ОәЖ 37. 015-8 болашақ МҰҒалімдердің КӘсіби қҰзіреттілігін дамыту ерекшеліктері



бет1/2
Дата25.05.2022
өлшемі24 Kb.
#35615
  1   2

ОӘЖ 37.015-8


БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Абдрахим А.А.,Сәбит А.Ә.,Тулегенова О.С.


«Мирас»университеті, Шымкент.қ., Қазақстан


Резюме
В статье рассматривается особенности развития профессиональной компетентности будущих педагогов
Summary
The article discusses the joint work of parents and teachers of schools on the formation of the personality of universal human qualities, honor and civic duty, patriotism in the upbringing of the national value of schoolchildren

Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып дамуына зор ықпал етеді. Осы тұрғыда республикамыздың жоғары білім беру жүйесі кәсіби мамандар даярлауда ғылыми педагогиканың кәсіби құзіреттілік негізіне көшуді қолға алды. Себебі, бүгінде халықаралық жоғары білім беру тәжірибесін ескермей, қазіргі заманға сай білім алуға қол жеткізу мүмкін емес.


Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «ЖОО-да білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, толықтай іске асыруға, дамытуға және дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны дамыту» -деп нақты көрсетілген. Жалпы ұлттық деңгейдегі жоғары оқу орындарда білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау. Оған сапалы білім, студенттің өміріндегі оқуға және білімін, біліктілігін көтеруге дайындығы негізгі алғы шарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы студенттің әртүрлі әрекет саласында тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.[1]
Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, пікірін еркін білдіруге және жүргізген іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны дамыту.
Жалпы құзіреттіліктің сипаты қандай екендігіне тоқталып өтсек, кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, орыс тілінде құзіреттіліктің аудармасы компетентность. «Компетенция» ешқандай білімге де, біліктілікке де келіп тірелмейді. Кең ауқымды білімге ие, бірақ, оны қажет болған кезде іске асыра алмайтын адамдарды кездестіруге болады. Компетентті болу деген оқымысты немесе ғалым болу деген сөз емес. Компетенция адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады» - деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде [2]
Кейбір сөздіктерде құзіреттілік құзырлылық деп те қарастырылып, оған төмендегідей анықтама берілген. «Құзырлылық адамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзырлылықтың пәндік дағдыдан айырмашылығы, жаңа тапсырманы шешуде бұрын сабақта қалыптаспаған дағды пайда болады».
«Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім берудің жалпыға міндетті стандарты» жобасында «Құзіреттілік - студенттердің іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; студенттің білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген. Сонымен қатар, құзыреттілікті тәсілге де төмендегідей анықтама берілген: «Құзыреттілікті тәсіл – оқу процесінің түпкілікті құзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы; күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру процесін ұйымдастыру мен білім нәтижелерін бағалаудың жалпы ұстанымдарының жиынтығы».
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым»-деп қарастырады.
Құзырлылық белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» -деп анықтаса. Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы»-деп түсіндіреді.[3]
Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.[4]
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі маман иесі тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.[5]
«Құзірет» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында қолданыс табуда. Қолдану мүмкіндігіне қарай құзірет, құзіреттілік, құзіретті ұғымдары дефференцияланды.
Құзірет- тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құзіреттіліктер(іс- әрекет тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады.
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді. [6]
«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үдерісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үдерісінде «құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы. Оқыту үдерісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген.
Л. М. Митина «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде, жеке тұлғаны дамытуда қолданатын тәсілдері» деген анықтама береді. [7]
Г.Ж. Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттілік» ұғымына «Білім беру құзырлары - бұл студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы» -деп анықтама береді[8].
Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Н.С.Розов құзіреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жақты танымдық және практикалық жаңалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты – білім беру жүйелерінің әр түрлі тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.
Н.С.Розовтың пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:
- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контекстің аяғына осы сияқты ахуалды бағалау, ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;
- проблемалық-практикалық аспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;
- коммуникативті аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайда қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.
Құзіреттілікті оның жалпы мәдени және кәсіби көріністерін сипаттау үшін былайша аспектілерге бөлу жасанды екенін көруге болады. Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Ондай мамандар әр дәйім өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үрдістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адам арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын стереотиптендіруден арылта білуге тиіс.
Танымдық іс- әрекет студенттің білімге деген өте белсенді ақыл- ой әрекеті. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс- әрекеттің қалыптасуы тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, тұлғаның қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және білім беру үрдісі, сондай –ақ тұлғаның жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс- әрекет рөлімен және оның ұстанған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет