«ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі243,58 Kb.
#234

 Саду Ж.Т. 

 

«ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАРАТ ОСПАНОВТЫҢ  

САЯСИ КЕЛБЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕР» 

 

(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 

Саясаттану мамандығының 1 курс магистранты, Астана қаласы) 

 

The  article  discusses  some  aspects  of  the  study  of  political  portrait  of  state 



and public figure of the Republic of  Kazakhstan  Marat Ospanov. 

Raises  issues  of  personal  contribution  of  Marat  Turdybekovich  to  the 

modernization of  political process of establishing an independent Kazakhstan. 

 

    Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашақтың  іргесін  бірге 



қалаймыз»  атты  Қазақстан  халқына  дәстүрлі  Жолдауында  биылғы  жылы 

атқарылуы  тиіс  негізгі  бағыттар  мен  міндеттер  айқындалды.  Соның  ішінде 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне 

ерекше  мән  берілді.  Тәуелсіздік  –  Алланың  біздің  ұрпаққа  берген  үлкен 

бақыты,  халқымыздың  мәңгілік  құндылығы.  Біз  бүгінге  дейінгі  барлық 

жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің 

ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы 

жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді 

және серпінді дамуға байланысты. Сондықтан да Тәуелсіздік ерекше маңызға 

ие тарихи кезең. 

Тарихи кезеңдер, алмағайып оқиғалар өз қаһармандарын туғызады. Ал 

осы  аңсаған  егемендікке  қол  жеткізген  қандай  тұлғалардың  маңыздылығын 

атап көрсете аламыз? Тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлеріміздің қосқан 

үлестерін халыққа таныту қажет деп санаймын. 

 Қазақстанның  тәуелсіздікке  жетуі  және  оны  нығайту  барысындағы 

күрделі үрдістер жаңа тұлғаларды аренаға шығарды. Қоғам өміріне араласқан 

адамдардың белсенділігіне, алғырлығы мен білім парасатына қарап былайғы 

жұрт өзінің әділ де дәл бағасын береді. Ірілі-ұсақты қайраткерлердің қайсысы 

болмасын  әуелгіде  шағын  топқа,  кейін  келе  дүйім  жұртқа  танылады.  Қайта 

құрудың  дүбірлі  дүрбелеңі  мен  нарық  жолына  қиындықпен  бағыт  түзген 

соңғы жылдардың бедерінде саясат әлеміне жаңа тұлғалар шықты. 

Саяси жетекшіліктің табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан 

зерттеп, топтастырған. Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді 

атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде 

әр  түрлі  топтардың  басын  біріктіріп,  мүдделерін  үйлестіру,  топтастыру; 

қоғам  алдындағы  мақсаттарды  жүзеге  асырудың  әдістері  мен  тәсілдерін 

айқындау;  халықты  ынталандыру  арқылы  қажетті  өзгерістерді  іске  асыру; 

әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу. 

 

Саяси  топ  бастаушыларды  зерттеуге  алғаш  қадам  жасаған  немістің 



әлеуметтанушысы - М. Вебер. Ол “харизма” теориясын бөліп ерекшеледі. Харизма 

- басқарушы көшбасшының құралы ретінде пайдаланылады. Макс Вебер бойынша: 

“Харизма  –  жеке  тұлғаға  тән  ерекше  қасиет,  соның  арқасында  ол  адами 

қасиеттерден  жоғары  немесе  ерекше  күші  бар,  өзгелерге  жетімсіз  және  оны  үлгі 

тұтатын қасиетке ие болады ” [1]. 

Вебердің айтуынша,  харизма, ең бастысы,  тұлға жанындағылардың елестету 

азығы.  


Қазақстанда  да  жеке  тұлғалар  туралы  зерттеулер  бар.  Қазақстан 

Республикасында  белгілі  еңбектер:  Ш.  Уалиханов,  С.  Сейфуллин,                   

Т.  Рысқұлов,  Н.  Төреқұлов,  т.б.  тұрпатты  тұлғалар  туралы  еңбектер  бар. 

Саяси тұлғалардың саяси портреттер үлгісінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы 

кітаптар ерекше тұрады: Видова О. «Нурсултан Назарбаев: Портрет человека 

и политика» [2],  Ертісбаев Е. «Казахстан и Назарбаев: логика перемен» [3], 

Шепель В. Н., Касымбеков М. Б. «Первый Президент Республики Казахстан 

Нурсултан Назарбаев» [4].  

Әйгілі  қоғам  қайраткері  Марат  Оспановтың  үлкен  саясатқа  келуі 

Қазақстан егемендігінің тәй-тәй басқан қадамдарымен қат-қабат келіп жатты. 

Харизматикалық  көшбасшы  теориясына  сүйене  отырып,  мен  мынадай 

қорытындыға келдім: Марат Оспанов – лидерлік харизмаға ие тұлға.  

 

Сондықтан да Марат Оспановтың саяси келбетін ашу өте ерекше, және 



болашақ саясаттанушылар үшін мен ғылыми тұрғыдан қажет деп есептеймін. 

     


Саясат бұл – мәмілесу. Қоғам мүддесі үшін, халық мүддесі үшін қашан 

да түсіністік іздейтін жол. Бұл деңгейден табылуға лайықты саясаткер болса, 

оның байыпты да, әдепті әрекеті әрқашан өз нәтижесін береді. 

 

XX  ғасырдың  80  жж.  ортасынан  басталған  қайта  құру,  жариялылық 



және  демократия  еліміздің  интеллегенция,  қоғамдық  қозғалыстар  өкілдері 

тарапынан еліміздің демократия, саяси және идеологиялық әралуандылықты 

нығайтудың тамаша мүмкіндігі деп қабылданды. Қазақстанның әр түкпірінен 

бұрынғы  “қарт”  гвардиясының  өкілдері:  Ө.Жәнібеков,  С.  Тәкежанов,  С. 

Зиманов,  С.  Сартаев,  О.  Сүлейменов,  С.  Әбділдин,    Ж.  Әбділдин,  Ө. 

Жолдасбеков, Қ. Тұрысов  және т.б.- мен қатар, жас қайраткерлер, лидерлер 

шықты. Олардың қатарында: М. Шаханов, Е. Ертісбаев, П. Своик, М. Әуезов 

болды. Осылардың арасында Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың рөлі ерекше. 

      

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 



2000  жылдың  23  қаңтарында  «Хабар»  арнасында  сөйлеген  сөзінде  «Марат 

Оспановтың мемлекеттік  және  қоғамдық атқарған жұмысы  елі  мен халқына 

қызмет етудің үлгісі болып табылады», - деген еді.        

    


Еліміздің  тәуелсіз  мемлекет  болып  жарияланып,  саяси  аренасы 

қалыптасу  кезеңі  тарихында  Марат  Оспанов  ірі  саясаткер,  экономист,  ел 

азаматы, лидер ретінде өз қолтаңбасын қалдыра білген жан. 2009 жылдың 17 

қыркүйек  күні  белгілі  қоғам  қайраткері,  экономист-ғалым,  Қазақстан 

Республикасы Парламенті  тұңғыш спикерінің 60 жылдығы тойланды. 

    


Тәуелсіз  Қазақстандағы  қабылданған  барлық  заңдарда,  оның  ішінде 

экономикалық заңдарда М. Оспановтың сіңірген еңбегі зор.  



Республикамыз  Тәуелсіздігінің  он  жылдық  тарихында  прогрессивті 

реформатор  және  саяси  лидер  М.  Оспанов  елдің  партиялық  жүйесі  мен 

парламентаризмнің негізін қалаушысы болды. 

     


Парламент Мәжілісінің спикері қызметін атқара жүріп Оспанов “2030” 

қозғалысын басқарды. 1998 жылы алғашқы конституциялық заңдарға өзгеріс 

енгізілуі  арқылы  сайлауға  саяси  партиялардың  қалыптасуы  талқыланып, 

елдегі  партиялық  қозғалыстар  бірігіп,  ірі  партияларға  айнала  бастады.  Дәл 

осы  кезеңде  Марат  Тұрдыбекұлы  Оспанов    “2030”  қозғалысының  “Отан  ” 

партиясы  болып  құрылуындағы  басты  тұлғалардың  бірі  болды.  Партияның 

теориялық  негізін  қалап,  қалыптасуына  өз  күш-жігерін  жұмсады.  Оның 

идеялары мен принциптері бүгін де жүзеге асуда. 

        Көптеген ғылыми еңбектер мен саяси зерттеулердің авторы М. Оспанов 

еңбектеріндегі өз көзқарасына деген тұрақтылығы оның елінің патриоты мен 

азаматы ретінде биікке көтерді. 

 

Қазақстан  саяси  элитасының  қалыптасу  жолында  өзіндік  сара  жол, 



салиқалы ісімен қызметтестері мен достарының арасында жоғары беделге ие 

болған Марат Оспановтың саяси өмірі мен қызмет жолдары жас ұрпаққа үлгі-

өнеге боларлық жан. 

      


Өмірден  өткен  адамның  ел  есінде  қалуы  үшін  ең  алдымен  ол  туралы 

естеліктер  сақталуы  тиіс.  Туған-туысқандар  мен  жақын  жандарының 

жүрегінде  мәңгілік  бірге  болуы  бір  бөлек,  халқының  есінде  сақталуы  бір 

бөлек. 


Бүгінде  Марат  Оспановтың  саясаткер,  ғалым,  өнер  адамы  және  жаны 

жайсаң жақсы жан ретінде өзіндік бейнесі қалыптасқан.  

    

Марат  Тұрдыбекұлы  туралы  екі  фильм  түсірілді.  Телекомпанияларда 



арнайы  хабар  дайындалды.  Туып-өскен  қаласы  Ақтөбедегі  бір  көшеге, 

Алматы  қаласындағы  Горная,  Космическая  және  Обсерватория  көшелеріне 

Марат  Оспановтың  аты  берілді.  “Отан”  партиясы  М.Оспанов  атындағы 

стипендиясын  тағайындады.  Ақтөбе  медициналық  академиясының  бас 

ғимаратында  мүсіні  қойылып,  Марат  Оспанов  атындағы  мұражай  ашылды. 

Ақтөбе қаласына ғылыми ізденіспен барған сапарымда мұражай директоры, 

1958  жылдан  бастап  Медициналық  Академияда  қызмет  етіп  келе  жатқан 

Гизатуллина  Алина  Музагитовна  «В  нем  угадывалась  элитная порода»    деп 

Оспановты еске алды [5].  

      


Сонымен  қатар,  Алматы  қаласында  Марат  Оспанов  атында  жанұясы 

мен жақын достарының бастамасымен қоғамдық қор ашылып, 2008 жылдың  

7  тамызында  тіркелді.  Қор  міндеті  –  М.Т.Оспановтың  экономикалық, 

қоғамдық, саяси, ғылыми мұрасын зерттеу және тәжірибеге енгізу, еліміздің 

партиялық жүйесі мен парламентаризмі бастауында тұрған ғалым-экономист, 

алдыңғы қатарлы реформаторды жеке тұлға ретінде әр қырынан таныту. Қор 

Президенті  Марат  Оспановтың  жары  –  Бахыт  Ахметқалиқызы  Оспанова 

болып табылады [6]. 

        2002  жылдың  басында  “Экономика”  баспасынан  қызметтестері, 

достары  мен  туған-туыстарының,  өмірде  Марат  Оспановты  саяси  лидер 



ретінде құрмет тұтатын адамдардың естеліктері мен жылы лебіздері “Жизнь 

замечательных людей ” сериясымен естелік кітап жарық көрді. 

          Мақаланың  негізгі  мақсаты  үлкен  саясаткер,  қоғам  қайраткері,  ғалым-

экономистің егемен елдің экономикасы, саясаты, рухани салалары бойынша 

істеген  игі  істерін  қысқаша  талдау  арқылы  оның  Қазақстан  Республикасы 

дамуындағы саяси рөлін көрсету.        

     

Президентіміз Н.Назарбаев өзінің “Тарих толқынында” атты еңбегінде: 



“Халқымыздың  тарихы  –  соғыстардың,  әскери  жеңістер  мен  жеңілістердің 

тарихы  ғана  емес.  Оның  қашаннан  да  жасампаздық  сипаты  бар.  Мемлекет 

құрып,  оны  нығайту,  қалалар  салу,  керуен  жолдарын  тарту,  ғылыми 

трактаттар жазу, төл мәдениетін қалыптастыру – бәрі-бәрі де жасампаздыққа 

жатады”[7] – деп жазған болатын.   

    


Сексенінші  жылдар  –  елде  аса  ауыр  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайлар  қалыптасқан  кезең  еді.  Дағдарысқа  тіреген  жағдай  (қоғамның 

саяси ұйымдасуы, экономикалық қатынастардың күні өткен жүйесі) бұрынғы 

басшылықтың  толғағы  жеткен  өзгерістерді  жүзеге  асыруға  дәрменсіздігінен 

ғана емес, оның қажеттігін түсінуге қабілетсіздігінен, барлық экономикалық 

қызметтің,  қоғамдық  өмірдің  керегін  түсінген  М.Т.Оспанов  1987  жылы 

Ақтөбе  қаласында  “Қайта  құру  үшін”  деген  клубтың  негізін  қалап,  оның 

лидері болды, саясат сахнасына шықты. Ол саясат алаңында 10 жылдан астам 

уақыт қызмет етті, еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы дамуы, 

аяғынан  тік  тұруы  үшін  жасалған  игі  қадамдардың  басы-қасында  болды. 

Егемен Қазақстанның кәсіби Парламент Мәжілісінің қалыптасуы туралы сөз 

болса,  өзін-өзі  жетілдіріп,  шыңдап,  алды-артын  өлшеп,  заманынан  қалмай, 

талмай  жүретін  сарабдал  саясаткер  М.Оспановтың  есімі  ел  есіне  алдымен 

оралады.  

        Қазақстанның  егеменді  ел  болып  даму  тарихын  көз  алдымыздан 

өткізсек белгілі саясаткер, Қазақ КСР-нің және Қазақстан Парламентіне төрт 

рет  депутат  болып  сайланған,  қоғам  қайраткері,  экономист-ғалым  Марат 

Тұрдыбекұлы  Оспановтың  өмір  жолымен,  шығармашылығымен  танысқанда 

жоғарыдағы  сөздер  еріксіз  ойыңызға  оралады.  Өйткені,  танымал  тарихи 

тұлғаны  уақыт  керуені  бізден  алыстатқан  сайын,  оның  кісілік,  азаматтық, 

саяси-қайраткерлік,  ғалымдық  келбетін  қайталап  ұғынуға,  тануға  деген 

құштарлығымыз  үдей  түсетін  сияқты.  Осы  таным  барысында  белгілі  қоғам 

қайраткерінің  ел  егемендігін  нығайтудағы  роліне,  ой  тереңдігі  мен 

тұтастығына,  өмір  ағымының  бір  сәтін  де  қалт  жібермеген  көрегенділігіне 

тәнті  боласың.  Бұл  мақала  көлемінде  Марат  Оспанов  сияқты  тарихи 

тұлғаның  сан  қырлы  еңбегін,  саяси  келбетін,  ғылыми-шығармашылығын 

тұтас  қамту  мүмкін  емес.  Сондықтан  біз  оның  бір  бағытын,  нақтырақ 

айтқанда  “ Марат Оспановтың саяси келбеті ” зерттеу нысанасы еттік.   

     

Белгілі  саясаткер,  қоғам  қайраткері,  ғалым-экономист,  тәлімгер-ұстаз  



Марат  Тұрдыбекұлы  Оспановтың  өмір  жолымен,  шығармашылығымен 

танысқанда, танымал тарихи тұлғаны уақыт керуені бізден алыстатқан сайын 

оның  кісілік,  азаматтық,  саяси-қайраткерлік,  ғалымдық  келбетін  қайталап 

ұғынуға,  тануға  деген  құштарлығымыз  үдей  түсетін  сияқты.  Осы  таным 



барысында  белгілі  қоғам  қайраткерінің  ел  егемендігін  нығайтудағы  рөліне, 

ой  тереңдігі  мен  тұтастығына,  өмір  ағымының  бір  сәтін  қалт  жібермеген 

көрегенділігіне тәнті боласын. 

     


Қазақта  “Жүйрікте  де  жүйрік  бар,  қазанат  жөні  бір  басқа,  жігітте  де 

жігіт  бар,  азамат  жөні  бір  басқа”  деген  терең  мағыналы  сөз  бар.  Бүгінгі 

адамның  адамгершілігі  мен  парасаты  таразыға  түсіп  тұрған  алмағайып 

заманда, аласапыран кезеңде шынайы азаматтықты, кісілікті танытып, үлгісін 

көрсетіп  жүргендер  санаулы-ақ.  Сондайлардың  бірі  және  бірегейі  Марат 

Оспанов болатын. 

     

Марат  Оспанов    қатарынан  әлдеқайда  озық,  көптің  қамын  ойлайтын 



қоғам  қайраткері,  айрықша  қабілет  иесі,  талантты  творчестволық  тұлға  еді. 

Бұл ойымызға оның ел таныған азамат деңгейіне сатылап өскені дәлел. Бұл – 

сол      тұстағы  еліміздегі  ең  жоғары  экономикалық  білім  беретін  Мәскеудегі 

Г.В.Плеханов  атындағы  Халық  шаруашылығы  институтыңда  оқу, 

республикамыздың  бас  оқу  орны  –  Қазақ  Mемлекеттік  Университетінің 

аспирантурасын  тәмамдап,  экономика  ғылымдарының  кандидаты  дәрежесін 

алуы.  Онан  соң  өз  кезінде  медициналық  кадрлар  даярлауда  зор  беделге  ие 

болған.  Ақтөбе  мемлекеттік  медицина  институтында  доцент,  кафедра 

меңгерушісіболып  қызмет  аткарған  ұстаздық  жолдары.  Осы  жылдарда 

ұстаздыққа  қоса  қайта  құру  әкелген  саяси-қоғамдық  істерге  белсене 

араласуы,  елге  танылуы,  сол  арқылы  халық  қалаулысы  болып  сайланып, 

республика  үкіметі  құрамында,    Жоғарғы  Кеңес  пен  Парламентте  жетекші 

қызметтерде болып, Мәжіліс төрағасы қызметін атқаруы, т.б. 

    


“Мәкең — мансап пен тақ іздемеген бармақтай бақ, абырой іздеген кісі, 

«жаным  арымның  садағасы»  дейтін  нағыз  нар  қазақ  осы.  Сондықтан  да 

мансаптың 

Мәкеңді 


іздеп 

табуының 

себебі—оның 

кісілігінде, 

азаматтығында.  Ол    —  ақылды,  ойлы,  білімді  маман,    мәдениетті  ин-

теллигент,  интеллектуал.  Ол  терең  білімді  экономист-ғалым,  ұстаз,  тамаша 

лектор болатын” [8]. 

    


Жалпы,  ол  кезде  марксизмнің  құрамдас  үш  бөлігінің  бірі  саналатын 

саяси  экономиядан  студенттерге    дәріс    беру  зор  жауапкершілікті    қажет 

ететін. Өйткені бұрынғы  КСРО-да экономика ғылымының саласында, оның 

теориясын  түсіндіруде    көптеген    қайшылықтар  мен  қиыншылықтар, 

шектеулер  кездесетін.  Осыларға    қарамастан  Марат    Оспановтың  еліміздің 

әлеуметтік-экономикалық  мәселелердің    өзекті  тұстарын  козғаған 

лекциялары қала, облыс жұртшылығы тарапынан аудиторияларда тыңдалып, 

баспасөздерде жарық көрген. Кейін осындай ғылыми еңбектері нәтижесінде  

ғылым  кандидаты дережесі атағын иеленген Мараттың, жұртшылықтың оны 

дұрыс бағалауын да осыдан білуге болады. 

      

Марат 


Оспановтың  шын  ниетті  қоғам  қайраткері,  саясаттың  адамы 

болып  калыптасуы  жаңару,  жаңа  ойлау  кезеңімен  тұспа-тұс  келді.  Ол 

еліміздің  егемендігі,  тәуелсіздігі,теңдік  өз  бетінен  оңай  келмейтінін,  оған 

оңай қол жетпейтінін көбімізден бұрын түсінген қайраткер азамат болатын.  

      

Ол    Махамбет    жырларындай  «бес  қаруын  асынып,  толатын  саз 



көшпеген  болар,  жүр  ғой  міне  жастанып,  мұз  төсенбеген  шығар»,  бірақ  ел 

егемендігі  үшін  күш-кайратын,  білімі  мен  парасатын  қоса  жұмсап, 

егеменділік  ауыртпалығын  алғашқы  болып  сезініп,  өмірінің  ақырына  дейін 

сөзімен, шешімді істің кара қылды қақ жаратындығымен көрінген, түсініп, ой 

елегінен шығып айтқан азамат екенін дәлелдеді.  Марат Оспановтың  ерекше 

болғанын    бар  жұртшылық  оның  Мәжіліс  төрағасының  басшысы  болған 

жылдарындағы еңбегінен қанық түсінді.  М.  Оспановпен  саяси  аренаға  бірге 

шыққан  үзеңгілес  серігі,  рухани  досы  Е.  Ертісбаевтың:  "Марат  саяси 

өкілдіктің  бекуі  мен  дамуында  ерекше  рөл  атқарып,  қазіргі  заманғы 

демократия,  саяси  алуандылық,  биліктердің  ажыратылуы,  парламентаризм, 

саяси  партиялар,  мемлекеттік  жоғары  лауазымдардың  сайланбалылығы 

принциптерін қалыптастыру процесіне белсене катысты" [9]. 

        Оған  дейін  де  Марат  аға  ,  «тек  жүрсең,  тоқ  жүресін”  деген  принципті 

ұстанбаған  әрекетшіл  жан  еді.  Осы  әдетінен  ол  1989  жылы  сол  кездегі 

облыстық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  Ю.  Трофимовқа

 

хат 


жолдайды.  Оның  қысқаша  мазмұны  мынадай  еді:  «  Бірнеше  күннен  кейін 

сайлаушылардың  сізге  КСРО-ның  халық  депутатының  мандатын 

тапсыратыны  туралы  белгілі  болады.  Сізге  сәттілік  тілей  отырып,  бірнеше 

ұсыныстар айтайын деп едім. Бұған түсіністікпен қарайсыз деген сенімдемін. 

Үш  жыл  қатарынан  облыста  астық  дайындау  жоспары  орындалмай  келеді, 

оның  өндірілу  көрсеткіші  төмендеген,    мал  басының  орташа  жылдық  саны 

1983  жылғы  деңгейде.  Сіз  ауыл  шаруашылығының  жағдайына  деген 

жауапкершілікті  сезінесіз  бе,  соны  білгім  келеді».  Расында  да  облыс 

басшысы үшін бұл хаттың жұртшылықты тірліктірмеуі  аса қажет еді. Соған 

қарамастан партияның әлеуметтік-экономикалық саясатын мінеген аталмыш 

хат  көбейтіліп,  қолдан-қолға  көшумен  болды.  Сөйтіп,  Марат  Тұрдыбекұлы 

«жүйемен  күресуші»  ретінде  ел  аузына  іліге  бастайды.  Көп  ұзамай 

«Актюбрентген»    зауыты  ұжымы  оны  Қазақ  КСР    Жоғарғы  Кеңесіне 

Депутаттыққа ұсынады.  М.Оспанов  халық сеніміне  ие болады. Осылайша, 

обком  хатшысына жолданған хат ғалым-ұстаздың өмірін түбегейлі өзгертеді. 

Көп  жылдар өткен соң, Оспанов : «Бұл менің саясат жолындағы қызметімнің 

бастауы  болады  деп  ойламап  ем,  менің  ойымда  мүлдем  басқа  нәрсе  болды 

ғой»,[8] —деп еске алады. 

 

Аймақтан келгенмен аймақтың деңгейіндегі ғана саясаткер емес екенін 



салғаннан көрсетті. Сол кезде буырқанып, бусанып, кенересіне келіп тұрған, 

Абайша  айтқанда,  "буың  менен  шуыңның"  талайын  көрген  республикалық 

саяси  аренаға  екпіндете  кірді  де,  оның  бел  ортасынан  өз  орнын  бірден  алды. 

Жалтақтамай,  именбей,  мәймөңкесіз,  бірден  сеніммен  алды.  Келбеті  мен 

алымын,  білімі  мен  біліктілігін,  саясаткерлік  тереңдігі  мен  болашағын, 

жігерлілігі  мен  табандығын,  тіпті,  бойында  әлі  де  болса  жарастықпен 

сақталған  жастық  максимализмі  мен  аңқаулығын,  албырттығын  да  бірден 

танытты.  1990-1995  жылдары  ол  XII  сайланған  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты,  комитет  төрағасының  орынбасары,  ал  XIII 

сайланған Жоғарғы Кеңесте Төрағаның орынбасары болды. 

 

1996-1999 жылдары  – ол Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы 



қызметін атқарған кезеңде айрықша көрінді.  

Қазақстан  Парламенті    Мәжіліс  төрағасы  негізгі  бағытты  дұрыс 

бағамдай  алуы  керек.  Марат  Оспанов  осылай  жұмыс    істей  білді.  Ол 

басқарған  төрт  жыл  ішінде  Парламент  толыққанды,  әрі  өнімді  еңбек  етті. 

Тәуелсіз Қазақстандағы барлық қабылданған заңдарда, оның ішінде, әсіресе, 

нарықтың  өмірге  енуіне  жол  ашқан  прогресшіл  экономикалық  заңдарда 

кейіпкеріміздің елтаңбасы бар. Ол қашанда өз ойын ашып айтатын,  ал олай 

айту кез келген ресми саясаткердің қолынан келе бермейтін еді. Парламентте 

ол өзінің қайсарлығымен,  күнбе-күнгі әр отырыс сайын халық қалаулыларын 

Үкіметтің «қол баласына»  айналдыруға қарсы күресімен көпшіліктің есінде 

қалды. Оның тұсында депутаттар өз күштерін алғаш рет сезінгендей болды. 

Оның  басқаруында  Парламент  турашыл,  бірбеткей,    мүмкін    жанжалды  да 

кездері  болған  деседі,  тез  көнгіш,  жуас,  ығына  жығылу  болмаған.  Себебі 

оның бірінші спикері Марат Оспанов  көне салуды, бұғып қалуды білмеген. 

Марат  Оспанов  төрағалық  еткен  жылдары  Қазақстан  Республикасы 

Парламент 

Мәжілісінің 

депутаты, 

ақын 


Ф.Оңғарсынова: 

“Марат 


Тұрдыбекұлы төрт жыл бойы Парламенттің Мәжіліс палатасын басқарды. Ал 

бұл  палата  нағыз  айтыс-тартыстың  ордасы.  Кез-келген  адам  палата 

отырыстарын басқара да алмауы мүмкін. Ал Марат Тұрдыбекұлы болса, жас 

жағынан  да,  көзқарас  жағынан  да  бір  де  біреуін  шеттетпей,  өз  позициясын 

өткізіп, дәлелдейтін ” [10].  Ол үйреншікті жағдайды бұзып-жарып,  жаңа ой,  

жаңа пікір айтудан тайынбаған. Осындайлардың мысалы ретінде М.Оспанов 

«Хабар» телеарнасынан «Отан» партиясының өкілі ретінде тағылған жаладан 

ақталмайынша халық алдында сөз сөйлеуден бас тартатынын хабардар етіп, 

жургізуші мен көрермендерді таңдандырғанын айтсақ та жеткілікті. 

М.  Оспанов  Парламенттің  бүкіл  қызметі  мен  ондағы  сан  салалы  заң 

шығару процесін демократиялық негізде реттейтін Мәжілістің және бүтіндей 

алғанда Қазақстан Парламентінің регламенттерінің дер кезінде қабылдануына 

ерекше күш салды [11].  

    


Жоғарыда  айтқанымдай,  тұлғаның  үлкен  саясатқа  келуі  Қазақстан 

егемендігінің тәй қадамдарымен қат-қабат келіп жатты. Марат Оспанов қара 

қазанында  бірге  қайнаған  90-жылдардың  басындағы  депутаттық  корпусты 

көптеген зерттеушілеріміз қазір қайталанбас кезең болды деп бағалап та жүр. 

Өйткені  бұл  кез  Республикамыздағы  балаң  демократияның  жаңа  дүниеге 

келген  шағы  еді.  Бұқара  да  ерекше  бір  толқу,  саяси  өрлеу  мен  тебіреніс 

үстінде болатын.  Бір ғасырға жуық уақыт бойы өздері сойылын соғып келген 

Кеңестер Одағының келмеске кетерін сезіп, жаңа, тың құбылысты тосып қана 

отырмай,  әрекет  жасап  жатқан  кез  еді.  Сондықтан  халық  қалаулыларының 

иықтарына түскен ауыртпалықты еш нәрсемен салыстыруға болмайтын. 

   

 Олардың  қай-қайсысы  да  халық  көкейіндегі  өзекті  мәселелерді  заң 



жүзінде  іске асыруға тырысып-ақ бақты. Солардың арасында Марат Оспанов 

ақ берендей жарқылдап, ерекше көзге түсті. Оның кез-келген ойлы пікірлері  

жалаң  сөз  емес,  нақты  сараптама  фактіге  құрылатын.  Сол  уақыттағы 

еліміздің Мемлекеттік кіріс министрі  3. Кәкімжанов былай деді: "Менің жеке 

өзім  үшін  түйгенім:  Марат  Тұрдыбекұлына  тән  қасиеттер  -  позициясының 


дұрыстығы,  көзқарастарының  дұрыстығы  және  өмір  салтының  дұрыстығы”   

[12, 173 б.]. 

    

Cаясаткердің еліне танымал бола бастаған шағы еліміздің, бір жағынан, 



тәуелсіз  дербес  мемлекет  болып,  тарихқа  жаңа  қадам  басқан,    ал  екінші 

жағынан,    кейін  өтпелі  деп  аталған  қиын  қыстау  заманның  басталған  тұсы 

еді.  Мұндай  қарама-қайшылығы  мол,    ырысынан  қиыншылығы  көп,  халық 

көп  күйзеліске  ұшыраған  кезеңде оның  жоғын  жоқтап,    мұңын  өзінің  мұңы 

деп қабылдайтын ер жүректі, терең ойлы,  ақыл-парасатты азаматтар қажет. 

Ол жылдар халықтың басым көпшілігі саясаттан шеттеп қалған нарық талабы 

мен  жаңа  әлеуметтік  қатыстарға  бейім  азаматтар  да  тапшы  болатын.    Міне, 

осы тұрғыдан алғанда Марат сияқты азаматтарға еңбектене жүріп үйренуге, 

ізгілікті істерге ұмтылуға, талпына жүріп талап биігіне шығуға,  шыңдалуға,  

азамат ретінде халқының үмітін ақтауға бар күш-жігері мен білімін жұмсауға 

тура келді. 

      


Көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  экономика  ғылымдарының 

докторы,  Қазақстан  Республикасы  Парламент  Мәжілісінің  тұңғыш  төрағасы 

Марат Тұрдыбекұлы Оспанов (1949-2000) – тәуелсіз еліміз тарихында ерекше 

орын алатын дара тұлға. 

      

Алдымен бір ескеретін жағдай кеше ғана арамызда жүрген, үлкен аға-



апалармен  араласа  жүріп  еңбек  еткен  Марат  Тұрдыбекұлы  Оспановтың 

Республикамыздың  дамуындағы  тарихи  ролі  дегеніміз  бәз  біреулер  үшін 

артықтау, асыра сілтеу, асыра бағалау болып көрінуі де мүмкін. Философия 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Алтай  Тайжанов  бұны  біздің  үлкен 

тарихты,  ұлы  тарихты  сыйлауымыздан,  ұлыларды  құрметтеуімізден  туған 

ізеттілігіміз  деп  түсінеді:  “Себебі,  біз  көбіне  өз  тұстарымызды  бағалауға 

сараңбыз, тірісінде оларға пенделік тұрғыдан қарап, бақилық болған соң ғана 

қайсыбір  қасиеттері  мен  игілікті  істерін,  кісілікті  келбетін  көрсетуге 

тырысамыз. М.Оспанов көзінің тірісінде де абыройдан кенде болмаған адам, 

олай  болса  біздер  сияқты  жастар  үшін,  осындай  алдыңғы  буын  өкілдерінің 

үлгілі өмірі мен игі істері  – тарих, ал өздері – еліміз дамуында тарихи роль 

атқарған тұлғалар” [13]. 

    

Өкінішке орай, ол кісі “аққан жұлдыздай” жарқ етті де, арамыздан өтті 



де кетті. Бірақ,  Марат Тұрдыбекұлы  Оспанов  артына үлкен мұра қалдырды.  

Марат  Оспановтың  ойлы,  мағыналы  өмірі  ел  тұтқасын  ұстап  отырған 

өзгелерге  де  әбден  ой  салуы  тиіс.  Қамшының  сабындай  қысқа  ғұмырда  өз 

ұлтыңның  ұлылығын  өзгеге  дәлелдеп  өткеннен  артық  касиетті  міндет  жоқ. 

Кейіпкеріміздің аз өмірінде соның шынайы үлгісін танытып кетті.  

 

Бүгінгі  біздер,  бізден  кейінгі  келер ұрпақ  өткеннің  күл-қоқысын  емес, 



от-жалынын, үлгілі, тәлімді тұстарын алуы, оны алға апаруы керек. Сонымен 

бірге, кезінде  А.С.Пушкиннің:   “Бабаларымыздың   даңқына    тәу    ету  қажет 

қана  емес,  міндет  те,  ондай  сый-құрметтің  қолыңнан  келмеуі  масқара 

ынжықтық болмақ” [14] – деген қисынды сөзін басшылыққа ала отырып біз 

өз зерттеулеріміздің нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік: 

      


Марат Оспанов Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзіңнің 

мемлекетіңе  деген  терең  патриоттық  сезімің  де,  жалпылық  сананы 



жетілдірудегі қазақ тілінің тірек боларлық ролі де, бас көтерер азаматтардың 

айқын мақсатты әрекеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру де … бәрі-бәрі 

де  барша  қазақ  ұлтының  басын  біріктірер  бастаулар  болып  табылатынын 

терең  түсінген  саясаткер  болды;  тіл  мен  өнер  ұлттық  рухани 

болмысымыздың  басты  ерекшелігі.  Оларды  игеру,  білу  әр  азаматтың 

абыройлы  борышы.  Әуел  баста  қалада  өсіп,  кейін  Мәскеуде  білім  алған 

қайракеріміз үлкен патриоттық, ұлттық сезімі оның ана тілін, төл өнерін тез 

арада  терең  игеріп  кетуіне  септігін  тигізді.  Бұл  да    баршамызға,  әсіресе 

бүгінгі  жастарға  үлгі  боларлықтай  іс;  ол    егемен    Қазақстанның    жаңа  

тарихын  жасасқан  ірі  саяси  тұлға  ғана емес,  ұлт   пен   ел   тарихында   

жеке   тарихи   тұлғалардың   зор   орны   бар екендігін   өз   үлгісімен   жаңа  

қырынан    көрсеткен    зиялыларымыздың    бірі  болды;  тарихта  жеке  адамдар 

мен тарихи тұлғалар атымен аталған тұтас дәуірлер мен кезеңдер кездеседі. 

 Біз  М.Оспановтың  аз  ғұмырының  ішінде  өз  елінің  егемендік  жолмен 

қалыптасуына зор үлес қосып, оның қалыптасу кезеңінің зор тарихи тұлғасы, 

ажырамас  бір  бөлігі  болғанына  көз  жеткіздік;егемен  елдің  жас  ұрпақтары, 

бүгінгі  біздерді,  келешек  ұрпақтарды  салты,  санасы  бөлек,  іс-қимыл, 

әрекеттері  жат  жерде  өткен  тұлғалар  мысалында  тәрбиелемей  Марат 

Тұрдыбекұлы  сияқты  тұлғалардың  саналы  өмірін  үлгі  ету  қажет  деп 

ойлаймыз;  белгілі  қоғам  қайраткері,  саясаткер,  экономист-ғалым  Марат 

Тұрдыбекұлының бай рухани мұрасын ел игілігіне жарату үшін, оның саналы 

өмірі  мен  салмақты  ғылыми  туындыларын  халыққа,  әсіресе  жастарға 

насихаттау ләзім. 

     


Марат 

Оспановтың 

өмірімен, 

еңбек 


жолымен, 

қызметімен, 

творчествосымен танысқан әрбір адамның оның қысқа ғұмырының мәнді де, 

мазмұнды, үлгі-өнегелі болғанына  көзі жетер еді.  

      

Орнықты саяси қызмет, жеңіл көзқарас танытуға жол бермейді. Саясат 



терең білімділікті, өз ойын үнемі дамытып отыруды, мақсат қоя білуді және 

жан-жақты дамуды қажет етеді. Марат Тұрдыбекұлы алдына мақсат қоя білді 

және  сол  мақсатқа  жетуде  еш  ерінген  жоқ,  тезірек  алдағы  мақсат  биігіне 

шығуды  ғана  ойлады.  Мысалы,  қазақ  тілін  үйренгісі  келді  -  өте  жақсы 

дәрежеде  меңгере білді,  домбырада  ойнауды  мақсат етті  –  тез  арада оны да 

үйреніп алды, саясатпен айналысқысы келді – алты бірдей бәсекелесінен алда 

болып,  депутат  болды.  Ол    республиканың  атқарушы  билік  органдары  мен 

жергілікті  атқарушы  билікті  реформалауға  байланысты  маңызды  мәселелер 

көтерді. Нәтижесінде біраз жаңа министрліктер мен ведомостволар құрылды 

және қалған басқармалар да құрылады деген сенім бар. 

      

Ел  Президенті  өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында  атап  көрсеткен 



ауылдық  округтердің  әкімдерін  сайлаудың  2000  жылы  өткізілгендігін,  ал 

қала  және  аудан  әкімдерінің  сайлауы  туралы  ұсыныс  та  жүзеге 

асырылатындығы  Марат  Оспановтың  бағдарламасы  бойынша  назарға 

алынған саяси қадамдар болатын. 

     

Мемлекетімізді  баскару  органдарында  әр  түрлі  деңгейде  қызмет  істеп 



жүрген  жылдарда  саясаткер  шыққан  тауым  биік  болды  демеді.  Туа  біткен 

қасиеті -   кісілігіне кір шалдырмай, кішіпейілдігін сақтады. 



      

Заманнан  заман  өзгеріп,  адамнан  адам  өзгеріп  жататындай  тарихи 

кезеңдерде  халыққа  өткеңді  ойлатып,  бүгінгіні  пайымдатып,  болашақты 

қамдату  үшін  орнықты  мінезді,  ойлы-парасатты,  адал  көзқарасты  тұлғалар 

кажет. Ғасыр аяғындағы еліміздің егемендік жолмен дамуы, жаңа қоғамдық 

үрдіс, қазақ қауымының алдын тосқан өрелі әлеуметтік, рухани проблемалар 

жас саясаткер Марат Ослановтың саналы өмірінің өзегіне, басты мазмұнына 

айналды. Дәуір талабы мен халық қамын жұбын ажыратпай бірге пайымдап, 

бірге  қамдайтын салиқалы  саясаткер  ғана  алдына  осындай  өрелі  мақсат қоя 

алар еді. 

        Тіршіліктің  өз  заңдылығы  бар,  өмір  өз  шеңберімен  жалғасуда.  Баяғы 

саяси тартыстар, Парламенттің жаңа отырыстары, жаңа кабылдаулар - бәрі де 

өз  кезегімен  өтіп  жатырғанын  көріп  жүрміз.  Тек  солардың  ортасыңда  өткір 

ойларымен, тың пікірлерімен ақбереңдей жарқылдап, әзілі мен сөзі, ойы мен 

тұжырымы  бірімен-бірі  астасып,  жалғасып  жататын  айтулы  қайраткер 

М.Оспановтың орны үңірейіп тұрғаны. Әйтсе де, алыптың алыстан көрінетіні 

бар  ғой.  Уақыт  өте  келе  болашақтың  жаңа  тарихшылары  өткенді  зерделері 

хақ.  Сонда  олардың  кешегі  мен  бүгінгі  саясаткерлерге,  мемлекет 

қайраткерлеріне,  демократиялық  Қазақстанның  іргетасын  қалауға  ат 

салысқандардың бәріне де өз бағасын айтары сөзсіз.  

      

Өйткені  ол  ұлтына,  егемен  еліне  ерен  еңбек  ету  арқылы  өзіне  өз 



қолымен ескерткіш орнатып кеткендердің бірі және бірегейі. Ол бірінші еді, 

бірінші  саны  оның  адами  сапасынан  реттік  санына  айналды.  Алайда  Марат 

Оспановты тек Қазақстанның жаңа тарихи беттеріндегі Парламенттің төменгі 

палатасының бірінші спикері ретінде өз бетін жазып тастап кеткені үшін ғана 

еске  алмасақ  керек.  Саясат  аренасындағы  ақылды  да  байсалды,  ашық  та 

келбетті адамдар саусақпен санарлық екені рас. Өмірге жақын шынайы нағыз 

ғалымдар  да  аз.  Біз  Марат  Оспановты  осы  аздар  мен  даралар  қатарында 

болғаны үшін де ерекше құрметтейміз. 



Ойымды қорыта келе, Марат Оспановтай тарихи тұлғалардың рухани 

мұраларының кейінгі ұрпақтарына берерлерінің көптігіне еш шүбә жоқ, және 

келер  ұрпақ  оны  бізден  көп  құрметтемесе,  аз  сыйламайтынына  да  мен 

сенемін. 

Оның  замандастары  М.Оспановтың  тұлғасын  көрнекті  мемлекеттік, 

саяси 


қайраткер, 

Қазақстан 

Республикасы 

парламентаризмі 

мен 

демократияның  негізін  қалаушылардың  бірі,  Қазақстан  Республикасы 



Парламенті  Мәжілісінің  тұңғыш  төрағасы  ретінде  таниды.  Менің  ойымша, 

біздің жас ұрпақтардың адамгершілік парыздарының бірі осы танымды алға 

апару,  оның  белгісіз  беттерін  зерделеу  және  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастыру 

болмақ. 


 

 

 



 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Вебер М. Избранные произведения. Москва, 1990. 646 б.  

2.  Видова  О.  Нурсултан  Назарбаев:  Портрет  человека  и  политика.  -Алматы: 

Білім, 1998. - 

3.  Ертісбаев  Е.  Казахстан  и  Назарбаев:  логика  перемен.  -  Астана:  Елорда, 

2001. 


4. Шепель В. Н., Касымбеков М. Б. Первый Президент Республики Казахстан 

Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности 1.07.1997-01.01. 2000. - Астана: 

Елорда, 2000.  

5. Авторлық интервью. 

6. Электронды ресурс: www.ospanovfund.kz 

7.Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы, “Ата мұра”, 1999. 202 бет. 

8. Верк В. Против течения. // “Время”, 16 сентября, 1999. 

9. Ертісбаев Е. Памяти друга. // “Континент”, №3, 2000. 

10. Оңғарсынова Ф. Марат туралы сөз. // Марат Оспанов. Воспоминания. Из 

серии: “Жизнь замечательных людей”. Алматы, “Экономика”, 2002. 

11. Қалиев Н. Қ. Қазақстан парламентаризмі. Алматы,  “Қазақстан ”,  2003. 

12. Назарбаев Н. Ғасырлар  тоғысында Алматы, “Өнер ”, 1996. 171 бет. 

13. Тайжанов А.Т. Кісілікті кісі, азамат.// Марат Оспанов. Воспоминания. Из 

серии “Жизнь замечательных людей”. Алматы, “Экономика”, 2002. 

14. Пушкин А.С. Сочинения в 10-ти томах. Том 4. М., 1969. с. 97 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет