Огюст Конт теориясы Ғылым әлеміндегі позитивизм



Дата29.09.2022
өлшемі17,15 Kb.
#40804

Идеясы
Ерекшелігі


Огюст Конт теориясы
Ғылым әлеміндегі позитивизм бағытының авторы. О.Конт әлеуметтануды қоғамдық ғылымдардың арасындағы ең маңыздысы деп түсінген. Конттың айтуы бойынша, әлеуметтану – физиканың әлеуметтік қатынастарды зерттейтін саласы.
О.Конт адамзаттың интеллектуалды дамуын үш кезеңге бөледі:
1. Теологиялық кезең (мифология, діннің үстемдік құруы);
2. Метафизикалық (философиялық) кезең. Бұл кезеңде адамзат баласы әр нәрсенің қыр сырын абстрактілі түрде түсіндірді. Логикаға сүйеніп түсіндіруге тырысты;
3. Позитивті, яғни ғылыми кезең. Бұл кезеңде адамзат ғылыми тәжірибелерге, эксперименттерге сүйеніп тұжырым шығара бастады.

Герберт Спенсердің теориясы


Әлеуметтанудағы органикалық бағыттың негізін қалаушыәлеуметтік эволюционизм теориясының авторы. Г.Спенсердің айтуы бойынша қоғам дәстүрлі, аграрлы қоғамнан индустриалды, дамыған қоғамға аяқ басты.
Спенсер қоғамды үлкен тірі ағзаға теңеді. Ауылшаруашылығы қоғамның ас қорыту жүйесі, сауда саттық – қанайналым жүйесі, армия – ағзаның қорғаныш қабаты, яғни тері. Ал, транспорт пен жолдар – қоғамның жүрек,қантамыр жүйесі деп түсіндіреді қоғамның құрылысын Спенсер
Эмиль Дюркгейм теориясы
Негізгі идеясы - қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен нормалар, әлеуметтік факт, коллективті сана, яғни, адамдардың жасаған іс-әрекеті, жалпы әлеуметтік процестер қоршаған ортаның әсерінен туындайды. Аномия теориясының авторы
«Суицид» атты еңбегін жазған. Қоғам өзгеріп, дәстүрлі құндылықтар жойыла бастағанда адамның өзіне өзі қол жұмсау фактілерінің көбірек болатындығын анықтаған. «Суицид» еңбегінде Э.Дюркгейм суицидтің үш түрін көрсеткен:
1. аномиялық (қоғам өзгеріп, дәстүрлі құндылықтар жойыла бастағанда)
2. альтруистік (біреу үшін жанын қию)
3. эгоистік (өзінің қамы үшін).

Маркс теориясы


Марксизм тұжырымының негізін қалаушылар К.Маркс(1818-1883) және Ф.Энгельс (1820-1895) болды.
Марксизм басқа ғылыми бағыттардан, өзінің таптық қарсылыққа бағытталуымен ерекшеленді
Әлеуметтанудың ғылым ретінде дамуына үлес қосқан келесі теория – конфликт (жанжал) теориясы. 
К.Маркс пікірінше таптық күрес көптеген саяси жанжалдар көзі болып табылады. К.Маркс теориясына сәйкес таптық жанжал тарихтың қозғаушы күші болып табылады.
Макс Вебер теориясы
Вебердің пікірінше «барлық қоғамдық институттар, құрылымдар, мінез-құлық нысандары оларға адамдар берген мән-мағына нәтижесінде реттеліп отырады. Адамның субъективті мәні жалпыға айналып үлгілі түр (идеальды тип) пайда болады
Әлеуметтік әрекет кезінде даралық өз «Мен» дегенін іске асырады. Міне осы жерде әлеуметтану жаңағы «Мен» деген тұрғыдағы әлеуметтік әрекеттің қоғамдық үлгіге сәйкес болуын қамтамасыз етеді».
Герберт Мид теориясы
Символдық интеракционизмнің негізін қалаушы американдық социолог Герберт Мид. Символдық интеракционизм XX ғ. 20-шы жылдарында пайда болып, көптеген әлеуметтік мектептердің өмірге келуіне әсер етті
Бұл теорияның үш негізгі тірегі бар.
​1) Кез-келген әрекет пен мінез-құлық актісі әрекет етуші субъекті өз әрекетіне берген мән негізінде пайда болады. Қысқаша айтқанда, біздің мінез-құлқымыз біз оны кей уақыттарда сезінбесек те мәнге ие. Бұл мән де жалпы әлеуметтік символдарға ие. Мыс.: әскери әрекетке қатыспау жалпы символға сай қорқақтықты білдіреді. Ал басқа бір жеке адам үшін бұл саналы түрдегі пацифизм (зорлыққа қарсылық) болуы мүмкін, яғни тіптен өзге символ. Ал бұл да жалпы қоғамдық символика болып табылады. Яғни бірінші де, екінші де жағдайларда мінез-құлық актісінің артында қоғамдық символдар тұр.
​2) Қоғам соған тұрақтайтын символдар адамдардың өзара қарым-қатынасы әсерінен туады. Адам әрқашан да басқа адамдардың өзі туралы пікірінің әсерін сезінеді және соған тәуелді.
​3) Адамдар іс-әрекет үрдісінде символдар мәнін түсінеді немесе түсіндіреді, сол сияқты оны өзіне өлшеп көреді. Осы үрдіс адамның даралықтылығын құрамдайды және өзара әрекет негізі қызметін атқарады.


Орындаған : Төлеген Жанболат деректер туралы ғылым 22-03

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет