«Өлең сөздің патшасы» бөлімі бойынша Оқу мақсаты жиынтық бағалау



Дата01.11.2022
өлшемі17,1 Kb.
#46668

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



«Өлең - сөздің патшасы» бөлімі бойынша


Оқу мақсаты

жиынтық бағалау

10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу


10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы
 Көтерілген мәселелердің ұлттық мүддесін ажыратады
 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді



Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20-25 минут

Тапсырма -1

1. «Сегіз аяқ» өлеңі лириканың қай түріне жатады?


A) Азаматтық лирика
B) Махаббат лирикасы
C) Саяси-әлеуметтік лирика
Б) Табиғат лирикасы
2. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде ақын нені сынға алды?
A) Ел билеушілердің, патшаның болыстық, билік тәртібін
B) Елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі — қазақ әйелдерінің жайын
C) Өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды
Б) Бай мен кедейдің арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін
3. Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) «Қар болды жаным»;
В) «Бойы бұлғаң»;
С) «Сегіз аяқ»;*
Д) «Құлақтан кіріп бойды алар»;
Е) «Жазғытұры».
4. ... Ақындары ақылсыз, надан келіп, көр – жерді өлең қыпты, жоқтан қармап, - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) «Қалың елім қазағым ...»
ә) «Өлең сөздің патшасы»
б) «Сегіз аяқ»
в) «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»


Тапсырма-2.
А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде көтерілген 2 ұлттық мәселені анықтап, дәлелдер келтіріңіз.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Тапсырма-3.
Өлең жолдарындағы автордың образ жасауда қолданған көркемдегіш құралдарын анықтаңыз, қолданысын түсіндіріп, өз ойыңызды білдіріңіз.
Естілер де ісіне қуанбай жүр,
«Ел азды» деп надандар мұңаймай жүр.
Ала жылан, аш бақа күпілдектер
Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________




Бағалау критерийі

тап-сырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тест тапсырмасын орындайды
Көтерілген мәселелердің ұлттық мүддесін ажыратады

1


2

Тест тапсырмасын орындайды
үзіндіден автор көтерген ұлттық мәселені табады;
1-ұлттық мәселе

4

1


2-ұлттық мәселе

1

дәлелдер келтіреді;
1-дәлелдеме

1


2-дәлелдеме

1

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді

3

көркемдегіш құралды анықтайды

1

образ жасаудағы қолданысын түсіндіреді;

1

өз ойын білдіреді.

1

Барлығы

3




11


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет