Онамастика және оның салалары



бет1/4
Дата04.06.2022
өлшемі26,97 Kb.
#36315
  1   2   3   4

Онамастика және оның салалары.
Жоспар.

  1. Кіріспе. Онамастика және оның зерттеу абекті

II Негізгі бөлім.
1.Антропономика жасалу жолдары.
2. Топономика және оның түрлері
III Қорытынды.
IV Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.
Кез келген тілдің лексикалық қорының негізгі қабатын жалқы есімдер кұрайды. Жалқы есімдерсіз адамзат қарымқатынасы болуы мүмкін емес. Белгілі ғалым-топонимист Э.М. Мурзаев былай деп жазған: “Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, ұшактар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде тұрып» қалған болар еді. Ал газеттер жер шарының әр жерінде болып жатқан оқиғаларды қалай жеткізер еді?” Бұл ойды ары қарай дамытып, кісі аттары, жануарлар, ғарыш, планегалар, әдеби және басқа ғылыми, өнер шығармалары, тағам т.б. атауларын қатыстырып айтуға болады. Егер атаулар жоғалса, адамзат оған жаңасын ойлап табады. Біздің санамыз осылай қалыптасқан, яғни бізді қоршаған ұқсас дүниелерді ажырату үшін осы қызметте жұмсалатын ерекше сөздер жасайды. Бұндай сөздер заттарды, құбылыстарды ажырататын жалқы есімдер болып табылады. Жалқы есімдер жалпы есімдерге қараганда едәуір көп. Дегенмен, олар сөздіктерде барлық жағдайда келтірілмейді, лингвистер де оларды зерттей бермейді, мектепте оқыту үшін де көп қолданылмайды. Ономастикалық материал тек оқу қуралы ретінде филология факультетінде оқытылады, ал ономастика бойынша білім бүкіл әлем атаулардан туратындықтан қажет-ақ. Жалқы есімдер әлемі ерекше және өте қызықты. Оларға бұрыннан зерттеушілер көңіл бөлуде, өйткені тілдегі рөлі, өзіндік құрылымы, сөйленістен ерекше қызметіне қарай жалқы есімдер тілдің басқа да лексикалық категорияларынан ерекшеленеді. Кейінгі жылдары жалқы есімдерді басқа ғылым салаларын, олардың табиғатын ашу үшін қолданатын арнайы ғылым - ономастикада зерттеле бастады. Ғылыми жаңалықтардың ашылуына, қалыптасуына орай оларды зерттеудің жаңа бағыттары мен атаулары да кездеседі. Жалқы есімдер адамның барлық тұрмысына қатысты. сондықтан ономастиканың теориясы мен прагматикасын білу лингвистер мен әдебиетшілерге, журналистер мен тарихшыларға, басқа да тіл мамандықтарына қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет