Ойыл бекінісінің салынуы



Дата31.12.2021
өлшемі2,49 Mb.
#22904

Ойыл бекінісінің салынуы

Отарлау кезеңіндегі қазақ жерінің тарихын терең зерттеген әйгілі ғалым Ермахан Бекмаханов осы жәрмеңкенің ашылуы жөнінде төмендегідей нақты деректер келтіреді: «Басқарушы орындардың тәртібі бойынша алғашқы рет 1867 жылы көктемде Орынбор даласындағы Ойыл өзенінің жанында ашылған жәрмеңкенің сауда нәтижесі жақсы болды.

Ойыл жәрмеңкесі

Ойыл жәрмеңкесі

1869 жылы сауда орталығы ыңғайлы болғандықтан Барқын бойына көшірілді. Жәрмеңке жылына 2 рет, көктемде 15 мамырдан 15 маусымға дейін, күзде 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін өткізіліп, дүйсенбі күндері базар жұмыс істеді.

Белгілі Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың әйелі Мария Шоқай былай деп еске алады: «…Таң сәріде жолға шықтық. Біз Қызылқұрт деген ауылға келдік. Қызылқұртта қазақ, татар аралас тұрады. Осы жерде жазда жәрмеңке өтеді. Бұл жәрмеңкеге қазақтар жүн мен тері әкеледі. Осы ауылда Мұстафаның дәрігер жолдасы Халил Досмемет (Халел Досмұхамедовті айтып отыр. Р.Д.) тұрады… Ойыл өзенінің суына қазақтар жүн жуып, жағасында тері мен жүнді кептіреді екен».

1923 жылы Ойыл жәрмеңкесінің айналымы 6.000000 алтын сомды құрады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы жаңа экономикалық саясат кезінде бұқара арасында саяси жұмыстар жүргізу үшін жәрмеңкелер кеңінен пайдаланылған.

ОЙЫЛДАҒЫ КӨКЖАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ЕҢ АЛҒАШ РЕТ 1967 ЖЫЛЫ ҚАЗЫБЕК БОЛАСЫНДА АШЫЛДЫ.

Көкжар жәрмеңкесі кезінде тұтынған күміс қасық, шайдың қалайы қорабы, қыш ыдыстары мен сол жылдары түсірілген суреттер музейде сақтаулы.

Жәрмеңке алғашқы жылдары Қазыбек болысындағы ашық аспан астында ұйымдастырылып, екі жылдан соң Барқын шатқалына көшірілген.



Көкжар жәрмеңкесінде Қызыл Тұрдалы, Есір Айшуақұлы, Құрманғазы секілді жыршылар, күйшілер арнайы келген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет