ОжсөЖ №2 Тақырып: Экологиялық рұқсаттар. Кешенді экологиялық рұқсат



Дата18.03.2023
өлшемі50,73 Kb.
#75343
түріКодекс

ОЖСӨЖ №2 Тақырып: Экологиялық рұқсаттар. Кешенді экологиялық рұқсат

СТУДЕНТ : Елубаев Ернұр

ГРУППА : ЮР-111

Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі

  • 1. Осы Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және табиғат пайдаланушыларға кешенді экологиялық рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді.
  • 2. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушының қоршаған ортаға эмиссияларды ең озық қолжетімді технологияларды енгізу және эмиссиялардың техникалық нормативтерін сақтау шартымен жүзеге асыру құқығын куәландыратын бірден-бір құжат болып табылады.
  • 3. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуді және табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруды көздейтін ең озық технологияларды енгізуді жоспарлаған жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың орнына беріледі.
  • 4. Кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілетін ең озық қолжетімді технологиялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ең озық технологиялардың тізбесіне сәйкес болуы тиіс.
  • 5. Эмиссиялардың тиісті нормативтері және табиғат пайдалану шарттары кешенді экологиялық рұқсатта ағымдағы жағдайға (өтінім беру сәтіне) және ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне көрсетіледі.
  • 6. Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушы жүзеге асыратын өндірістік үдерістің түрі бойынша техникалық үлестік нормативтер бекітілген жағдайда, кешенді экологиялық рұқсатта оларға қол жеткізу жөніндегі шарттар белгіленеді.

 Кешенді экологиялық рұқсат туралы жалпы ережелер

  • Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге де объектілердің операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті технологиялық процесс немесе өндіріс саласы үшін ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындылар болған кезде ерікті түрде кешенді экологиялық рұқсат алуға құқылы. 
  • Кешенді экологиялық рұқсаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді. 
  • Осы Кодекстің 115-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда, кешенді экологиялық рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша береді. 
  • 4. Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, кешенді экологиялық рұқсат мерзімсіз қолданылады.

112-бап. Кешенді экологиялық рұқсатты

  • Кешенді экологиялық рұқсат белгіленген үлгідегі құжатты білдіреді, онда мыналар қамтылады: 
  • 1) оның иесі (операторы), объект және онда жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер
  • 2) қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттары, оның ішінде: 
  • технологиялық нормативтер; 
  • қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері
  • табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсер етудің нормативтері; 
  • қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері (өз полигоны болған кезде); 
  • күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері (көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде); 
  • егер қызмет арнайы су пайдалануды қамтитын жағдайда, Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес арнайы су пайдалануға арналған лимиттер; 

қалдықтарды басқару бағдарламасы;

  • қалдықтарды басқару бағдарламасы; 
  • қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдайларда объектіні пайдалану жөніндегі әрекеттер мен шаралар; 
  • өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, оның ішінде топырақ пен жерасты сулары жай-күйінің мониторингін және эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін қоса алғанда, өндірістік мониторинг жүргізу жөніндегі талаптар; 
  • топырақтың және жерасты суларының ластануын болғызбау бойынша қажетті шарттар мен шаралар, сондай-ақ жабдықты пайдалану процесінде немесе қалдықтар мен өзге де қауіпті заттарды сақтау кезінде ағуды, төгілуді, аварияларды және өзге де тосын жағдайларды болғызбау мақсатында осындай шарттар мен шаралардың сақталуын ұдайы байқау мен бақылау жөніндегі талаптар;


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет