Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік унивирситеті



Дата30.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53718

Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік унивирситеті

Оқытушы: Базарбаев Қанат

Мамандығы: 6B01615 - Тарих

Курс: 1 курс

Білім алушы: Эрмат Азиза


Хет патшалығы

  • Хеттер Қосөзен бойына қарай жорықтар жаса-ды. Олар, тіпті Вавилонға дейін жетті, б. з. б. 1595 жылы Вавилонды тонады.
  • Бірақ Хетт билеушілерінің билігі өте мықты болмады. Олар ақсақалдар кеңесінің шешімдерімен санасуы керек еді. Патша билігін мұралану, яғни балаларына мұра ретінде беру тәртібі жоқ болатын. Бұл жағдайлар елдегі билік үшін де күресті күшейтті. Патшаны өлтіріп, патшалық билік үшін талас басталды. Ұзаққа созылған тақ үшін талас елді, мемлекетті әлсіретті. Нәтижесінде хеттер бұрынғы басып алып, бағындырған жерлерінен айырылды.
  • Телепин атты патша елдегі жағдайды реттеуді қолға алды. Ол егер патша өлсе, оның орнына үлкен баласы, ол болмаса екінші ұлы отырсын. Ал ер балалары болмаса, ең үлкен күйеу баласы тақты иемденуге қақылы деген жарлық шыгарды.
  • Бұдан кейін елдің ішкі жағдайы біраз реттелді. Хетт патшаларының билігі тұрақтанды және қайтадан күшейді. Олар елдің оңтүстігіндегі Сирияға қарай жорықтар жасады. Сирия жері, Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы елдердің бұл кездерде Египетке тәуелді болғанын білеміз. Египеттің ішкі жағдайының шиеленісуін пайдаланып, хеттер Сирияны басып алды. Қосөзеннің солтүстік-батыс бөлігін езіне қарата отырып, Вавилонға өктемдік жүргізуге ұмтылды.
  • Б. з. б. XIV ғасырдың соңына карай Египеттің қайта ерлеуі Сирия жері үшін хеттер мен египеттіктердің күресін қайта жандандырды. Бұл күрес шешуші нәтиже бермеді. Ұзақка созылды. Акыры адамзат тарихындағы екі ел арасындағы бірінші бейбіт бітім шарты дүниеге келді. Ол б. з. б. 1280 жылы Египет пен Хетт мемлекеттері арасында жасалды. Ол шарт бойынша Сирия жері екіге бөлінді. Солтүстігі Хетт, ал оңтүстігі Египет мемлекеттеріне қарады.
  • Екі мемлекет бір-бірімен достықта тұруға, өзара көмектесуге келісті. Хеттерді мұндай келісім жасауға итермелеген шығысында қуатты Ассирия мемлекетінің өрлеуі еді. Ақыры ұзаққа созылған күрес барысында Ассирия Хетт патшалығын талқандады


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет