Өндірістік және экономикалық процесті модельдеу



Дата13.10.2022
өлшемі17,44 Kb.
#42842

09.09.2022
Өндірістік және экономикалық процесті модельдеу
Жүйелер теориясының әдістері экономикада, физикада, инженерлік қызметте, т.б. практикалық істерде пайда болатын есептерді шешуге бейімделген курс. Тиімді шешімді табуға арналған есептер оптимизациялық есептер деп аталады. Оптимал нәтиже бірден табылмайды, ол оптимизациялау процессі деп аталатын процестің нәтижесінен шығады. Оптимизациялық есептер деп аталады. Оптимал нәтиже бірден табылмайды, ол оптимизациялау процесі деп аталатын процестің нәтижесінен шығады. Оптимизациялау процесінде пайдаланатын әдістер оптимизациялау әдістері деген атқа ие болды.
Қарапайым жағдайларда біз бірден есептің шарттарын математика тілінде аударамыз да, оның матиматикалық тұжырымын аламыз. Бірақ та, іс жүзінде есепті формализациялау процесінің қиындықтары көп. Мысалы, цехта өңделген бұйымдарды, бұйымның әр түрін шығару жоспарының ең аз шығынымен орындалуы қамтамасыз етілетіндей әртүрлі типтегі құрал-жабдықтарға тиімді болу керек.
Есептің шығарылу процесі келесі этаптармен беріледі:

  1. Объектіні зерттеу. Бұл этапта, болып жатқан процестерді түсіну, қажетті параметрлерді (мысалы, әртүрлі және өзара алмастырылатын типтегі құралдар саны, оның әрбір бұйым түрін өңдеудегі өнімділігі, т.б. ) анықтау талап етіледі.

  2. Модельге сипаттама процесс сипаттамаларының арасындағы негізгі байланыстар мен тәелділіктерінің критерийі тұрғысынан қарағандағы мәтінін жазу.

  3. Математикалық модельдеу – модельді мәтіндік сипаттамасын математикалық тілге аудару. Барлық шарттар сәйкес шектеулер жүйесі түрінде жазылады ( теңдеу, теңсіздік ). Бұл жүйенің кез келген шешімі үйлесімді шешім деп аталады. Критерии функция түрінде жазылады, оны әдетте мақсат функциясы деп атайды. Тиімдеу есебін шешу, әдетте, шектеулер жүйесінің шешімдер жағынан мақсат функциясына ең үлкен немесе ең кіші мәнін іздеу болып табылады.

  4. Есепті шешу әдісін таңдау. Есеп математикалық формада жазылғандықтан, оның нақты мазмұны бізді қызықтырмайды. Әртүрлі есептің формальді тұжырымдарының бірдей болуы мүмкін. Сондықтан, шешу әдісін таңдаған кезде есептің мазмұнына емес, алынған математикалық құрымына назар аударамыз.Кейбір есептердің ерекшеліктеріне байланысты белгілі әдістерді модификациялау немесе жаңа әдіс ойлап табу қажет болуы мүмкін.

  5. Есепті ЭЕМ – да шешу үшін программа жазу немесе таңдау. Іс жүзінде айнымалылар санының және олардың арасындағы байланысты есептер тек ЭЕМ көмегімен шығарылады.

  6. Есепті ЭЕМ – де шешу.

  7. Алынған нәтижені сараптау. Алынған шешімді сараптаудың екі түрі болуы мүмкін: формальді (математикалық), яғни құрылған математикалық модельдің шешімінің дұрыстығы (дұрыс болмаған жағдайда программа, берілген мәліметтер, т.б.) яғни алынған шешімнің модельденген объектіге сәйкес болуы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет