Өмірді сақтандыруда төлем қабілеттілігінің нормативтік маржасы тең



Дата06.01.2022
өлшемі16,23 Kb.
#13992

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Механика-математика факультетінің 4 курс студенті Сағатбек Гауһардың «Өмірді сақтандыру ұйымдарының тәуекелдік-бағдарлы қадағалау құралдары және қаржылық жағдайын анықтау» атты бітіру жұмысына



Сын-пікір

Төлем қабілеттілігі - бұл өзінің (сақтандыру) міндеттемелерін кез келген уақытта орындау мүмкіндігі. Сақтандыру міндеттемелерін толыққанды орындаудың өзі ұйымның қаржылық тұрақтылығының жоғары екендігін танытады. Әркез сақтандыру міндеттемелерін орындай алу – төлем қабілеттілігі жоғары екенін танытады.


Төлем қабілеттілігін анықтау өмірді сақтандыру ұйымдарының тәуекелдік-бағдарлы қадағалау құралдары және қаржылық жағдайын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Solvency I сақтандыру компанияларының төлем қабілеттілігін бақылаудың қолданыстағы моделінің негізгі идеясы сақтандыру міндеттемелерін жабу үшін кәсіпорынның меншікті қаражатының жеткіліктілігін бағалаудан тұрады. Ал Solvency IІ жүйесі сақтандыру компаниясының төлем қабілеттілігін жан – жақты зерделеп, түрлі тәуекелдерден қорғануды қамтамасыз етеді. Жұмыстың соңында нақты бір өмірді сақтандыру ұйымы төлем қабілеттілігі Solvency I және Solvency IІ жүйелері бойынша есептеулер жүргізіліп, қорытынды жасалынған. Қорытынды нәтижесінде сақтандыру ұйымы төлем қабілетті екені екі жүйе бойынша да анықталды.
Өмірді сақтандыруда төлем қабілеттілігінің нормативтік маржасы тең:
брутто жиынтық математикалық резервтер (қайта сақтандыруға қабылданған тәуекелдерді қоса алғанда және қайта сақтандыру бойынша цессияны шегермей) математикалық резервтерді ұстап қалу үлесі тәуекелмен капиталды ұстап қалу тәуекелі бар капитал.
Төлем қабілеттілігінің нормативтік маржасының үштен бірі, бірақ бизнес желісіне байланысты 2-3 млн.евродан кем емес ең төменгі кепілдік қорды құрайды. Қордың шекті мәндері, сондай-ақ сыйлықақылар мен төлемдер жыл сайын қайта қарауға жатады. Егер еуропалық тұтыну бағаларының индексі соңғы түзету уақытынан бастап 5% - дан артық өзгерсе, олар түзетіледі.
Solvency I сақтандыру компанияларының төлем қабілеттілігін реттеудің, мониторингілеудің және бағалаудың Еуропалық жүйесі стандартты модель бойынша төлем қабілеттілігінің нақты және нормативтік маржасын есептеуге негізделген және сақтандыру компаниясы бухгалтерлік қаржылық есептілікті жасау күні алынады. Есепте барлық талаптар Базель ережелеріне бағынады.

Solvency II жүйесіне сай барлық тәуекелдер қамтылған, есептеуде қолданылған.

Есептеуге қатысатын кестелер ресми сайттан алынған, нақты келтірілген. Оларды жұмыстың авторы ойдағыдай қолдана білген. Жұмыстың мазмұны өте сауатты, ойы түсінікті жазылған, зерттеу үдерісі оңтайлы таңдалынған. Ғылыми бағамы өте жоғары. Оны әрі қарай жалғастыруға, кеңейтуге болады. Бітіру жұмысының сапасы өте жақсы болғандықтан 95 баллға сай деп есептеймін.

Бірыңғай зейнетақы қоры



бөлімі басшысы Сапин А.М.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет