ОқытудағЫ Қабылдау үдерісі



Дата20.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#25932

ОҚЫТУДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ

Орындағандар: Баймаханова Жансая

Кенжеғұлова Назерке

Убайдуллаева Улмекен

Коныршиева Кунтуре



ЖОСПАР:

Қабылдау

Заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі, бірнеше анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі



Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

Қабылдаудың тұтастығы

Қабылдаудың объектісі жеке қасиеттерден тұрғанымен оны бүтіндей ,тұтастай қабылдау.Мысалы адам үш нүктені жеке ноқат ретінде емес үш бұрыштың тұтас бейнесі ретінде қабылдауы.

Құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр обьектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз. Константтылық. Жағдайдың өзгергеніне қарамастан заттың адекватты қабылдануына мүмкіндік береді. Біздің қабылдауымыз белгілі бір шектеуде қабылдаудың жағдайына тәуелсіз олардың көлемін, формасын, түрін заттан тыс сақтап қалады.

Қабылдаудың мағыналылығы

Объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөздер арқылы айтылмайынша оның толық қабылданбауы.



Қабылдаудың таңдамалылығы

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеу.



Қабылдаудың тұрақтылығы

Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты қабылдануы.



Қабылдаудағы иллюзия

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау.



Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжiрибесiнiң мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейдi. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып, оның бұрыңғы тәжiрибесiнде кездескен болса, онда адам оларды дұрысырақ, тереңiрек қабылдайды.   Апперцепция тұрақты және уақытша болып екi түрге бөлiнедi. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, бiлiмi мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Апперцепция затты түрлi жағынан бағалай алу, адамның оны өзiнше талқылап, өзiнше өз көзқарасын бiлдiре алуы. әртүрлi иллюзиялардың негiзiнде адам жаңсақ пiкiрде болады. Оны уақытша апперцепция дейдi.

Байқау – белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау.

Байқағыштық – кез-келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән бермейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық.

Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумаған, алыс-жақындығын, бағыт бағдарын қабылдау

Уақытты қабылдау – сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарды болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі

Қозғалысты қабылдау: бұл объектінің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу. Обьект қозғалысының параметрлерi: жылдамдық, үдеу және бағыт. Адам обьекттердiң кеңiстiктегi орын ауыстыруы жөнiндегi мағлұматты екi жолмен алады: орын ауыстыру немесе қозғалысты тiкелей көру, қабылдау арқылы және белгiлi бiр уақытта басқа орында болған обьектiнiң қозғалысы арқылы жүзеге асырылады.

ҚОРЫТЫНДЫ :

  • Қабылдау – ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Ал түйсік - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі. Бірақ, қабылдау міндетті түрде түйсіктерге негізделеді. Екеуінің де пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен құбылыстар адамның сыртқы сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет