Өлмеген құлға жаз келді



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі261,12 Kb.
#6051

Қалдырған ізің мәңгілік 

Сәбит Бексейіт 

лгі бір  қиссада "Өлмеген 

құлға жаз келді" деуші ме 

еді... Жазын не, ғұмыры 

таусылмаған жанға жаңа заман 

келді, тұтас бір ғасыр келді, 

көкжиегіне көз түгіл көңіл 

жетпейтін мыңжылдық келді. 

Дәлеш апай ой үстінде. Осы ой 

мазалағалы біраз болды. Еліміздің 

егемендігі мен мемлекетіміздің 

тәуелсіздігіне тәу етіп,  қол 

жеткенге тәубе етіп, Алла 

бұйыртқан нәсіпті қанағат тұтқан 

бүткіл мүһмін мұсылман 

қауымымен бірге жаңа ғасыр мен 

үшінші мыңжылдықты отыз күн 

оразамен  қарсы алды. Соның 

алдында да, одан бері де бұл ой бір 

тыным берген емес. Өмірдің көбі 

кетіп, азы қалғанда әр пенде 

баласы осындай ой жетегінде 

болатын шығар. Ал дәуір мен 

дәуір алмасар шақта ол тіптен 

ширыға түсетін сияқты. Кешкен 

тірлігі мәнді болды ма, артында 

қалған ізі бар ма? Не бітірді, не 

тындырды? Ғұмырдың ғибратты 

болмағы қандай? Өзінің, әзінен 

бұрын жұбайы Мәдіханның еңбегі 

ақталып, жұлдызы жанды ма? 

Көзден таса болған соң ескерусіз 

қалып,  ұмытылып кеткен жоқ па?! 

Бәрінен бұрын осы соңғы сауал 

қинайды жанын. 

Апырай, ә, бәрі күні кешегіндей 

еді ғой.  Қатар жүріп кешкен 

күндер тізбегі көз алдынан кино 

ленталарындай сырғиды-ай келіп, 

сырғиды... Басқа тірлік өз алдына, 

әріптес болып жүріп, білім беру 

саласына жұбайы отыз жеті жыл 

ғұмырын, ал бұл отыз жыл 

ғұмырын сарп етіпті. Білген жанға 

бұл аз ғұмыр емес. 

Бүгінде зейнеткер, күні кешегі 

халық ағарту ісінің үздігі Дәлеш 

Саина ойша ғұмырнама беттерін 

ақтарып отыр... 

Әбсаматтың Мәдіханы 1926 

жылы осы Жаңаарқа ауданында 

дүниеге келді. Ауданымыздың 

білім ордаларының  қара шаңырағы 

- бүгінде алпыс алтыншы оқу 

жылын өткеріп жатқан № 1  қазақ 

орта мектебінің 1 -сыныбына 1934 

жылы келіп, оқуын бастады. 

Еншісіне ерте есею тиген ұрпақ 

өкілі емес пе, төрткіл дүниені 

дүрліктірген Ұлы Отан соғысының 

сұрапыл жылдары халқымыздың 

басына төнген ауыртпашылыққа 

байланысты 9-сыныптан кейін 

оқудан еріксіз қол үзіп, еңбекке 

араласты. 

Басында есепші, одан соң 

нұсқаушы-бухгалтер болды. Одан 

комсомол жұмысына ауысты. 

Бүгінгі жасқа айтсаң сенбейді-

ау, ол кездің жастары оқу-білімге 

ынтық, алға  қойған мақсатына 

жетпей тынбайтын табанды да 

жігерлі болатын. Соғыс біткен 

жылы ол аудандық комсомол 

комитетінде бәлім меңгерушісі 

қызметін атқарып жүрген жерінен 

үзіліп  қалған оқуын жалғастыру 

үшін өзі табалдырығын аттаған 

білім ордасына  қайыра оралды. 

Келер жылы орта мектепті 

ойдағыдай аяқтағаннан кейін 

Алматыдағы Абай атындағы 

Қазақтың мемлекеттік педагогика 

институтының тарих факультетіне 

түсіп, оны 1950 жылы бітіріп 

шығады. 

Бір кездегі шәкірт, енді 

ұстаздың кәсіби мамандығын 

алып, өзін білімге қанаттандырған 

алтын ұясын - № 1 мектепке 

оралады. Алғашында мұғалім, 

одан кейін оқу ісінің меңгерушісі, 

мектеп директоры болып қызмет 

атқарады.  Ұстаздардың  ұстазы 

Ыбырай Алтынсариннің "Маған 

жақсы мұғалім бәрінен де  қымбат, 

өйткені мұғалім - мектептің жүрегі" 

деген аталы сөзін өмірінің 

қағидасына (принцип) 

айналдырған ол, мейлі басшы 

болсын, мейлі қосшы болсын, 

қашанда жақсы мұғалім болуға 

тырысты. Солай болды да. 

Үнемі ілгерілеп, өсу үстіндегі 

жоғары білімді әрі қабілетті 

азаматты байқамай  қойсын ба, 

Мәдіхан Әбсаматов 1958 жылы 

аудандық партия комитетіне 

дәріскерлік (лектор)  қызметке 

шақырылды. Номенклатуралық 

қызметкердің бір орнында 

тапжылмай отыруы сирек, 1959 

жылдың мамыр айынан аудандық 

мәдениет бөлімінің меңгерушісі 

болып, бір жылдан астам ғана 

қызмет еткеннен кейін аудандық 

халыққа білім беру бөлімінің 

меңгерушісі болып тағайындалды. 

Мәдіхан 1972 жылы тағы да 

өзінің  ұстаздық жолын бастаған № 

1  қазақ орта мектебіне директор 

болып келеді. Кейіннен тарих және 

қоғамтану пәндерінің оқытушысы 

болып жемісті еңбек етіп, 1987 

жылы  құрметті еңбек демалысына 

шықты. 

Кейбір адамдар "тәйірі, сабақ 



бергеннің несі қиын?!" деп жансақ 

пайымдайды. Рас, мұғалімдердің 

арасында сабаққа ешбір әзірліксіз, 

бар білгенімен бара беретіндер де 

баршылық. Мәкең өйте алмайтын. 

Тарихтың әр кезеңдегі саясаттың 

ықпалымен бұрмаланған тұстарын 

бұлтартпас фактілер мен тың 

деректерге сүйене отырып, түзете 

айтуды жөн керетін. Соның бірі -

Кенесары  Қасымов бастаған  ұлт 


азаттық көтерілісі. Кеңес 

тарихнамасына жүгінсең, бұл -

халықтың тыныштығын бұзып, 

хандық билікті көксеген, жеке бас 

қамын діттеген  ұлтшылдық 

қозғалыс. Заманынан озып туған 

Ермұхан Бекмахановтың 

парасатты пайымына  ұйысақ, бұл -

ақ патшаның отаршылдық 

саясатына ашық  қарсы шыққан 

қазақтың  ұлт азаттық көтерілісі. 

Осыны лақ еткізіп төге салмай, 

шәкірт санасына сыналап жеткізу -

әрі үстаздық, әрі азаматтық 

парызы. "Ал сендер  қалай 

ойлайсыңдар?" деп, таным мен 

пайым үдерісіне оқушылардың өзін 

қатыстырып,  қызықтырып тарта 

отырып өрбітілген әңгіме әр кез 

ұтымды болатын. Оның үстіне 

тарих -

жалпыадамзаттық пән 



ғана емес, сонымен 

бірге шәкірт бойына 

отаншылдық сезімін 

дарытатын, өскелең 

ұрпаққа Отанын, елін, 

елім деп еңіреген 

ерлерін таныстыратын, 

олардың тағылымын 

тәлім ететін азаматтық 

пән. Бейнелеп айтсақ, 

тарих - Отантану, 

Елтану, Ұлттану, 

Тектану, Азаматтану. 

Аллаға шүкір, 

Мәдіханның замандас 

және ізбасар әріпестері 

оның  ұзақ жылдарғы 

еңбек жолында 

ауданның халыққа білім беру ісін 

уақыт талабына сай ілгері 

бастыруға елеулі үлес  қоса білгенін 

үнемі атап келеді. Содан да оның 

жарқын бейнесінің бірге еңбек 

еткен әріптестерінің, алдынан дәріс 

алған шәкірттерінің және оны 

білетіндердің баршасының есінде 

мәңгі сақталатынына кәміл сенеді. 

Мәкең марапаттан да  құр 

алақан болған жоқ. "Қазақ КСР 

халық ағарту ісінің озық 

қызметкері" (1964) белгісін, "Ерен 

еңбегі үшін" (1970), "Еңбек 

ардагері" (1984) медальдерін, 

Жезқазған облыстық білім беру 

қызметкерлері кәсіподақ 

комитетінің (1976), жоғары мектеп 

және білім беру мекемелері 

қызметкерлері облыстық кәсіподақ 

комитетінің және № 1  қазақ орта 

мектебінің (1987)  Құрмет 

грамоталарын иеленді. 

Сайлаушылардың аманатын 

арқалап, Атасу поселкелік 

Кеңесінің (1955-57), Жаңаарқа 

аудандық Кеңесінің (1961) 

депутаты болды. 

Елге сіңірген еңбектің жақсы 

екенін, еңбекті елеген елдің жақсы 

екенін білетін Мәкең өзін шын 

бақытты сезінетін. Шынында да, 

еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын 

сезінуден үлкен бақыт бар ма?! 

Алдынан дәріс алған көптеген 

шәкірттері бүгінде белгілі ғалымдар 

және үлкен лауазымды 

қызметкерлер. Солардың легінде 

медицина ғылымдарының докторы, 

профессор, X. Мақажанов 

атындағы облыстық ортопедиялық 

аурухананың бас дәрігері Кәрібай 

Садырбаев, медицина 

қондырған үлкен жүректі әке, 

халқына сыйлы  ұлағатты  ұстаз, 

кейінгі толқын - інілеріне тәлімгер 

аға былтырдан бері араларында 

жоқ. Барлық ғұмырын халыққа 

білім беру ісіне, өскелең жас ұрпақ 

тәрбиесіне арнаған ауданның абзал 

қарияларының бірі былтырғы 

наурыздың 24-і күні дүниеден озды. 

"Жатқан жерің жайлы болсын, 

топырағың торқа болсын!" деп, 

соңында жарты ғасырдан астам 

бірге ғұмыр кешіп, еңбек еткен 

зайыбы Дәлеш,  ұл-қыздары мен 

немерелері, ағайын-туысқандары 

мен дос-жарандары, 

замандастары мен шәкірттері 

қалды. Ғибратты ғұмыр кешкен 

ұлағатты ұстаз Мәдіхан 

Әбсаматовтың мәңгілік ізі  қалды. 

Ол із мұрағаттарда, 

әріптес замандасы 

Далбай Ізтілеуов  құрған 

аудандық мұражайда, 

аудандық газеттің 

сарғайған беттерінде 

сайрап жатыр. Бәрінен 

бұрын ол өшпес із -

шәкірттерінің зердесінде. 

Дәлеш апай аяз өрнек 

салып, мұз кілеукелеген 

әйнектен сыртқа көз 

салды. Кешелі-бүгін  қар 

мол жауған екен. 

Кіршіксіз көңілдей аппақ 

қар. Енді  қанша рет  қар 

басатыны бір Аллаға ғана 

аян. Бір білетіні, балалары 

мен немерелерінің 

қызығына тояр емес. Тұла 

бойы тұңғышы Ләззат - аудандық 

орталықтандырылған 

кітапхананың бөлім меңгерушісі, 

оған тетелес Оразы -

коммуналдық шаруашылықта 

инженер.  Қарағандыда тұратын 

екі үлдың үлкені Шора -  құрылыс 

инженері де, кішісі Ғалы -

кәсіпкер. Әке-шешесінің жолын 

қуған  қыздары Бақыт  Қаражалда 

тұрады. Кенжелері Бақытжан 

аудандық  қаржы бөлімінде 

қызмет істейді. Иншалла, осы  ұл-

қыздарынан жиырма немере сүйіп 

отыр. Солардың тілеуін тілеп 

отырған жайы бар. Мәдіхан ата 

алып бәйтерек болса, соның 

бұтақтары - балалары, жас ескін 

жапырақтары - осы немерелері. 

"Құдайға шүкір!" демегенде 

қайтеді. Ғибратты ғұмырды 

өздеріне тағылым етер жас  ұрпақ 

өсіп келеді... 

ғылымдарының докторы, 

Қазақстан Республикасы  Ұлттық 

Ғылым академиясының 

корреспондент мүшесі Ғабдолла 

Құлқыбаев, тарих ғылымының 

докторы Хангелді Әбжанов бар. 

Осы жерде кезінде өзі 

шығармаларын сүйіп оқыған 

Сәбеңнің - Сәбит Мұқановтың 

мұғалім туралы мына бір жолдары 

тіл  ұшына еріксіз оралады: 

Мұғалім. Бұл адамның 

ардақты аты, 

Білімдік бар биікке шығар саты. 

Ең алғаш басталады 

осы адамнан, 

Сүйеді сондықтан да жақын, 

жаты... 

Бар ғалым, барлық  қоғам 

мұғалімді, 

Сыйлайды, мәңгі бақи 

беріп төрін. 

Ұлын ұяға, қызын қияға 



Азия Транзит. - 2001. - №3. - 39-40 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет