Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы



бет1/3
Дата15.10.2022
өлшемі14,71 Mb.
#43330
  1   2   3

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, ССРО, шетел ордендері мен медальдарының иегері.
Қызықты ақпараттар:
Дінмұхамед Қонаев - ССРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ.
Ол ССРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
Отбасында 11 баланың 4-іншісі.
Бойы - 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
Хоббиі: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
Қонаевтың жеке күзетшілері болмаған.
Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде, Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м
Кезінде Леонид Брежнев (ССРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаевтың үйіне қонаққа келеді. Пәтерін аралап аралап: "Бар дүниең осы ма?"- деп таңданады.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына Дінмұхамед атаның нақыл сөздерін ұсынады

Д.А.Қонаевтың өмірбаяны


Ғұмырнамасы
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (12.01.1912 — 22.08.1993)– аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Алматы қаласында дүниеге келген.
Қонаев өмірінің 45жылға жуығын ел басқару ісіне арнады,ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызмет атқара жүріп,республикадағы таукен ісін дамытуға қомақты үлес қосты. Республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып,елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар-Екібастұз отын-қуат кешені,Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығ. Қазақстандағы Бұқтырма су электр ст., Павлодар трактор з-ы,т.б кәсіпорындар осы кезеңде іске қосылды. Маңғыстаудың мұнай кен орындары игерілді,теміржол құрылысы,көлік түрлері дамыды Республика титан, магний, синтетик. каучук өндіре бастады.Электротех. машина жасау,химия салалары дамыды. Жезқазған ,Маңғыстау және Торғай облыстары шаңырақ көтерді. Қ. Алматы обл Кербұлақ алқабын игеруге,Қапшағай су қоймасын,Үлкен Алматы каналын салуға ерекше көңіл бөлді.Алайда Қазақстан экономикасы,жалпы алғанда,Одақ үшін шикізат базасы бағытында дамыды,мұнда көп жағдайда өнім шығарушыға қол жетпеді. Бүкіл Кеңес Одағына тән экономиканың милитарлануы Қазақстанда да орын алды. Алматы ,Өскемен, Петропавл, Орал, Степногорск, т.б қалаларда үлкен зав-р әскери өнім шығарумен айналысты. Қазақстанда кең алқаптарды алып жатқан полигондар мен әскери өнім шығаратын кәсіпорындар экологияға орасан зор нұсқан келтірді.
Қазақ. әдебиет пен өнердегі,мәдениет пен ғылымдағы ахуалды әрдайым бақылап отырды. Республикаға Қ.басшылық жасаған тұста Қазақстанның 5 томдық академиялық тарихы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.
Қазақстан. Республика аумағының тұтастығын сақтап қалуда табандылық көрсетті Қонаев қызметтен кетуге байлам жасады.
1986ж 16 желтоқсанда өткен Қазақстан Компартиясы ОК-ң пленумы КОКП ОК-ң өкілі Г.Разумовскийдің ұсынысымен Қ-ң орнына ҚКП ОҚ-ң1 хатшысы етіп Г.В Колбинді сайлады.Қ-ң орнына өзге ұлт өкілінің тағайындалуын қазақ халқы ұлттық кемсітушілік ретінде қабылдады. Мұның соңы КСРО-ғы ұлт саясатына қатысты халық көңілінде қордаланған наразылықтардың сыртқа шығуына алып келіп, Желтоқсан көтерілісіне ұласты. КОКП ОК-ң Қ-ты көтерілісті ұйымдастырушының бірі деп санады. Сөйтіп 1986 ж 26 маусымдағы пленумда Қ. «Қазақстан Компартиясы ОК-ң 1 хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП ОК-ң мүшелігінен босатылды. Көп кешікпей, ол ҚКП ОК-ң мүшелігінен де шығарылды. Қонаев қайтыс болғаннан кейін Қазақстан ҒА-ң Таукен және түсті металлургия институна ,еліміздің бірқатар мектептері мен көшелеріне Қонаев.есімі берілді. 
Алматыда Қонеав атын университет бар. 1992ж 13 қарашада Алматыда «Халықаралық Қонаев қоры» құрылды
Реклама
ПОЖАЛОВАТЬСЯ НА ЭТО ОБЪЯВЛЕНИЕ
1
2002ж 12қаңтарда Алматы қаласында Қонаевтың мұражай үйі ашылды. Қонаевтың .өмірінің соңғы сәтін өткізген Алматы облысы, Алакөл ауданындағы Ақши ауылында (Жетісу қақпасы ) 2003ж 15 тамызда арнайы құлпытас орнатылды.
« Мейірім шуағы мол,пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай,келешегі үшін қалтықсыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты.Сол перзент Дінмұхамед Қонаев».
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев-бүкіл саналы өмірін Қазақстан экономикасы мен мәдениетін өркендетуге жұмсаған , республиканы ұзақ жылдар басқарған,халқының зор беделіне ие болған,өзінің биік азаматтық қасиеттерін кейінгі ұрпағына қалдырған парасатты тұлға.
Әкесі Меңліахмет арнайы оқу орнын оқымаса да,қазақша,орысша сауатты, Абай өлеңдерін,Сүйінбай жырларын жатқа айтатын ақынжандыкісі болған,ал анасы Зәуре Байырқызы-қарапайым отбасынан шыққан берекелі,мейірімді аса ғазиз жан. Мектеп қабырғасында жүргенде тау-кен инженері болуды мақсат еткен Д.Қонаев Мәскеудегі түсті металл және алтын институтына түседі.1936жылы институтты бітіріп тау-кен инженері мамандығын алады.балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кеніне жұмысқа түседі. Онда бұрғылау станогі машинесінен бастап,цех бастығы,кеніштің бас инженері және оның директоры қызметіне өседі. 1942 жылы орда бұзар отыз жасында республика Министрлер Кенесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1955 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды.
Д.Қонаевтың қазақ әдебиеті мен өнерін,салты мен ғұрпын жан-жақты терең білуінің негізі балалық шағынан бастау алған. « Мен бала жастан ауыз әдебиетінің үлгілеріне ән мен жырға құлақ түріп өстім. Д.Қонаев басшы болған жылдары республика жан-жақты дамып, гүлденді.
Ауылшаруашылығы, оның ішінде мемлекетке астық тапсырудың артуы,төрт түлік мал басының өсіп-өнуі, жаңадан ауыл-қалалардың бой түзеуі,жеңіл өндіріс пен ауыр өнеркәсіптің қатар дамуы,халықтың әл-ауқаты мен тұрмысының жақсарғаны бәрі-бәрі Д.Қонаев республиканы басқарған тұс.
Ел ішіндегі еңбек ардагерлері Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаев, Нұрмолда Алдабергенов,Сандыбала Оңғарбаева , Кәмшат Дөнентаевалармен жақын араласып, кеңесіп тұрған.
Мәдениет ,өнер мен әдебиет- Дінмұхамед Ахметұлының ерекше көңіл бөлген,жақсы көрген әлемі.Д.Қонаев елдің санаулы саңлақтары арасындағы кесек тұлғалардың бірі ғана болып қойған жоқ,ол үлкен ғалым ретінде есімін Азия,тіпті дүниежүзі таныды.1952жылы ол Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болды. Президенттің жарлығымен институтқа есімі беріліп, Д.Қонаев қоры құрылды. К Маркс көшесі Д.А.Қонаев көшесі деп өзгертілді. Д.Қонаев Қазақстан тарихында қайталанбас дара, ірі тұлға болып қалары даусыз. Сүйегінен адал, парасатты, гуманист, Димекеңнің суретіне қарасаң жүзінен нұры, мейірім балы тамып тұрғандай әсерде болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет