Оқытуды бағалау; Білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану; Талантты және дарынды балаларды



Pdf көрінісі
Дата01.01.2017
өлшемі3,19 Mb.
#922

білім беру мен 

білім алудағы 

жаңа тәсілдер; 

Сыни тұрғыдан 

ойлауға үйрету; 

Білім беру үшін 

бағалау және 

оқытуды бағалау; 

Білім беруде 

ақпараттық-

коммуникациялық 

технологияларды 

пайдалану; 

Талантты және 

дарынды 

балаларды 

оқыту; 

Оқушылардың жас 

ерекшеліктеріне 

сәйкес білім беру 

және оқыту; 

Білім берудегі 

басқару және 

көшбасшылық

Issue 1 Date: 15/12/2011 



Тәжірибемнің негізгі бағыттары  

Модульдер: оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту 

үшін бағалау 

Жаңа сабаққа 

 түрткі

 Қазақ тілі мен әдебиеті 

сабақтарында қолданылатын 

тапсырмалардың сапасын 

жетілдіру мәселелері 

«Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде 

сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз 

керек»   Нұрсұлтан Назарбаев  


Оқушылардың оқу 

сауаттылығын 

арттыратын тапсырмалар

 

Құзыретті – 



бағдарланған 

тапсырмалар

 

В.С. Аванесовтың тест 



тапсырмалары 

Бенджамин Блум-америкалық оқыту 

әдістемесінің психологі, Блум 

таксономиясының авторы. 

Пенсильванияда Ленсфорд 

қаласында туылған. 1935 жылы 

Пенсильван университетін бакалавр 

және магистр деңгейлерімен 

бітірген, 1942 ж Чикаго 

университетінде докторлық деңгейін 

қорғады. 1956 жылы «Блум 

таксономиясын» ұсынды. 

Бенджамин Блум 

(1913-1999 жж.)  


Блум бойынша оқу мақсаттарының негізгі 

категориялары: 

Білім игеруге бағытталған 6 қадам

 


Бенджамин Блум таксономиясы 

ОҚУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ 

НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ 

1. 

Білу

Қайталау немесе тану арқылы мәліметтердің есте қалай 



сақталғанын  тексеру,  мағлұмат  пен  деректерді  еске  түсіру 

арқылы жүзеге асырылатын категория.Таным мен ойлау деңгейі 

–  төмен  деңгей.  Бұл  деңгейде  тестілеу,  қалдырып  кеткен 

белгілерді  орнына  қою,  анықтамалар  мен  атауларды  жаттау 

немесе  қайталау,  процестердің  өрбу  немесе  орын  алу  тәртібін 

қайталау сияқты тапсырмалар қолданылады.  

• Қолданылған терминдерді  

(есте сақтайды және 

қайталайды); 

• Нақты фактілерді біледі; 

• Жұмыстың орындалу ретін 

біледі; 


• Негізгі ұғымдарды біледі; 

• Ережелерді, қағидаларды 

біледі. 

2. 

Түсіну. 

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Оқу материалын 

түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға 

болады: трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші 

«тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен 

айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен 

көрсету, т.б.); интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» 

түсіндіру, қысқаша баяндау; жорамалдау – оқу материалдары 

бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның 

салдары мен нәтижелерін болжау. 

Фактілерді, ережелерді, 



қағидаларды түсінеді; 

Сөзбен келтірілген материалды, 



схемалар, графиктер, 

диаграммаларды түрлендіреді; 

Сөзбен келтірілген материалды 



математикалық ұғымдарға өзгертеді; 

Берілген ақпарат бойынша 



болашақта туындалуы ықтимал 

салдарын сипаттайды 



3. 

Қолдану

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл 

категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа 

ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, 

ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық 

тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне 

қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. 

• Ұғымдар мен қағидаларды жаңа 

жағдайларда қолданады; 

• Заңдар мен теорияларды 

практикалық тұрғыдан нақты 

ситуацияларда қолданады; 

• Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс 

қолданатындығын көрсетеді. 

 


4. 

Талдау

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу 

материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге 

бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы 

өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша 

ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының 

мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша 

құралатындығын меңзейді. 

 



Жасырын (көзге көрінбейтін) 



жәйттерді ашады; 

Ойдың өрбуінен қателер мен 



олқылықтарды айқындайды, 

Фактілер мен олардың 



салдарының арасын 

ажыратады; 

Ұсынылған фактілердің 



маңыздылығын айқындайды. 

5. 

Синтез (жинақтау)

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы 

деңгей. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді 

(нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын 

мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, 

схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен 

жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді 

қолдануды талап етеді. 

Шығармашылық тұрғыдан 



кішігірім шығарма (эссе) 

жазады; 


Тәжірибе жасаудың өзіндік 

жоспарын ұсынады; 

Қандай да болмасын 



проблеманы шешу үшін өз 

білімдерін шығармашылықпен 

қолданады. 

6. 

Бағалау

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу 

материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын 

білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол 

жеткізуді меңзейді. 

• Оқу материалы 

құрылымының логикасын 

жазбаша түрде бағалайды; 

• Ішкі немесе сыртқы 

критерийлерге сүйеніп, 

оқу материалының 

маңыздылығын 

айқындатады; 

• Жасалған шешімдер мен 

қорытындылардың 

берілген фактілерге 

сәйкестігін анықтайды. 


Оқу сауаттылығын қалыптастыру-заман 

талабына сай өскелең ұрпақтың 

өмірге бейімділігі, халықаралық 

стандарт деңгейінде сапалы білім 

мен тәрбие алуының негізгі құралы 

Функционалдық сауаттылықты 

дамытудың жалпы 

бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік 

бағдарламасында айқын көрсетілген.  

 

     

Сонымен бірге ҚР  Үкіметінің 2012жылы 

25маусымда №832 Қаулысымен  оқушылардың 

функционалдық сауаттылықтарын дамыту жөніндегі 

2012-2016жылдарға арналған 5жылдық

 

Ұлттық іс-

қимыл жоспары 

бекітілген.  

  

      

Ұлттық жоспардың мақсаты 

- Қазақстанда білім 

сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-

шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз 

ету болып табылады.  

S (күшті) 

-Алған білімін өмірде қолдана біледі;

 

-бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады;



 

-халықаралық стандартқа сай;

 

-ақпаратты көп алады;



 

-озық технологияларды қолданады;

 

-өмір бойы оқу;



 

 

 



W(әлсіз) 

-материалдық техникалық базаның 

жетіспеушілігі; 

-фунционалдық сауаттылықты 

қалыптастыру туралы әдістемеліктердің 

аздығы; 


-мұғалімдердің меңгере алмауына 

байланысты практикада қолдана алмауы; 

-болашақта экономикаға әсері (егер сапалы 

білім берілмесе); 

O(қолайлы мүмкіндіктер) 

-Қызығушылықтарының артуы;

 

-білімін жетілдіреді;



 

 

 



T(қауіп) 

-бәсекелестікке сай болмауы;

 

Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың 

деңгейіне талдау

 

 



Дегелеңдегі жарылыс 

 

-Айтуар! Айтуар! Ананы қара! Дегелең жақтан 



саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы! 

Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл 

от...Жалын...Күннен де жарық...Қара, қара деймін! Күн 

көрінбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн...Қызыл күн 

шықты...- деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлайды.                                                                                                        

Бірақ мен жартас қуысына кіріп, қорыққаннан көзімді 

тарс жұмып, жер бауырлап жата бердім. Тұла бойым 

дірілдеп, менімен бірге бүйірімдегі қара жер де 

солқылдады. Маңайды дүріл басып, бетті жалын жалап, 

төңіректі жай отындай сәуле шарпыды. Шілде айының 

аптабынан да ыстық, күшті дауыл тұрды.                                                                          

...Сол жылы күзде үздік оқитын Қажымұрат мектепке 

келмеді. Соқыр болып қалған оны әке-шешесі 

Алматыда емдетуге көшіп кетіпті. 

 


Тапсырма үлгілері 

• Қара жер қандай күйге енді? 

А) Жылады   В)Солқылдады   С)Қайғырды  D) Еңіреді 

Дұрыс жауабы: B)Солқылдады 

• Жартас қуысына тығылған баланың аты кім? 

А)Қажымұрат  В)Айтуған   С)Алпамыс    D)Айтуар 

• Дұрыс жауабы: D)Айтуар 

• Төңіректі қандай сәуле шарпыды? 

__________________________________________ 

 


Сізше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды дәлелмен 

келтіріңіз. 

_________________________________________________________________---



--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------- 

  



Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай? 

_______________________________________________________________ 



--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------------- 

 

р

\



с

Мәтін 


Иә 

Жоқ 


Қажымұрат өзінің соқыр болып қалғанына кінәлі 

ме? 


Айтуарды қорқақ деп санайсыз ба? 

Сәуле мен дауылдың ортасында байланыс бар ма? 



Құзыретті- бағдарланған тапсырмалар (ҚБТ) 

дәстүрлі сабақты ұйымдастыруын өзгертеді. 

Олар білім мен икемділікке негізделеді, 

бірақ жинақталған білімдерді  тәжірибелік 

іс-әрекетте қолдану икемділігін талап етеді.  

ҚБТ қолдану білім беру нәтижесі сияқты

сабақтарда құзыретті тәсілдемені кешенді 

енгізуін қамтамасыз ететін құралдардың 

бірі болып табылады.  

 


Құзыретті- бағдарланған тапсырмалар пәндерді оқу 

уәждемесін жоғарлату тәсілдерінің бірі болып 

табылады: 

• біріншіден – оларды жасай отырып оқушы 

тапсырманы орындау тәсілдемесін өзгертеді; 

• екіншіден – тапсырмалар әрекетшілдіктің басқа 

тәсілдерін талап етеді; 

• үшіншіден – оқылатын материалдың қосымша 

мүмкіндіктерін есепке алу арқылы әрекетшілдікті 

меңгеру мен қолдану үшін білім беретін 

жағдайларды үлгілеуге жол береді; 

• төртіншіден – оқушылардың ойлау қабілетінің 

дамуына, материалды жақсы меңгеруге және пәнге 

деген көзқарасын өзгертуге жағдай жасайды.   

 


                           тапсырма .  



 Пән: қазақ тілі  



Сынып: 4 



Сабақтың тақырыбы:  Шақыруды жазамыз. 



Құзыреттілік: коммуникативтік 



Аспект: жазбаша байланыс  



Ынталылық:   Жақында сенің Туған күнің. Сен достарыңды шақырғын келеді. Шақыруды жазу керек. 



Тапсырмалық тұжырым:  Шақыру мәтінін құра. Шақыруда көрсет: сен шақырғын келген досыңның аты, сен 

оны қайда шақырасын,  аптаның қай күнінде, қай күнде, айда, уақытты, өзіңнің үй мекен-жайынды белгіле.  

Мәтінде қателер болмау қажет! 





Ақпараттың дерек көзі:  Шақыру ашық хатының үлгісі. 



Тапсырманы орындауының бланкі:  Шақыру ашық хаты. 



Іс-әрекеттің нәтижесі: 

Досының атын көрсетті 



Оқиғаны көрсетті 

Достарын шақыратын орынды көрсетті 



Апта күнін, мерзімін, уақытын көрсетті 

Мекенжайды көрсетті  



 



Тексеріс құралы

Хабарламада шақырылатынның аты жазылды – 1 ұпай. 



Хабарламада оқиға көрсетілді  – 1 ұпай. 

Аптаның күні  – 1 ұпай 



Күн – 1 ұпай 

Уақыт – 1 ұпай 



Мекенжай (көше, үй, пәтер) – 3 ұпай 

Мәтінде қате жоқ – 1 ұпай. 





Ұпайлардың максималды саны – 9 ұпай. 

 


  

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу және дамыту 

бүгінгі білім жүйесін реформалаудың басым бағыттарының бірі 

екендігіне күн санап көз жетіп келеді. Осы ретте тестология 

саласының жетекші маманы В. С. Аванесов оқушылардың алған 

білімінің сапасын бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа 

түрлерін, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын 

өткізудің төмендегідей озық үлгілерін ұсынады: 

  

1. Бір дұрыс жауапты таңдауды талап ететін тапсырмалар 



2. Ең дұрыс бір жауапты талап ететін тапсырмалар 

3. Бірнеше дұрыс жауапты талап ететін тапсырмалар 

4. Ашық формадағы тапсырмалар 

5. Сәйкестікті табу жөніндегі тапсырмалар 

6. Дұрыс реттілікті белгілеу тапсырмалары 

7. Тестік формадағы тапсырмалар жүйесі 

 


 

1. Бір дұрыс жауапты таңдауды талап 

      ететін тапсырмалар 

МАҒЫНАСЫ ҚАРАМА ҚАРСЫ СӨЗДЕР 

1) синонимдер 

2) антонимдер 

2. Ең толық бір жауапты талап ететін тапсырмалар 

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН КӨРСЕТ 

1) бастауыш, баяндауыш 

2) толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш 

3) бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш 

 

 



 

 


       3. 

 

3. Бірнеше дұрыс жауабы бар 



тапсырмалар 

ЕСІМДІКТЕРДІҢ МЫНАДАЙ ТҮРЛЕРІ БОЛАДЫ: 

1)

Жіктеу   2) негізгі  3) өздік   4) туынды 5) сілтеу 6) белгісіздік 



7) Болжалдық        8) сұрау 

4. Ашық формадағы тапсырмалар 

  

ІІ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ «ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ» ӨЛЕҢ 



ЖОЛДАРЫН ТОЛЫҚТЫР 

Желсіз түнде _______________ ________ 

Сәулесі суда _________________________ 

Ауылдың маңы _____________ _________ 

Тасыған өзен _________________________ 

 

 



 

 


АВТОРЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН 

СӘЙКЕСТЕНДІР: 

1) Жүсіп Баласағұн             а) «Адамның кейбір кездері» 

2) Ахмет Йүгінеки               б) «Аққудың айырылуы» 

3) Абай Құнанбаев             в) «Ақиқат сыйы» 

4 ) Сәкен Сейфуллин          г) «Құтты білік» 

 5) Мұқағали Мақатаев     д) «Арғымақ» 

 6) Олжас Сүлейменов      ж) «Аққулар ұйықтағанда» 

 

5. Сәйкестікті табу жөніндегі тапсырмалар 



 

6. ДҰРЫС РЕТТІЛІКТІ БЕЛГІЛЕУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 

- Сырлы сұлу сөздері 

- Менің пірім - Сүйінбай 

- Маған тартқан сыйындай! 

- Қара дауыл құйындай! 

- Сөз бастаман сиынбай 

- Сөз келеді бұрқырап, 

- Кетер ме екен жығылмай! 

- Екпініме кезіккен 


Түйін 

    Мектепте қолданылатын тапсырмалардың 

түрі мен мазмұнын өзгерте отырып, біз 

әлемдік деңгейде жүргізілетін сынақ 

жұмыстарына дайындығымызды күшейте 

түсеміз.  




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет