Қоғамдық өндірістің құрылымы Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды. Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.
1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі. 2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау. 3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі. 4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.