ОӘК 378. 016. 091. 26: 004(574) А. Е. Сағымбаева



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі324,18 Kb.
#7295

184 

ОӘК 378.016.091.26:004(574)             

 

А. Е. САҒЫМБАЕВА  

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан 

 

БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛІ   

 

Оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудағы ақпаратты өңдеу және оқушылардың ойын дамыту - 



ақпараттың мақсатты өңделуі мен нақты жағдайға қажетті әрекеттерді қалыптастыруға ықпал ететін белгілі 

бір әрекеттерді  орындауды талап ететін  тапсырмаларға немесе командаларға байланысты.  Мұнда әрине, 

ақпараттық модельдеу және оны білімді бағалауда  негізді пайдаланумен байланысты ақыл-ой әрекеттерін 

сатылы қалыптастыру әдісін, оқу материалын алгоритмдеуді, кері байланысты және т.б. пайдаланған дұрыс.  

Ақпараттық модель – нысанның айнымалы шамаларын, маңызды  параметрлерін, олардың арасындағы 

өзара  байланысты,  нысанның  кіруі  мен  шығуын  сипаттайтын  және  модельге  енгізілген  шамалардың 

өзгергендігі  туралы  ақпаратты  жеткізу  арқылы  нысанның  ықтимал  жағдайларын  модельдеуге  мүмкіндік 

беретін ақпарат түрінде берілген нысан моделі.  

Мысалы,  білім  беру  барысында  (оқытуда,  үйретуде)  біз  ақпараттық  модельдердің  басым  көпшілігін 

пайдаланамыз,  алайда,  ол  туралы  ашық  айтпаймыз,  тіпті  оны  сезіне  де,  зерделей  де  бермейміз.  Соның 

салдарынан  басым  көпшілігінде  ақпараттық  модельдерді  қолдану  сипатындағы  абстрактілі  таным,  оның 

жанамалығы  толық  көлемде  ескерілмей  жатады.  Айталық,  мысалы,  модельдеудің  негізгі  ғылыми  әдістің 

бірі  екендігіне  қарамастан,  бүгінге  дейін  оны  типтеуге,  жіктеуге,  модельдер  критерийлері  мен 

көрсеткіштеріне  қатысты  бірыңғай  тәсіл  жоқ.  Осыдан  болар,  оқу  әдебиетінде  де  және  білім  беру 

тәжірибесінде  де  нысандар  мен  құбылыстар  модельдерін  зерттеуде  модельдің  модельдеу  нысанына 

парапарлығын тексеру және оның қолдану шегін анықтау талаптары жеткіліксіз болып жатады. 

Білімді бағалау мен бақылау үдерісін ақпараттық аспектіде қарастырғанда, ақпаратты қабылдау деңгейі 

мен  сапасын,  ақпаратты  өңдеу  әдістері  мен  оқушы    жеке  тұлғасының  даму  деңгейін  ескерген  жөн. 

Ақпараттық модельдеудің ғылымда ғылыми таным әдісі ретінде, соның ішінде, информатикада - ақпаратты 

ұсыну тәсілі, мамандардың ақпараттық және алгоритмдік іс-әрекеттегі  операционалды іс-әрекетінің негізгі 

элементі  ретінде    және  информатика  бойынша  оқушылардың  білімін  бақылау  мен  бағалауда  ақпараттық 

модельдеуге қатысты  жалпы дидактикалық құрал болатынын ескеріп, келесідей қорытынды жасай аламыз. 

Біріншіден,  ақпараттық  модель    бақылау  үрдісінде  сызба,  бейне  немесе  нысанның  сипаты  қызметін 

атқарады.  Мұнда  бақылау  материалдарында  мәтін,  сызба,  сан  және  дыбыстық  ақпарат  беріледі. 

Кибернетикада  модельдеу  жүйелі  талдаумен  бірге  негізгі  зерттеу  әдісі  болады,  алайда  кибернетикада 

көптеген модельдердің ішінде  зерттелетін нысандардың әрекеті моделі мен құрылым моделін пайдаланады. 

Екіншіден,  бақылауда  зерттелетін  нысандардың  әрекет  және  құрылым  модельдері  жауаптарды    жүйелі-

құрылымдық талдау мен  студенттердің оқу іс-әрекетін талдау үшін  пайдаланады.  Мұнда студенттердің 

оқу іс-әрекеті басым жағдайда нысанның басқару әсеріне деген реакциясы тұрғысынан қарастырылады.  

Оқушылардың  бойында  формальдау  (яғни  анықталған  міндетке  сәйкес  ақпаратты  беру  формасын 

дұрыс  таңдау  және  ақпаратты  таңдалған  формаға  келтіру  біліктілігі  мен  дағдыларын  қалыптастыру 

бойынша  мақсатты  іс-әрекеттердің    жақсы  нәтиже  беретіндігін  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Сондықтан 

информатика бойынша  білімді бақылауда сұрақтарды формальдау арқылы, яғни формула, кесте, графтар 

түрінде;  алгоритмдер  мен    программаларды    ақпараттық  модельдер  ретінде  берген  дұрыс;  ақпаратты 

бірнеше формада беру бір-біріне қайшы келмейтінін, керісінше, бір-бірін толықтыратынын ескерген, дұрыс, 

себебі тапсырманы орындауда бір формадан екінші формаға өтіп отыруға тура келеді.  

Білімді  бақылау  үдерісін  жүйелі  бақылау,  ақпараттық  басқару  бақылау  бойынша  ағымдық 

мәліметтердің  жеткіліктігін  анықтап,  соның  негізінде    қорытынды  жасауға  жеткілікті  болмаса,  онда 

түзетуші  әрекетті  анықтайды.  Түзетуші  әрекеттер  қол  жеткен  табыстарды  қамтамасыз  ету  үшін  және 

қолданған  шаралардың  тиімділігін  бақылау  үшін  қажет.  Сондықтан  ақпараттық  басқару  бақылау 

нысандарының  өлшеу  нәтижелерін  бағалауда  және  өңдеуде  ақпараттық  моделдеуге  негізделген  бақылау 


«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

 

 



185 

әдістерін қолдану нәтижесінде қажетті мәліметтерді анықтауға мүмкіндік береді. Білімді бақылауды жүйелі 

жүргізуде  ішкі  үдерістердің  параметрлерінің  жалпы  бақылау  мақсатына  әсер  ететінін  ескерту  керек. 

Бақылау  ішкі  үдерістер  параметрін  нақты  өлшеу  үшін  бақылау  үдерісін  орындауда  жеткілікті  уақыт 

өлшемін қамтамасыз ету керек. Сонда ғана, бақылау үдерісі жүйесін жасау және басқару үшін мәліметтер 

қоры қалыптасады. Білімді бақылауды жүйелеу үшін білімді бақылаудың ішкі үдерістерінің жүйесін құру 

керек.  

Білімді  бақылау  мен  бағалауды  басқарудың  ақпараттық  моделі  1-суретте  көрсетілген. 



186 

 Бақылаушы

 

-ақпарат

 

модулі

 

Мәліметтерді 



басқару

 

Бақылаудың  ішкі  



үдерісін  бақылау 

Бақылаудың  ішкі  

үдерісін анықтау 

Білімді бақылау мен бағалауды басқарудың  ақпараттық моделі 

Ақпараттық-кіріс 

модулі 

Бақылаудың мақсатын 

анықтау (білім, біліктілік, 

дағдыны немесе 

құзырлылықты

 

анықтау)  



Эталондық-ақпараттық 

модуль  

Сапа критерийі және оларды 

бақылау тапсырмаларын 

орындауға байланысты 

қанағаттандырылуын анықтау

 

 



Ақпараттық –басқару  

модулі 

 

           

Бақылау нәтижесін талдау 

 

 

                                                                         



Жоқ 

 

Қате жауаптар бар 



 

 

Өлшеу материалдары 



мен бақылау әдістерін 

таңдау 


Бақылау іс-әрекетін 

протоколдау модулі 

Бағдарлама бойынша 

тапсырмалардың 

орындау  сапасын 

болжау 


Түзетуші(коррекциялаушы)

-ақпараттық

 

модуль

 

Ақпараттық 

ағындар түрлері: 

Негізгі 


Түзетуші 

Ішкі 


МҚ 

Өлшеу 


материалдары мен 

бақылау нәтижесі 



Ақпараттық-шығыс 

модулі  

Бақылау іс-әрекетін хаттамалау  

Қате жауапты талдау 

1-сурет.  Білімді бақылау мен бағалауды басқарудың ақпараттық моделі

 


«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

113 


 Білімді  бақылау  мен  бағалау  жүйесін    басқарудың    ақпараттық  моделі  6  модульден  және 

үлестірілімді мәліметтер қорынан тұрады. Модульдерде келесі ақпараттық іс-әрекет қарастырылады: 

-  ақпараттық-кіріс  модулі  –  бақылаудың  мақсатын  анықтау  (білім,  біліктілік,  дағдыны  немесе 

құзырлылықты  анықтау),  оқу,  бақылауды  ұйымдастыру  бойынша  ақпаратты  беру  іс-әрекетін 

орындайды; 

-  эталондық-ақпараттық  модуль  -  тапсырмаларын  орындауға  байланысты  сапа  критерийін  

орнықтырады; 

-  бақылаушы-ақпараттық  модуль  –  оқу  материалының  мөлшерленген  бір  бөлігін  меңгеруді 

бақылауды (ішкі үдеріс) жүзеге асырады;  

-  түзетуші(коррекциялаушы)-ақпараттық  модуль  –  тапсырма  мен  оқытуды  түзетуші  іс-әрекет, 

қосымша оқыту қажеттігін анықтайды. 

-  ақпараттық-шығыс  модулі  -  бақылау  іс-әрекетін  хаттамалау  және  мәліметтер  қорына  беруді 

іске асырады. 

 - ақпараттық басқару модулі - бақылау үдерісін басқаруды жүзеге асырады, яғни мәліметтерді 

басқарады,  ішкі  үдерістің  барысын  бақылайды,  бағдарлама  бойынша  тапсырмалардың  орындау 

сапасын болжауды жүзеге асырады. 



Үлестірілімді мәліметтер қорында бақылауға қажет оқу ақпараты, өлшеу материалдары, бағалау 

критерийлері,  бақылау  әдістерінің  алгоритмдері,    бақылау  іс-әрекетінің  барысы  туралы  хаттамалар, 

есептер және т.б. 

Білімді  бақылау  мен  бағалау  әдісі  ретінде  ақпараттық  модельдеуді  пайланудың  негізгі 

артықшылығы -  талдау нәтижесінде мұғалімге  оқушыда қалыптасқан модельдің қандай параметрлер 

бойынша сәйкес келмейтіні белгілі болады.  

Нәтижеде,  мұғалім  оқушының  бойында  таным  нысанына  сай  болатын  модельді  қалыптастыру 

мақсатында оқушының іс-әрекетін белсенді ету мүмкіндігіне ие болады (оқушының өзі-ақ модельді 

түзете  алатын  арнайы  ұйымдастырылатын  тәжірибелік  өзіндік  тапсырманы  компьютерде  орындауы 

арқылы).  Білімді  бақылауды  дұрыс  ұйымдастыруда  оқушылардың  жеке  ерекшеліктері  ескерілетін 



ақпараттық қабылдау мен ақпаратты беруді қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет