Қожа Ахмет Яссауи Жоспар Кіріспе Қожа Ахмет Яссауи ислам дінін дәріптеуші Негізгі бөлім Қожа Ахмет Яссауи өмірі «Диуани Хикмет»



бет1/3
Дата22.05.2022
өлшемі26,33 Kb.
#35268
  1   2   3

Қожа Ахмет Яссауи
Жоспар
Кіріспе
Қожа Ахмет Яссауи ислам дінін дәріптеуші
Негізгі бөлім
Қожа Ахмет Яссауи өмірі
«Диуани Хикмет» еңбегі.
Қожа Ахмет Яссауи ілімі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандарының бірі – Қожа Ахмет Яссауи болып табылады.
Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің әлсіреп,мұсылман қауымының рухани саяси дағдарысқа түскен кезеңінде тарих сахнасына шықты. Бұл кезеңде Ислам әлеміндегі жағдай күрделеніп, билік үшін талас өршіп тұрды. Бұрынғы исламға тіреу болған ірі мемлекеттер іштей іріп, бөлшектеніп майда иеліктерге айналды. Ислам әлемінің әлсірегенін сезген Европа мұсылмандарға қарсы крест жорығын бастады. Жерорта теңізі жағалауындағы көптеген жерлер крестішілердің қоластына түсті. Шығыста қаратқытайлар Қарахандық билеушілерді тізе бүктіріп, өздеріне жартылай тәуелді етті. Ислам әлеміне тіреу болады деген Хорезмшахтар мемлекеті Меккені басып алуға, өзіне тәуелді етуге ұмтылды. Мұның бәрі ислам қоғамындағы етек алған рухани дағдарыспен тікелей байланысты болды. Қожа Ахмет Яссауи сол кезеңнің басты мәселесі – мұсылман дініндегі халықтардан иманның көтерілуі, халықтың көбі имансыз тобырға айналуында екенін көре білді. Ол өзінің басты қызметі Иманды Исламға қайтару деп түсінді және өзінің бар күш-қуатын осыған арнады. Ол діннің негізгі тірегі иман екендігін анық түсінді және өзгелерді де иманның құдіретін өзіндей түсінуге, сезінуге шақырды. Қожа Ахмет Яссауи иманды діндегі бар амалдың алдына шығарды. Иман жоқ жерде дін де жоқ. Ол өзінің осы талабын өзінің соңынан ергендерге аманат етіп қалдырды.
Қожа Ахмет Яссауи түркілерге иманды, исламды ғана қайтарып қойған жоқ, сонымен бірге, түркінің көнеден келе жатқан мәдениетін, тілін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін түгелімен қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өйткені, VIII ғасырдың екінші жартысында ислам дінін қабылдаған түркілер X-XII ғасырларға келгенде өзінің дәстүрлі мәдениетінен, тілінен, мемлекеттік жүйесінен толығымен ажыраған болатын. Алғашында ислам дінін қабылдау тек дінді емес, бүкіл араб болмысын қабылдау деп түсінген түркілер арабтанып, парсыланып кеткен еді. Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің басты талабы Иман екендігін түсіндіруі, иманы бар адамның мұсылман болып саналатынын сезіндіруі, арабтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын қабылдамай-ақ әрбір мұсылманның өз мәдениетін сақтауы мүмкін екендігіне көзін жеткізуі түркілердің өзінің дәстүрлі мәдениетіне қайтадан бет бұруына мүмкіндік берді. Қожа Ахмет Яссауи түркі мәдениетін сақтап қалу ғана емес, оны қайта жаңғырту жолында да көп еңбек етті. Ол түркі тілін дін тіліне, ғылым-білім тіліне, әдебиет мәдениет тіліне, мемлекет тіліне айналдырды.
Күллі әлемге даналық нұрын шашқан, түбі бір түркі халқына ортақ тұлға Қожа Ахмет Яссауи есімі әрбір қазақ баласы үшін киелі десек қателеспейміз. Ендігі кезекте дәл осы топырақтан бүкіл әлемге Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың ілімі жарқырап, түсінген жанға бабамыздың әлемі ең ізгі һәм ең әсем әлем.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет