Өлеңдер, толғаулар, балаларға



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата15.03.2017
өлшемі1,33 Mb.
#9689
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


 
 
 
 
 
 
 
 
Н
Н
е
е
с
с
і
і
п
п
б
б
е
е
к
к
 
 
А
А
й
й
т
т
ұ
ұ
л
л
ы
ы
 
 
 
 
 
 
Өлеңдер, толғаулар, балаларға 
арналған өлеңдер, ертегілер, 
аудармалар
 
 
Алтыншы том
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана-2014 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақтың  көрнекті  ақыны,  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты, 
Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  «Парасат»  орденінің  иегері 
Несіпбек Айтұлының көп томдық шығармалар жинағының алтыншы томына 
әр  жылдары  жазылған  өлеңдері,  толғаулары,  балаларға  арналған  өлеңдері, 
ертегілері, аудармалары енгізілді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ШМУЦ
 
 
 
 
Өлеңдер, толғаулар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ШЕРЛІ НАУАИ, ӨЗІҢ ЖАР БОЛ 
 
Әр нәрсенің болмысына бір құдірет себепкер, 
Асыл сөздің әулиесі, сен де маған медет бер! 
 
Қысылғанда жалбарынып, аруағыңды шақырдым, 
Сен болмасаң, көні кепкен қу медиен тақырмын.  
 
Көз жіберсем, қалың нөпір – ұлы көштің жоқ ұшы, 
Оң мен солым ала шапқын – ақ пен қара соғысы. 
 
Мен де соның ішіндемін тіршіліктен күскенше, 
Ырғай мойын, бейбақ басты семсер қиып түскенше. 
 
Тәубе, нысап жұрдай жерде опа табар ел қайдан, 
Бәз-баяғы өзің көрген сол арпалыс, сол майдан. 
 
Топыраққа оранғанша көрмейді бір жан маза, 
Айғай-шудан құлақ тұнар, аспан асты – даңғаза. 
 
Ғасырлардың қойнауынан зар дауысың жетсе де
Табанымды бастырмайды кірген шөгір өкшеге. 
 
Қалт-құлт етіп заманым тұр ұстараның жүзінде, 
Қияметтің қылкөпірі жатыр өткен ізімде. 
 
Қорқыныштың көлеңкесі қылаң беріп кейпімде, 
Шоққа түскен шегірткедей шырқыраймын кей түнде. 
 
Бір көргеннен білінсе егер бақытыңның кемдігі, 
Кімге керек ұлан-байтақ мекеніңнің кеңдігі? 
 
Азынайды үмітімнің иен қалған қорасы, 
Сырғи-сырғи маған жетті көз жасыңның сорасы. 
 
Жер соқтырды салған уақыт бұлтағына түлкінің, 
Жұрнағына зар боласың тозып біткен Түркінің. 
 
Жапандағы жапырайып жалғыз тұрған бір лашық, 
Жарыта ма жалпақ әлем жарық күнмен сырласып?! 
 
Данышпан жоқ әзәзілдің тілін қырқып отырар, 
Арыстанның азу тісін ақылменен опырар. 
 


 
Көне жұрттан жинастырып, құрағанмен қиқымды, 
Қайда апарып көрсетемін сұры қашқан сиқымды? 
 
Бұққан торғай бүтін қалар, көсемсінген немді алған, 
Теңгедей жер қияр маған текеметтей кең жалған. 
 
Түгендеуге жоқ саяқты сайда саны, құмда ізі, 
Тар қапастай тұл ғұмырдың түннен бетер күндізі. 
 
Көксегенмен өткен өмір жыл құсындай қайта ма, 
Жырыңды оқып жібитұғын жоқ Құсайын Байқара
1

 
Надандықтың сақалы өсті сені кеше налытқан, 
Ақындарды қашан құдай қуанышқа жарытқан? 
 
Сырты сұлу толып кетті, періштеден жаралғыш, 
Іштерінде қара шұбар жылан жатыр жан алғыш. 
 
Қаламыңа сүйен, ақын, өлмесіңді көздесең, 
Жұтыларсың айдаһардың арбағанын сезбесең. 
 
Май шығар ма түпсіз ойдың көк теңізін шайқасам
Осы күні саудагердің нарқы қымбат байқасам. 
 
Таң қалмаймын қан базарда түскеніне құнымның, 
Ей, әулием, өзің жар бол, өле-өлгенше құлыңмын!  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                           
1
1
 
 
 
 
Қ
Қ
ұ
ұ
с
с
а
а
й
й
ы
ы
н
н
 
 
Б
Б
а
а
й
й
қ
қ
а
а
р
р
а
а
 
 


 
 
Ә
Ә
л
л
і
і
ш
ш
е
е
р
р
 
 
Н
Н
а
а
у
у
и
и
 
 
з
з
а
а
м
м
а
а
н
н
ы
ы
н
н
д
д
а
а
ғ
ғ
ы
ы
 
 
п
п
а
а
т
т
ш
ш
а
а
 
 


 
 
 
 БАЙТАҚ ӨЛКЕМ, СЕН ЖАСА 
 
Сырып тастап қараңғылық көрпесін, 
Таң сәулесі аймалайды жер төсін. 
Таң нұрындай тұтас сүйіп-құшсам-ау 
Туған елдің таңғажайып өлкесін! 
 
Ойхой, менің тақсіретті тау-далам, 
Шаршап-талып жеттің аман-сау маған. 
Мен сендердің пора-пора көз жасың, 
Бұлттарыңның бауырынан саулаған. 
 
Қамқорларым, сендер барда дін аман, 
Сәбиіңмін хабары жоқ күнәдан. 
Разымын құшағыңда көз жұмсам, 
Әр төбеңді тастамастан дұғадан. 
 
Сендер бүтін тұрған кезде ел де аман, 
Жыртылмайды ешқашанда жең-жағам. 
Шалқып жүрер менің ұлы шаттығым, 
Құстарыңның қанатында самғаған. 
 
Жылап жатқан жүрегімді уатқан, 
Айналайын үстіңдегі шуақтан. 
Көтерілем шыңыраудан шың болып 
Топырағыңнан алған титтей қуаттан! 
 
Көз алартып саған дұшпан қараса, 
Аспан асты тартар маған аласа. 
Мың үшкіріп, садақаңа берейін, 
Шыбын жаным керегіңе жараса! 
 
Мен жасайын, байтақ өлкем, сен жаса, 
Қор болмаспын қасиетің қолдаса. 
Бұйырмайды маған бақыт ұшқыны, 
Ең алдымен сенің бағың жанбаса!.. 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 БІЗДЕР ҮШІН 
 
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,  
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!  
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,  
Иткөйлекті қанды жаспен жуғанбыз. 
 
Туған жұртқа тірек болу ерге сын,  
Құлдықты енді құдай басқа бермесін.  
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,  
Ешқашанда Отан өле көрмесін! 
 
Әкең өлсе, шешең өлсе жыларсың, 
Балаң өлсе, бір жығылып тұрарсың. 
Отан өлсе, опырылып түскенің, 
Күңіреніп көрге бірге құларсың. 
  
Біздің Отан өліп, қайта тірілген, 
Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген. 
Опат болған ерлер рухы оянар, 
Отан деген лебіз шықса тілімнен. 
 
Отанменен аспандағы Күн егіз,  
Екеуінің амандығын тілеңіз.  
Жас азамат, бұл Отанның қадірін 
Отансыз боп көрген біздер білеміз! 
 
Керек қылса жолында оның құрбанбыз,  
Бәріне де белді бекем буғанбыз. 
Бір кеудеге екі жүрек сыймайды, 
Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 КЕНЕСАРЫНЫҢ КҮҢІРЕНУІ 
 
Намысын қорғаумен алты Алаштың, 
Жаралы көкжалдай жанталастым. 
Опасыз жалғанда, 
Қапыда қалғанда, 
Жете алмай арманға
Ажалдың қақпанын ерте бастым. 
 
Алды-артым қызыл өрт жалындаған, 
Қалдың-ау, ата кек, алынбаған! 
Басымды шабарсың, 
Табанға саларсың, 
Масқара боларсың, 
Қасқырдай талаған қалың надан. 
 
Адасқан, қазағым, бұралаңда, 
Көнбедің басыңды құрағанға. 
Жүгіртіп мың саққа, 
Салсаң да бұлтаққа, 
Не дерсің ұрпаққа, 
«Кенекем қайда!?» деп сұрағанда. 
 
Қырдағы тарпаң ем, 
Судағы шортан ем, 
Шынымен қырсықтың шалғаны ма? 
Қан қатып алдаспан балдағына, 
Қайран жұрт қорғансыз қалғаны ма? 
Байтақ ел – бауырым, 
Ақ орда, ауылым, 
Тапсырдым Абылай аруағына! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 АЛТЫН БУЫН АРМАНДАЙДЫ 
 
Шартараптың жанарында патшамыз, 
Тажалдардың тамағында ақшамыз. 
Соқыр тиын сығымдайды көз жасын, 
Қайыршының жанқалтасын қақсаңыз. 
 
Аран ашып ақша деген патшағар, 
Алтын буын армандайды патшалар. 
Саудагердің саусағында сорлайды, 
Барлық гүлін базарға сап бақшалар. 
 
Ала өкпе ғып мұнда шап та, анда шап, 
Әркім кетті өлмес үшін қам жасап. 
Қазақ малын қырып жатқан қынадай, 
Қайда барсаң, қызыл майдан, қан қасап. 
 
Құрып кеткір о, зобалаң, қырманы, 
Жетті жұттың біз болдық па құрбаны? 
Жалғыз атын жығып берген қорадан, 
Не күйде екен қара шалым қырдағы? 
 
Қасықтай боп қарындағы май тұрса, 
Қырсыққанда жалғыз сиыр жай туса, 
Не болады шалқасынан ай жатса, 
Қаптай соққан қара боран қайта ұрса? 
 
Үрейімнің күнде ұлиды қаншығы, 
Көбейіп жүр жүрегімнің шаншылы. 
Қарайғанда қанды ішіме тартамын, 
Қайта жұтып жанардағы тамшыны. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

10 
 
 
 
 
 ҚАЗАҚ СИҚЫ 
 
Сөз айтпаймын мен саған қитығардай, 
Тұрмысыңның, қарашы, сиқы қандай? 
Жалғыз үйден аумайсың жау тонаған, 
Үрерге иті, сығарға биті қалмай. 
 
Көк торсықтай су толған күмпілдейсің, 
Көлденеңдеп өткенді құр тілдейсің. 
Қара сабау жоныңа қатты тисе, 
Жолға түскен күшіктей бүлкілдейсің. 
 
Қарақшы боп өзіңнен туған бала, 
Қан сигізді қашқанға, қуғанға да. 
Қуат алып әйтеуір қалқиясың 
Желбіреген көктегі Тудан ғана. 
 
Қаладағы үзгенмен қыздан күдер, 
Жай-күйіне жүрегің сыздап жүрер. 
Ішіңдегі жалының басылар ма, 
Қаңтардағы асасаң мұздан бірер?! 
 
Қай ұшына білмейсің тартарыңды, 
Күнде қиып қысқарған арқаныңды. 
Қораңдағы қойыңнан үміт үзіп, 
Түгендейсің таудағы арқарыңды. 
 
Бойға біткен бұйырмай құтың-дағы
Төсеніштің қалмады бүтін жағы. 
Екі қолың босамас борбайыңнан, 
Тозған шалбар тоналса бұтыңдағы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

11 
 
 
 
 КӨР ІШІ – ҚАРА ҚОБЫЗ 
 
Тірліктің тұраласа кер шолағы, 
Көңілге қай-қайдағы шер толады. 
Арманды адам қуып жеткен емес, 
Қырандай қос қанатың болса-дағы. 
 
Таба алмас бұл жалғаннан жаның бақыт,  
Жастығың өте шығар жалындатып.  
Әкетер әлдеқайда ажал сені,  
Біраз күн жер бетінде дамылдатып. 
 
Мәңгілік бас қоясың оралмасқа,  
Іздесе елесіңді таба алмасқа.  
Қарайып қосың қалар арт жағыңда,  
Белгі жоқ, бедерің жоқ одан басқа. 
 
Ол-дағы қанша тұрар құдай білер,  
Бір күні құзғын келіп құмайды ілер.  
Ұйқыдан қу сүйекті оята алмай,  
Ақырын ішін тартып жылайды көр. 
 
Көр іші – қара қобыз күңіренген,  
Ешқашан тілдесе алмас тірілермен.  
Тылсымның жұмбақ сырын қайдан ұқсын,  
Қара құрт қара жердің түбін емген?.. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

12 
 
 
 БАБА ЖҰРТЫНДА 
 
Арызым бардай тағдырға, 
Жетіп ем ұшып күн батпай. 
Құлазып жатты алдымда, 
Бабаның жұрты тіл қатпай. 
 
Баяғы самал жел есті, 
Баяғы бұлақ сылдырап. 
Тереңге шөккен елесті 
Тірілтер қайта кім бірақ? 
 
Шыдайсың қалай мұңданбай, 
Жүректі өксік қысқанда? 
Аңырап жылап тұрғандай 
Қаңырап қалған қыстау да. 
 
Сырғанап түсіп көзден жас, 
Ұқсайсың жетім ботаға. 
Қорымдар ғана қозғалмас, 
Қарайған қоңыр жотада. 
 
Болса да мәңгі жылжымас
Қара жер тұрмас кетілмей. 
Көненің ізі жым-жылас, 
Су шайған құмның бетіндей. 
 
Адамсыз жерде құн бар ма, 
Түргенмен құлақ айнала. 
Айналаң үнсіз тұрғанда, 
Тұлдыр ғой өмір қайда да. 
 
1988 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13 
 
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ МЕКЕНІ 
 
Адамзаттың ардағы, 
Азаматтың арманы –  
Қарлығаштың мекені –  
Қарлы таудың ар жағы. 
Көңілімді қалдырды 
Дүниенің жалғаны. 
 
Асқарға мұз қатады, 
Асу бермей жатады. 
Қарлығаштың төсіндей 
Ағарып таң атады. 
Қарындастың қалғаны 
Қабырғама батады. 
 
Адастырмай табатын, 
Ақ жұлдызым жанатын, 
Тоса-тоса өзіңді, 
Таусылды ғой тағатым. 
Қарлы таудан ассаңшы, 
Қарлығашым – қанатым!.. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

14 
 
МҰХТАР МЕН АБЫЗ 
 
   Тәңірінің күні жарқырап... 
Абай 
 

 
Ақ домбыра, еңіре, қара қобыз, күңірен,  
Аш күзендей бүгілем, алдыңа кеп жүгінем.  
Алтын сақам үйірген алшы тұрмай тігінен,  
Тайқып барып тәйкесі, жатып қалды бүгінен.  
Сыры бөтен сойқанның сескенемін түрінен,  
Суық ызғар соғады тас түнектің түбінен.  
Қара шұнақ лағың – құрбандығың болайын,  
Ал, тебірен, аруағым, күнімен де түнімен!  
Қиянаттың қамшысы сұр жыландай қайқы бас,  
Сілтегенде ысқырып, зәр шашады тілінен.  
Жұмырыңа жұқ болмас іркіт ойым іріген,  
Не табасың, қызыл тіл, ит жалаған күбіден?! 
 
 
II 
 
Көмейіндей ажалдың қуыс түрме қараңғы,  
Иірімдей тартады ін түбіне адамды.  
Жан-жүрегін мұздатқан соқыр-мылқау зіл батпан,  
Көрсетпей тұр Мұхтарға мынау жарық ғаламды.  
Тажал мініп тағыңа, түлен түртсе шабына,  
Бас көтерсең, зынданға батырады қараңды.  
Кісенделген тұлпардай тар қапасқа қамалды,  
Шырғалаңнан құтылар қалай табар амалды?  
Ой соңында сарылып, кірпік ілсе талығып, 
Шыңғыстауға түсінде шыққан екен самалды.  
Ақ сақалы желпілдеп, ақ селеудей селкілдеп,  
Күңірене қарсы алды Нысан абыз заманғы. 
 
Нысан абыз: 
 – Сен сұрасаң болжа деп, мен айтайын, уа, балам,  
Көріп тұрмын көк түтін – о, зобалаң, зобалаң!  
Шаңырақтан бақ безіп, құт қашады сабадан,  
Ел қынадай қырылар, жусағандай обадан.  
Ақ сүйектей домалап айдалада мама ағаш,  
Желі менен көгенің желге ұшады тонаған.  
Қыраныңның қанаты керегедей саудырап,  
Жаңғақ болар тұғырың, томар болар томағаң!  

15 
 
Қолың кетпей жағадан, көзің кеппей сорадан,  
Тілің тозар көнектей қырық шоқпыт жамаған.  
Салбыраған басыңа жапалақ кеп саңғиды,  
Торпағыңды аш бөрі тарпа бас сап қорадан.  
Сарқыраған өзенің бұғауланып сағадан,  
Зауал төнер жеріңе жүндей түтіп сабаған.  
Аңдысқаның көбейіп жолдас пенен жорадан,  
Оққа байлап бересің арысыңды арадан.  
Қатын-бала сүргінде қойдай шулап қаңғырып,  
Қыл тақымын қиғызар зұлым итке қабаған.  
Мола бұзған антұрған жатырына жүгіріп,  
Ат үстінен шаптырар жұрт тынышта, ел аман.  
Босағаға қол жайып төрде отырған төрелер,
 
Ауыздары босамас күнде жеген парадан.  
Құс қанатын талдырған ұлан-байтақ даладан,  
Өрттің бетін қайтарар табылар ма жан адам?  
Маңдайшасы орданың жай түскендей қақырап,  
Алты Алаштың баласы айырылар панадан.  
Айналайын, жан ботам, мен кетейін садағаң,  
Жаратқаның жар болып, жаның қалсын жаладан! 
 
Мұхтар: 
 – Не деп кеттің, қария, сөзің қандай зәрлі еді,  
Шыныменен тимей ме Тәңірінің жәрдемі?  
Арғымақтан жал кетсе, азаматтан әл кетсе,  
Қайда қалмақ қалың ел құрығанда дәрмені? 
 
Домаланса есікте алтын басым төрдегі,  
Күңіренер аруағы жеті атамның көрдегі.  
Пәруәрдігер, ала бер шыбын жанды мендегі,  
Айнымаса егерде әулиенің көргені?! 
 
Байқамаса қызыл тіл қарып түсер шоқ бейне,  
Адасады ақылың, жаңылады жақ кейде.  
Бұйырмай ма қазаққа сынық күлше бақыттан,  
Қара аспанды төндірмей, абыз ата, ақ сөйле!? 
 
Нысан абыз: 
 – Көз жіберсем қиырға – сергелдең де сергелдең,  
Бұлдырайды босқан ел, сағым қуып сенделген.  
Шыңғыстаудың шоқтығы шымылдықтай қара нор, 
Мына сұрғылт заманның сиқы жаман мен көрген.  
Шала түтін бықсиды иттің көзі танымас,  
Тостағаның жарымас қойдан қозы бөлгенмен.  

16 
 
Бүктемесең жауыңды, жем боласың қорқауға,  
Тектемесең түбіңді, тең боласың өлгенмен.  
Қылыш жалды қия тас – жүрер жолың жалама,  
Барар жерің белгілі, болашаққа сенгенмен.  
Көп шиырлап шығарсың сиқырлаған шеңберден,  
Мысық бүрген торғайдай құтыларсың шеңгелден.  
Өмір екі келмейді, дүние-боқты тергенмен,  
Жанның нұры сөнбейді, жаққан отың сөнгенмен.  
Ақ жүзіңді жасырып, жер-бесікке көмгенмен,  
Аңырайды үкілі тал бесігің тербелген.  
Қарлы боран үйіріп, құзға қатер төнгенмен,  
Сұңқар, сірә, тастамас өз ұясын жем берген!  
Жаралғалы жалғанның тетігі жоқ жөнделген,  
Жете алмассың мұратқа желге мініп желгенмен.  
Келе жатыр бір зұлмат кең жаһанға қонаққа, 
Көкірегі – көрлақат, екі көзі шелденген. 
 
Мұхтар: 
 – Адырнасын бір сөздің тартып қалдым ойжота,  
Ұшқыр тілді жебедей көңіліңе бойлата.  
Қырау басқан қабағың бара жатыр түнеріп, 
Кешірім ет ұлыңа, тағы не бар, сөйле, ата!? 
 
Нысан абыз: 
 – Ілінгендей тағдырың ине-жіпке сабақты,  
Кезенгендей сұрмерген саған қарай садақты.  
Туырлықтай жақпар тас жан-жағыңнан камапты, 
Жұтқалы тұр басыңды айдаһардай абақты! 
 
Мұхтар: 
 – Әулие ата, сөзіңнің сыңайынан қорқамын,  
Қанжар қиып түсердей қантамырын қолқаның.  
Ұлығанда ішімде бөлтірігі үрейдің,  
Жалғыз қалған көкжалдай жапан түзде жортамын.  
Суға салсаң сөлі жоқ, желге ұшырсаң дәні жоқ,  
Қуыс кеуде көбейді қауызындай арпаның.  
Зарлап өзің айтқандай, халқым қайтіп күн көрер,  
Жақсыларды сыпырды бетіндегі сорпаның.  
Алла рақым етпесе, ел мойнынан кім шешер  
Қарғыдай боп жабысқан қасіреттің арқанын?  
Маңдайдан сор кетпесе, таусылғанша талқаным,  
Құмға құйған құрдымдай көздің жасын сарқамын.  
Айырыққа тірелдім, қай жағына тартамын?  
Оң жағымда – шөлейтім, сол жағымда – сортаңым.  

17 
 
Оңға тартсам өлім бар – өткір жүзі балтаның,  
Солға тартсам арыма азап жүгін артамын.  
Ұлтым үшін аттанса жаһаннәмға жан-тәнім,  
Жер астында – сүйекпін, су астында – малтамын.  
Ұят күшті өлімнен, үйім тозақ көрімнен, 
Күнім караң Алашсыз – алдымдағы қалқаным! 
 
Нысан абыз: 
 – Не көрмейсің, шырағым, шыр айналған жалғанда, 
Шу асаудай көнерсің құдай басқа салғанға! 
Қалың тобыр кімге ерер, қалмаса артта бір қара, 
Жау жағаға жармасып, бөрі етектен алғанда?! 
Тұл өмірдің анасы – түпсіз өлім, таңданба,  
Шырылдаған жан барда, тірлігіңе шамданба!  
Түлкі болса заманың, тазы боп шал, алданба,  
Дүние бір айналар, өте бермес арманда!  
Ең алдымен Тәңірдің тапсырғанын орында, 
Құлқын үшін жалданба, халқың үшін тал қарма! 
 
Мұхтар: 
 – Көргендеймін, әулием, сөзіңнен бір саңылау, 
Тағдыр бірақ тасмылқау, селт етпейтін саңырау. 
Жауға басым байланса, жұртымдікі жүрегім, 
Мен – ызалы жолбарыс, құйрығында қоңырау. 
Аруақ өзі жұмсаса аянатын не қалды, 
Оқ тигендей онсыз да шұрық-тесік омырау?!  
 
Бабам Сұлтан Әзірет Түркістанда қолдасын,  
Хан Абылай, Қабанбай жұлқысқанда қолдасын! 
Сөз атасы – Майқы би, жыр патшасы – ұлы Абай, 
Арсыздармен күнде бет жыртысқанда қолдасын!  
Сүйген қазақ баласын, бәйтерегім – Алашым,  
Бұталса да бұтағың, түп-тамырың солмасын!  
 
Жарылқаса Жаратқан, қотыр тайлақ көшке ерер,  
Күні бітсе құлайды ханның басын кескен ер. 
Құтырынған індеттің ыңғайы жоқ дес берер,  
Қойға келсе топалаң, қабатында ешкі өлер.  
Тиянақсыз қайран ел алтыбақан, алауыз,  
Жеті басты жалмауыз қайтіп одан сескенер?!  
Екі кәпір қосылса, көлеңкесі дос келер,  
Екі көзі қазақтың бір-біріне өш келер.  
Бұйдасына жармасты ұлы көштің, о, тоба,  
Іші – хайуан, сырты – адам, өңкей надан – кещелер! 

18 
 
Қатарымнан айрылсам, қанатымнан қайрылсам, 
Соқа басым селтиген қурайды да ес көрер! 
 
Өрге шапқан тарландай тарылады тынысым,  
Қызыл қанға малғандай батыс пенен шығысым.  
Дүлейді де желкелеп жүгендейтін күн туар,  
Түгендейтін қазақтаң өлісі мен тірісін. 
Алты айшылық алысым, жеті күндік жүрісім –  
Атырау мен Алтайға шалқып жатқан ұлысым!  
Бөрі басты байрағым көкке қарап ұлыса,  
Найзағай боп жарқылдар жасырулы қылышым!  
 
Қаратаудай күңіренсем, қара түнге қосылам,  
Алатаудай тебіренсем, көшкен бұлттай жосылам. 
Алашым деп азаптың ажырығын арқалап,  
Батқан күндей түнеріп, шыққан күндей ашылам!  
Көрінгеннің алдында көк желкесін қасыған, 
Біздің тағдыр тастар ма таз кепешін басынан? 
Ақ бәкісі Абайдың кіндігімді кесіпті,  
Кемеңгердің дәм татқам Қызыр қонған қосынан! 
Құлағыма келеді әлдекімнің дауысы,  
Қош-есен бол, әулие, мен бір жаққа асығам!  
Бағытымды баратын сізден несін жасырам
Іздегенге табылам Абай атам қасынан!  
Қолқанатпын рухына, жетсе шолақ өмірім, 
Абай – менің Тәңірім, ғұзырына бас ұрам! 
 
Нысан абыз: 
 – Ақ батамды берейін, ал, қолыңды жай, балам,  
Әулиелер қолдасын аспан астын жайлаған!  
Соқыр тұман сейіліп күннің көзін байлаған,  
Елің жерге сыймасын құмырсқадай қайнаған!  
Арам қатып арсыздар, отқа жанып жансыздар,  
Асқақтасын жығылмай алтын туың жайнаған!  
Суға кетіп сатқындар саған қастық ойлаған,  
Опырылсын дұшпанның азу тісі қайраған!  
Құрбақалар құрысын сүрінгенді тойлаған,  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет