыту оқырмандардың қызығушылықпен –
ізденуіне итермелейді .Ғабиттің бұл еңбегі әуелі
«Ұлпан»повесі болып 1975 жылы шықты, ал 1980 жылы
автор аздаған қосымшалар, өңдеулер енгізіп, «Ұлпан»
романы етіп жариялады.
13
Шығарма оқиғасы ХІХ ғасырда қазақ даласында болған
тарихи шындықтарға негізделген. Деректерге сүйенсек,
Есеней 1998 жылы Қызылжар қаласынан 7 шақырым
жердегі Бескөл деген жерде КерейЕстемес хажы
шаңырағында дүниеге келген. Туған анасы Ақжәми Кіші
жүздегі атақты Сырым Датұлының қызы екен.
Есеней Үренгіш медресесін үздік бітірген, араб,
парсы, орыс, татар тілдерін меңгерген. Ел ішінде шора,
қазы, сұлтан болған.
Ал, Ұлпан Есенейдің үшінші әйелі болған. Ол 1826-
1902 жылдары өмір сүрген, қанжығалы – күрлеуіт
Артықбай батырдың қызы. Ұлпанның ақылы, мейірімі,
ақжарқындығы тәнті еткен Есеней: «Үйіме күн
сәулесіндей болып кірсең, құдайдан енді ешнәрсе
сұрамас едім», - деп аяғына жығылады. Ұлпан
ықпалымен Есеней бойындағы қайшылықтарынан
арылады. Есеней сал ауруына ұшыраған соң, басының
билігі ғана емес, бүкіл Сибанның билігін Ұлпанға сеніп
тапсырады.Ол күйеуінің сеніміне шығу үшін емес,
табиғат сыйлаған қабілетін, парасатын жұртына
жақсылық жасауға жұмсайды. Ол әуелі Есеней
төңірегіндегі жарлы – жалқыбайлардың үлесін береді.
Медресе салдырады, елді егіншілікке шақырады, ел
ішіндегі дауларды әділ шешеді, сөйтіп қалың
«Сибанның анасы» атанады. Есеней өлгеннен кейін
оның айналасында өнбейтін дау туғызып, араздық дертін
таратып, «барымта-сарымта» тәрізді румен руды
атастырып-шабыстыратын дау құлағынан қиқу
келтірмейді. Солар салған өрт сүттей ұйып отырған
14
Ғ. Мүсірепов жұмыс үстінде
23
КПСС Орталық комитеті Саясм Бюросының
мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші секретары,
Д. А. Қонаев жолдастың академик - жазушы
Ғ. М. Мүсіреповке награда тапсырып
тұрған кезі.
22
отбасын да жанап өтеді. Жалғыз қызы Біжікеннен
айрылып, өз қолынан аяқтанған күйеу баласы алаяқ,
жылпостығымен шошындырып, ақыры ажалынан бұрын
өмірмен қоштастырып тынады. Романда дауылға қарсы
кеудесін тоса қосқая бой көтерген сымбатты шынар –
Ұлпан, сонау елең-алаң, қиын шақта отбасы, ошақ
қасында қалмай, артында ісі, өлмес өнегесі, тарихта ізі
сайрап жатқан кесек бітімі мен көркі көрінген.
Ұлпан
арзанға түспейтін қыз
«Үйіме күн сәулесіндей болып
кірсең, құдайдан енді еш нәрсе тілемес едім».
\Есеней\
« Есенейдей адамды көзі тірісінде билеп
алып, осы елді ел қылған сол шешен»
\Тайжан ұста\
«Өзі Есенейдің ең байлығынан
түк қызық көрмей кеткен»
\Қари шал/
«Ұлпан ақ көңіл, Ақнар атанған кісі,
оған ақ тас лайық»
\ Сибан азаматтары
\
15
Көсем сөз зергерінің
даналық сөздері
Әдебиет – халықтың рухани
байлығы.
Ақыл сөз – атқан оқтай
жай кетпейді,
Жаманға оқ өтсе де,
сөз өтпейді.
Өнер сыры - өрнекте.
Ақын орны – қаламы қандай
биікке көтеріп шығарса, сол жерде
ондай орын әсіресе биікте көп
16
Фото -шежіре
.
Баламер Сахариев, академик – жазушы
Ғабит Мүсірепов және ғалым
Рахманқұл Бердібай
21
Тілге қатысты еңбектерінде Ғ.Мүсірепов –
ана тіліміздің тазалығы, сымбаттылығы,
мәдениетінің жоғары болуы жолында
күрескен үлкен жанашыр жазушы
Мырзатай Сердалиев
«Қазақ әдебиетінде Әуезовтен кейінгі
биіктен иеленген Ғ.Мүсірепов еліне,
ұлтына, әдебиетіне адалдығы жағынан
да, айналасына талантты жастар тобын
шоғырландырып, олардықорғап, қолдап
отыру жағынан да зор құрметке лайық».
Шыңғыс Айтматов
«Ғабиттің жазушылығының тұтас алғанда
өзіне тән ерекшеліктері бар:
Бірінші - бойына сіңбеген тақырыпқа жармаспайды,
екінші – бойына сіңген тақырыбын тез жазып
тастауға асықпайды, үшінші - жазған тақырыбына
күй таңдайды, төртінші – шығармасына өте ұқыпты,
бесінші – тілге ұғымшыл6 алтыншы – менмен
сөйлеуге тырысады, жетінші – адам портретін жасауда
қазақ жазушыларының ең шеберлерінің бірі»
Сәбит Мұқанов
20
Мүсіреповтың мұражайы
Мүсіреповтың әдеби – мемориалдық мұражай үйі –
Ғабит Мүсіреповтің әдеби мүрасын сақтап, насихаттауға
арналған тарихи – мәлени мекеме.
Жазушының 1968 -85 ж. тұрған үйі (Алматы қаласы,
Қарасай батыр көшесі, 49 үй) 1991 жылы Орталық
мұражайдың бір бөлігі ретінде ашылды .Мемориалдық
мұражай әдеби және мемориалдық бөлімнен тұрады.
Онда 4 мыңнан астам экспонат жинақталған. Әдеби
бөлімінде жазушының өмір жолынан сыр шертетін фото-
суреттер, кітаптар, қолжазбалар, хаттар, марапаттау
қағаздары, т.б. жәдігерлер сақталған. Олар сөз зергерінің
қоғамдық бейнесін айқын көрсетеді. Ғ.Мүсіреповтің жас
кезіндегі атқа мініп түскен алғашқы суреті (1927),
қаламгердің «Тулаған толқында» (1928), «Американ
бидайығы» (1928) атты тұңғыш туындылары, алғашқы
ұстазы (Б.Өтетілеуов) мен қаламқас замандастары
(С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, т.б) туралы фото-
деректер сақталған. Мұражайда «Қазақ солдаты»
романының кейіпкері Қ.Смағұловтың майданнан жазған
хаты, Кеңес Одағының Батыры, ғалым М.Ғабдуллиннің
осы романға жазған пікірі, Украинада, Чехославакиядан
жеткен оқырмандар лебізі, «Кездеспей кеткен бір бейне»
прозалық поэмасы мен «Оянған өлке», «Жат қолында»
романдарының қолжазбалары, әр жылдардағы
басылымдары назар аудартады. 1932 жылғы аштық
нәубеті туралы жазылған Бесеудің хатынан алынған
үзінді (бесеудің бірі- Ғ.Мүсірепов), турникетке қойылған
т.б экспонаттар тарихтан сыр шертеді.
17
Жұмыс кабинеті мен демалатын бөлмесі жазушының
көзі тірі кезіндегі қалпын сақтаған. Жұмыс үстеліндегі
телефон, үстелшам, ұшталған қарандаштар, ауа
температурасын өлшейтін құрал, шыны сиясауыт,
мүштек, хрусталь күлсалғыш, қаламсап, үлкейткіш
әйнек, «Оянған өлке» кітабы, көз әйнегі-барлығы өз
орнында. Қаламгердің жеке кітапханасы-мемориалдық
бөлімнің ажырамас бөлігі. Жазушы тұтынған заттардың
(жиһаз, ыдыс-аяқ,киім-кешек) бірқатары демелатын
бөлмесінде сақталған. Г.Исмайлованың «Ақтоты»
(Ш.Жандарбекова)
картинасы
мен
сыйға
тартылған(1962) үлкен сағат қабырғада ілулі тұр
Мұражай экспозциясы Мүсіреповтың «Туған елге- соңғы
сөз» (28.12 1985) атты қоштасу хатымен аяқталады. 1999
жылға дейін Орталық мұражайдың құрамында болған
Мемориалдық мұражайда С.Мұқановтың әдеби-
мемориалдық мұражай үйімен әкімшілік – басқару
жағынан біріктіріліп, «Сәбит Мұқановпен Ғабит
Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби – мемориалдық
мұражай кесені» аталды.(Мұқан Төлебаев, 125). Ғабит
Мүсіреповтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында
күрделі жөндеуден өткізіліп, экспозмциясы
жаңартылды .(2002ж).
18
Дәйек сөздер
Ғабит Мүсірепов әдебиеттің ең күрделі жанрларына
қалам тартып, соның бәрінде де өзінің айшықты
қолтаңбасын қалдырды. Оның қаламынан шыққан алуан
түрлі жанрдағы туындылар әдебиетіміздің үздік үлгілері
болып қала бермек.
Нұрсұлтан Назарбаев,
ҚР Президенті.
Қазақ кеңес әдебиетінің аспаны кең. Бірақ
жарқырап көрінетін жұлдыздарға ғана сол аспан толып
тұр деп айтуға батылың бармайды. Жамбыл, Сәкен
жұлдызы, Ғабит жұлдызы бізге алыстан көрінеді,
алыстан көрінсе де жанып, жарқырап көрінеді. Осы
жұлдыздардың ең жарығы, ең биігі – Жәкеңдікі десек, ең
сұлуы, ең нәзігі, меруеттей жалтырап көрінетіні – Ғабит
жұлдызы дер едім.
Тұманбай Молдағалиев,
«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы
мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы
әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек,
Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен
мақтану керек».
Зейнолла Қабдолов,
19
Достарыңызбен бөлісу: |