Оқытудың жаңашыл технологиялары



Дата02.03.2023
өлшемі14,1 Kb.
#71275

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАШЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Соңғы кездерде, оқу орындарында білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын елуден астам оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, пайдаланылуда. Атап айтар болсақ, бұлар – А.М.Берг, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В.Заньков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Аманашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М.Монахов, М.М. Жампейісовалардың модульдік оқытуы, В.Дьяченко, К.Я.Вазиналардың ұжымдық оқытуы, Н. Оразақынованың сатылай кешенді талдауы, СТО технологиясы т.б.
Бұл жерде педагогикалық технология жеке пән әдістемесі, яғни қазақ тілін оқыту әдістемесі ретінде қолданылады. Ол оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығынан тұрады.
Оқыту технологиясы әдістеме ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы “нені оқыту?”, “не үшін оқыту?”, “қалай оқыту керек?” деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы “қалай нәтижелі оқытуға болады? ” деген мәселенің шешімін іздейді.
Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Әдістеме ғылымы теорияның қосымшасы, оны іске асырудың амалы болса, оқыту технологиясы – дидактикалық мақсатқа жетудің жолын көрсететін үлгі, схема.
Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – “берілген үлгі бойынша өнім алу” (Саранцев Т.В), оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру, оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер мен ұстанымдардың жүйесі ретінде, нақты оқыту үрдісі ретінде сипатталады.
Оқыту технологиясы мен әдістеменің бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ, екеуі бір нәрсе деген көзқарастар бар. Бірақ ол – жаңсақ пікір. Өйткені оқыту технологиясы мен әдістемесінің мақсаты бір болғанымен, олардың өзіндік айырмашылықтары да бар.
В. Гузеев “технология” ұғымының “әдістеме” ұғымынан әлдеқайда кең мағынада қолданылатынын айтады. Ол: “әдістеме” дегеніміз белгілі бір пәнді оқыту тәсілдерінің жиынтығы”, ал ”оқыту технологиясы” ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оңтайландыру, нәтижелі білім беру дегенге саяды”,-деген қорытынды жасайды [73,85].
Оқыту технологиясының әдістемелік жүйеден айырмашылығы мақсатқа жеткізер нәтижені алдын ала болжап, оны дәл тексеретін болжам бағдарламасын құрып, құрал таңдап, нақты жобасын жасаудан тұрады, әр қадамы ғылыми түрде негізделеді. Технология ғылым теориялары негізінде құрылады, ал әдістемелік жүйе тәжірибе негізінде жасалады. Яғни, бұл жоғарыда айтылғандардан ”әдістеме” мен ”технология” ұғымдарының екі түрлі нәрсе екендігіне әбден көз жеткізуге болады. Оқыту технологиясының әдістемеден айырмашылығы – білім берудегі негізгі әдіс-тәсіл, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның қажетіне қарай аударып, талғап-таңдап қолдануында.
Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, жаңа оқыту технологиясы бойынша да, негізгі мақсат оқыту мақсаты болып қалады және ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің(мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдары), олардың өзара байланыстылығының өзгеруін талап етеді.-

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет