Ол 1980 жылы аудан орта­ лығындағы аталған меке меде



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.04.2017
өлшемі8,99 Mb.
#11089
  1   2   3   4

Ол 1980 жылы аудан орта­

лығындағы аталған меке меде 

техникалық  оператор  бо­

лып  еңбек  жолын  бас тай ды. 

Операторлықтан  бекет  опе ­

ра торлығына  көтеріліп,  қа­

зір гі  таңда  темір жол  станса­

сында кезекші болып жұмыс 

ат қарады. Зайыбы Гүлмараш 

Ораз баевамен екеуі төрт бала 

тәрбиелеп  отырған  бақытты 

жанұя.


– Елдің нығаюы жолында 

табысты еңбек еткен адамның 

мерейі үстем, мәртебесі биік 

болары  хақ.  Еңбек  еленіп, 

ескеріліп  жатса  адамға  ша­

быт 


беріп, 

болашаққа 

сеніммен  қарап,  соған  жетуі 

жолында  табанды  жұмыс 

жасайды. 

Қазіргі 


таңда 

Елбасының  тікелей  қолдауы 

аясында  жаңа  жұмыс  орын­

дары  ашылып,  мемлекеттің 

өсу  деңгейі  жыл  санап  арта 

түсуде.  Қазақстанның  же­

тер  жетістігі  мен  шығар 

шыңы бұдан да биік болары­

на нық сенімдімін. Сол баян­

ды бақыт жолында Мәңгілік 

еліміздің көші көлікті, іргесі 

берік  болсын,–  дейді  еңбек 

адамы өз сөзінде.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.

Қ.ТАЙБАҒАРОВ (сурет).

ҚАРМАҚШЫ

таңы


ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ

12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ

E-mail: Karm_tany @ mail.ru

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ГАЗЕТ

№76

(9530)

Сейсенбі

27 қыркүйек

2016 жыл

Газет аптасына 2 рет шығады

Аудандық  ауыл  шаруашылығы  бөлімінің 

басшысы  Ерлан  Бисембаевтың  айтуынша 

биылғы жыл  өңір диқаншылары үшін табыс-

ты жыл болады деп күтілуде. 

Оған  дәлел,  аудан  диқан­механизаторлары  

ағым дағы жылы  өздері күтіп­баптап өсірген Сыр 

салысын төкпей­шашпай жинап алуда күндіз­түні 

тынбай, тер төге  еңбек  етуде.  

Олардың қатарында Панабек Қалпиев басшы­

лық жасайтын  Алдашбай ахун ауылындағы «Ал­

дашбай ахун» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

диқаншылары  да    Сыр  байлығы  ақ  күрішті    ел 

қамбасына молынан құюда  өз үлестерін қосуда.

–  Серіктестік  диқандары  биылғы  жылғы  өз­

деріне  бекітілген  200  гектар  Сыр  маржанын 

төкпей­шашпай,  ысырапсыз  шаруашылық    қой­

масына  жинап  алды.  Расында  да,  биылғы  егін 

жинау  науқанында  қармақшылықтар  ерлеп  тұр. 

Олардың сонау ерте көктемнен бастау алып, жаз 

айларында, оның ішінде биылғы жылғы  шіліңгір 

шілденің аптапты ыстық күндерінде тер төге еткен 

ерен еңбектерінің арқасында біз мол өнім алуда­

мыз. Сала майталмандарының елеулі еңбектерінің 

арқасында  үлкен  табысқа  жетіп  отырған  жайы­

мыз  бар.  Оған  мен  алдашбайлық  диқандардың 

да үлестері бар деп есептеймін. ­Міне, таудай бо­

лып  үйілген мына Сыр маржанын күрмектен та­

залап,  одан  әрі    оны  ақтау  мақсатында    қырман  

меңгерушісі  Сәулебек Оразов бастаған,  атап ай­

тар  болсақ  Өтек  Жұмабеков,  Нұрболат  Ешния­

зов,  Алмат  Қалпиев  және  Ержан  Қарамырзаев 

сынды  қырман  жұмысшылары  жұмыстар  атқа­

руда. Ал, шаруашылықтың басқа да мүшелерінің 

бі рі  күріштіктердегі  сабандарды  өртеп,  тазар­

тып  жатса,    механизаторларымыз    қазіргі  таң да 

шаруашылық  машина­трактор  базасында    күз гі  

жер  жырту    жұмыстарына  техникаларын  дайын­

дауда,  –  дейді    шаруашылық  басшысы  Панабек 

Қалпиев.


Иә,  Қармақшыда  егін  жинау  науқаны  да  өз 

мәресіне  жетіп  қалды.  Расында  да,  биылғы  жыл 

аудан диқандары үшін табысты жыл болады деп 

күтілуде. Оған дәлел, аудандағы  барлық егін егу­

мен  айналысатын  шаруашылық  құрылымдары 

қырмандарына егістік басынан күріш тиелген  жүк 

көліктері  –  керуендер  әлі  де  толассыз  ағылуда. 

Қырмандарда  әлі  де  тоқтаусыз  қызу  жұмыстар  

атқарылуда. 

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

ҚЫРМАН БАСЫ ҚЫЗУ ЕҢБЕК

Бұрынғы  кезбен  қазіргі  кез­

ді  салыстыра  айтсақ,  20  жыл 

ішін де  сот  жұмысына,  судьялар 

қызметіне  қатысты  қарапайым 

қа лам­қағаздан  бастап,  зәулім 

ғимаратқа, заманауи техникалық 

құрылғыларға  дейінгі  мате­

риал дық  мәселелердің  барлығы 

дерлік  шешімін  тапты.  Бүгінде 

әдемі,  жарық,  еңселі  ғимаратқа 

кірген  азаматтар  төрелік  ала­

ңының  маңызын  бірден  сезінеді. 

Осының бәрі сол сот съездерінің 

жемісі.  Өйткені  судьялар  съезі­

әр аймақтан келген судьялардың 

еркін  ой­пікір  алмасуына,  сот 

жүйесінің дамуы мен өзекті мәсе­

лелердің  шешімін  табуына,  сот 

жүйесінің  материалдық  базасы­

ның  нығаюына  айтар лық тай 

ық палын тигізді. Бір сөзбен айт­

қан да,  судьялар  съезі  қазылар 

қауы мының  көкейдегі  ойын  ха­

лыққа  бүкпесіз  жеткізетін  биік 

мін бесіне айналды.

Судьялардың  2013  жылдың 

20  қарашасында  өткен  VI  съе­

зін де  сот  саласындағы  соңғы  4 

жыл көлеміндегі атқарылған сан­

салалы жұмыстары таразы басына 

салынып,  сараланды.  Съезде  сот 

жүйесін  әрі  қарай  ілгерілету, 

орын  алған  кемшіліктерді  көр­

сетіп,  судьялар  жұмысына  жаңа 

серпін  беру,  құқықтық  жүйені 

белсенді  қалыптастыруға  баса 

назар аударылды.

Мемлекет  басшысы  Н.Назар­

баевтың  өзі  VI  съезде  сөйлеген 

сөзінде:  «Біз  Қазақстан­2050» 

стратегиясын  темірқазық  ете 

отырып, сот жүйесін жетілдіруді 

жалғастыра  беруіміз  қажет»,  – 

деген болатын. 

Дана  халқымызда  «Билік  ай­

ту  –  оңай,  біліп  айту  –  қиын» 

де ген  сөз  бар.  Әділ  қазылық  ету 

–  кез  келген  судьяның  қасиетті 

па рызы. Ол үшін заңды бес сау­

сақтай  білу  жеткіліксіз.  Ең  бас­

тысы,  би  адал,  әділ  болуы  ке­

рек.  Қазы  –  халықтың  ожданы. 

Ол  қара  қылды  қақ  жарған  әділ 

болса,  даугерлер  төреліктің  дұ­

рыс тығына  күмән  келтірмейді. 

Айып кер  заң  бұзғанға  зауал  бар 

екенін  түсінеді.  Біз  Мәңгілік  ел 

боламыз деп, кемел келешегі бар 

мемлекет құруды көздеген халық­

пыз. Сот төрелігінің әділдігі мен 

жедел әрі толық орындалуы – кез 

келген елдің кемел болмысының 

кө рінісі.  Сот  жүйесінің  дамуы 

тоқ тап  қалатын  құбылыс  емес, 

оны  үздіксіз  жетілдіріп  отыру 

керек.


Сол  себепті  әр  съездің  кө­

тер ген  жүгі  ауыр,  қозғайтын 

та қырыбы  да  сан  алуан.  Биыл 

жетінші  рет  ұйымдастырылып 

отырған  кезектен  тыс  VII  съезд 

–  Судьялар  әдеп  кодексін  за­

ман  талабына  сай  лайықтап, 

осы  уақытқа  дейін  көтерілген 

мәсе лелерді  ескере  отырып  қа­

был дауымен 

ерекшеленбекші. 

Бү гінгі  күнге  дейін  қолданыста 

болған Әдеп кодексі 2009 жылы 

қабылданған  еді.  Судьялар  ода­

ғы  бастамашылық  жасаған  жа ңа 

Әдеп  кодексі  мемлекет  аты нан 

сөйлейтін  судьялардың  бі лік­

тілік  қасиетін  ғана  емес,  кі сі­

лік  келбетін,  адамгершілік,  мо­

ральдық  бейнесін  нығайтуға 

ық пал  етеді  деген  ойдамын. 

Өйт кені,  бұл  Кодексте  бір  ерек­

шелігі  –  судьяларға  Прези дент, 

халық  тарапынан  қойылған  та­

лап  тардың  барлығы  ескерілген 

болатын. 



Л.ӘЛІБЕКОВА,

аудандық сот судьясы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

СУДЬЯЛАРЫНЫҢ 

VII СЪЕЗІ ҚАРСАҢЫНДА



2016  жылдың  маусым 

айын да  Қазақстан  Респуб­

ликасы  Судьялар  одағының 

кезектен  тыс  VII  съезін 

шақыру  туралы  қаулы  қабылданды.  Съезд  осы  жылдың 

7  қазанында  Астана  қаласында  өтеді.  Аталған  шешім 

судьялардың кәсіби және моральдық бейнесіне деген қоғам 

талабының артуымен, сондай­ақ Судьялар әдебінің жаңа 

кодексін  қабылдау  қажеттігімен  байланысты.  Осы 

өтетін съезде еліміздің сот жүйесіне қатысты көптеген 

маңызды мәселелер қаралады деп күтілуде. Рас, бұған дейін 

өткен алқалы алты жиында да сот жүйесін жетілдіруге 

қатысты көптеген ұтымды ұсыныстар айтылып, бүгінгі 

таңда  сол  күн  тәртібіне  қойылған  міндеттердің  алды 

жүзеге асырыла бастады.

«Сыр  медиа»  ЖШС 

өз  құра мын дағы  баспа 

және  элект рон ды  ақпарат 

көздерін  біріктіре  отырып, 

жаңа  порталды  іске  қосты. 

Бұл  ретте  әрбір  оқырман 

серіктестікке 

қарасты 

облыстық,  аудандық  және 

қалалық 

га зеттермен 

қатар, 

«Қызылорда 



ньюс»  интернет  газетінің 

әрбір  жаңа  санын,  әрі  ел 

өміріндегі  өзге  де  сан­

салалы  тың  жаңалықтарды  бір  порталдың  өзегінен  таба  алады.  Порталда  сондай­ақ, 

«Жарнама»,  «Хабарландыру»,  «Әлеу  меттік  желі лер»,  «Мұ ра ғат»  және  «Бай ла ныс» 

бөлімдері де Сіздің сұра ны сы ңызды қанағат тан дыру ға қызмет етеді. 

Порталға «syr-media.kz» сілте  месі арқылы кіруге болады. 

ЖАҢА ПОРТАЛ – 

ЖАН-ЖАҚТЫ АҚПАРАТ

Еңбек адамы

Егін – 2016

ТАБЫС ТАБАНДЫ

ТІРЛІКПЕН КЕЛЕДІ

Қоғамның алға жылжып, халықтың экономикалық даму динамикасының өсуі 

жолында еңбек адамдарының алар орны ерекше. Сондай азаматтардың бірі са-

налы  ғұмырын  еңбекке  арнап,  жүйелі  жұмыс  атқарып  келе  жатқан  аудандық 

теміржол стансасы қызметкері Бақытбек Пірмаханов.


Қай елде  болмасын мемлекет негізін берік отбасылар құрайды. Себебі, 

отбасындағы береке мен бірлік елдің дамуы мен нығаюына тікелей бай-

ланысты. «Отан-отбасынан басталады» деген сөздің түп төркінін де 

осы жерден іздеуімізге толық негіз бар. 

Еліміздегі әрбір отбасы бақытты болса, мемлекетіміз де бақытты, 

тату-тәтті  тұрса,  мемлекетімізде  ортақ  ұйысқан  мақсатта  ғұмыр 

кешеді. Екеуі егіз ұғым. Бір сөзбен айтқанда, Отансыз отбасы, отбасын-

сыз Отан болмақ емес. 

Осындай ұлттық  ұлы құндылықтарды жоғары қойған Елбасымыз 2013 жылдан бері «Мерейлі от-

басы» Ұлттық байқауының кең өріс алуына ұйытқы болып, оның жыл сайын қорытындысы жария-

ланып отыр. 

ҚАРМАҚШЫ

таңы


2

27 қыркүйек, 2016 жыл

Айтулы 


байқаудың 

облыстық 

кезеңінде  2015  жылы Серік ағамыз бен 

Балкүл  әпкеміздің,  яғни  Құлмырзаевтар 

отбасының  жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып, 

жерлестерін қуанышқа бөлесе, үстіміздегі 

жылы  осы  өсіп-өнген  шаңырақтың   

тұңғыш  перзенті,  халықаралық  бизнес 

рейтингтер одағының «Қазақстан даңқы» 

орденінің,  «Айрықша  жетістігі  үшін» 

және «Кәсіби еңбегі үшін» медальдерінің 

иегері,  аудандық  мәдениет  үйінің  ди-

ректоры  Ерлан  Құлмырзаевтың  отбасы 

қатысып,  олар  да  байқаудың  облыстық 

кезеңінде    жүлделі  ІІ  орыннан  көрініп, 

қармақшылықтардың мерейін  тасытты.

Сыр  елінің  кілең  жақсы-жайсаңдары 

қатысқан  ұлттық  байқауының    жоғары 

деңгейде өткізіліп, одан кіл жүйріктен кім 

жүйрікті  анықтау  да  оңайға  түспегенін 

білеміз.  «Жүйріктен  жүйрік  озар  жарысқанда»  деп,  атала-

рымыз  айтқандай,  бұл  байқауда  оза  шабу  Құлмырзаевтар 

жанұясына да жеңіл болды деп айта алмаймыз. Дегенмен, әу 

бас та көкірігімізде бұл отбасына деген сеніміміздің болғанын 

да жасыра алмаймыз. 

Ерлан Серікұлы екі жоғары білім алған білікті маман. Бірі-

Қорқыт ата атындағы Қызылода Мемлекеттік университетінен 

«Экономика  және  бизнес  негіздерінің  оқытушысы. 

Кәсіпкер»  мамандығын  алса,  екіншісі-Қазақ  Академиялық 

университетінен «Жоғары білікті заңгер» мамандығын игерген. 

Елдің  азаматы  ретінде  Қазақстан  Қарулы  күштері  қатарында 

әскери борышын өтеген. Еңбек жолын орта мектептің әскери 

пән  ұйымдастырушысы  қызметінен  бастап,  Атырау  облысы, 

Махамбет  аудандық  әскери  комиссариатында  2-ші  бөлімнің 

жауапты  қызметкері,  Қармақшы  аудандық  білім  бөлімінің 

инспекторы,  аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар  бөліміне  қарасты  әлеуметтік  қызмет  көрсету 

бөлімшесінің меңгерушісі, аудандық спорт бөлімінің бас мама-

ны, аудан әкімдігінің бас инспекторы, аудан әкімінің көмекшісі, 

аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы сияқты қызметтік жол-

дардан өткен. 2011 жылдан бүгінгі күн аралығында аудандық 

мәдениет үйі директоры қызметін абыроймен атқарып келеді. 

Ерлан  Құлмырзаев  2013  жылы  «Бизнес  рейтингтер 

одағының»  қорытындысымен  4  мемлекет  арасында  өткен 

аудандық  мәдениет  үйі  алғашқы  100  мекеменің  ішіне  кіріп, 

аталған  одақтың  «Қазақстан  даңқы»  орденімен,  2015  жылы 

«Айрықша  еңбегі  үшін»  және  жылдың  қорытындысымен 

«Кәсіби еңбегі үшін», «Байқоңыр қаласына 60 жыл»  төсбелгі, 

медальдерімен мадақталған. 

Жалпы Құлмырзаевтар отбасы өз өнеге-үлгісімен өңірімізге 

танымал отбасы. Ерланның әкесі Серік ағамыздың өзінен ба-

стап,  одан  тараған  ұрпақтар  бүгінгі  таңда  өнерлерімен  елге 

белгілі. Салауаттылық өмір салтын де берік ұстанады. Ағамыз 

гір тасын көтеруден ардагерлер арасында өткен Азия, Еуропа, 

Әлем біріншіліктерінің жеңімпазы.  2014 жылғы әлем чемпио-

натында рекорд жаңартып, «Гиннестер» кітабына енді. Соны-

мен бірге ол, Қазақстан «Халық емшілері» қауымдастығының 

бірнеше  марапатын  алған.  Ерланның  анасы  Балкүл 

Жалғасбаева білім саласының ардагері. «Әжелер» ансамблінің 

белді мүшесі. Қазақстан Республикасының «Халық емшілері» 

қауымдастығының  «Құрметті  кәсіби  емшісі»  атағының  иесі. 

Қауымдастықтың «Мейірім» медалімен марапатталған. 

Ерланның өмірлік серігі, жан-жары Мереке Акимова Сыр-

дария ауданы, Айдарлы ауылының тумасы. Жоғары білімді ма-

ман. М.Мәметова атындағы педагогикалық колледждің «Баста-

уыш сынып мұғалімі» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда 

Мемлекеттік  университетінің  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 

мамандығы  бойынша  бітірген.    1998  жылы  Қызылорда  қала-

сындағы №7 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 

2008  жылдан  аудан  орталығындағы  №1  санаториялық  ясли-

бақшасында  психолог,  қазіргі  таңда  әдіскер  болып  табысты 

еңбек етуде. 

Ауызбірлікті отбасында 5 бала өсіп-өркенін жайып келеді. 

Нұрасыл №26 орта мектептің 11 сынып оқушысы. Оқу озаты. 

Қоғамдық жұмыстардың белсендісі. Әуез мектебінің домбыра 

сыныбын бітірген. Облыстық «Бозторғай» байқауының дәстүрлі 

өнер  «Күй»  номинациясы  бойынша  2012,  2013  жылдардағы 

жүлдегері.  2013  жылы  Алматы  қаласында  ұйымдастырылған 

халықаралық «Бозторғай» байқауының І орын иегері. 

Бекасыл 7 сыныпта білім алуда. Аудандық жыраулар үйінің 

оқушысы,    ол  да  дәстүрлі  ән  номинациясы  бойынша  түрлі 

байқаулардың жүлдегері. 

Бибімәриям  да  озат  шәкірттер  қатарында  білім  алып 

жүр.  Халықаралық  «Бозторғай»,  республикалық  «Айгөлек» 

байқауларының «Ән жанры» бойынша гран-при иегері. Туған 

елі оның болашағынан үлкен үмітті. 

Отбасының кішкентай тұрғындары Бекнұр мен Жаннұр бірі 

3-те болса, бірі 1 жаста. 

-Ерлан өзінің білікті басшы екенін қызмет бабында көрсетіп 

жүрген  азамат.  Ол  басшылық  жасап  келе  жатқан  осы  жыл-

дар  аралығында  ауданымыздың  мәдениет  саласы  көптеген 

жетістіктерге  қол  жеткізді.  2014  жыл  қорытындысымен, 

Қармақшы аудандық мәдениет үйі бас жүлдеге ие болып, облыс 

әкімінің 2000000 теңгелік сертификатына ие болды. Ән, би, те-

атр үйірме жұмыстары бойынша облыстық сайыстардың алды-

нан көрінуде. Ол қызметте білікті басшы, отбасында қамқор әке. 

Оның отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында да биіктен 

жарқырай  көріне  білді.  Жерлестерінің  ыстық  ықыласына 

бөленді. Біз Құлмырзаевтар жанұясына алдағы уақытта да тек 

қана толағай табыстар тілейміз,-дейді аудандық мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Серік Айдаров әріптес 

жайында. 

Өнер  қонған  әулеттен  тарап,  өздері  де  өнерлі  ұрпақ 

тәрбиелеп отырған Ерлан мен Мерекеге біз де игі жақсылықтар 

тілейміз. Алар асу мен бағындырар белестер әркез көп болғай. 

Ұлтын  ұлықтайтын  ұлдарымыз  бен  қызғалдақтай  құлпырған 

қыздарымыздың  жұлдызы  жоғарыдан  жарқырай  берсін. 

Отбасылық  ұлттық  құндылықтарымызды  қастерлей,  бағалай 

білетін әулеттеріміздің  ғұмыры ұзақ болсын!  

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.    

Мектеп  –  балаларды  бүл дір шін 

кезінен бас тап есейтіп, ер жет кенге 

дейін  сусындататын  алтын  орда. 

«Адам  баласының  жаман  құлқы 

жаратылысынан  емес,  өс кен  орта, 

көрген үлгі, өнеге біл діретіндігінен. 

Көпшілікті  адам  шылыққа  тәр-

биелеу үшін жас буынды жақ сылап 

тәрбиелеу  қажет»,  –  деп  Мұхтар 

Әуезов  айт пақ шы,  жас  ұрпаққа  са-

палы білім мен саналы тәрбие беру 

жауапты  сала  екені  баршамызға 

мәлім.  Ж.Аймауытовтың  «Мек-

теп  –  кеме,  білім  –  теңіз»  сын-

ды  мақалы  бекер  айтылмаса  керек. 

Өйткені сенің  «Мектеп» атты кемең 

қай  жерге  дейін  жетелесе,  сен  де 

сол жерге дейін барып, сол жерден 

көрінесің.    Ал,  теңіздей  шеті,  шегі 

жоқ  біліммен  ұрпақты  жетелейтін 

тұлға-ұстаз. Ұстаз болу, яғни жақсы 

оқытушы  болу  үшін  алдымыздағы 

барлық  балаларды  жақсы  көруіміз 

абзал. 

«Қармақшы  аудандық  бі лім 



бө лімінің  №99  орта  мекте бі»  ком-

му налдық  мемлекеттік  меке месі 

Қармақшы  ауданы  Ақай  ауылын-

да  орналасқан  жалпы  орта  білім 

беретін оқу орны. Қазіргі таңда осы 

ордада  39 мұғалім білім беріп жа-

тыр.  Мектебімізде    қазіргі  таңда 

338  оқушы  білім  алуда.  Мінекей, 

осы оқу-тәр биенің дұрыс жүргізіліп 

жатқа ны біздің, оқушыларымыз бен 

мұғалімдердің  жеткен  жетіс тіктері 

деп білемін.

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден  балаға»  –  деп  ақын 

Абай  Құнанбаев  айтқандай,  мек-

теп  мұғалімдері  оқушыларды  бі-

лім  теңізімен  сусындатып  жат-

қан  жайы  бар.  Оған  дәлел  тө-

мендегідей  жетістіктерге  жету дің 

арқасы  деп  ойлаймын.  Ха лық-

аралық,  республикалық,  об   лыс  тық, 

аудандық    жарыс тар да  оқушылары  

білім    мен  өнер  биі  гінен  көрініп 

жүрген  ұс таз да  рымыз  баршылық. 

Оқу шы лар дың  жетістікке  жетуі 

жетекші-ұс таздары Шаргүл Есқожа, 

Лау   ра  Садықова,  Кеңескүл  Құ дай-

бергенова,  Бану  Айтбаева,  Лау  ра 

Демеуова, Райла Едігеева, Бақыткүл  

Махамбетова,  Ақылбек  Шалбаев, 

Гүлзат  Смағұлова,  Ба қыткүл  Мол-

дабаева,  Майра  Сүгірбаеваның 

еңбектері    деп  бі леміз.  Тағы  бір 

айта  кететін  жайт,  2015-2016  оқу 

жылында    мектебімізде  10  оқушы 

алтын  ұя  мектебімен  қоштасты. 

Жыл бойы дайындаған оқушылары 

ұстаз алдындағы міндеттерін орын-

дап,  ҰБТ-дан  аудан  бойынша  І 

орын алды. Аида Есбергенова «Ал-

тын  белгі»,  Ақбота  Қанатбаева 

«Үздік аттестат» иегері болды. ҰБТ 

тапсырған 10 оқушының барлығы да 

грант иегерлері атанып, бүгінгі күні 

жоғарғы оқу орнының студенттері. 

Ерен  еңбектерінің  арқасын-

да    біздің  мұғалімдер  үлкен  же-

тістікке  жетті.  Пән  мұғалімдерін 

атап  айтатын  болсам,  қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Ла-

ура  Демеуова,  тарих  пәнінің 

мұғалімі  Майра  Сүгірбаева,  био-

логия  пәнінің  мұғалімі  Гүлзат 

Смағұлова, физика пәнінің мұға лімі 

Дәурен  Қали,  математика  пәнінің 

мұғалімі  Мәдина  Нұржанова,  гео-

графия  пәнінің  мұғалімі  Бақыткүл 

Молдабаевалардың  еңбегі  ерек-

ше.  Осы  білімнің  жетістігі  бойын-

ша  мектеп  директоры  П.Төлемісов 

пен  оқу  ісінің  меңгерушісі  Майра 

Сүгірбаева  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  алғыс  хатымен  ма-

рапатталды.  ҰБТ-ға  қа тысқан  10 

оқу шының  10-ы  да  қазақ  тілі  пәні-

нен  «5»-тік  баға  алғандықтан  пән 

мұғалімі  Лаура  Демеуоваға  ау-

дандық  білім  бөлімінің  ал ғыс  хаты 

тапсырылды.  Бұл  мұға лім дердің  

асатын  асулары  әлі  алда  деп  ой-

лаймын.  Жұмыстарына  шығар ма-

шылық табыстар тілеймін.

«Мұғалім  ісі  сырттай  қара-

пайым болғанмен, тарих тағы ең ұлы 

істің  бірі»  деп  Ушинский  айт қан-

дай,  Ұлы  елдің  ұр пақтарына  бі лім 

беретін  ұстаз дарымыз  биік  шың-

дардан көріне берсін!



П.ТӨЛЕМІСОВ,                                                          

№99 орта мектеп директоры.

21  қыркүйек  күні  аймақта  облыстық 

ішкі  саясат  басқармасының  тапсы-

рысымен  демографиялық  саясат  пен 

отбасылық  құндылықтарды  насихат-

тау,  гендерлік  саясатты  жүзеге  асыру, 

қо ғамдағы  тұрақтылық  пен  келісімді 

сақтап,  бейбітшілікті  нығайтудағы  ана­

лар дың  рөлін  айқындау,  «Аймақта  от­

басылық­демографиялық  саясатты  да-

мыту»  әлеуметтік  жобасы  мен  оның 

ал дағы  жоспарын  түсіндіру  мақ са­

тында  Абай  атындағы  аудандық  орта­

лықтандырылған  кітапханада  «Мерейлі 

отбасы» тақырыбында кездесу өтті.

«Мәртебелі  Қазақстан»  қоғамдық 

қорының 

ұйымдастыруымен 

өткен 

басқосуды  қоғамдық  қор  президенті, 



облыстық  әйелдер  кеңесінің  төрайымы, 

ҚХА  жанындағы  Аналар  кеңесі  төр­

айымының  орынбасары  Нұрсәуле  Муса-

ева жүргізді.

Кездесуде  аудандық  әйелдер  кеңесі­

нің  төрайымы  Үрзахия  Махамбетова , 

білім  саласының  ардагері  Гаухар  Бөл­

тірікова,  ақын  Талайлы  Досымова, 

мәдениет саласының қызметкері Не сі белі 

Нұралиева,  тағы  басқалары  сөз  сөй леп, 

тақырып аясында өз пікірлерімен бөлісті. 

Қоғам  дамуында  әйел  ананың  орны 

қашан  да  ерекше  болған.  Өмірде  нәзік, 

істе  мығым,  отбасының  береке,  бірлігін 

ұйыта  білетін  әйел  аналарға  қандай 

құрмет көрсетілсе де артықтық етпейді. 

Шарада «Әжелер» ансамблінің белсен­

ді мүшелері, Батыр ана Айша Бөлекбаева, 

білім  қызметкерлері  бастауыш  ардагер­

лер  кеңесінің  төрайымы  Талмаш 

Жұмабаева,  2015­2016 жылғы «Мерейлі 

отбасы»  ұлттық  конкурсының  аймақ 

бойынша  ІІ  және  ІІІ  орын  жүлдегерлері 

атанған  Құлмырзаевтар  жанұясының 

отанасы  Балкүл  Жалғасбаева,  селолық 

тұтыну кооперативінің төрайымы Үрзада 

Бекмұрзаева, «Батыр ана» қоғамдық бір­

лестігінің төрайымы Бейсенкүл Әбішова, 

Жосалы  кенті  көше  комитетінің  төр­

айы мы  Бақыт  Төребаева  «Мәр тебелі 

Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің алғыс 

хаттарымен марапатталды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет