Ойпаттың территориясында Испанияның бірнеше ірі қа-лалары орналасқан: Севилья, Кордова, Кадис, Уэльва



бет1/4
Дата07.11.2022
өлшемі22,81 Kb.
#48161
  1   2   3   4

Ойпаттар
1. Месопотамия(«Mesopotamіa», гр. «mesos» – аралығы, «potamos» – өзен) – Тигр мен Евфрат өзендерінің орта және төменгі ағысының алабында орналасқан ойпат. Түгелдей дерлік Ирак жерінде, аздаған бөлігі Сирияға, Иранға және Кувейтке қарайды. Жер бедері тегіс, жазық. Орта тұсында және оңтүстігінде ең биік жері 100 м-ге жетпейді, ал шетте-рінде 200 м-ге дейін барады. Ойпатпен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Тигр мен Евфрат өзендері ағады. Месопотамия ойпатында орасан зор мұнай қоры шоғырлан-ған. Ірі қалалары: Бағдат, Басра, Абадан.

2. Андалус(Андалуз, исп. «Depresión Bética») — Испанияның оңтүстігінде, Сьерра-Морена тауының солтүстігі мен Анда-лус тауының оңт.-батысы аралығында орналасқан ойпат. Ойпаттың оңтүстік жағында(оңт.-батыстан солт.-батысқа қараған бағытта) ірі Кордильер-Бетик тау жүйесі орналас-қан(дәл осы таудың етегінде Испанияның оңтүстік ж/е оңт.-шығыс жерортатеңіздік жағалауы орналасқан). Ойпаттың жалпы ұзындығы 300 км.


Климаты жерортатеңіздік, жылдық жауын-шашын мөлшері 400-700 мм. Ойпат территориясының көп бөлігінде бидай, жүгері, қантты қызылша, жүзім, цитрусты жемістер өсіріледі.
Ойпаттың территориясында Испанияның бірнеше ірі қа-лалары орналасқан: Севилья, Кордова, Кадис, Уэльва.

3. Колхида ойпаты(ежелгі колхи тайпасының атымен атал-ған, басқаша «Риони» деп те атайды) – Грузия жерінде, Үл-кен Кавказ, Лиа және Кіші Кавказ жоталарының аралығын-да, Қара теңіз жағалауы мен Риони өзенінің төменгі ағысын-да орналасқан тауаралық ойпаңдағы аллювийлік жазық. Аб-солют биіктігі 150 м-ге дейін жетеді. Ойпатты Риони, Ингу-ри, Кодори, т.б. өзендер басып ағады. Климаты ылғалды, субтропиктік. Ең суық айдың(қаңтар) орташа температурасы 4-6°C. Жазы қоңыржай жылы(орташа температурасы


+ 22-23°C). Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1200-1800 мм, жыл маусымдарында біркелкі түседі. Табиғи күйінде қатты батпақтанған.

4. Кура ойпаты(«Кура-Араксин» деп те айтылады, әзірб. «Kür-Araz ovalığı» - Кюр-Араз ойпаты) — Әзірбайжан мемле-кетінің орталық бөлігінде, Кура мен Аракс өзендерінің тө-менгі ағысында орналасқан ойпат. Ойпат Каспий теңізінің батыс жағалауында орналасқан(Арал-Каспий ойпатының бөлігі болып табылады). Шығысқа қарай ойпаттың биіктігі біртіндеп төмендеп, ойпат Каспий маңы ойпатымен қосы-лып кетеді. Ойпаттың: ұзындығы – 250 км; ені – 150 км(эро-зияның әсерінен үнемі аумағы үлкейіп отырады).


Ойпат солтүстігінде – Үлкен Кавказ жотасымен, баты-сында – Кіші Кавказ, оңтүстігінде – Талыш тауларымен шек-теседі. Сонымен қоса, ойпаттың оңтүстік бөлігінде Иранның Астар қаласына дейін жететін Ленкоран ойпаты орналасқан.

5.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет