Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) №1 осөЖ тақырыбы



Дата27.02.2023
өлшемі20,57 Kb.
#70164

9.4 Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)

1 ОСӨЖ тақырыбы: Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихын талдау


Тапсырма: баяндама дайындау
Әдістемелік нұсқау. Ақпарат көздерінен шетелде (Скандинавия елдері, АҚШ, Батыс Еуропа, Азия) және ҚР жалпы білім берудің инклюзивтілігі идеясының даму тарихы туралы баяндама дайындаңыз.

2 ОСӨЖ тақырыбы: Білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдауға арналған нормативтік құқықтық құжаттар


Тапсырма: презентация дайындау
Әдістемелік нұсқау. Ұсынылған әдебиеттер мен ресурс көздерін басшылыққа ала отырып, білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдауға арналған нормативтік құқықтық құжаттар туралы презентация дайындаңыз.

3 ОСӨЖ тақырыбы: Қазақстан Республикасында ерекше білімді қажет ететін балаларды мемлекеттік қолдаудың маңызы


Әдістемелік нұсқау. Қазақстан Республикасында ерекше білімді қажет ететін балаларды мемлекеттік қолдаудың маңызын түсіндіріңіз.

4 ОСӨЖ тақырыбы: Нашар еститін және сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру


Әдістемелік нұсқау: Нашар еститін және сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру жұмыстарын жазыңыз.

5 ОСӨЖ тақырыбы: Ақыл-ой бұзылысы бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Тапсырма: мәнжазба дайындау
Әдістемелік нұсқау: Ақпарат көздерінен материал жинақтап, ақыл-ой бұзылысы бар балалардың психикалық (танымдық, жеке, эмоционалды) және әлеуметтік даму ерекшеліктері туралы мәнжазба дайындаңыз.

6 ОСӨЖ тақырыбы: Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру.


Әдістемелік нұсқау: Ақпарат көздерінен материал жинақтап, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру жолдарын көрсетіңіз.

7 ОСӨЖ тақырыбы: Эмоционалды дамуы бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Тапсырма: конспект жазу
Әдістемелік нұсқау: Дәріс материалын еске түсіре отырып, эмоционалды-ерік сферасы бұзылған балаларды инклюзивті ортаға енгізудің ерекшеліктері туралы конспект жазыңыз.

8 ОСӨЖ тақырыбы: Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама


Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттер мен ресурс көздерін басшылыққа ала отырып, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттамасын презентациямен ұсыныңыз.

9 ОСӨЖ тақырыбы: Инклюзивті білім берудегі педагогтың ролі.


Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттер мен ресурс көздерін басшылыққа ала отырып, инклюзивті білім берудегі педагогтың ролін жазыңыз.

10 ОСӨЖ тақырыбы: Ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр бaлaлaрды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде педагог пен отбaсының байланысы


Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттер мен ресурс көздерін басшылыққа ала отырып,
ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр бaлaлaрды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде педагог пен отбaсының байланысы туралы мәнжазба дайындаңыз.

11 ОСӨЖ тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың жеке оқу траекториясын жоспарлау технологиялары


Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерге сүйене отырып, презентация дайындаңыз.
12 ОСӨЖ тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін балаларды инклюзивті ортада оқыту технологиялары
Әдістемелік нұсқау: Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, ерекше білімді қажет ететін балаларды инклюзивті ортада оқыту технологияларына шолу жасап,
конспект жазыңыз.
13 ОСӨЖ тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін ұйымдастыру
Тапсырма: мәнжазба дайындау
Әдістемелік нұсқау. Дәріс материалын еске түсіріңіз. Инклюзивті білім беру жағдайында ЕБҚ оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функциялары. Инклюзивті білім беру жағдайында ЕБҚ оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мәні, рөлі, түрлері, қағидалары туралы мәнжазба дайындаңыз.
14 ОСӨЖ тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар
Әдістемелік нұсқау: Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, инклюзивті білім беру жағдайында критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар туралы презентация дайындаңыз.
15 ОСӨЖ тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында оқытудың жетістігін бағалау үшін Блум таксономиясын қолдану
Тапсырма: презентация
Әдістемелік нұсқау: Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа алып, инклюзивті білім беру жағдайында оқытудың жетістігін бағалау үшін Блум таксономиясын қолдану туралы презентация әзірлеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет