Оқытудың дәстүрлі технологиясы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата14.03.2023
өлшемі1,19 Mb.
#74139
  1   2   3



Жоспар 
Кіріспе 
Негізгі бөлім
1.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы.
2.
Инновациялық оқыту
3.
Дәстүрлі және инновациялық технологияларды салыстыру
Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер


Оқытудың педагогикалық технологиялары түсінігі.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. 
Шынайы мәні педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай
келсе де, ол технологиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу –оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу
технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық
технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттерін шешілуіне байланысты орындалатын
педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» «оқу
технологиясы», «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу мен ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. 
Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды идеяларды, құрал-
жабдықтарды сонымен бірге, жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары
жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар.
Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьятченко және т.б.), екіншісі –
тәрбие мен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.). 


Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика 
принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негіздеген және қазірге дейін дүниежүзі
мектептерінде басым көпшілігі қолданылатын оқытуды класс – сабақтық ұйымдастыру
деп түсінеді. Класс – сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп
ұйымдастырылған дайындау қажеттілігіне байланысты пайда болған, себебі сол
ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен
бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтай бастады.
Дәстүрлі класс – сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол: біржастағы
оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық
оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір
сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір
материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание), 
мұғалімнің басқарушылық ролі.
Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл класс 
сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А. Коменский жасаған
педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, 
сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен 
өзіндік ерекшеліктерді ескеру.


Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі
топтарға жатқызуға болады:
Иллюстративті–түсіндіру әдістері
(лекция, баяндау, әңгімелесу, 
тәжірибелерді көрсету, еңбек
опера–циялары, экскурсиялар
және т.б) мұғалім түсіндіреді
және оқу материалын көрнекті
түрде көрсетеді.
Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс–әрекет
тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді
елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып
үйренуші оқу материалдарын белсенді еске
түсіреді. (сұрақтарға жауап береді, есептер
шығарады және с.с.), сонымен “білім
көшірмелерін қалыптастырады”.


Дәстүрлі оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Оң жақтары
Теріс жақтары
Оқытудың жүйелі сипаты
- Үлгі бойынша құру, бірыңғай
- Мазмұнның технократизмі
Оқу материалын ретпен, 
логикалық дұрыс беру
- Сабақ уақытын оңтайлы емес бөлу
- Оқушыларды мақсат қою, жоспарлау, бағалау функциясынан айыру
- Сабақта тек материалға алғашқы бағдар жасау ғана жүзеге асырылады, ал жоғары 
нәтижелерге жету үй тапсырмаларына қалдырылады
Ұйымдастырудың нақтылығы
- Оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасаудан оқшауланады
- Оқушылар өз бетінше болып, таңдау жасай алмайды
Мұғалім тұлғасының үнемі 
эмоционалды ықпалы
- Оқушылардың пассивтілігі немесе белсенділіктің нашар байқалуы
- Сөйлеу іс-әрекеті нашар (оқушының орташа сөйлеу уақыты бір күнде екі минут)
- Кері байланыс нашар. Орташа тәсіл 
Жаппай оқыту кезіндегі 
оңтайлы шығындар 
- Орташаландырылған тәсіл, ол бәріне жарамайды
- Жекелендірілген оқыту жоқ
- Жасына қарай бөлектеу (сегрегация)
- Дәстүрлі оқытуда тәрбиеге мүлде орын жоқ
- Бағалау әдістерінің негативизмі


Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерімен табиғи қабілеттіліктерін ескере отырып, 
шығармашылық қабілеті мен сабаққа ынтасын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау
дәрежесін дамыту, сонымен бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық
педагогикалық тәрбие беруде де, ойлау қабілетін белсендендіру үшін түрлі әдістер мен 
тәсілдерді және технологияларды тиімді қолдана білуі қажет.
Инновация («новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин» «қайталанатын» процесс, деген
ұғым) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл
түсінік. ХХ ғасырдың 30- 50 жылдарында Европада ғылымның жаңа саласы ретінде
пайда болды. Жалпы педагогикалық инновация ұғымын сипаттауды мына түрде
беруімізге болады.
Білім берудегі адам қабілетімен іскерліктерін дамытуғы бағытталған оқу-тәрбиеде
қолданылатын құралдардың арнайы формалары, әдіс-тәсілдері көрсетілетін
психологиялық-педагогикалық нұсқауларға және оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру
әрі жүзеге асыруға бағытталған біріккен педагогикалық іс—әрекетке жаңашылдық
тұрғысынан келу инновациялық технология болып табылады. Демек, инновациялық
технология маманның құзіреттілігіне ықпал ететін шығармашылық қасиеттерді, 
шеберлікті қалыптастыруға қолданылатын әдіс-тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Инновациялық оқыту




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет