Ол 1980 жылы аудан орта­ лығындағы аталған меке меде



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата06.04.2017
өлшемі8,99 Mb.
#11089
1   2   3   4

С.ДАТ.

ЖҮЛДЕГЕР 

АТАНДЫ

Мұстафа Шоқай-125

Алдына  жайылған  орамалға  қырық 

бір  құмалақты  шашып  жіберіп,  құмалақ 

көрсеткен  болжамдарды  оқыған  құ ма-

лақшы:

-Ұзақ  жолды  еңсеріп,  ел  шетіне  жа-



қындап  қалыпсың.  Амандық  болса  ауы-

лыңа  жетуге  аз  қалған  екен.  Жүріңкіреп 

отырып,  бүгін  кешке  үй іңе  жетіп  қонсаң 

үйдегі  әйелің  өледі,  ал  ас ықпай  жүріп, 

жолға қонсаң өзің өлесің-деген екен.

Мына әңгімеден кейін бойын бір ызғар 

қарып  өткендей  болған  жолаушы  көпке 

дейін  өзіне-өзі  келе  алмапты.  Екеуі  екі 

жаққа аттанып кеткеннен кейін үйге кешке 

дейін  жетіп  алуы  керек  пе,  әлде  жолға 

түнегені дұрыс па, соны шеше алмай ойы 

онға,  санасы  сан-саққа  жүгірген  ол  не  де 

болса... -  деп, атын шаужайлап жолға сала 

бергенде:

-Не  істеп  келесің  сен?  Осы  уақытқа 

дейін ишщаласып көрмеген, құдай қосқан 

қосағың,  сені  қашан  келеді  деп  жолыңа 

сарсыла  қарап  отырған  адал  жарың, 

балаларыңның  анасы  емес  пе  ол?!  Осы 

қылығыңмен немерелеріңді емірене сүйіп, 

сенің алыс жолдан алып келгеніңді оларға 

мейірлене  таратып  отырған  кезінде  кең 

дүниесін  тарылтып,  бір  сәтте  о  дүниеге 

аттандыра салмақ болып келе жатқаныңды 

сезесің  бе  өзің?  –  деп  жүрегінің  терең 

түкпірінен  атой  берген  бір  дауыс  атының 

басын тартуға мәжүбір етті.

-Қой, не де болса өзім көрейін, ауылға 

жақындап  бір  төбенің  басына  кідірсем, 

не  өзім  сияқты  жолаушы,  не  мал  қараған 

бі реулер  денемді  тауып,  елге  жеткізер. 

Еркек  тоқты-құрмалдық,  от  басымның 

ұйытқысы болып отырған кемпірім 

аман  болсын-деп,  тағдырға  мойын 

сұна берген кезде алла- та-ал ланың 

аманат  еткен  жаны  өзінің  тәтті 

екенін байқатқандай жүрегін жұлқи 

лүпілдеткенде  егесі  тарапынан  қы-

сым  азайған  соң  өз  еркімен,  екі 

жақтың жусаны мен ебелегін кезек 

шалып,  жайбарақат  келе  жатқан 

атының  қос  бүйіріне  екі  етігінің 

өкшесі қал-ла-ай қадалғанын білмей қалды. 

Егесінің кысыңқырап  қалған тақымы мен 

тебінгінің  сыртынан  қатты  батқан  қос 

өкшенің  тегеурініне  шыдамай  ытқырына 

жөнелген атынан түсіп қала жаздап, зорға 

тіктелген  ол  сәлден  кейін  жаяу  бүлкілге 

салып жолға түсті.

Аз  жүрді  ме,  көп  жүрді  ме,  аңғара 

алмай, қай тұсқа келгенін де, қай бағытпен 

келе жатқанын байқауға мұршасы келмей, 

беталды  мәңгіріп  біршама  жерді  артқа 

тастаған оның алдынан бір қария кездесіп, 

жағдай  сұрасады.  Ұнжырғасы  түсіп, 

түрі  келмей  құр  сүлдері  келе  жатқан  оны 

алдында кездескен бір биік төбенің басына 

кідіртіп аттан түсіреді.

-  Е-е,  солай  де,  балам.  Үйге  барсам 

әйеліме,  жолға  түнесем  өзіме  қауіп 

дедің  бе?  Өте  қиын  жағдай  екен.  Десе 

де  ойланайық,  қандай  тығырық  болса 

да  бір  шығар  жері  болушы  еді,  бәрі 

алланың қолында ғой, қарағым – деген ол 

жолаушының мінген атын, үстіндегі киімін, 

қолындағы  қамшысын  асықпай  сыдырта 

бір  қарап  өтеді.  Артық-ауыс  ештеме 

байқалмаған  соң    қария  ер  басындағы 

дорбаны  алып,  аса  сақтықпен  ішіндегі 

буыншақ-түйіншектерді шығара бастайды. 

Кенет  жолға  деп  алып  шыққан  азық 

арасындағы нан ораған түйіншектің ішінен 

бір қара құрт шыға салып, жолаушыға қарай 

тұра жүгіреді. Қапелімде не істерін білмей 

сасып  қалып,  апыр-топыры  шыққан  екеуі 

әупірімдеп  жүріп  әлгі  жәндікті  аяғымен 

таптап зорға өл тіреді.

Мән-жайға қаныққан қария біраз демін 

басқан соң:

-Балам,  қауіп-қатер  сейілді  білем. 

Бүгін  түн  үйіңе  жетсең  сенің  дорбадағы 

заттарыңды  реттеп  жүрген  келінді  мына 

қарақұрт шағып алып өміріне қауіп төндірер 

еді.  Ал,  жолға  түнесең    тамақтанғалы 

жатқаныңда  бұл  қауіпке  өзің  ұрынар  ең. 

Әлгі  құмалақшының  құмалағына  түсіп 

отырған  осы  жайлар  шығар.  Әттеген-ай, 

қауіп-қатерді  сезгенімен  оның  қайдан 

келетінін  тап  басып  айта  алмаған  екен!  – 

депті. 


Өмірден көрген-түйгені мол, көзі ашық, 

көкірегі  ояу,    қарияларым,  мерекелеріңіз 

құтты  болсын.  Сіздер  аман  болсаңыздар 

дүние түгел, көңіл орнында.



Шегебай ҚҰНДАҚБАЕВ, 

Қазақстан Журналистер одағының 

мүшесі

Бұл қасіреттің себебі неде, қандай жағымсыз жағдайлар 

көгілдір  отынмен  байланысты  болуы  мүмкін,  осындай 

төтенше жағдайлардан қалай құтылуға болады?

Жеке секторлардың тұрғындары үшін ең қауіптісі газдың 

өзінің де,  оның өнімдерінің де толық жанбай шығып кетуі 

болып табылады. Соңғысының иісі болмайды және ол тұрғын 

үйге өте тез тарап, қандағы гемоглобинге байланысты адам 

организміне бірден әсер ете бастайды. Оны сезу мүмкін емес, 

сондықтан  халық  оны  «тілсіз  жау»  деп  атайды.  Уланудың 

салдары  –  ауыр  жүйке  жүйелері  мен  тыныс  алу  жолдары 

ауруларына әкеп соқтырады, ал дер кезінде жәрдем көрсетпеу 

- өліммен аяқталады. Осындай уланулардан бүкіл отбасы опат 

болатын жағдайлар өте жиі кездеседі.

 Көп пәтерлі үйлерде табиғи газбен байланысты төтенше 

жағдайлардың  жиі  кездесу  себебі  газдың  шығып  тұруы,  ол 

өрттің шығуына, жарылыс пен улануға әкеп соғады.

Жоғарыда  сипатталған  қауіп-қатерді  болдырмау  үшін 

барлық газ аспаптарын дұрыс қолдану қажет, өйткені оларды 

тиісті  дәрежеде  қолданбағанда,  газдың  шығып  тұру  себебі 

байқалмайды. Бірнеше міндетті ережелері бар: 

1.Барлық  газ  жабдықтарын  сертификатталған  жеткізу-

шілердің  мамандандырылған  дүкендерінен  ғана  сатып  алу 

керек.


2.Барлық  газ  жабдықтарын  монтаждау,  газ  құралдарына 

жүргізілетін болмашы жөндеу жұмыстарын коммуналдық газ 

қызметінің бақылауымен тек мамандар ғана жүзеге асырады. 

3.Жылына ең аз дегенде екі рет мұржа мен желдеткіштердің 

жай-күйін тексеру, түтіннің тартылуын қамтамасыз ету үшін 

оларды тазарту қажет.

4.Дабыл  беретін  заманауи  техника  бар.  Сондықтан, 

қауіпсіздік  автоматикасымен  басқарылатын  газбен  жы-

лыту  аспабын  орнату  қажет,  бұдан  басқа,  табиғи  және 

тұншықтырғыш  газ  иісінің  шығып  тұруын  тоқтататын  жә-

не  белгі  беретін  құрылғылары  бар  жылытқыш  пештердің  

конструкциясымен қамтамасыз еткен жөн. Түтіннің тартпауы 

немесе  иісті  газ  белгілері  пайда  болған  жағдайда  пеш  жаб-

дықтарының  автоматты  түрде  ажыратылуына  және  қатты 

сигнал беруінге мүмкіндік береді. Бұл трагедиядан құтылуға 

мүмкіндік  беретін  жалғыз  кепілдік.  Мұндай  жабдықтар  ба-

ғасы  жағынан  қол  жетімді  және  мамандандырылған  дү-

кендерде сатылады.

Майдагерлік немесе құны жағынан арзан, бірақ сапасыз 

техниканы  өз  бетімен  қосу  немесе  орнату,  бұл  әсіресе 

жылыту және су ысыту жүйелеріне қатысты, сұмдық қауіп-

ке әкеп соқтыруы мүмкін. Газдың шығуы, түтіннің тар тпауы, 

жарылыс  қаупі  және  көптеген  басқа  жағдайлар  газ  жаб-

дықтарын  қосу  кезіндегі  өзіндік  әрекеттің  нәтижесі  болуы 

мүмкін. 

Бұрын  газ  жабдықтарына  қызмет  көрсететін  слесарь-

бақылаушылар жылына екі рет үйлер мен пәтерлерді аралап, 

мұржа  мен  желдеткіш  арналарының  жай-күйін  тексеретін, 

сондай-ақ тұрмыста газды қауіпсіз қолдануды қадағалайтын, 

ал  бүгінгі  күні  бұл  функциялар  бәсекелестік  ортаға  тап-

сырылған  және  толықтай  үй  иелерінің  жауапкершілігінде. 

Сондықтан жеке басының қауіпсіздігін сақтау мақсатында өз 

бетінше қызмет көрсетуге арналған шарт жасасу немесе мұ ны 

ПИК-тен (пәтер иелерінің кооперативтері) талап етуі қажет.

Әне-міне дегенше жылыту кезеңі басталады. Сондықтан 

жазда  осыны  істеп  үлгермегендер  үшін  үйдегі  газ  жаб-

дықтарына,  түтін  тартқыштар  мен  желдеткіштерге  толық 

профилактика жасайтын, сигнал беру жүйесін орнататын кез 

келді.  Қолайлы  кезең.  Қауіп-қатерді  елемеу,  ақыр  аяғында 

адам үшін ең қымбаты – өз өмірін қиюға әкеп соқтыратынын 

естен шығармаңыз!

Қарияның даналығы



ЖЫЛЫТУ  МАУСЫМЫ. 

САҚ  БОЛАЙЫҚ!

«Отау  ТВ»  Ұлттық  цифрлық 

телерадиохабар  тарату  желісінің 

2016  жылдың  сәуір  айынан  бас-

тап 

«Intelsat-904» 



спутнигінен 

«KazSat-3»  спутнигіне  ауысуына 

бай ланысты  «Отау  ТВ»  спутниктік 

ан тен наларыңызды 

«KazSat-3» 

спутнигіне 2016 жылдың қыркүйек 

айының  30  жұлдызына  дейін 

ауыстыру қажет. Ауыстырылмаған 

антенналар  2016  жылдың  қа-

зан  айынан  бастап  жұмысын 

тоқтатады.  Ауданға  жауапты 

«Қаз телерадио»  АҚ  Қызылорда 

облыстық  филиалының  өкілі 

ретінде 


Жасұлан 

Мәжиев 


қызмет  көрсетеді.  Қазіргі  таңда 

«Отау  ТВ»  абоненттердің  спут-

никтік  антенналарын  «Kaz-

Sat-3» 


жерсерігіне 

көшіру 


үшін  58,5 градус күйге келтіру 

жұмыстары жүргізіліп жатыр. 



Толғандырған 

сұрақтарыңыз болса 

Жасұлан Мәжиевтің 

87752260582 нөміріне 

хабарласуларыңызға 

болады.

ҚҰРМЕТТІ 

АУДАН 

ТҰРҒЫНДАРЫ!



Ұзақ жолдан келе жатқан жолаушы ауылына жетуге күндік жер 

қалғанда алдынан қарсы кездескен өзіндей бір кісіге жолығып, бір төбенің 

басында аз-кем ат шалдырып, тынығып алмақ болыпты. Әңгімеден әңгіме 

туып, әлгі кісінің құмалақ ашатын балгерлігі бар екенін білген ол өзіне 

құмалақ ашып, болашағын болжап беруді өтінсе керек.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің деректері бойынша соңғы үш жылда 

газдан уланған, газ жабдықтарының жарылуы мен ақаулы болуынан 318 адам зардап шегіп

оның 82-сі қайтыс болды. Қазақстанда аптасына 2 рет газбен байланысты төтенше 

жағдай орын алады, оның әрбір үшіншісі адам өлімімен аяқталады.

Қазақтелекомнан «Сәтке ілес» акциясы

2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 желтоқсаны аралығында «VIP» топтамасына қосылуға өтінім 



бер де, бірінші айдың абоненттік төлеміне 22% жеңілдік ал.

Анықтама телефоны 160

2014.09.10   №14014826 лицензияны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті берген

Ауданда  жарияланған  көркейту,  көгалдандыру  және  санитарлық  тазалықтың  2  айлығына  біркісідей  атсалысып  жүрген 

ұжымның  бірі-Қармақшы  су  шаруашылығы  бөлімшесі.  Бөлімше  қызметкерлері  Әби  Әбдиев,  Мұрат  Сағаев,  Қуаныш  Құлтасов, 

Мұрат Омаров, тағы басқалары жауапты науқанға ұйымшылдықпен қатысып, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде. 

Ұжым мүшелері өткен сенбі күні Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі бойында тыңғылықты тазалық жұмыстарын жүргізді.                                                                                                                                 

    

Қазбек ТАЙБАҒАРОВ.

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ 

ЖҮРГІЗІЛУДЕ

1 қыркүйек

1 қараша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет