Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары



бет1/3
Дата04.07.2022
өлшемі87 Kb.
#37491
  1   2   3



Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары
Классификация – бұл ғылыми әдіс, көптеген ажыратылған обьектілердің қандай да бір белгісіне қарай қайта топтасуы.
Қандай да бір топқа жататын объектінің белгісіне қарай топ болуын классификацияның негізі деп атайды.
Шиеленістердің классификациясы дегеніміз – салыстырмалы түрде олардың мән –мазмұнына қарай белгілерін, байланысын, функцияларын, қарым –қатынасын, деңгейін анықтау үшін қажет.
Классификация бұл – тек қандай да бір ғылым объектісін сипаттау ғана емес, бұл ғылым объектісі туралы пайда болу жаңалықтарын шиеленіс ұғымын кең мағынада түсіну тболып табылады. Классификацияның негізгі міндеті – көп жерде кездесетін шиеленістің жүйелік белгілерін анықтау.

Оқыту «әдістері» мен «тәсілдері» ұғымдары және оқыту әдістерінің жіктелуі. Жалпы алғанда әдіс (метод) — «methodos» деген грек сөзінен шындыққа жету жолы, тәсілі деп аударылады. Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін бейнелейді. Демек, оқыту әдістері — оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен қолданылады. Тәсіл — әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін.


Оқыту әдістері — күрделі, көп жақты, көп сапалы құбылыс. Окыту әдістері арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұн, принциптер, оқыту формалары бейнеленеді. Оқыту әдістері оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы-түзетуші кызметтерді атқарады. Әдістер көмегімен оқыту мақсаты жүзеге асырылады, яғни бұл — үйретуші функцияның байқалуы, оқушылардың даму деңгейі мен қарқыны қамтамасыз етіледі — дамыту функциясы, сол сияқты тәрбие нәтижелерінің анықталуы — тәрбиелік функцияның жүзеге асырылуы болып табылады. Әдістер мүғалім үшін оқушыларды оқуға үмтылдырушы құрал ретінде қолданылады, ал кейде танымдық іс-әрекетті ынталандыру қызметін атқарады. Бұл оның ынталандырушы релін атқаруы.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы мен практикасында колданылатын оқыту әдістері өте көп. Мұғалім оқыту әдістерін кеңінен қолдана білуі үшін оларды белгілі бір жүйеге келтірудің мәні зор. Сондыктан оқыту әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін қарастырайық. Оқыту әдістері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі. Ең алғашкы кезде мұғалімнің жұмыс әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу) және оқушының жұмыс әдістері (жаттығу, өзіндік жұмыс) деп бөлінді. Кейіннен білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі кеңінен қолданылды. Білім алу көздері бойынша жіктелетін оқыту әдістері:
а) сөздік әдістер (білім ауызша немесе жазбаша сөздерден алынады);
б) көрнекілік әдістер (білім көзі рөлін пәндер, құбылыстар, көрнекілік құралдар атқарады);
в) практикалық әдістер (білімдер мен біліктерді практикалық әрекеттерден алады).
Окыту әдістерінің тағы бір тобын дидактика мамандары М.А. Данилов пен Б.П. Есипов олардың атқаратын қызметіне қарай жіктейді:
• білімдерді алу;
• біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
• білімдерді колдану;
• жасампаздық іс-әрекет;
• бекіту;
• білім, білік, дағдыларды тексеру.
Келесі оқыту әдістері тобын танымдық іс-әрекеті сипатына карай И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин былайша анықтады:
• тусіндірмелі-иллюстративтік (ақпараттык-рецептивтік);
• репродуктивтік;
проблемалық баяндау;
• жекелеген-ізденістік; (эвристикалық);
• зерттеу.
Дидактикалық мақсаттар бойынша Г.И. Щукин мен И.Т. Огородников оқыту әдістерін екі топқа бөледі: 1) оқу материалын алғашқы меңгеруге әсер ететін әдістер; 2) алынған білімді бекіту мен жетілдіруге әсер ететін әдістер. Оқыту әдістерінің тағы бір тобын — сабак беру әдістері мен оқу әдістерін біріктіре қарайтын бинарлық жіктемесін М.И. Махмутов анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет