«Өндіірістік іс тәжірибе»


Тәжірибе түрлері және олардың орындалуы



Pdf көрінісі
бет4/29
Дата07.01.2022
өлшемі0.69 Mb.
#20930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Тәжірибе түрлері және олардың орындалуы 

 

Оқу практикасы бірнеше кезеңнен тұрады: кез келген ұйымдық-құқықтық форманы 

қамтитын ұйымдағы таныстыру практикасы (ары қарай ұйым), колледждің оқу 

лабораториясы мен шеберханаларында алғашқы кәсіби білік пен дағдыны қалыптастыру 

практикасы. Оқу практикасы мамандықтардың оқу жұмыс жоспарына сәйкес ерте 

жастағы, мектепке дейінгі, оқу (диалектологиялық), оқу алаптық, арнайы, музейлік секілді 

бірнеше түрлерден тұрады. 

Педагогикалық практика жалпы ғылыми, дидактикалық, әдістемелік, пәндік және 

психологиялық-педагогикалық дайындықты біріктіруге бағытталған. Педагогикалық 

практика мамандықтардың оқу жұмыс жоспарына сәйкес психологиялық-педагогикалық, 

«Сабақ беріп көру», «Баланың мектептегі алғашқы күндері» секілді практикаларды 

қамтиды. Педагогикалық практиканың мақсаты жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық-

педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін бекіту және 

тереңдету, сонымен қатар теориялық білімнің негізінде педагогикалық компетенцияны 

қалыптастыру. 

Мамандарды дайындаудың негізгі білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 

студенттердің өндірістік тәжірибесі жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының негізгі 

құрамы болып табылады. Өндірістік-педагогикалық практика студентке өз іс-әрекетін 

дербес жоспарлауды үйренуге, өзінен үлкен әріптестерімен қарым-қатынас 

қалыптастыруға және рөлдік кәсіби бағытты анықтауға мүмкіндік береді, жауапкершілік 

пен үлкен еңбек ұжымына тәуелділік сезімін қалыптастырады. 

Дипломалды практикасы студенттер теориялық және тәжірибелік білім берудің 

бағдарламаларын меңгергеннен кейін жүзеге асады. Белгілі бір тақырып бойынша 

бітіруші квалификациялық жұмыс жазу үшін қажетті ақпараттарды жинау мен өңдеуді 

қамтиды. 

Оқу практикасы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінде немесе мекемелерде, ұйымдар 

мен кәсіпорындарда жүргізіледі. 

Педагогикалық практиканың базалары қаланың жалпы білім беретін балабақшалары, 

мектептері, инновациялық мектептер (мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер, сурет 

өнерінің мектебі және т.б.). 

Студенттердің өндірістік практикалары Ережеге сай басқа кәсіби ұйымдарда, мекемелер 

мен кәсіпорындарда өткізіледі. 

Ұйымдарда, мекемелер мен кәсіпорындарда өткізілетін практика практика базасы мен 

колледж арасындағы келісімшарттың негізінде жүзеге асады (1 қосымша). 

Күндізгі және сырттай бөлімнің студенттері практиканы колледж тарапынан белгіленген 

орындардан өтеді. 

Практиканың өту мерзімі оқу процесінің күнтізбелік кестесіне және оқу жоспарына 

сәйкестендіріліп жасалады. Практика мерзімдері студенттердің теориялық дайындығы 

мен практика базасының және колледждің оқу- мүмкіндігіне сай тағайындалады. 

Практика өтілетін орынға студенттерді тең бөлу үшін оқу топтарының практикасын оқу 

жоспарында көрсетілген практика мен демалыс кезеңдері бойынша кезектесу жолымен 

жүзеге асыруға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет