Олимпиадалық тапсырмалар. 5 сынып. Оқылым



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата25.11.2022
өлшемі224,16 Kb.
#52603
  1   2   3   4   5   6   7


Олимпиадалық тапсырмалар. 
5 сынып.
 
Оқылым. 
(Өзге ұлт өкілдеріне) 
1. Мәтінді оқып астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. (5 ұпай ) 
Арыстан мен түлкі 
(Ертегі) 
Арыстан қартайып, аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды 
амал-айламен аулағысы келді, өзі үңгірде жатты да: 
-Аурумын, жүрүге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты. Аңдар бір-бірлеп
арыстанның халін білуге келе бастады. Арыстан олардың біреуін де қайтармады. Бәрі де 
арыстанға жем болды. Бір күні арыстанның халін білуге түлкі келді. Ол үңгірде алысырақ 
тұрды да: 
-Халің қалай? – деп көңілін сұрады. 
-Халім нашар, неге жақынырақ келмейсің? – деді арыстан. Түлкі: 
-Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ, - деп жүгіріп 
кетіпті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Мәтінге байланысты тест тапсырмалары: 
 
1. Мәтінде қандай антонимдер бар ? 
А) арыстан, түлкі В) алысырақ, жақынырақ С) амал-айламен
Д) бастады, таратты Е) жүгіріп, кетіпті 
2. Мәтінде түлкі қандай? 
А) ақылды В) мақтаншақ С) әдемі Д) сабырлы Е) төзімді 
3. Мәтінде кім қартайды? 
А) түлкі В) аңдар С) арыстан Д) қасқыр Е) кірпі 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет