Қолданбалық бағдарламалық қамтамасыз етілудің арнайы тағайындалуы (AutoCad- кіріспе) Қолданбалы бағдарламалық жасақтама



Дата20.02.2022
өлшемі15,63 Kb.
#25954

Қолданбалық бағдарламалық қамтамасыз етілудің арнайы

тағайындалуы (AutoCad- кіріспе)

Қолданбалы бағдарламалық жасақтама — бағдарламалау жүйелерінің көмегінсіз, қолданушы өзінің ақпараттық тапсырмаларын шеше алатын бағдарламалар жиынтығы. Қолданбалы БЖ келесі бағдарламалар класстарына бөлінеді:

  • Жалпы қолданыстағы бағдарламалар;

  • Арнайы қызметтегі бағдарламалар;

  • Кәсіптік деңгейдегі бағдарламалар.

Жалпы қолданыстағы бағдарламалар

Жалпы қолданыстағы бағдарламаларды меңгеру үшін арнайы білімнің қажеті жоқ, сондықтан олар қолданушылармен кеңінен қолданылады. Бұл классқа мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер қорымен жұмыс жасау бағдарламалары, анимациалық графика дестесі, коммуникациялық бағдарламалар, интегралданған және бір мақсатты бағдарламалар жатады. Мәтіндік редактор — бұл бағдарлама символдық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған. Қызметі бойынша бағдарламалар мәтіні редакторы, құжаттар редакторы, баспаханалық жүйелер және арнайы редактор. Бағдарламалар мәтіні редакторы қандай да бір бағдарламалау тілдерінің мәтінің теруге және түзетуге арналған. (Turbo Basic, Turbo Pascal). Бұл бағдарламалар азын аулақ операциялар орындайды: бағдарламаны жолдық жазу, бағдарламаның мәтінің сақтау және оқу және т.б. Құжаттар редакторы құжаттың құрылымы бар мәтіндермен жұмыс жасауға арналған (Word, Word Perfect, Лексикон). Баспаханалық жүйелер сапасы жоғары құжаттарды құруға мүмкіндік береді: буклеттер, газеттер, журналдар, кітаптар (Page Maker, QuarkXPress, Ventura Publisher). Арнайы редакторлар математикалық, химиялық немесе арнайы символдары бар құжаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. (ТЕХ, нотаның таңбалары). Графиктік редактор — бұл бағдарлама графикалық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған (Paint, Photoshop, CorelDRAW). Графиктік редакторлар жалпы және арнайы қызметтегі редакторлар болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі графиктік редакторлар күрделі емес суреттерді құруға, көшіруге, сақтауға және оқуға мүмкіндік береді. Арнайы қызметтегі графиктік редакторлар күрделі техникалық объектілерді жобалауға, әртүрлі үрдістерді үлгілеуге, жарнамалық беттер құруға мүмкіндік береді. Әуендік редактор — бұл бағдарлама дыбыстық ақпаратты құру және өңдеуге арналған (Composer). Кестелік процессор — бұл бағдарлама кесте түрінде берілген ақпаратты өңдеуге арналған. Өңделген кестелер электрондық кестелер деп аталады. Мәліметтер қоры — бұл анықталған белгілері бойынша ұйымдастырылған, жалпы сипаттау және сақтау принциптері бар мәліметтер жиынтығы. Анимациялық графика дестесі динамикалық графикалық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған (3D-Studio, Animator). Коммуникациялық бағдарламалар — бұл бағдарламалар мәліметтерді компьютерлік желілер арқылы жіберуге арналған. Оларға браузерлердің барлық түрлерін жатқызуға болады (Outlook Express, Internet Mail, MS Exchange және т.б.). Интегралданған десте — бұл өзара байланысқан, кешенді есептерді шығаруға бағытталған және қолданушылардың дестедегі барлық бағдарламалармен әрекеттесуін сүйемелдейтін қолданбалы бағдарлалар жиынтығы. MS Office, Works, Framework. Интегралданған дестелердің пайда болу себебі әртүрлі форматтағы мәліметтерді бірге қолдану болып табылады. Сондықтан олар бірегей принциппен әзірленді. Оларда төрт механизмді атап өтуге болады:

AutoCAD 2000 нұсқасы – алға аттаудың тағы бір қадамы болды, екі өлшемді суреттеуде де, сол сияқты үш өлшемді модельдеуде. AutoCAD ең қолайлы «электронды кульман» болып шықты.

Мұндай суреттеудің үлкен артықшылығы сызбалардың электронды архивін реттеуге мүмкіншілігі болып саналады. AutoCAD жүйесінде құрылған әр суретті жеңіл өзгертуге болады, бұдан сызбаларды тең құруға – сызба бойынша аналогтарды – прототип бойынша болады.

AutoCAD жүйесі тек сызба үшін емес, сол сияқты үш өлшемді модельдерді жасауға болады, сондай-ақ Интернет торабымен байланысты қамтамасыз етеді.

AutoCAD жүйесінің мүмкіндік спектрі өте кең, олар бұл бағдарламаны керекті де танымал етіп жасайды. Оны күрделі сызбалық жұмысты орындау кезінде қолдануға болады, сол сияқты кең және әр түрлі курстық жұмыстарды қолдануға болады.

Берілген бағдарламаны білетін тәлімгер, ол өзі жұмыс істей алады, сондай-ақ одан да сапалы, дәл сызбаларды жасауға мүмкіндігі бар.

Үлкен және көп көлемді жұмыстарды жасау мүмкіндігі сапалы басқа деңгейге шығаруға болады зерттеулік, онда есепті бөлімі Excel орындалса, ал сызбалық – AutoCAD.

Курстық жұмыстарды орындаған кезде әр түрлі суреттерді, сызбаларды, сызуларды AutoCAD тан Word-қа және Excel-ге қойған ең қолайлы.

AutoCAD 2000 – бұл әмбебап сызулық жүйе, ол механизм бөлшектерін жобалайды, ғимараттардың жобаларын құрастырады, аймақтық жоспарларымен жұмыс істейді, киім мен аяқ-кешекті құрылымдайды, дизайн жұмыстарын орындайды.

AutoCAD сызулық жұмыстарының автоматтандыру бағдарламасының пакеті жобалаудың қуатты заты болып саналады, ол генерациясын қамтамасыз етеді. Пакет заттары жұмыста жасалған қателерді жеңіл түзетуге мүмкіндік береді, сол сияқты сызбаны жаңадан бастамай оны өзгертуге болады.

AutoCAD пакетінің көмегімен жасалған сызбаның соңғы варианты толығымен стандарт талаптарына сәйкес және қолмен орындалған сызбаның сапасынан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет