Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі



бет1/2
Дата19.02.2023
өлшемі24,38 Kb.
#69160
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2

Түсінік хат
«Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады.ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген 1-4 сыныптарға арналған Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары ( 08.04.16ж. №226 бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулар); ( 10.05.18ж. №199 , 17.10.2018ж №576 бұйрықтарына енгізілген өзгерістері мен толықтырулар).
«2020-2021 оқу жылында ҚР Жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ҚР БҒМ әдістемелік нұсқау хаты.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету.
Қазақ тілі пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы ұйымдастырылады. Оқу процесінде жүйелі түрде жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме тыңдау, оқу, мәтінмен жұмыс жасау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау оқушылардың сөздік қорын жетілдіреді.
Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
1. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:
1) 1-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 70 сағат;
«Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып құрастырылды; білім алушылар бастауыш сыныпты аяқтағанда, қазақ тілін қарапайым А1, А2 (бастапқы) деңгейінде меңгереді.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға аса назар аударады. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда сабақ сайын сөздік диктант, көшіріп жазуды өткізуге болады. Бұл жазба жұмыстары оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Төменде жазба жұмыстары келтірілген (17-кесте).
Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасының мазмұнын толық меңгерту үшін жазба жұмыстарын өткізуді мұғалім қолданыстағы нормативтік және нұсқаулық құжаттарға сәйкес өздігінен жоспарлай алады.
Мұғалім пән аясында білім алушының сөздік қорын кеңейту үшін үлгілік оқу бағдарламасында берілген лексикалық-грамматикалық минимумды негізге алады. Әр сабақта 2 лексикалық минимумды меңгерту ұсынылады. Лексикалық минимумда ортақ тақырыптар бойынша сонымен қатар күнделікті тұрмыс-тіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын сөздер, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін (1-4-сыныптар үшін А 1 қарапайым деңгей) шектеулі сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 1-4-сынып білім алушылары үшін лексикалық минимумдар саны: 752 сөз, оның ішінде:1-сыныпта – 120 сөз, 2-сыныпта – 188 сөз, 3-сыныпта – 188 сөз, 4-сыныпта – 256 сөз.
Пән бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін «НЗМ» ДББҰ әзірлеген «КазLinguа» электронды қосымшасын сабақтан тыс уақытта қолдану ұсынылады. Бұл қосымша кез келген Android ұялы телефондарына және компьютерге ақысыз жүктеліп, offline режімде қолданылады.
Оқушы ойын түрінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға, суретті сөздіктер арқылы сөздік қорларын көбейте отырып, синтаксистік конструкциялар құруға дағдыланады.
Сонымен қатар оқушы өзінің тілді меңгеру деңгейін әр тақырыптың соңында берілген тест сұрақтары арқылы үнемі қадағалап, бағалап отырады. Бір сабақта 10 ұпай жинауға болады.
«Қазақ тілі» пәнінен қазақ тілді​ емес мектептерде сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:

– 22 наурыз – Наурыз мейрамы;
– 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні;
– 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
– 9 мамыр – Жеңіс күні;
– 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.
– 6 шілде – Астана күні;
– 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
– 1 қыркүйек – Білім күні;
– 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні.
– 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Ұлттық валюта күні;
– 16-17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет