Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы. Тұлғаның денсаулық психологиясы



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі22,81 Kb.
#22310
  1   2   3

Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы. Тұлғаның денсаулық психологиясы

Өмірдің мәні - қарапайым адам бола білуде, әрбір сәттен ләззат алуда, талпыныс жасауда, әрбір нәрсенің байыбына жетіп қастерлеуде. Бұл негізінде мынадай деп қадап, пішіп, кесіп, қатып қалатын нәрсе емес. Әр адам үшін әр түрлі.

Өмірдің мәні неде? Мен өмірімнің мақсатын қалай таба аламын? Мен қандай парыздарды орындауым керек? Өміріме разы болу үшін мен не істеуім керек? Ұзақ уақыт бойы құны кетпес игі істерді жасауға менің қабілетім бар ма? Көптеген адамдар өмірдің мәні жайлы үнемі ойланып жүреді. Олар бұрынғы өміріне қарап, сол кездегі қарым-қатынастарының неліктен бұзылғанын түсінбейді. Сонымен бірге олар өздері аңсаған табыстарға жеткеннен кейін неліктен риза болмайтынын (бос сезінетінін) білмейді. Бір бейсбол шебері атақты болып, оның суреті әйгілі спортшылардың қатарына қойылыпты. Адамдар одан: «Сіз осы маңсабыңызды бастамастан бұрын біреудің сізге не айтқанын қалар едіңіз?» деп сұрапты. Жаңағы әйгілі бейсболшы: «Сол кезде біреу маған: «Жоғарыға ұмтылып, биікке жеткеннен кейін сол жерде ештеңе таппайсың» деп атса-ау, шіркін!» депті. Мақсаттардың көбісі оларға бірнеше жылдан кейін қол жеткізген соң түкке тұрмайтын болып шығады.Біздің гуманисттік қоғамымызда адамдар өмірдің мәнін таппақшы болып, көптеген мақсаттарға қол жеткізгісі келеді. Адамдардың қалаулары әр түрлі болады: кәсіпкерлік табысқа жету, байлыққа ие болу, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу, жыныстық қатынастан ләззат алу, ойын-сауықтан қуаныш іздеу, басқаларға игі істер жасау т.б. Осының барлығына қол жеткізген адамдар кейін өздерінің бос сезінгендерін жасырмай айтады. Осындай адамдар өздерінің қаңырап түрған жүректерін ештеңе толтыра алмайтындай сезінеді.

Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет