ОжсөЖ 27. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы, лепті, сұраулы. 1-тапсырма



Дата07.01.2022
өлшемі35,41 Kb.
#19104
түріКонспект

ОЖСӨЖ 27.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы, лепті, сұраулы.



1-тапсырма: Сөйлемді зерттеген ғалымдар, еңбектерін конспектілеу.

  • Сөйлем  мүшелері  туралы  арнайы  тоқталған  ғалым А.  Байтұрсынов.  Автордың 1924 жылы  Орынборда  басылып  шыққан «Тіл танытқыш»үшінші оқулығы синтаксис мəселесне арналған. Онда сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш жəне пысықтауыш деп бергенін көруге болады. Сонымен қатар сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық: біріншісі - ішкі мағына желісі жөніндегі жақындық та, екіншісі - сыртқы қисын жақындығы барын айтқан. Тек мағына желісі бойынша жақындасатындарды «іргелес сөйлем», әрі сыртқы қисын жақындықтары барларын «құрмалас сөйлем» деп атаған. Құрмаластарды «сиыса құрмаласу», «қиыса құрмаласу» деп бөлген. Бұндағы «сыйыса құрмаласу» деп отырғаны – «Қарабай мен Сарыбай аңға шықты» тәрізді бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер. Қиыса байланысқан құрмалас сөйлемдерді өзара тең дәрежеде байланысса, салалас түрі деп, тең болмай, кем дәрежеде байланысса, сабақтас түрі деп қараған. Салаластарды жиылынқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы және қойылыңқы деп бес түрге бөлген. 

  • Сөйлем мүшелері жайлы арнайы тоқталған ғалым  Қ. Жұбанов. Ол сөйлем  мүшелрін екіжақты қарастырады. Оның  орын  тəртібі,  кейде  олардың  жасалуы   сияқты  мəселелер бойынша мақалалар жазып, кітаптарында тоқталған. «Из истории порядка  слов  в  казахском  предложении», «О  построении  речи на  казахском  языке»  жəне  «Қазақ  тілі  грамматикасы»   сияқты мақалалары  мен  кітаптарында  автор  сөйлем  мүшелері  туралы ғылыми  талас пікірлерге тоқталмайды. Тек олардың жасалуы, негізгі анықтамалары сияқты мəселелерді сөз етеді. Ал оның сөйлем мүшелері  жайлы  ғылыми  көзқарасын   «Жаңа  грамматикалық жаңалықтар  жайынан»  атты  көлемді  мақаласынан  көругеболады.  Автор  сөйлем  мүшелерінің  саны,  оның  атаулары  туралы жоғарыда   аталған  еңбегінде  тұрлаулы  жəне  айқындауыш  деп бөле  келіп,  əсіресе   сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшесі  туралы  өзіндік жаңа ұсыныстар жасауды мақсат  еткен. 

  • Ж.Жақыпов сөйлемге жаңаша көзқарас білдіреді: «Сөйлемдегі ойды «тиянақты, аяқталған» деу шындық болмысқа сай келмейді. Өйткені болмыстағы кез келген құбылыс бір жақты, оқшау болмайды, ол — белгілі бір жүйенің құрамындағы күрделі құбылыс. Осы болмыстың тілдегі көрінісі де соған сəйкес. Ал хабар алмасушы (коммуникант) қашан да өз сұранысын толық қанағаттандыруға тырысады, яғни, белгілі бір зат я құбылыс туралы мүмкіндігінше толық хабар болса бір сөйлемнің мазмұнына сыя бермейді. Міне, осыдан келіп сөйлемдегі ой да тиянақты бола бермейді» 

  • Сөйлем  мүшелері  туралы  біразсмағлұматты  М. Балақаев еңбектерінен ала  аламыз. Автор сөйлем мүшелерін  тұрлаулы,  тұрлаусыз  деп  жіктеп,  əрқайсысынжекечжеке  мақалалар  жазды.  Оны  жоғары  оқу  орындарына  арналған оқулық   дəрежесіне  дейін  дамыта  білді.  Автордың  сөйлем  мүшелеріне  қатысты  ойлары  қазақ  тіл  білімінде  өзіндік  орын алды.  Сөйлем  мүшелері қазақ  тіл  білімінде   белгілі  дəрежеде зерттелінді  дегенімізбен,  басқа  түркі  тілдерімен   салыстырғанда кенже  қалған  сала.  Өйткені  осы  күнге  дейін  қазақ  тіл  білімінде сөйлем мүшелерінің əр тобына немесе жеке салаларына сай бірде бір еңбек жоқ.

2-тапсырма: «Сыр – сұхбат» ( сөйлемнің түрін қатыстырып диалог құрау)

Бегарыс: Маған балалық шағыңыз туралы айтып бере аласыз ба?

Әжесі: Балалық шақ дисің бе?! Біздің балалық шақ қызық та, қиын болды-ғой, шіркін!

Бегарыс: Толығырақ айтып берсеңіз.

Әжесі: Мен Кеңес Одағы кезінде тудым. Ол кездің мен үшін орны бөлек-қой! Алаңсыз балалық шақ еді. Енді сегіз жасқа келгенде сұрапыл соғыс басталды да, кетті. Әкем отан алдындағы борышын өтеп жүрген кезде оң аяғынан жараланып, қара шаңырағына аман-есен келді.

Әжесі: Арғы атаң деген батыр да, салмақты жан еді!

Бегарыс: Керемет, әже! Мен де арғы атам секілді патриот, отаныма адал боламын!..

Әжесі: Келе ғой, құлыным!-деп, маңдайынан сүйді



3-тапсырма: Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан лепті, сұраулы сөйлемдерді теріп жазу.

 Жаяу қалған адам несімен адам?.. Несімен қазақ?

Аға сұлтан пірім-ау! Айтпап па едім? Қысқа қарай жылқы баласына бұдан артық жер болмайды. Иесіз жатқан жер! Бір қыс жайладың — болды, аға сұлтанның шұбары атанады да, балаңның баласына дейін кете барады!

Жоқ, жоқ! Иесіз жатқан жер!

«Қаршығалыда» үш мың қасқыр, бес мың түлкі, он екі мың күзең жеті мың, қоян бар!..

Ақ құр, қара құрларын санамаған екенсіз, Мүсеке!

Үш мың, қасқыры болса, менің жылқымды бір қыста жеп тауыспас па екен?

Мына көргенсіз неме кімнің атын атап тұр өзі! Құйрығыңды түріп тастап дүрелеп алсын деп тұрмысың?

Армысыздар, ағалар!..

Апыр-ау, бұл кімнің қызы болды екен?

Ие, қыз!.. «Міне, айыбым!» дегенде кез құйрығымен өзіңді бір шарпып өткенде нағып байқамадың? 

Не істеу керек? Қара жорғаны қыздың айыбы деп қалай алып қалар?



Аңшының көпіртпесіне еріп кете бергенім қалай? Бұрын ғой, ондайды өзім анықтатып алушы едім!

4-тапсырма:Ассоциация арқылы сөйлемге тән белгілерді көрсету.


Субьекивті модальдық тән


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет