Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата22.12.2016
өлшемі481,92 Kb.
#60
  1   2   3   4   5   6   7   8

Кіріспе

§1. Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл –

тілдің өмір сүруінің, қызмет етуінің ерекше формасы. Ол белгілі бір халық тілінің нормаға

түскен, өңдеуден өтіп, сұрыпталған ең үлгілі формасы. Әдеби тіл – дәстүрге берік, сол

тілде   сөйлеуші   қоғам   мүшелерінің   бәріне   бірдей   міндетті,   қызмет   аясы,   әлеуметтік

ауқымы кең тіл. Осындай қасиетке қоса әдеби тіл әр түрлі ауытқулардан арылып отыруы

қажет. Қандай да болсын күрделі ойды, мағынаның небір нәзік реңктерін тап басып, дәл,

ешбір   қиындықсыз,   емін-еркін   жеткізуі   оның   коммуникациялық   сапаларының   қандай

екендігін көрсетеді. 

Қазақ   әдеби   тілінің   «ауызша»   және   «жазбаша»   деп   аталатын   бір-бірімен   тығыз

байланысты екі формасы бар. Әдеби тілдің «ауызша» формасы өз кезегінде маңызы артып

отырса, қоғамның әлеуметтік, мәдени дамуы тәрізді қолайлы жағдай «жазба» тілінің рөлін

өлшеусіз өсіре түсті. 

Орфография   әдеби   тілдің   («жазбаша»   түрінің)   «киімі»   ғана   емес.   Ол,   алдымен,

сауатты   жазудың,   ана   тілін   мәдени   меңгерудің   маңызды   құралы.   Ондай   құрал   тілдің

құрылымдық жүйесіне (системаға) лайық, пайдалануға неғұрлым жеңіл, қолайлы да тиімді

болуы тиіс. 

Қандай да болсын тілдің қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп, дамып отыратындығы

белгілі. Тілдің құрылымдық жүйесінің де дамып, өзгеріп отыруына сәйкес оның «киімі»

де  «жаңаланады». Олай  болмаса,  орфография  тілдің  системасына  лайық  болмай,  оның

құрылымдық жүйесіндегі заңдылықтарды дұрыс бейнелей алмас еді. Ондай орфография

пайдалануға ауыр тиіп, сауатты жазуға «тұсау» болар еді. 

К.   Маркcке   жазған   хатында   Ф.   Энгельс   араб   графикасының   күрделілігі   болмаса,

парсы грамматикасының 48 сағатта біліп алар едім

1

 деген болатын.



Ағылшын   балалары   күн   құрғатпай,   үздіксіз   тоғыз   жыл   оқығанның   өзінде   кеңсе

қағаздарына қатысты жұмыстарды ойдағыдай жаза алмайды екен. Әйгілі жазушы Бернард

Шоудың   есептеуінше   жазу  жұмысымен   шұғылданған   ағылшындар   әрбір   минуттың   12

секундын  «басы  артық»  әріптерді жазуға  жұмсайды  екен.  Ондай басы  артық әріптерді

жазуға   бір   жылда   73   күн   кетеді.   Англия   мен   АҚШ-та   жазу   жұмысы,   кеңсе   қызметі,

ғылыми зерттеулермен 2,7 миллион адам шұғылданады. Олар бір жылда 540 мың жыл

жоғалтады екен

2



Жазу-сызуда   мұндай   қиындықтар   болмас   үшін   орфографияны   тілдің   құрылым

жүйесіне   лайықтап,   ондағы   өзгерістерді   бейнелейтіндей   етіп,   жазу   нормаларына

эволюциялық   өзгерістер   енгізіп   отыру   қажеттілігі   тіл   құрылысы   тәжірибесінде   де

айқындала түсіп отыр.

Қазіргі қазақ орфографиясы әдеби тілдің жазбаша түрінің нормалану процесіне зор

ықпалын тигізді. Оның 40 жылдан астам тәжірибесі жащу нормаларының тұрақталып,

ала-құлалықтан арыла, жетіле түскендігін байқатады. Бұл процесте 1957 жылғы «Қазақ

тілі   орфографиясының   негізгі   ережелері

3

»,   «Қазақ   тілінің   орфографиялық   сөздіктері



4

»,

«Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш



5

» тәрізді т.б. практикалық

құралдырдың,   ғылыми   зерттеулердің

6

  орны   айрықша.     Әрине,   бұл   нәтижелер   қазақ



орфографиясының барлық мәселелері зерттеліп болды, жазу мәдениетіміз ешбір мүлтіксіз

дегенді аңғартпайды. 

1

Маркс К. И Энгельс Ф. Соч.Т. 28. С. 222-223.



2Бұл деректер мына кітаптан алынды:Костомаров В.Г. Русский язык среди других языков мира. 

М., 1975.С.170

3

Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері, Алматы, 1957.



Қазақ орфографиясының ғылыми тұрғыда әлі де зерттеле беретіні даусыз. Өйткені,

біріншіден, қазақ тілі де, өзге тілдер тәрізді, құрылым жүйесі өзгеріп, дамып отыратын тіл.

Осыған байланысты ондай құбылысты айқындап, зерттей отырып, жазу нормаларына да

ішінара   өзгеріс   енгізіп   отыру   қажеттілігі   туады.   Екіншіден,   қазақ   тілінің   құрылым

жүйесінде   әлі   де   танылмаған   заңдылықтар   бар  екендігі   сөзсіз.   Оларды   зерттеп,   танып

білмей, жазу-сызу нормаларын сол жүйеге лайықтап белгілеу мүмкін емес. 



ФОНЕМА, ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП

§2.   Қазақ   тілі   бітім-тұлғасы   жағынан   өзге   де   түркі   тілдері   тәрізді   жалғамалы

тілдердің   қатарына   жатады.   Сондықтан   да   түрлі-түрлі   лексика-грамматикалық

амалдардың   барлығы   дерлік   сөз   тудырушы,   сөз   түрлендіруші   қосымшалары   арқылы

жасалады.   Сөздің   түрлі   қосымшалармен   түрлену   барысында   түбір   мен   қосымшаның

жігінде әр түрлі дыбыстық құбылыстар (ассимиляция, аккомодация, абсорбция, лабиалды

аттракция, палаталды аттракция, диссимиляция, метатеза, диэреза, протеза, редукция, т.б.)

пайда   болады.   Неліктен   бұлай   жазылады,   неге   басқаша   жазылмайды?   Дыбыс

өзгерістерінің орфографиясындағы көрінісі қандай? Түбірдің қосымшалардағы дыбысқа,

керісінше,   қосымшалардағы   дыбыстардың   түбірге   тигізер   әсер-ықпалы   болады.   Жазу

тәжірибесінде мұндай құбылыстардың бәрін бірдей ескері қажет пе? Бұлардың қайсысы

еленеді,  қайсысы  еленбейді?   Алайда,  сырт  қарағанда,[башшы],  [жұмұшшы],[сеңгейсің],

[сембісің],[ылашшыз]   деп   жазбай,   басшы,   жұмысшы,   сенгейсің,   сенбісің,   лажсыз   деп

таңбалауымыздың себебі өзінен-өзі түсінікті де тәрізді. Бұлай жазудағы мақсат – сөздің

«түбірін» сақтау. Мұндай дәстүрлі түсінік, тіпті мектеп оқушыларына да белгілі. Бірақ,

сөздердің барлығы бірдей осы қағида бойынша жазыла ма? Бірқыдыру сөздерді  басшы,



жұмысшы, сөзшең, ақ алма  деп «түбір» сақтап жазып, [ш]-ның [с], [з]-ға, <а>-ның <қ>-ға

тигізер әсерін ескермейміз

7

, ал бірсыпыра сөздердің жазылуына келгенде ақ – ағар, жоқ –



жоғал,   теп   –   теуіп,   тарақ   –   тарағы   деп   жазып,   дауыстылардың   дауыссыздарға   тигізер

әсерін ескеруіміз неліктен? Сөздің түбірі  ағ-, жоғ-, теу-, тарағ-  емес қой? Бірде олай,

бірде   бұлай   жазуымыз,   бәлкім,   қосымшалардың   сөз   мағынасын   өзгерту   қабілетіне

байланысты болар? Бірақ бұлай деуімізге негіз жоқ. Өйткені бұл арада қосымшалармен

түрленген   сөздердің   қай-қайсысының   да   лексика-грамматикалық   мағынасы   өзгермей

қалған жоқ. Міне, бұл тәрізді сауалдардың жауабын іздесек, мәселе әлдеқайда күрделене

түседі. Сонымен, қазақ орфографиясының бұл тәрізді принципті мәселелері, жекелеген

жайттары арнайы зерттелмесе, бірсыпыра сөздердің жазылуы тиянақты шешімін таппай,

жазу   тәжірибесінде   ала-құлалық   тудыруы   ықтимал.   Мұндай   кемшілік   жалпы   жазу

мәдениетін   төмендетері   сөзсіз.   Жазу   мәдениеті   төмен   болса,   әдеби   тілдің

коммуникациялық қызметі де айтарлықтай болмайды. 

Тілдік системаға, оның құрылымдық жүйесіне орфографияның сәйкес болуы қажет.

Сонда   ғана   тілдің   жазбаша   және   ауызша   түрлері   бір-бірінен   алшақ,   кереғар   кетпейді.

Алайда мұндай талап тілдің жазбаша және ауызша түрінің айырмасын мүлдем жойып,

4Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1941. Ред.коллег. С. Аманжолов, І. Кеңесбаев; 

Балақаев М.Б. Емле сөздігі. Алматы, 1948; Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1963, 

1978.

5Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуация жайында анықтағыш, Алматы, 1974.



6Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1968.

7

Сөздің дыбысталуы мен фонемалардың қосалқы реңкі тік жақша [...], ал фонемалардың негізгі реңкі сынық жақша <--



> арқылы беріледі.

ерекшелігін елемеу деген сөз. Ауызша сөйлеуде интонация, сөздердің ерекше мәнермен

айтылуы, ой екпіні, эмфазалық құбылыс т.б. толып жатқан дыбыс заңдылықтары болады.

Олардың бәрін бірдей жазуда таңбалау мүмкін емес. Тіл тарихында ондай жазу болған да

емес. Бернард Шоудың «иә» деп айтудың елу түрлі, «жоқ» деп айтудың бес  жүз түрлі

тәсілі бар, ал оларды жазудың амалы біреу-ақ деген сөзі осы орайда айтылған. Қой, түн,

жаз  тәрізді   сөздердің   айтылуы   мен   жазылуында   айырма   жоққа   тән.   Бірақ   тілімізде

көптеген   сөздің   айтылуы   мен   жазылуы   бір-бірімен   сәйкес   келе   бермейді.   Мысалы,



[қоралат]; [төрөгөрсең, тоналарсың] (мақал) деп айтылғанымен, өзгеше жазамыз. 

Қарым-қатынасқа түскенде сөздер белгілі бір орфографиялық заңдылыққа орай бір-

бірімен   ұласа   айтылып,   бір-біріне   ықпал   жасап,   әр   түрлі   фонетикалық   өзгеріске

ұшырайды.   Ал   осындай   жүйені   елемей,   тілдік   дыбыстарды   нақпа-нақ   айтсақ,   сөздің

дыбысталудағы тұтастығы бұзылып, дыбыстау мүшелеріне айрықша күш түседі. Сөйлеуде

дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, ықпалын тигізіп, ұласа айтылуы – мәнді фонетикалық

құбылыс. Бірақ аса маңызды бола тұра бұл құбылыстың бәрі бірдей жазуда еленбейді. 

Өйткені жазу – «жүгіртіп» оқуға жеңіл, қабылдауға қолайлы болуы қажет. Жазудың

(письмо) мақсаты сөздің айтылыуы мен дыбысталуын дәлме-дәл көшіру емес, қандайда

болсын белгілі бір ойды хабарлау. Егер қоралы ат, төреге ерсең, тоналарсың дегендерді

айтылуынша жазсақ (қоралат  па,  қоралы ат  па, «төреге ерсең, тоналарсың  әлде  төре

көрсең, тон аларсың» ба?), информацияны қабылдауды күрделендіре түсер еді де,  артық

энергия жұмсауға тура келер еді. Сондай-ақ (бірғанатты гөрдү) дегенді «бір ғана атты



көрді», «бір қанатты көрді» деп әр түрлі ұғынуы мүмкін. Сөз ішіндегі, тіркес шеніндегі

дыбыстардың   бір-біріне   тигізер   позициялық,   комбинаторлық   әсер-ықпалын   ескермей,

дыбыстардың   фонематикалық   мәнін   сақтап   жазу   тексті   қиындықсыз,   кедергісіз   оқуға

мүмкіндік береді. Бұл – жазудағы (графикадағы) фонематикалық принцип. 

Бірақ фонемалардың «мәнін» сақтап жазу дегенді қалай түсінуге болады? 

Фонемалардың әр түрлі позициялық, комбинаторлық реңктері болатыны белгілі. Ол

реңктер (оттенок, аллафон) белгілі бір фонетикалық қоршауда көрінеді. Мысалы, [н]-ның

сөз басында, сонорлармен іргелес келгенде, жуан, жіңішке, еріндік, езулік дауыстылармен

қатар   айтылғанда   т.б.   фонетикалық   жағдайларға   тәуелді   әр   қилы   реңктері   болады.

Қысқасы,  фонетикалық  жағдай  қанша  болса,  фонеманың  соншама реңкі  болады.  Бірақ

солардың ішінде фонемалық қоршауға неғұрлым тәуелсіздері негізгі реңк те, қалғандары

қосымша реңк болады. 

Мысалы, бүгін, бүгінгі сөздеріндегі [н]-ның фонетикалық жағдайға тәуелділігі бірдей

емес.   Бүгін   сөзіндегі   [н]-ға   қарағанда  бүгінгі  сөзіндегі   [н]-ның   дыбыстық   қоршауға

тәуелділігі әлдеқайда басым [бүгүңгү]. Әрине, дыбыстардың барлық реңктерін ғылыми

зерттеулерде   болмаса,   жазуда   көрсетудің   мәні   жоқ.   Жазуда   фонеманың   сөзтанымдық

қызмет атқаратын негізгі реңкі ғана белгіленеді. Морфеманың фонемалық мәнін сақтап

жазу дегенді осылайша түсінуге болады. 

Сонымен,   фонема   –   дыбыс   –   жазу   бір-бірімен   тығыз   байланысты.   Алайда

фонемалардың   негізгі   реңктері   мен   қосымша   реңкін   ажыратудың   өз   қиындығы   бар.

Мысалы, тон, төн, таң, тән дегендегі <т> бірде жуан, бірде жіңішке реңкте жұмсалып тұр.

Бұл   екі   реңктің   де   фонетикалық   ортаға   тәуелділігі   бірдей.   Сондықтан   <т>-ның   негізгі

реңкі жуан [т] немесе жіңішке [т] деу қиын. Осыған байланысты алфавиттегі Т әрпі жуан

[Т]-ның немесе жіңішке [Т]-ның өкілі деп үзілді-кесілді айту тағы қиын. Сырт қарағанда

мұндағы жуан, жіңішке реңк тепе-тең сияқты. Дегенмен бұл екі реңктің бірін негізгі, бірін

қосалқы деуге болады. Оны қарапайым мынадай тәжірибеден байқауға болады. Мысалы,

филолог емес әр түрлі аудиторияда тұн, түн тәрізді сөздерді тақтаға жазып, «бұл сөздерде

қандай   дыбыс   бар?»   деген   сұрауға   [т],   [ұ],   [ң],   [ү]   дыбыстары   бар   деп,   аудитория

бірауыздан   жауап   береді.   Бұдан   қазақ   тілінде   сөйлеушінің   психикасында   фонеманың

негізгі реңкі жуан [т], [н] екендігін байқаймыз. Олай болса, қазақ алфавитіндегі Т әрпі –

жуан [т]-ның өкілі. Сондай-ақ негізгі реңк айтуға «оңай» болса, қосымша реңк, мысалы

[т], аздап болса да «күш» салып, сүйемелдеп айтуды қажет етеді. 



Бұл   жерде   алфабиттегі   әріптер   фонемалардың   негізгі   реңкін   белгілейді   деген

принципке қайшы келетін мынадай құбылысты байқауға болады. Мысалы, [қ] мен [к] – бір

ғана фонеманың – атап айтқанда <к> фонемасының – жуан, жіңішке реңктері. Олай болса

бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрау қоюға болады. Әрине, [к] де,

[қ]   да   бір   фонеманың   әр   түрлі   реңкі   екені   даусыз.   Бірақ   бұл   реңктердің   бірі   негізгі,

екіншісі   қосалқы   деуге   болмайды.<к>   фонемасының   [к],   [қ]   реңктерінің,<г>

фонемасының [ғ], [г] реңктерінің тепе-тең болуы өзге дауыссыздардан олардың өзіндік

ерекшелігі деуге болады. Жоғарыда аталғандай, тәжірибені қайталап, «құн, күн деген екі



сөзде   қандай   дыбыстар   бар?»  десек,   [қ],   [к],   [ұ],  [н],   [ү]  деген   бес   дыбыс   бар  дейді.

Сонымен,   қазақ   графикасында   бір   фонеманың   тепе-тең   реңкі   арнайы   әріптермен

таңбаланады: <к> [q] – қ, [k] – к; <г> [γ

ۦۦ] – ғ, [g] – г. Ал қырғыз графикасында мұндай

тепе-тең реңктер арнайы белгіленбейді: <к> {[g] [k] } к, <г> {[ γ

ۦۦ] [q] } г. 

Фонема реңктерін белгілеу – графика теориясы тұрғысынан басы артық құбылыс. Ол

белгілі   бір   алфавиттегі   әріптердің   санын   көбейтеді.   Алайда   бір   фонеманың   тепе-тең

реңктерін   белгілеудің   тиімді   жақтары   бар   екендігін   жазу   тәжірибесінің   өзі   көрсетіп

отыр.Әсіресе,   жүйесі   басқа   тілден   ана   тілімізге   ғылыми-техникалық,   қоғамдық-саяси

терминдер мен атаулар еніп жатқан жағдайда, бұл графикалық тәсілдің артықшылығын

айқын сезінуге болады. Мысалы, егер <к> фонемасының тепе-тең реңктерін жеке-жеке

таңбаламаған жағдайда марка, лак, ток, бак, т.б. толып жатқан сөзді екі түрлі оқуға тура

келеді:  марка < [марқа], [марка]; лак < [лақ], [лак]; ток < [тоқ], [ток]; бак < [бақ],



[бак]  т.б.сөзді бұлайша екі түрлі оқу графикадағы  негізгі принципке – сөздің әр түрлі

оқылмауы дегенге қайшы келеді. 

Қазақ графикасындағы тағы бір шарттылық – белгілі бір әріптің негізгі қызметімен

қатар   қосалқы   қызметінің   болуы.   Мысалы,  ә  әрпінің   негізгі   қызметі   <ә>   фонемасын

таңбалау болса, кей позицияда <а> фонемасын білдіруі – оның қосалқы қызметі. Мысалы,

күнә, мәрмәр, куә т.б. Бұл сөздердің соңғы буынындағы дауысты <а> бірінші буындағы тіл

алды дауыстыларының әсерінен палатализацияланған. Бұлар – сөзге әр түрлі қосымшалар

жалғау арқылы «тексеруге» болатын дауыстылар (проверяемые гласные). Бұл жағдайда

олар   өзінің   негізгі   реңкі   <а>-ға   жуықтайды.   Мысалы:   [күнаға]  күнәға,   [мәрмарға]



мәрмәрға т.б. 

Тіл   жұмсау   дағдымызда   кейбір   әріптің   қосымша   функцияға   ие   бола   бастауы

ықтимал. Мысалы, кейінгі жылдарда араб, жанаб (кітаби сөз), баб(кітаби сөз), сөздері осы

түрінде жазыла бастады. Шындығында, мұндай позицияда қазақ тілінің дыбыс заңдылығы

бойынша   [б]   дыбысы   [п]   түріне   игерілуге   тиіс.   Бірақ   бұл   [п]-ны  б  әрпімен   таңбалау

омографтарды   көбейтпеу   мақсатына   байланысты   деуге   болады.  Баб,   жанаб  тәрізді

сөздерді  б  түрінде   таңбалау  –   оларды  бап,   жанап,   т.б.   төл   тума   сөздерден   өзгешелеп

тұрады.   Осылайша  б  әрпі   өзінің   негізгі   қызметі   –  <б>  фонемасын   білдірумен   қатар

қосымша   қызметке   ие   болып,   <п>   фонемасын   білдіруі   бертінде   пайда   болған.   Бұған

қарағанда қазақ графикасының әлі де пайдаланылмаған мүмкіндіктері бар деуге болады.

Мысалы,  стиль,   декабрь,   модель  тәрізді   жіңішкелік   белгіге   аяқталған   сөздерге

дауыссыздан   басталатын   қосымша   жалғанғанда,   жіңішкелілік   белгі   жазылып   жүр:



стильге, декабрьге, модельге т.б. Осындағы [л]-дің жіңішкелігін арнайы таңбамен көрсету

басы   артық   информация   (избыточность).   Өйткені   [л]-дің   жіңішкелігін   қосымшалардың

жіңішке   вариантта   жалғануы   «хабарлап»   тұрады.   Бұл   жерде   [стильге],   [декабрге],

[моделге] сөздеріндегі жіңішке [л], [р] дыбыстарын [л], [р] түрінде жуандатып оқу қаупі

жоқ.   Мұндай   орындарда   жіңішкелілік   белгіні   қолдану   информацияның   артықтығын

көрсетеді. 

Қазақ тіліндегі гемината дыбыстардың арнайы графикалық таңбасы жоқ. Мысалы:

махаббат, жаббар, әдді, мүдде, ләззат, жаннат, оппа, күллі, әмме, ыссы  т.б. Мұндай

жүйеге қарағанда, небәрі үш түбір сөзде ғана [ашшы] ащы, [кешше] кеще, [тұшшы] тұщы

айтылатын геминатаны арнайы щ әрпімен таңбалау да басы артық информация.


Қосар   дыбыстарға   аяқталған   сөздерге   (орыс   тілінен   енген   сөздерге)   қосымша

жалғанғанда, соңғы дауыссызды таңбалайтын әріпті түсіріп жазу – қазақ графикасындағы

шарттылықтың бірі. Мысалы: класс – класқа, прогресс – прогреске, металл – металға т.б.

Бірақ баспасөз беттерінде бұлай жазудың дұрыстығына күмәнмен қарайтын пікірлер де

бар.   Алайда   қосар   дауыссыздың   бірін   түсірмей   жазудың   қолайсыздығы   бар.   Атап

айтқанда,  грамм,   класс,   ватт  т.б.   сөздерді,   олар   кейбір   қосымшалармен   түрленгенде,

бірдей үш әріппен қатарынан таңбалауға тура келер еді. Мысалы:  грамммен, класссыз,

ваттты  т.б.  Грамм,   ватт,   прогресс  тәрізді   сөздердің   ғылыми   тексте   жиі

қолданылатындығын, тіпті екі сөйлемнің бірінде дерлік қайталанып отыратындығын еске

алсақ,   оқырман   тек   әріптер   «шоғырынан»   көз   жаза   алмайтындай   (психологиялық)

қолайсыз күй кешер еді.

Жазудағы фонемалық принцип бойынша әр фонеманың дербес таңбасы болуға тиіс.

Қазақ   графикасында   негізінен   әр   фонеманың   дербес   таңбасы   бар,   яғни   бір   әріп   бір

фонеманы   білдіреді   деуге   болады.   Бірақ   бұл   –   жазуда   белгілі   бір   сөздің   фонемалық

құрамын түгелдей дербес әріптермен таңбалау шарт деген сөз емес.   Сөздің фонемалық

құрамын әріптердің түрлі комбинациясы арқылы да беруге болады. Мұндайда бір әріп

бірнеше фонеманың тіркесін білдіреді. Ондай әріптерді көп қызметті (полуфункциялы)

әріптер деп айтуға болады. Қазақ графикасында и әрпінің дыбыстық тұрғыдан қарағанда

сегіз қызметі бар

8

. Кейбір әріптердің көп қызметтілігі нәтижесінде қазақ тексттеріндегі



жазу   бір   немесе   екі   таңбадан   үнемделіп   отырады.   Салыстырыңыз:  диқан  –   5   таңба,

[дыйқан] – 6 таңба;  себу  – 4 таңба, [себүу] – 5 таңба;  тая  – 3 таңба, [тайа] – 4 таңба.

Әрине, бұл тәсілдің осындай жетістігімен қатар кемшілік жақтары бар.

1.Мектептегі оқыту ісінде  сиыр, суат  тәрізді сөздердің буын жігі немесе  ою, қою,



жаяды  т.б.   сөздердің   морфологиялық   құрылымы   «бүркемеленіп»   қалады.   Мектеп

оқушылары бастапқыда сөздің түбірі о-, ал -ю қосымша деп түсінеді. Мұндай кемшіліктің

орыс графикасында да кездесетіндігі айтылып жүр. «Так, слоговые написания осложняют

морфологический   анализ   слов,   проводимый   в   школе.   Особого   внимания   и   изучения

требуют случаи, когда буквы я, ю, е, ё, и обозначают сочетание звуков [йа], [йу], [йэ] и т.д.,

и   при   этом  йот  входит   в  иную   морфему,  чем  соответствующий   гласный.   Например,   в

формах  сарая,  сараю  и  т.д.  оказываются  затемненым  корень  сарай,  так   как  на  письме

окончаниями оказываются  -я, -ю,и т.д. Между тем в буквах  я, ю  «прячется»  и корневой

звук йот; окончаниями, т.е. изменяемой конечной частью слова, здесь являюся лишь звуки

[-а], [-у] и т.д., например: сарай-а, сарай-у»

9

.

2.Мына тәрізді үш-төрт сөзді екі түрлі оқуға болатындығы графикадағы буындық



принциптің кемшіндеу жері деуге болады:  жетісу[жетісұу], [жетісүу];  шу  [шұу], [шүу];

ту [тұу], [түу]. Сондай-ақ жиду деген сөзді «суретіне» қарап, [жійдүу] және [жыйдұу] деп

оқуға болады. Бірақ бұл жерде пәлендей қиындық жоқ. Өйткені [жыйдұу] – дыбыстардың

мағынасыз тіркесі болғандықтан қабылдауда ескерілмейді. 

3.   Мектеп   оқушылары  сирақ,   тиын  тәрізді   сөздердегі  и  әрпін   фунциясына   қарай

емес,   суретіне   қарап,   жіңішке   оқиды   да,   орфоэпиялық   нормадан   ауытқиды.   Мұндайда

бірінші буынның жуан немесе жіңішке оқылуын соңғы буындағы дауыстының «хабарлап»

тұратындығына назар аудару керек. Әрине, «ереже ескертусіз болмайды» дегендей, бұл

қағидадан тыс тұратын бірнеше сөз бар. Олардың соңғы буыны жуан болғанымен, бірінші

буыны,   біздің   байқауымызша,   жіңішке   оқылуға   тиіс:пиала<[пійала],   [пыйала]   емес;

мизам<   [мійзам],   [мыйзам]   емес,  шилан<   [шійлан],   [шыйлан]   емес;   бипаз   <   [бійпаз],

[быйпаз]   емес,  бидарқа<   [бійдарқа],   [быйдарқа]   емес;  биқасап<   [бійқасап],   [быйқасап]

емес.

8Демесинова Н., Джунисбеков А. [Рецензия:] Қ. Неталиева. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. 



Алматы, 1977// Советская тюркология. 1978. №3. С.101.

9Иванова В.Ф. Современный русский язык: Графика и орфография, М., 1976.С. 95.



Графикалық тәсілдегі бұл аталған кемшіліктер оның мәнін еш төмендете алмайды.

Тіркесу   жиілігі   аса   жоғары   фонемаларды   бір   ғана   таңбамен   беру  (1-қосымшаға   назар

аударыңыз)  информацияны неғұрлым ықшамдап жеткізу деген  талапқа сай келеді. Казіргі

кезең   –   ғылыми-техникалық   прогрестің   дәуірі.   Информация   «тасқыны»   мен

информациялық «қопарылыстың» күшейген кезі. Мұндай кезеңде қандай информацияны

болса да «сығымдап» беруге ұмтылу тенденциясы өмірдің аса бір қажеттілігіне айналып

отыр. 

Көп функциялы әріптер(1-қосымша )

Әріп 


Фонема 

Дыбыс 


Мысалдар (позиция)

а 

<а>



<ә>

[ә]


[а]

[а]


[шәй] шай

[ай] ай

[қал] қал

ә

<ә>



<а>

[ә]


[ә]

[ән] ән, [әлем] әлем

[мәрмәр] мәрмәр, [күнә] күнә

б

<б>



<п>

[б]


[п]

[берік] берік, [құбұл] құбыл

[арап] араб, [жәнәп] жанаб

е

<е>

[е]

[ө]


[берік] берік

[күрөк] күрек

й

<ый>

<ій>

<ы>

<і>

[ый]


[үй]

[ій]


[үй]

[ы]


[ү]

[і]


[ү]

[дыйқан] диқан

[бұлтұй] бұлти

[тійек] тиек

[дүнүйө] дүние

[қыйа] қия

[шұқшұйұу] шұқшию

[ійүу] ию

[дүңкүйүу] дүңкию

л

<л>



<ұл>

<ұл>

<іл>

<үл>

[л]


[ыл]

[ұл]


[іл]

[үл]


[олар] олар

[ылақ] лақ

[ұлұқсат] лұқсат

[ілек] лек

[үлекөт] лөкет

Р

<р>



<ыр>

<ір>

<ұр>

[р]


[ыр]

[ір]


[ұр]

[тер] тер

[ыразы] разы

[ірең] рең

[ұрұқсат] рұқсат

у

<у>



<ыу>

<іу>

[у]


[ұу]

[үу]


[бау] бау

[сауұу] сауу

[себүу] себу

щ

<шш>

[шш]

[ашшы] ащы, [тұшшы] тұщы



ы

<ы>

[ы]


[ұ]

[қыс] қыс

[құлұн] құлын

і

<і>

[і]

[ү]


[тіл] тіл

[түлүк] түлік

я

<ыйа>

<йа>

<ійә>

<йа>

[ыйа]


[йа]

[ійә]


[йә]

[ыйағный] яғни

[тайа] тая

[ійәки] яки, [ійә] я болмаса

[шәйә] шая

ю

<йыу>

[йұу]

[қойұу] қою, [тайұу] таю



<йіү>

[йүу]


[түйүу] түю

Ондаған газет-журнал, жүздеген кітап мыңдаған тиражбен тарап жатқан қазіргі кезде

графикадағы «үнемділіктің» тиімділігі айқын сезілсе керек. Қазіргі кез, әрине, жылына

бір-екі кітап, бірер ғана газет-журнал жарық көретін байырғы заман емес. Ондай кезде

әріп-таңба   үнемділігі   жөнінде   сөз   де   болмас   еді.   Фонемалық   принцип   бойынша   сөз

[бешшылдық], [жұмұшшұ],[башшы],[мұжжарғыш] т.б. түрінде, айтылуынша жазылмай,

фонеманың негізгі реңкі бойынша жазылады (бесжылдық, басшы, мұзжарғыш), сөйтіп,

сөздің мағыналы бөліктеріне нұқсан келмейді. 



Мұжжарғыш,   күшшүгөр,   өшшү  сөздеріндегі   [з],   [ж],[с]   фонемалары   іргелес

дыбыстардың әсерінен комбинаторлық өзгеріске ұшырап [ж],[ш],[ш] түрінде айтылып тұр.

Бұлар <з>, <ж>, <с> фонемаларының көрінісі, өйткені фонетикалық өзге ситуацияда олар

өзінің негізгі реңкіне көшеді: мұ[з]ға, [ж]ігер, ө[с]ші

Фонемалардың   негізгі   мәні   (реңкі)   ғана   сөздің   мағыналық   «жамылғышы»   бола

алады.   Сондықтан   сөзді   фонемалардың   негізгі   мәні   арқылы   танимыз.   Фонемалардың

қосалқы   мәнін   физикалық   тұрғыда   түйсінгенімізбен,   психикамыз   функционалдық   мәні

жоқ   дыбыстарды   автоматты   түрде   назардан   тыс   қалдырады.   Психикамызда   сөз   өзінің

негізгі «жамылғышында» ([өшші] емес, өсші түрінде) бейнеленеді. 

Сонымен,   жазуда   фонемалардың   позициялық,   комбинаторлық   өзгерісінен   пайда

болған қосымша мәндері ескерілмейді. Өйткені дыбыстардың поэзиялық, комбинаторлық

игерілуі, әр түрлі қосалқы мәні елене берсе, орфография тым күрделеніп, қолдануға өте

қолайсыз болып шығар еді. Бірақ басты себеп ол емес. Фонемалардың қосалқы мәнінің

(позициялық,   комбинаторлық   өзгерістердің)   еленбеуінің   негізгі   себебі   –   олардың

функционалдық   ролі   болмағандықтан.   Дыбыстардың   позициялық   игерілуінен   пайда

болған   өзгерістер,   сонымен,   жазуда   елене   бермейді.   Бірақ   бұндай   принципке   мынадай

құбылыс қайшы келетін тәрізді. Мысалы: а) қап – қабы, кітап – кітабы, сеп – сеуіп, теп –

теуіп, кеп – кеуіп, жап – жауып т.б. ә) ақ – ағар, көк – көгер, үк – үнер, бүк – бүгер, жақ –

жағын, тақ – тағын т.б. б) тарақ – тарағы, құрақ – құрағы, шырақ – шырағы, сырық –

сырығы, жарық – жарығы т.б. Бұндағы н/б, қ/ғ, к/г, п/у дыбыстарының өзгерісі де белгілі

бір позицияға (дауыстылардың аралығы) тәуелді тәрізді. Олай болса дыбыстардың мұндай

алмасуы жазуда неге еленіп жүр?  Басшы, жұмысшы, түнгі, күнгі  т.б. деп дыбыстардың

позициялық игерілуін елемей жазған соң, ақ-ар, көк-ер, сеп – сепіп, кеп – кепіп, тарақ –



тарақы,   тақ   –   тақын  деп   неге   жазбаймыз?   Бұл   сауалдың   жауабын   бермес   бұрын,

алдымен мынадай бір ерекшелікке назар аударайық.  

Мысалы,   <   с   >-ның   [ш]   реңкіне   көшуі   үшін   нақты   бір   фонетикалық   жағдайдың

болуы, [с] мен [ш] дыбыстарының іргелес тұруы шарт: [ашша]  ашса, [ташша]  тасша,

[жұмұшшұ]  жұмысшы  т.б.   Егер   бұл   шарттылық   ([с]     [ш],   [ш]     [с]   дыбыстарының

іргелестігі) бұзылса, аталған фонемалар өзгеше реңкте жұмсалады. Бұл заңдылықтан < с >

мен < ш > немесе < ш > мен < с > фонемалары іргелес келген ешбір сөз, ешбір морфема

тысқары   қалмайды.   Басқаша   айтқанда   дыбыстардың   комбинаторлық   игерілуінде

талғампаздық   болмайды.   Дыбыстардың   позициялық,     комбинаторлық   игерілуі   үшін

морфемалардың мәні жоқ. < з > фонемасының [с] реңкі туралы да осыны айтуға болады:

[бессебезсе, [біссізбізсіз, [ассыңазсың т.б. < з > фонемасының [с] реңкі пайда болуы

үшін мейлі ол шартты рай тұлғасы болсын, жоқтықты білдіретін аффикс болсын, немесе

жіктік жалғауы болсын, бәрі бір. Міне, осы екі ерекшелік – дыбыстардың комбинаторлық,

позициялық игерілуіне, реңктерінің пайда болуына тән басты қасиет. 

Ал жоғарда айтылған қ – ғ, к – г, п – б – у дыбыс өзгерістерінің де (ақ – ағар, тарақ –

тарағы, терек – терегі, жүрек – жүрегі, кітап – кітабы, жауап – жауабы, кеп – кеуіп,

сеп - сеуіп) белгілі бір фонетикалық ортаға байланысты екендігі байқалады. Бұл өзгерістер

интервокал   позицияға   тәуелді   сияқты.   Яғни,   [ғ]   <қ>-ның,   [г]   <к>-ның,   [б]   <п>-ның

комбинаторлық,   позициялық   реңкі   тәрізді   көрінеді.   Бірақ   олай   емес.   Өйткені   бұл

тәуелділік   –   белгілі   бір   морфемалар   жігінде   ғана   болатын   дыбыс   өзгерістері.   Алайда



мұндағы өзгерістерді <қ>, <к>, <п> фонемаларының позициялық, комбинаторлық реңкі

деп тануға, басқаша айтқанда <с> - [ш] <з> - [с] құбылыстарымен бірдей деп қарауға

болмайды. Олай болған жағдайда интервокал позицияда [к] - <ғ>-ға,[к] - <г>-ға, [б] - <п>-

ға кез келген морфемалар жігінде талғаусыз түрде өзгеріп отыруға тиіс. Бірақ <қ>, <к>,



<п> фонемалары кез келген морфемалар жігінде талғаусыз түрде [ғ],[г],[б] дыбыстарына

өзгеріп отырмайды: 



күп күпін  тық тықыл, тығыл

топ, тобыр  топыр  бақ, бағыл  бақыла, бағыл

теп тебін теперіш   жақ жақын, жағын

теп тепең сақ сақа: сақа адам

қап қапы: қапы қалу  тық тықыр, тығыр

көп, көбей  көпір  тік, тіге  тіке: тіке жүр

сап, сабы сапы: еңбек сапында бүк, бүгіл бүкір, бүкірей

Осымен байланысты қазақ графикасының ерекшелігі бойынша бірінші жағдайдағы

дыбыс   құбылыстары   фонемалардың   позициялық,   комбинаторлық   қосалқы   мәні

болғандықтан жазуда еленбейді де, екінші жағдайдағы дыбыс құбылыстары (ақ – ағар,



қап – қабы) фонемалардың негізгі мәнін сақтап жазу принципіне сәйкес орфрграфияда

ескеріліп отырады. Бұл айтылғандар фонемалар реңкінің, фонема алмасуларының жазуға

қатысты жалпы мәселелері деуге болады. Енді осы мәселелердің жеке жақтары да, жеке

сөздерге қатысты тұстары да бар.



КЕЙБІР ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ОРФОГРАФИЯСЫ

§3.қ>ғ, к>г, п>б (у) алмасулары екі морфеманың жігінде жүзеге асады да, сөздердің

белгілі бір тобын қамтиды. Фонетикалық бұл жанды құбылысты синхрониялық сипаттағы

алмасу деуге болады:құрық – құрығы, балық – балығы, себеп – себебі, жакап – жауабы,



нап – шауып, тап – тауып т.б. Осы аталған дыбыстардың морфема жігіндегі алмасуынан

өзге диахрониялық сипаттағы түрі бар. Соңғы типтегі дыбыс алмасу морфемалар жігінде

емес,   морфемалардың   өз   ішінде   кездеседі.   Мысалы:  айқай   –   айғай,   тақат   –   тағат,

садақа – садаға т.б.

қ/ғ, к/г, п/б  дыбыстарының белгілі бір морфемалардағы ішкі алмасуынан әр түрлі

варианттар пайда болады. Олардың кейбірі жарыспалы сыңарларының ішінара мағыналық

сипат алып, жеке сөз ретінде қалыптасқандығы байқалады:  бықы – бығы, шақа (қызыл

шақа),   шаға   (бала-шаға)  т.б.Осы   алмасулардың   қатарына   өзара   этимологиялық

байланыстағы сөздерді де жатқызуға болады: бүк – бүгіл – бүкір; теп – теперіш – тебер,



төпе – төпеле – төбелес  т.б. Алайда  қ/ғ, к/г, п/балмасуын кез келген жағдайда мағына

айырымдық,   сөзтанымдық   функцияда   жұмсалып,   варианттардың   барлығы   бірдей

семантикалық филицияға ұшырады  деуге болмайды. Орфографияда қиындық тудырып,

әркелкі   жазылып   жүрген   сөздердің   бір   алуаны   осы   құбылыспен   байланысты.

Мысалы:айқай – айғай,садақа – садаға, қым-қуыт – қым-ғуыт, кереқар – кереғар, ала-

көбе   –   ала-гөбе,   алакеуім   –   алагеуім,   алакүлік   –   алагүлік,   алақаншық   –   алағаншық,

сайкүлік – сайгүлік, аракідік – арагідік, миғұла – миқұла, тым-тарақай – тым-тарағай,

байқұс – байғұс, тұқым-тұқиян – тұқым-тұғиян, тұқжыңда – тұғжыңда, қылқындыру –

қылғындыру, қыз-қырқын – қыз-ғырқын, ада-күде – ада-гүде, адың-күдің – адың-гүдің,

апыл-құпыл – апыл-ғұпыл, кіші-кірім – кіші-гірім, желқабыз – желғабыз, жедеқабыл –

жедеғабыл т.б.

Диахрониялық тұрғыдан алғанда сөз құрамы екі (үш) түрлі морфемадан құрылуы

ықтимал.   Бірақ   синхрониялық   тұрғыдан   оларды   екі   (үш)   морфемадан   құрылған   деуге

болмайды.   Өйткені   синхрониялық   тұрғыдан  алагеуім  сөзін   «ала»   және   «кеуім»;



алағаншық  сөзін   «ала»   және   «қаншық»;  алагөбе  сөзін   «ала»   және   «көбе»     тәрізді

морфемалардан   құралған   деп   үзілді-кесілді   айту   қиын.   Морфемалық   құрамы   көмескі,



жазылуы бір ізге түспеген бұл тәрізді сөздерді ұяңдаған вариант бойынша бірыңғай ұстану

бірізділікке саяр еді. 



п – б (немесе б – п) дыбыстарының алмасуына байланысты әркелкі жазылып жүрген

сөздер бар: қақбас – қақпас, көнбіс – көнпіс, төртбақ – төртпақ, дегбір – дегпір, ақбар –



ақпар, етпетінен – етбетінен, бетбақ – бетпақ, шүберек – шүперек, кебе – кепе, ебтейлі

– ептейлі т.б. Бұл тәрізді морфема құрамы көмескі сөздердегі [к], [п] қатаңдарын көршілес

дыбыстардың   ықпалына   бағындыра   жазу  бағытын   ұстануға   болатын   тәрізді.   Мысалы:



қақпас   (қақбас  емес),   тәбділ   (тәпділ  емес),   көнбіс   (көнпіс  емес),   төртпақ   (төртбақ

емес), ақпар (ақбар емес), дақпырт (дақбырт емес), етпетінен (етбетінен емес), бетпақ



(бетбақ  емес), шүберек (шүперек  емес), кебе қозы (кепе қозы  емес), қасапдан (қасабдан

емес), ептейлі (ебтейлі емес).

Бұл   жүйеден   тек  -дан,   -дар  морфемаларымен   келген   бірер   сөздің   ғана   жазылуы

тысқары   тұрады.   Мысалы:   есепан   (есебдан   емес),   қасапдан   (қасабдан   емес),   есепдар

(есебдар емес).

§4. Сонымен, фонемалардың қосалқы мәнін негізгі мәнінен ажырата білу белгілі бір

жүйемен жазуға, бірізді жазуға таяныш болады. Мысалы,бұрыңғы, алдыңғы деп жазамыз

ба, әлде  бұрынғы, алдынғы  деп жазған дұрыс па? Неге  соңғы, таңғы  деп жазамыз, неге



күңгей, түңгі деп бір сарынмен жазбаймыз?

Қазақ тілінде <н> және <г> фонемалары іргелес келген тұста комбинаторлық әсерден



<н> фонемасының қосалқы мәні [ң] пайда болады:  [түңгү]  түнгі, [бұрұнғұ]  бұрынғы,

[күңгей]   күнгей  т.б.   Егер   осы   фонетикалық   ситуацияны   өзгертсек,   бұл   фонема   өзінің

негізгі   мәнінде   жұмсалады:  тү[н]-де,   бұры[-н]нан,   кү[н]-мен,  т.б.  Со[ң]ғы,   та[ң]ғы

сөздеріндегі   [ң]   өзінің   негізгі   мәнінде   жұмсалып   тұр.   Алайда   орфографиялық   сөздікте

(1978ж.) фонемалардың негізгі мәні ескерілмегендіктен, асты[ң]ғы, алды[ң]ғы, үсті[ң]гі



түрінде жазылса, ал осы типтес сөздердің кейбірі бұры[-н]ғы делініп берілген. Белгілі бір

жүйеге   бағынатын   бір   типтес   сөздерді   әркелкі   жазу   орфографияны   қиындата   түседі.

Дұрысы   –   бұл   типтес   сөздерді   фонемалық   негізгі   мәні   бойынша   жазу.   Егер  үстіңгі,

астыңғы, алдыңғы т.б. сөздердегі ң-ге  өзгеше фонетикалық жағдай тудырсақ, бұл дыбыс

өзінің   негізгі   мәніне   көшеді:  алдын   ала   (алдың   ала  емес),   астын-үстін   (астың-үстің

емес),  астынан (астыңнан емес), үстінде (үстіңде емес) т.б. Ал қараң қалу сөзіндегі <ң>

фонемасы өзінің негізгі мәнінде жұмсалып тұрғандығын көреміз. Салыстырыңыз:  қаран



болды.  Сонымен   қатар   бұл   сөздің  қараңдау,  қараңғы  тәрізді   сөздермен   этимологиялық

байланысы бар екендігі байқалады. 

Сондай-ақ  қайран   қалу   –   қайраң   қалу,   қаран   қалу   –   қараң   қалу,   жиһангер   –

жиһаңгер,   жиһангез   –   жиһаңгез,   тыңғылықты   –   тынғылықты,   тұңғиық   –   тұнғиық,

тебінгі – тебіңгі тәрізді сөздерді дұрыс жазудың өз қиындығы бар. Сондықтан да мұндай

сөздер   тәжірибеде   әркелкі   жазылып   жүр.   Осы   сөздердегі   [ң]комбинаторлық   өзгерістің

нәтижесінде пайда болған. Бұл өзгеріс жазуда ескерілмей, н түрінде жазылуға тиіс. 

Сөз  тіркесін  өзгерту, сөзге әр түрлі қосымшалар жалғау, қосымшаларды  түбірден

бөліп қарау тәрізді тәсілдер арқылы морфемалар жігіндегі фонема реңкінің фонетикалық

ортаға   неғұрлым   тәуелсіз   түрін   табуға   болады.   Мысалы:   [қайраңғалу]  қайран   қалу   –



қайрансың, [тыңғылықты] – тындыртындырымды; [тұңғұйұқ]тұңғиық – тұн, тұндыр;

[жиһаңгез]   –  жиһан,   жер-жиһан.   Осылардың   ішінде   басқаларымен   салыстырғанда

қайрансың, тындыр, тұн, жиһан морфемаларындағы <н>фонемасының реңкі фонетикалық

қоршауға анағұрлым тәуелсіз. Сондықтан бұл сөздер фонематикалық принцип бойынша

(фонемалардың мәнін сақтап жазу) <н>-ның қосалқы реңкі [ң] арқылы емес, негізгі реңкі

[ң] бойынша таңбалануға тиіс. 

§5.   Қазақ   орфографиясында  –нг-  немесе  –ңг-  арқылы   таңбаланатынын   ажырату

қиынға   соғатын   бір   алуан   сөз   бар:  інген   –   іңген,   кеменгер   –   кемеңгер,   жауынгер   –



жауыңгер,   әменгер   –   әмеңгер,   шенгел   –   шеңгел,   жынғыл   –   жыңғыл  т.б.   Бұл   типтес

сөздердегі фонеманың (<н> ба, <ң> ба?) негізгі реңкін жоғарыда айтқандай тәсілдермен

тексеру мүмкін емес. «Тексеруге» болмайтын бұл типтес сөздерді жазуда қазақ емлесі,



жауынгер, дүнген, монғол тәрізді бірер сөзді еске алмағанда, ң варианты түрінде таңбалау

бағытын ұстанған. Мысалы: іңген, шеңгел, әмеңгер, жыңғыл, бастаңғы, жеңге т.б.

Жалпы   алғанда,   морфемалар   жігіндегі   фонеманың   негізгі   реңкін   сақтап   жазудың

пәлендей қиындығы жоқ тәрізді көрінеді. Шындығында, негізгі реңк пен қосымша реңкке

байланысты   жазылуы   қиын   бірсыпыра   сөз   морфемаішілік   дыбыс   құбылыстарына

қатысты. Мысалы, жамбас дегендегі [м] негізгі реңкте (<м>) қолданылып тұр ма, әлде <н>

фонемасының қосымша реңкі түрінде жұмсалып тұр ма? Орфографияда бұл типтес сөздер

жамбас, шамба, сәмбі  тәрізді  м  арқылы таңбаланғанмен, бірақ жазу тәжірибесінде бұл

сөздерді  н  арқылы   жазып   қою   дағдысы   да   ұшырайды.   Қазіргі   қазақ   емлесінде   күн

аттарының –нб арқылы жазылуы дәстүрге айналды. Бірақ осы дәстүрге күмән келтіріп, тіл

мамандарының «жаздырып» жібергені деп түсінетіндер де бар. 

«Күн аттары (1923 жылдың қазақ календарында – Н.У.) сембі, жексембі, дүйсембі,

сейсембі, сәрсембі, бейсембі, жұма түрінде жазылған. ХХ ғасырдың ортасына дейін күн

аттары осылай жазылып келген. Елуінші жылдары кейбір тіл мамандары грамматиканың

түбір   сақтау   заңына   сүйеніп   м   әрпі   арқылы   жаза   беру   керек   дегіміз   келеді.   Халық

қазынасына сүйенген жөн ғой деп ойлаймыз»

10

.



Бұл   сөздердің   н   арқылы   жазылуының   не   дұрыс,   не   бұрыстығын   айтпас   бұрын

мынадай   өзгешелікті   ескеру   қажет   тәрізді.   Күн   аттарын   білдіретін   сөздердегі  м  мен



бдыбыстары өзара іргелестігінен айырылса, мұндағы  м еріндігі  н дыбысымен айтылады:

Жексен   (Жексем  емес),   Дүйсен   (Дүйсем  емес),   Бейсен   (Бейсем  емес),   Сейсен   (Сейсем

емес), Сәрсен (Сәрсем  емес), Сейсенкүл (Сейсемкүл  емес), Сәрсенкүл (Сәрсенкүл  емес).

Бұдан қазақ тілінде сөйлеушілердің психикасында фонеманың негізгі реңкі <н> екендігін

байқауға   болады.   Сондықтан   бұл   сөздердің  н  арқылы   жазылуын   қате   деп   тануға

болмайды. 

КЕЙБІР ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ОРФОГРАФИЯСЫ

§6.   Тілімізде   жазылуы   мен   айтылуы   сәйкес   келе   бермейтін   әр   түрлі   сөздер   бар.

Солырдың ішінде мынадай сөз типтеріне арнайы тоқтала кету керектігі байқалады. Олар

шай –шәй, жая – жәя, жайша – жәйша, жайла – жәйла, қадыр – кәдір, қазір – кәзір,

жайлау – жәйлау, шайыр – шәйір, шайпау – шәйпау, тілмар – тілмәр, тілмаш – тілмәш

т.б.


Осы   тәрізді   сөздердің   баспасөз   беттерінде   әр   қилы   жазылып   жүргендері   жиі

байқалады. Бұл ауытқу сөздердің айтылуы мен жазылуындағы «алшақтыққа» байланысты.

Олар кей жағдайларда орфографиялық сөздікте көрсетілгендей жазылса, кейде айтылуы

бойынша жазылады. Мұндай сөздердің орфографиялық сөздіктерде берілген әліптемесінің

(орфограммасының)   дұрыс   немесе   бұрыстығына   көз   жеткізу   үшін,   алдымен   сөздің

фонемалық құрамын, яғни сөз құрамындағы дауыстыны ([а] ма, әлде [ә] ме?), айқындап

алу қажет. 

Әдетте   сөйлеу   процесінде   дыбыстардың   бір-біріне   тигізетін   акустикалық,

артикуляциялық   әсерінің   нәтижесінде   фонемаларда   әр   түрлі   реңктердің   пайда

болатындығы   белгілі.   Солардың   ішінде   сөзайырымдық   қызметтегі   негізгі   реңкін   тани

білудің орфография үшін ерекше мәні бар. 

Белгілі бір фонетикалық позицияда (ш, ж мен й-дің аралығында шай, жай тәрізді

сөздердегі) <а> дауыстысы палатализацияланады. Бұл құбылысты зерттеушілер й мен ч,

ж,   ш   дауыссыздарының   салдары   деп   таниды

11

.   І.   Кеңесбаев   қазақ   тілінде   <а>



фонемасының палатализациясының екі түрлі шартын көрсетеді: «а) алдыңғы буындағы

10Ысқақов М. Халық календары. Алматы, 1982. 292-б.

11Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. Л., 1970. С.38.


дауыстының тіл алды болуы, мысалы Күлаш, тілмар т.б. ә) ш, ж, й дауыссыздары а-ға а

мен  ә-нің аралығында айтылатындай реңк береді...Ш  мен  й  немесе  ж  мен  й  араларында

келген а палатализация құбылысына ұшырайды. Ал бұл шарттылық бұзылса,  а  тұрақты

сипат   алады»

12

.   Бұл   тәрізді   зерттеулерге   қарағанда  ш,   ж,   й  аралығындағы   фонема  -



<а>(ш[а]й,   ж[а]й,   т.б.),   ал   [ә]   оның   қосымша   реңкі,   басқаша   айтқанда

палатализацияланған а

Қазақ   графикасы   фонемалық   принципке   негізделген.   Бұл   принцип   бойынша

фонеманың   басты   реңкі   таңбаланады   да,   қосымша   реңктері   ескерілмейді.   Өйткені   сөз

мағынасын   ажыратуға   негізгі   реңк   таяныш   болады   да,   өзге   реңктерді   берудің   жазуда

практикалық   мәні   болмайды.   Сондықтан,   шай,   жай   тәрізді   сөздердегі   дауысты   негізгі

реңкі <а>  бойынша жазылады. 

Жазу тәжірибесінде кез келген дыбысты емес, фонемаларды негізгі реңкі бойынша

таңбалаудың тиімділігі бұл тәрізді сөздердің түрлі қосымша мен түрленуінде айқындала

түседі.   Егер   жай,   шай   тәрізді   сөздерді   палатализациялану   ыңғайымен   жазсақ,   онда

олардың жазылуы қосымшалармен түрленгенде мүлдем қиындап, әркелкі күйге түсер еді.

Осы типтес сөздерге әр түрлі қосымша жалғап, түрлендіріп байқасақ, олардың жіңішке

түрде айтылуы өзгеріп, дауысты өзінің фонемалық негізгі реңкіне көшеді. Сөйтіп, әр түрлі

қосымша   жалғағанда,   бұл   сөздер   тіл   алды   дауытылармен   айтуға   ырық   бере   бермейді.

Мысалы:  шәй-ге,   шәйлерің,   жәйлеу,   жәйге,   жәйсәң,   жәйшілік,   жәйлетүрінде

қолданылмайды. Сондықтан да баспасөз беттерінде сөздің жеке басы кейде шәй, жәй т.б.

деп   жазылғанмен,   олардың   қосымшалы   түрін  шәйлерің,   шәйге,   жәйлерің,   жәйгесу

(жайғасу) т.б. деп жазу мүлде кездеспейді деуге болады. Өйткені қосымшалар бұл жерде

фонеманың   қосалқы   реңкі   емес,   негізгі   реңкі   бойынша   жалғанады:  шайға,   жайға,



жайшылық  т.б.   Бұл   тәрізді   сөздерді   осылайша   қосымшалармен   түрлендірсек,   басқаша

айтқанда   айқын   позиция   іздесек,   фонеманың   негізгі   реңкі   ашыла   түседі   де,   сөздерді

фонемалық сипатына қарай жазуға мүмкіндік туады. 

Тіл қолданысымызда ала-құла жазылып жүргендердің бір тобы –  шүбә, куә, кінә,



күмән, рәсуа, пәтуа, дүдәмал, тілмаш – тәрізді сөздер. 

Қазақ   тілінің   орфографиялық   сөздігінде  күнә,   кінә,   күмән  т.б.   сөздердің

қосымшалармен   жуан   вариант   түрінде   түрлендіретіндігі   көрсетлген:  күнәға,   күнәдан,

күнәсы, күнәлау, күнәсыз  т.б.;  кінәға, кінәдан, кінәсы, кінәлау, кінәлы, кінәсыз, күнәшыл,

т.б.; күмән, күмәнға, күмәны, күмәнданғыш, күмәнды, күмәндылық, күмәнсыз т.б.

Ал баспасөз беттеріндегі бұл сөздердің қосымшалармен түрленуі бірде жуан, бірде

жіңішке   күйде   жазылып   жүр.   Бұл   қиындық   осы   сөздердің   құрамындағы   соңғы

дауыстының   фонемалық   реңкінің   неғұрлым   тәуелді   позицияда   болуына   байланысты.

Жоғарыда   мұндай   сөздердің   фонемалық   негізгі   реңкін   кейде   аффиксация   тәсілі   тәсілі

арқылы   айқындауға   болатынын   байқадық.  Куә  сөзінде   де   барлық   қосымшалар   жуан,

жіңішке түрде талғаусыз жалған бермейді. Бұл сөз белгілі бір қосымшаға келгенде тек

жіңішке вариантты ғана талғайды. Мысалы,  куәға куәсыз  (орфографиялық сөздіктерде),

куәге,   куәсіз  (баспасөз   беттерінде)   деп   қолданғанмен,  -лық,   -лік  аффиксінің   тек   –лік

вариантын   ғана   талғайды:   мысалы,  куәлік.  Куәлық  түрінде   жазу   мүлдем   кездеспейі.

Осындай   ерекшелікке   қарағанда,  куә  сөзіндегі   дауыстының   фонемалық   негізгі   реңкі  ә

екендігі байқалады. Олай болса бұл сөзге қосымшалар жіңішке вариант түрінде жалғануға

тиіс: куәге, куәні, куәсіз, куәлік т.б.

Егер   соңғы   буын   жіңішке   болса,   онда   бұл   сөздер   неге   қосымшалардың   жіңішке

вариантымен  түленбейді?  Күнә,  кінә, күмән  сөздерінің  жуан  вариантты  қосымшаларды

12Современный қазахский язык. Алма – ата, 1962. С. 28.



талғауы,   әрине,   себепсіз   емес.   Бұлай   болатыны   түдір   сөздің   соңғы   буынындағы

дауыстының  ерекшелігімен   байланысты.  Сөздің   қосымшасыз   жеке өзін  алғанда,  соңғы

буындағы дауысты фонема өзінің негізгі реңкінде жұмсалып тұрмағандығы байқалады.

<ү>   еріндігінің   әсерінен   дауысты   <а>   (таңбалауы   –   ә)   палатализацияланып,   қосымша

реңкке ие болған. Мұндай сөздер әр түрлі қосымшалармен түрленгенде, қосалқы реңкте

жұмсалып  тұрған  фонема  өзінің  негізгі  реңкі  <а>-ға  жуықтайды. Сондықтан  да  соңғы

буынның ыңғайына қарай қосымшалар жуан вариантта жалғанады. 

Біраз   жылғы   қалыптасқан   дәстүрді   ескермесек,   бұл   сөздердің  күна,   кіна,   күман

(күнә, кінә, күмән  емес) түрінде, фонеманың негізгі реңкіне орай таңбалау орынды деп

білер   едік.   Фонемалардың   позициялық   реңктерін   негізгі   реңктерінен   ажырату

ескерілмегендіктен,   орфографиялық   сөздікте   күнә,   кінә,   күмән   фонетикалық   принцип

ыңғайында таңбаланған тәрізді көрінеді. 

Қазақ жазуы, жоғарыда айтқандай, фонематикалық принципке негізделген. Ал осы

негізді дәйекті түрде ұстанбай, бірде фонематикалық ыңғайда, бірде фонетикалық ыңғайда

жазу – орфографияны қиындата түседі. Оның үстіне, сөзді фонетикалық ыңғайда жазу

зерттеушілер айтқандай өтпелі дәуірге тән сипат. «Жазу-сызу ісін қолға алған алғашқы

кезеңде   үстем   болған   фонетикалық   жазудың   ертеде   жазуы   болмаған   тілдер   үшін

жұртшылықтың   сауатын   көтеруде   үлкен   пайдасы   тиді.   Ол   кезде   жазба   тілдің   қалың

бұқараға   барынша   түсінікті   болу  мақсаты   көзделді   де,   сөздің   жазылуы   мен   айтылуын

мейлінше  жақындату  емлеге қойылатын  басты   талаптардың  бңрң  болды. Қазір  жағдай

мүлде өзгерді. Түркі халықтарының сауаттылығы мен білімі жоғары деңгейге көтерілді»

13

.



Палатализацияланған [а] қазақ орфографиясында бірде <а> (шай, жай, жайлау т.б.)

түрінде таңбаланса, бірде [ә] түрінде беріледі:  күнә, күмән, шүбә  т.б. Ұқсас дыбыстық

құбылыс  әр  түрлі  таңбаланған.  Алайда,  күнә,  күмән,  шүбә  деп  жазған  соң,  шәй,  жәй,

жәйлау түрінде, немесе, керісінше шай, жай, тәрізді, күман, күна, шүба түрінде таңбалау

қажет. Тегінде, жазудағы бірізділік үшін екі түрлі варианттың біріне тоқталған дұрыс. Бұл

сөздерді дегенмен шәй, жәй, жәйлау, күнә, шүбә, күмән деп бірізді жазып, қосымшаларды

жуан   вариантта   жалғау   орынды   ма   деп   ойлаймыз.   Жуан   варианттағы   қосымшалар

өздерінің негізгі грамматикалық қызметімен қатар, түбір морфемадағы  фонеманың <а>

екендігін көрсететін белгі (сигнал) ретінде графикалық қосымша қызмет атқарады  деп

қарауға болады. 

Әрине  шәй,   жәй,   жәйлау  т.б.   сөздерді   «ә»   арқылы   таңбалауды   фонематикалық

принциптен пәлендей ауытқу деп түсінбеу керек, өйткені түбір морфемадағы фонеманың

<а>   екендігін   сол   сөзге   жалғанатын   жуан   варианттағы   қосымшалар   көрсетіп   тұрады.

Мысалы хал, халге [халге], халі [халі]. х [қ] фонемасымен іргелес айтылғанда <ә> тіл арты

реңкіне   [а]-ға   көшеді.   Алайда   мұндай   сөзге   қосылатын   қосымшалар   сол   сөздегі

дауыстының <ә> фонемасы екендігін «хабарлап» тұрады.

§7.   Қазақ   орфографиясындағы   тағы   бір   қиындық   –   бірінші   буында   [ү],   [і]

дыбыстары, ал екінші буында палатализацияланған [а] кездесетін сөздердің жазылуына

қатысты.   Бұл   дауысты   <а>   бірде  ә,   бірде  а  әрпімен   таңбаланып   жүр.   Салыстырыңыз:

шүбә, тіфә, кінә, күнә, кінә, мүләйім  т.б.;  ділда, тілмаш, ділмаш, мүттайым  т.б. Бірақ

палатал [а]-ның бұлайша екі түрлі таңбалануында тиянақты негіз бар деуге болмайды. Бұл

типтегі сөзде кездесетін [а]-ны да «ә» әрпімен таңбалау бірізділікке саяр еді (2-қосымша).

2-қосымша

Палатализацияланған [а]-ның жазылуы

Орфографиялық сөздікте

берілуі 

Ұсыныс 


13Мусаев К. Вопросы разработки и дальнейшего совершенствования орфографии тюркских 

литературных языков Советского Союза // Орфография тюркских литературных языков. М., 

1973.С.27.


дүбара

дүбәра, дүбәраға

дүдамал

дүдамал, дүдамалға



ділда

ділда, ділдаға

ділмар

ділмар, ділмарға



кінәзсі

кінәз, кінәзсы

күстана

күстәна, күстәналау 



күшала

күшәла, күшәлаға 

мүбада

мүбәда, мүбәдаға



мүбарак

мүбәрек, мүбәрекке

мүләйім

мүләйім, мүләйімге



мұттайым

мүттәйім, мүттәйімге

мінажат

мінәжат, мінәжатқа





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет