Өнеркәсіптік жылуэнергетика кафедрасы



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі343,95 Kb.
#8929

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірлігі 

Коммерциялық емес АҚ  

«Алматы энергетика және байланыс университеті»  

Жылуэнергетика факультеті 

Өнеркәсіптік жылуэнергетика  кафедрасы 

 

 

 

БЕКІТЕМІН 

 

ЖЭФ деканы                   М.У.Зияханов 

                                                          

                                                                                              «       »                  2016 ж. 

 

 



 

Him 1202 -Химия пәнінен 

 

СИЛЛАБУС 

 

5В073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» 



мамандығы үшін   

 

 



 

Курс                                    - 1 

Семестр                             - 1                            

Барлық несие:                   - 2  

ECTS бойынша несие      - 3                 

Барлық сағат:                   - 90 

Аудиториялық:  

Дәріс                                  - 15 сағ.                                         

Зертханалық сабақтар      - 30 сағ  

СӨЖ                                   - 45 сағ. 

СОӨЖ                                - 15 сағ.  

ЕСЖ                                   -   2         

Сынақтау түрі                    - емтихан 

 

 



 

 

 



 

Алматы, 2016 



    Силлабус ҚР білім және ғылым Министірлігі 03.11.2014 ж. Бекіткен 

5В073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» 

мамандығының типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. 

Құрастырғандар: х. ғ. к., доцент Султанбаева Б.М., х. ғ. к.,  доцент  

Туманова А.А., х. ғ. к., доцент  Каленова Ж.А. 

Силлабус  өнеркәсіптік жылуэнергетика кафедрасының  отырысында 

қаралды және бекітілді (протокол № 7  " 21 "   06   2016 ж.). 

 

 

Кафедра меңгерушісі         ___________ Мұсабеков Р.А. 



 

 

 

 

 

 

 

СИЛЛАБУС  жылуэнергетика факультетінің  оқу-әдістемелік 

комиссиясының  отырысында қаралды және бекітілді (протокол  № 4  " 22 "   06    

2016 ж.). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Пәннің аталуы:              Химия           

1.

 

Оқытушылар туралы мәліметтер:   

 

Султанбаева Болдых Мирсадыковна, х.ғ.к., ӨЖЭ кафедрасының доценті.  



Офис:  А407, А 409 аудитория. 

Контакты: 8 (727) 2 92 53 80, pte@aipet.kz 

 

Туманова Айтбала Айтеновна, х.ғ.к., ӨЖЭ кафедрасының доценті.  



Офис:  А 508, А 409 аудитория. 

Контакты: 8 (727) 2 92 53 80, pte@aipet.kz 

 

Каленова Жан Абдразаховна , х.ғ.к., ӨЖЭ кафедрасының доценті.  



Офис:  А 407, А 409 аудитория. 

Контакты: 8 (727) 2 92 53 80, pte@aipet.kz 



 

2.

 

Пән бойынша аудиториялық сабақтарды өткізудің уақыты мен 

орны:    Сабақтар  кестесіне  сәйкес  өткізіледі.    СОӨЖ  сабақтарының  кестесі 

электр  энергетикасы  факультеті  (С-209)  және  ӨЖЭ  кафедрасының  (А-235)  

хабарландыру тақталарында ілінген. 

 

3.

 

«Химия» пәнінің сипаттамасы:  

3.1

 

"Химия" пәнінің мақсаты:  студенттердің химия ғылымының 

негіздерін  және  қазіргі  жетістіктерін  меңгеруі,  химиялық  заңдардың  тәсілдері 

мен  әдістерін  кәсіптік  қызметте  пайдалану  үшін  меңгеру,  заттың  құрылысы 

туруалы,  химиялық  тепе-теңдік  заңдары  және  химиялық  кинетика 

заңдылықтары  туралы,  химиялық  термодинамика  элементтері  туралы, 

ерітінділер  туралы,  тотығу-тотықсыздану  реакциялары  және  электрхимиялық 

процестер  туралы  білімді  қалыптастыру  жолымен  кеңейтілген  теориялық 

базаны құру.  



3.2  Пән  міндеттері  –  студенттерде  заттың  құрылысы  туралы,  химиялық 

тепе-теңдік заңдары және химиялық кинетика заңдылықтары туралы, химиялық 

термодинамика  элементтері  туралы,  ерітінділер  туралы,  тотығу-тотықсыздану 

реакциялары  және  электрхимиялық  процестер  туралы  білімді  қалыптастыру 

жолымен кеңейтілген теориялық базаны құру. 

3.3 Пән сипаттамасы 

"Химия" пәні 5В073100-«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған 

ортаны  қорғау»  мамандығының  студенттерінде  жалпы  және  бейорганикалық 

химия  саласында  кеңейтілген  теориялық  білім  базасын  қалыптастыру,  алған 

білімдерді  қоршаған  ортаны  қорғауда  іс  жүзінде  пайдаланып  білуді  жете 

меңгертеді.  



"Химия" пәнін зерделеу нәтижесінде студенттің келесі түсінігі болуы 

керек:  

-

 

негізгі химиялық заңдар туралы;   



-

 

органикалық емес заттардың жіктелуі мен номенклатурасы туралы;  



-

 

атомның  құрылысы  және Д.И.Менделеевтің периодтық заңы туралы; 



-

 

термодинамика туралы; 



-

 

ерітінділер мен тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы.  



Студенттің "Химия" пәнінен алатын білік дағдысы:  

-

 

негізгі химиялық ұғымдар; 



-

 

химиялық қосылыстардың құрамы мен қасиеттері



-

 

Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер периодтық жүйесінің 

ерекшеліктері; 

-

 

 термодинамиканың, химиялық кинетиканың және химиялық тепе- 

теңдіктің  негізгі ұғымдары; 

-

 

ерітінділер концентрациясы;  



-

 

тотығу-тотықсыздану реакцияларының маңызы; 



Студент білуі тиіс: 

-

 

есептің типін анықтау, оны шешу алгоритмін құрастыру және 

есептерді шығару кезінде химиялық заңдарды қолдану; 

-

 

кез келген элемент атомының электрондық пішін үйлесімін жазу; 



-

 

реакцияның термодинамикалық параметрлер бойынша жүру бағытын 

анықтау; 

-

 

нақты жағдайларда жылдамдық константасын және Ле-Шателье 

принципін пайдалану; 

-

 

ерітінділердің әр түрлі концентрацияларын есептеу және анықтау, 

электролиттік  диссоциация  теңдеулерін,  алмасу  реакцияларының,  гидролиздің 

молекулалық және иондық теңдеулерін  құрастыру;  



-

 

тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру; 



-

 

металдар коррозиясынынң процестерін жазып, қорғау әдістерін білу. 

Зертханалық зерттеулер жүргізу және химиялық заттарды талдау 

дағдылары болуы тиіс

 

 

"Химия"

   

пәнін 

 

оқу  нәтижесінде  студенттер  химия  саласындағы 

кәсіптік мәселелерде құзыретті болуы тиіс. 



3.4

 

 Курстың кейінгі деректемелері: Экология және тұрақты даму

ТҚжҚОҚ  саласында  метрология,    стандарттау  және  сертификаттау,  өндірістік 

токсикология. 

 

4 Пәннің мазмұны 



4.1 Теориялық дайындалу 

Тақы 


рып №  

Тақырыбы (модульдер, бөлімдер ) 

Әдебиет 

нөмірі 


1* 

Кіріспе. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары.  

Химия  пәнін  зерделеу  тақырыбы,  мақсаттары  мен 

міндеттері.  Химияның  жаратылыстану  ғылымдары 

жүйесінде    алатын  орны.  Негізгі  химиялық  ұғымдар: 

атом,  молекула,  қарапайым  және  күрделі  заттар. 

Химиялық 

элемент. 

Изотоптар. 

Атомдық 

және 


молекулалық массалар. Моль, мольдік масса, эквивалент, 

эквиваленттің  мольдік  массасы.  Валенттілік және  тотығу 

Конспект 

[1,2,7-12] 

 


дәрежесі.  Элементтердің  электрлік  терістігі.  Химияның 

негізгі заңдары. Массаның, құрам тұрақтылығының және 

еселік  қатынастардың  сақталу  заңдары.  Эквиваленттер 

заңы.  Көлемдік  қатынастар  заңы.  Авогадро  заңы. 

Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Идеал газ күйі. Газ 

тұрақтысы.  Клапейрон-Менделеев  теңдеуі.  Қоспадағы 

газдың үлестік қысымы. Бейорганикалық қосылыстардың 

маңызды кластары және номенклатурасы. (2 сағ) 

2* 

Атомның  құрамы.    Д.И.Менделеевтің  периодтық 

заңы.  Химиялық  байланыс.    Атом  құрылысының 

квантты-механикалық теориясы. Квант сандары. Атомдық 

орбитальдар.  s-,  p-,  d-,  f-  атомдық  орбитальдар  түрлері. 

Электрондардың  атомдарда  таралуы.  Паули  қағидасы 

және  Хунд  ережесі.  Клечковский  ережелері.  Валенттік 

электрондар. 

Д.И.Менделеевтің  периодтық  заңы  және  химиялық 

элементтердің    периодтық  жүйесі.  Периодтық  заңның 

және  химиялық  элементтердің  периодтық  жүйесінің 

қазіргі 


түсініктемесі. 

Элементтердің 

маңызды 

қасиеттерінің 

периодтық 

жүйенің 


топтары 

мен 


периодтары  бойынша  атом  құрылысы  тұрғысынан 

өзгеруі.  Химиялық  байланыстың  түзілу  себептері. 

Ковалентті байланыс.    Валенттік байланыстар (ВБ)  әдісі. 

Полюсті 


және 

полюссіз 

коваленттік 

байланыс. 

Коваленттік  байланыстың  донорлы-акцепторлық  түзілу 

тәсілі.  Коваленттік  байланыс  энергиясы,  ұзындығы,  

бағытталғандығы  және  қанығушылығы.  Химиялық 

байланыс  және  кристалдар  типтері.  Иондық  байланыс. 

Сутектік  байланыс.  Металдық  байланыс  туралы  жалпы 

ұғымдар. (2 сағ)   

Конспект 

[1,2,7-12] 

 

3  


Химиялық  процестердің  жалпы  заңдылықтары. 

Химиялық  процестер  энергетикасы.  Химиялық 

термодинамика.  Жүйелер  туралы  жалпы  түсініктер. 

Ашық,  жабық  және  оқшауланған  жүйелер.  Гомогендік 

және  гетерогендік  жүйелер.  Термодинамиканың    бірінші 

бастамасы.  Энтальпия  туралы  түсінік.  Термохимиялық 

теңдеулер.  Гесс  заңы.  Стандарттық  күй  және  зат 

түзілуінің 

стандарттық 

энтальпиясы. 

Химиялық 

реакциялардың  жылу  эффектілерін  есептеу.  Өзіндік 

жүретін процестердің бағыты. Термодинамиканың  екінші 

бастамасы.  Энтропия  түсінігі.  Энтропияның  әр  түрлі 

факторларға 

тәуелділігі. 

Энтальпиялық 

және 


энтропиялық  факторлары.  Гиббс  энергиясы.  Гиббс 

энергиясының  стандарттық  өзгерісі  жүйенің  әрекеттесу 

Конспект 

 [1,2,7-12] 

 

 


қабілетінің өлшемі ретінде. (2 сағ) 



Химиялық  кинетика.    Химиялық  тепе-теңдік. 

Химиялық  реакцияның  жылдамдығы  және  оған  әсер 

ететін факторлар. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші 

заттардың 

табиғатына 

тәуелділігі. 

Реакция 


жылдамдығының  реагент  тер  концентрацияларына 

тәуелділігі. 

Әсерлесуші 

массалар 

заңы. 

Реакция 


жылдамдығының  температураға тәуелділігі. Вант - Гофф 

ережесі.  Белсенділік  энергиясы.  Аррениус  теңдеуі. 

Катализ және катализаторлар. Катализаторлардың реакція 

жылдамдығына  әсер  етуї.    Қайтымды  және  қайтымсыз 

химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық 

тепе-теңдік  константасы.шарттар  өзгергенде  химиялық 

тепе-теңдіктің ығысуы.   Ле-Шателье  қағидасы.  Фазалық 

тепе-теңдіктердің  термодинамикалық  теориясы.  «Фаза», 

«компонент»,  «еркіндік  дәрежесі»  ұғымдары.  Гиббс 

фазапары ережесі.  (2 сағ)  

Конспект 

 [1,2,7-12] 

 

 



Ерітінділер.  Ерітінділер  анықтамасы  және  сипаттамасы. 

Ерітінділердің  жіктелуі.    Ерітінділер  концентрацияларын 

көрсету 

жолдары. 

Электролиттер 

ерітінділері.  

Электролиттік  диссоциация  теориясы.  Аррениустың, 

Д.И.Менделеевтің, 

И.А.Каблуковтың 

ғылыми 


жетістіктері. 

Диссоциация 

процесі. 

Электролиттер 

диссоциациясының  тұрақтысы  және  дәрежесі.    Әлсіз 

электролиттер.                    Заттар  ерігіштігі.  Генри  заңы. 

Ерітінділердің  коллигативті  қасиеттері.  Осмос  және 

осмостық  қысым.  Ерітінді  бетіндегі  бу  қысымы  және 

Рауль  заңы.  Ерітінділердің  кристалдануы  және  қайнауы. 

Электролиттік 

диссоциациялану 

теориясы. 

Электролиттердің 

диссоциациялану 

дәрежесі 

мен 


тұрақтысы. 

Оствальдтың 

сұйылту 

заңы. 


Күшті 

электролиттер. 

Белсенділік 

және 


белсенділік 

коэффициенті.  Су  диссоциациясы.  Судың  иондық 

көбейтіндісі,  сутектік  көрсеткіші.  Тұздар  гидролизі. 

Гидролиз тұрақтысы және дәрежесі. Гидролиздің сатылы 

сипаты. Қайтымды және қайтымсыз гидролиз. (2 сағ)  

Конспект 

[1,2,7-12] 

 

6* 



Тотығу 



тотықсыздану 

реакциялары 

және 

электрохимиялық 

процестер. 

Металдар 

мен 

қорытпалар коррозиясы және оларды қорғау.  Тотығу 

-  тотықсыздану  реакциялары.  Тотығу  -  тотықсыздану 

реакцияларының  типтері.  Ең  маңызды    тотықтырғыштар 

мен  тотықсыздандырғыштар.  Тотығу  -  тотықсыздану 

реакцияларының  теңдеулерін  құрастыру.  Электрондық 

баланс  және  ионды-молекулалық  жарты  реакциялар 

Конспект 

[1,2,7-12] 

 


әдістері.  Электр  энергиясының  химиялық  көздері. 

Гальваникалық  элемент.  Металдардың  электродтық 

потенциалдары.  Нернст  теңдеуі.  Металдар  кернеулерінің 

қатары.  Минералдық  заттардың  ерітінділері  мен  

балқымаларының 

электролизі. 

 

Электролиз 



заңдары.өнеркәсіптегі  электролиз.  Металдың  кристалл 

құрылысы.  Металдар  мен  қорытпалар  коррозиясы. 

Коррозиядан қорғау әдістері. (2 сағ)  

7* 


Кешенді  қосылыстар.  Үйлестіру  теориясының  негізгі 

ережелері.  Кешенді  қосылыстардың  негізгі  типтері  және 

номенклатурасы.  Кешенді  қосылыстардың  кеңістік 

құрылысы  және  изомериясы.  Кешенді  қосылыстардағы 

химиялық  байланыстар  табиғаты.  Ерітінділерде  кешенді 

қосылыстар табиғаты. (2 сағ) 

Конспект 

[1,2,7-12] 

  

 

8* 



Химияның  арнаулы  тараулары.  Металдар  химиясы. 

Металл  емес  элементтер  химиясы.  Органикалық  химия 

элементтері. Химия және қоршаған ортаны қорғау. (1 сағ) 

Конспект 

[1,2,7-12] 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

         Барлығы:  15 сағат 



* - сырттай оқу бөлімінің студенттеріне сағаттар саны 

 

4.2 Практикалық дайындық 

4.2.1 Зертханалық сабақтардың үлгілік тізімі: 

Тақы 


рып № 

Тақырыбы 

Әдебиет нөмірі  

1* 


Зертханалық құралдар мен  жұмыс кезіндегі 

қауіпсіздік ережелерін сақтау ережелерімен танысу. 

№ 1 - жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың 

негізгі кластары. (4 сағ) 

[1,2,7-10, 13] 

 



№ 2 – жұмыс. Жай және күрделі заттардың 

эквиваленттік массаларын анықтау. (3 сағ) 

[1,2,7-10, 13] 

 



№ 3 – жұмыс. Тотығу - тотықсыздану реакциялары. 

(4 сағ)  

 



№ 4 – жұмыс. Кешенді қосылыстар. (3 сағ) 



 

№ 5 – жұмыс. Химиялық процестердің 



энергетикасы. (3 сағ) 

[1,2,7-10, 13] 

 

6* 


№ 6 - жұмыс. Химиялық реакциялардың 

кинетикасы. (2 сағ) 

[1,2,7-10, 13] 

 



№ 7 - жұмыс. Химиялық тепе-теңдік. (2 сағ) 

[1,2,7-10, 13] 

8* 

№ 8 – жұмыс. Тұздар гидролизі. (3 сағ) 



[1,2,7-10, 13] 

9* 


№ 9 -  жұмыс.  Металдардың кернеу қатары және 

гальваникалық элементтердің  жұмысы. (3 сағ) 

[1,2,7-10, 13] 

 

10* 



№ 10 – жұмыс.  Электролиз. (3 сағ) 

[1,2,7-10, 13] 

* - сырттай оқу бөлімінің студенттеріне         

 

Барлығы:    30 сағат 



4.3.1   Есептік-сызба жұмысы 

4.3.1.1  Есептік-сызба жұмысы №1.  

Тақырыптар:    Атомдар  құрылысы  және  химиялық  элементтердің  периодтық 

жүйесі.  Химиялық  байланыс.  Химиялық  термодинамика  және  термохимия. 

Химиялық  реакциялардың  жылдамдығы  және  химиялық  тепе-теңдік. 

Ерітінділер.  Ерітінділер  концентрациясы.  [14]-ші  әдістемелік  нұсқаулықтарға 

сәйкес  орындалады.  Тапсырма  1  аптада  беріледі,  қорғау  семестрдің  7-ші 

аптасында жүргізіледі. 



4.3.1.2  Есептік-сызба жұмысы №2. 

Тақырыптар:  Ерітінділердің  электролиттік  диссоциациясы  және  тұздар 

гидролизі.  Тотығу-тотықсыздану  реакциялары.  Электродтық  потенциалдар 

және  ЭҚК.  Электролиз.  Металдардың  коррозиясы.  Металдарды  коррозиядан 

қорғау тәсілдері.                    

[14]-ші  әдістемелік  нұсқаулықтарға  сәйкес  орындалады.  Тапсырма  7 

аптада беріледі, қорғау семестрдің 14-ші аптасында жүргізіледі. 



4.4 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)  тақырыптары 

4.4.1 Атом және оның құрылысы туралы түсініктерді дамыту. Дж.Томпсон 

моделі. Э.Резерфорд атомының ядролық моделі, оның қайшылықтары. Бор 

постулаттары, олардың қайшылықтары. 

4.4.2  Атомдық электрондық орбитальдардың гибридизациясы. Молекулалық 

орбитальдар (МО) әдісі туралы ұғым. Химиялық байланыс және кристалдар 

типтері. 

4.4.3 Заттардың ерігіштігі және оның түрлі факторларға тәуелділігі. Генри заңы. 

Қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан ерітінділер. Идеал ерітінділер 

ұғымы. 


4.4.4 Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Осмос және осмос қысымы. 

Вант-Гофф заңы.Ерітінді бетіндегі бу қысымы және Рауль заңы. Ерітінділердің 

кристалдануы және қайнауы. Криоскопия мен эбуллиоскопия. Ерігіштік 

көбетіндісі. 

4.4.5 IV топтың р-элементтерінің бейорганикалық химиясы. Жартылай 

өткізгіштер химиясы. Тұтқыр заттар химиясы. Органикалық полимер 

материалдар. Су химиясы. Ядролық химия. Радиохимия. 

 

5. Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары: 

 

 

1.    Химияның  негізгі  ұғымдары:  атом,  молекула,  атомдық  және  мольдік 

массалар, қарапайым және күрделі зат, химиялық эквивалент. Моль. 

2.      Химияның негізгі заңдары. 

3.    Бейорганикалық  қосылыстардың  негізгі  кластары:  қышқылдар, 

негіздер, тұздар, оксидтер. 

4.

 

Атом құрылысының квант-механикалық моделі.  



5.

 

Электрондық бұлт туралы түсінік. Толқындық функция. 



6.

 

Квант сандары. 



7.

 

Орбитальдарды электрондармен толтыру реті. Энергияның кішіреуі 



принципі. Паули принципі. Хунд ережесі. Клечковский ережесі.  

8.

 



Менделеевтің  периодтық  заңы  мен  элементтердің  периодтық 

жүйесі, оның құрылымы.   

9.

 

Энергетикалық  деңгейлер  мен  деңгейшелердің  сиымдылығы. 



Атомдардың  электрон  қауыздарының  құрылысы.  Периодтық  жүйенің  атом 

құрысымен байланысы.  Әр  түрлі  топтар  мен  периодтар  элемент атомдарының 

валенттік мүмкіндіктері. 

10.


 

 Периодтық 

жүйе  бойынша  элементтердің  өзгеретін  және 

өзгермейтін қасиеттері. 

11.

 

 Иондану  энергиясы,  электронға  тартқыштық,  электртерістілік. 



Иондану потенциалы. 

12.


 

 Химиялық  байланыстың  табиғаты.  Валенттілік  теориясы.  Тотығу 

дәрежесі туралы түсінік. 

13.


 

 Коваленттік байланыс.  

14.

 

 π  және  σ-байланыстар. Байланыс ұзындығы мен энергиясы. 



15.

 

 Иондық байланыс. 



16.

 

 Металдық байланыс. 



17.

 

 Сутектік байланыс. Оның түзілуінің механизмі. 



18.

 

 Орбитальдардың гибридтенуі. 



19.

 

 Ерітінділер. Ерітінділердің концентрацияларын көрсету жолдары. 



20.

 

 Күшті  және  әлсіз  электролиттер.  Электролиттік  диссоциациялану 



тұрақтысы мен дәрежесі. Оствальдтың сұйылту заңы. 

21.


 

 Судың  диссоциациялануы.  Судың  иондық  көбейтіндісі.  Ортаның 

сутектік көрсеткіші. 

22.


 

Тұздар гидролизі. Гидролиз тұрақтысы мен дәрежесі. 

23.

 

 Күшті электролиттер. Ерітінділер активтілігі мен иондық күші. 



24.

 

 Бейэлектролиттер 



ерітінділері. 

Ерітінділердің 

коллигативті 

қасиеттері. 

25.

 

Ерітінді  бетіндегі  қаныққан  бу  қысымы.  Рауль  заңдары. 



Ерітінділердің кристалдану және қайнау температуралары. 

26.


 

Осмос және осмостық қыысым. Вант-Гофф заңы. 

27.

 

Газдардың сұйықтықтарда еруі. Генри заңы. 



28.

 

Термодинамиканың бірінші бастамасы. Энтальпия. Терсохимиялық 



теңдеулер. Гесс заңы. Химирялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеу. 

29.


 

Термодинамиканың  екінші  бастамасы.  Энтропия.  Гиббстің  бос 

энергиясы. 

30.


 

 Химиялық  реакциялардың  жылдамдығы.  Реакция  жылдамдығына 

температураның  әсері.  Вант-Гофф  ережесі.  Аррениус  теңдеуі.  Реакциялардың 

молекулалығы мен реті. Активтендіру энергиясы, оның физикалық мағыгасы. 

31.

 

 Реакция  жылдамдығына  реагенттер  концентрацияларының  әсері. 



Әрекеттесуші массалар заңы. Химиялық реакция жылдамдығының тұрақтысы, 

оның физикалық мағынасы. 



32.

 

 Катализ.  Гомогенді  және  гетерогенді  катализ туралы  түсінік.  Тура 



және кері реакцияның жылдамдығына катализатордың әсері. 

33.


 

 Химиялық  реакциялардың  қайтымдылығы.  Химиялық  тепе-

теңдікке  концентрацияның,  қысымның  және  температураның  әсері.  Ле-

Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдік тұрақтысы. 

34.

 

 Тотығу-тотықсыздану 



реакциялары. 

Тотығу-тотықсыздану 

реакцияларының 

жіктелуі. 

Типтік 

тотықтырғыштар 



мен 

тотықсыздандырғыштар. 

Тотығу-тотықсыздану 

реакцияларын 

теңестіру 

әдістері: электрондық және ион-электрондық баланс. 

35.

 

 Электрохимиялық 



процестердің  анықтамасы  мен  жіктелуі. 

Электродтық потенициал туралы түсінік. Стандартты электродтық  потенциал. 

Металл электродының потенциалын есептейтін  Нернст теңдеуі. 

36.


 

 Гальваникалық 

элемент.  Гальваникалық  элементтің  электр 

қозғаушы күші. Концентрациялық  элемент. 

37.

 

 Газ  электродтары.  Сутектік  және  оттектік  электродтарының 



потенциалдарын есептеу 

38.


 

 Электролиз.  Фарадей  заңдары.  Еритін  және  ерімейтін  анодпен 

электролиз  (балқымада және  ерітіндіде).  Ток бойынша  шығым.  Электролиздің 

іс жүзінде қолданылуы. 

39.

 

 Коррозия. 



Коррозияның 

негізгі 


түрлері: 

химиялық, 

электрохимиялық. Коррозиядан қорғау әдістері. Коррозия ингибиторлары.  

40.


 

 Элементтер 

және 

олардың 


қосылыстарының 

химиясы. 

Металдардың  жалпы  қасиеттері.  Металдардың  кристалдық  құрылымы. 

Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері.  

41.

 

Металл  емес  элементтердің  химиясы.  IV  топтың  р-элементтерінің 



бейорганикалық  химиясы.  Жартылай  өткізгіштер  химиясы.  Тұтқыр  заттар 

химиясы.  

42.

 

Органикалық полимер материалдар.  



43.

 

Су химиясы. Химия және қоршаған ортаны қорғау. 



44.

 

 Ядролық 



химия.  Радиохимия.  Радиоактивті  элементтердің 

химиялық қасиеттері. 

 

6  Баға бойынша ақпарат 

6.1  Бағалау жүйесі 

Сіздің  білім  деңгейіңіз  оқудың  кредиттік  технологиясында  қабылданған   

курс бағдарламасы бойынша қорытынды бағалар шкаласына сәйкес бағаланады 

(1 – кесте).  

 

  1 – кесте 



Баға 

Балдың сандық 

эквиваленті 

Пайыздық 

мазмұны 

Бағаның бұрынғы түрі 

А 

4,0 


95-100 

Үздік 


А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

В 

3,0 


80-84 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағат 


С 

2,0 


65-69 

С- 


1,67 

60-64 


 

 

D+ 



1,33 

55-59 


1,0 


50-54 



0-49 

Қанағаттанарлықсызсыз 

Рұқсат рейтингісінің бағасы семестр бойына жинақталады. Жұмыстардың 

әр  түрі  100  баллдық  шкаламен  бағаланады  және  2  –  кестеге  сәйкес 

коэфиициенттік  деңгей  рұқсаты  ағымдағы  бақылаудың  орташа  бағасына 

қосылады. 

2 – кесте. Әр жұмыс түрінің маңыздылығы. 

Параметрлер 

Коэффициент салмағы 

Зертханалық жұмыстардың 

орындалуы 

0,4 


Курстық жұмыс 

0,5 


Дәріс сабақтарына қатысуы 

0,1 


Ағымдағы бақылаудың орташа 

бағасы (Ор) 

1,0 

 

Аралық  бақылау  (АБ)  академиялық  күнтізбеге  сәйкес  семестрде  екі  рет 



өткізіледі.  Әр  АБ  (А1  және  А2)  100-баллдық  шкаласымен  бағаланады, 

ақпараттық жүйемен АБ бағасының орташа мәні есептеледі 

Б

ор

=(Б



1

2



)/2 

және 0,2 салмақ коэффициентпен қабылдау бақылауына қосылады: 

БР = 0,2Бор+0,8Ор. 

Пән бойынша қорытынды баға шығарылады 

Қ=0,6БР+0,4Е, 

Е – емтихандық бағасының сандық баламасы. 



6.2 Балл қою саясаты: 

     3,4-кестелердегі  бағалардың  балдары  максималды  болып  саналады. 

Дәрістерге қатысу балдары қатыспаған дәрістердің санына байланысты болады. 

 

6.3 



Университет  оқушыларының  академиялық  мобильдігін 

ұйымдастыруда бағаларды аудару 

      ҚР оқушыларының оқу жетістіктерінің бағаларын  ECTS бойынша  балдық-

рейтингтік жүйеге аудару 3 және 4 кестелер бойынша жүргізіледі.  

                                                                                                        

Кесте  3    -    ҚР  оқушыларының  оқу  жетістіктерінің  бағаларын    ECTS 

бойынша  балдық-рейтингтік жүйеге аудару 



  

ECTS 

 б-ша баға 

 

Әріптік жүйе 

б-ша баға 

Баллдың 

сандық 

эквиваленті 

%-дық 

мөлшері 

Дәстүрлі жүйе 

бойынша баға 

А 

А 

4,0 



100 

Өте жақсы

 

В 

В+ 


3,33 

85 


Жақсы

 

С 

В 

3,0 


80 

С 

2,0 



65 

Қанағат


 

1,0 



50 

FX, F 



Қанағатсыз

 

 

 Кесте  4    -    ҚР  ECTS  бойынша    балдық-рейтингтік  әріптік  жүйенің 



бағаларын ECTS бағаларына аудару 

 

 



Әріптік 

жүйе б-ша 

баға 

Баллдың 

сандық 

эквиваленті 

%-дық 

мөлшері 

Дәстүрлі жүйе 

бойынша баға 

ECTS 

 бойынша 

баға 

 

А 

4,0 



95-100 

Өте жақсы 



А 

А- 


3,67 

90-94 


В+ 

3,33 


85-89 

Жақсы 


В 

В 

3,0 



80-84 

Жақсы 


С 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағат 


С 

2,0 


65-69 

Қанағат 


С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 

Қанағат 




0-49 

Қанағатсыз 



FX, F 

 

7. Пән саясаты: 

- сабақтарға кешікпей келу, қалдырмау; 

- сабақтарға белсенді қатысу;   

-  орынды  себептермен  қалдырған  зертханалық  сабақтарды  өтеу    (деканаттың 

рұқсатымен); 

- семестрлік жұмысты уақытында орындап, тапсыру: 

-  сабаққа кітапхана мен үйде өзіндік дайындалу. 

8. Академиялық этика ережелері: 

тәртіптілік; 

- әдептілік; 

- тілектестік; 

- адалдық; 

- жауапкершілік; 

- аудиторияда ұялы телефондарды өшіріп қою.  



  Келіспеушілік  жағдайлар  оқу  топтарында  оқытушымен,  эдвайзермен 

ашық  талқылану  керек.  Шешілмейтін  жағдайда  деканат  қызметкерлеріне 

жеткізілуі қажет.  

 

9 Әдебиет: 



9.1 Негізгі әдебиет 

1. Коровин Н.В. Общая химия. - М.: Высшая школа, 2005. 

2.  Пірәлиев  С.Ж.,  Бутин  Б.Н.,  Байназарова  Г.М.,  Жайлау  С.Ж.  Жалпы 

химия. –Алматы, 2003.-т.1-2.  

3. Гольбрайх З.Е., Маслов Е.И. Сборник задач и упражнений по химии.  - 

М.: Астрель, 2004. 

4. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. - М.: Кнорус, 2012. 

5.  Задачи  и  упражнения  по  общей  химии  под  ред.  Коровина  Н.В.  -  М.: 

Астрель, 2006. 

6.  Лидин  Р.А.,  Молочко  В.А.,  Андреева  Л.Л.  Задачи  по  неорганической 

химии.- М.: Высшая школа, 2004. 

9.2 Қосымша әдебиет: 

7. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. –А.: Мектеп, 2001. 

8. Аханбаев К.А. Жалпы және анорганикалық химия. – А.: Мектеп, 1987. 

9.  Харин  А.Н.,  Катаева  Н.А.,  Харина  Л.Г.  Курс  химии.  -  М.:  Высшая 

школа, 1983. 

9.3  Әдістемелік  материалдар: 

10.  Каленова  Ж.А.,  Колдасова  Г.А.  Химия.  Дәрістер  конспектісі.  –

Алматы, АЭжБУ, 2013. 

11. Даулетов Б.Д., Ильясов Е.Г. Тотығу-тотықсыздану реакциялары және 

электрохимиялық процестер. - АЭЖБИ, Алматы, 2001. 

12. Султанбаева Б.М., Туманова А.А. Химия. Оқу құралы. Энергетикалық 

мамандықтарының студенттеріне. –Алматы, АЭжБУ, 2012. 

13.  Кишибаев  Қ.О.,  Қолдасова  Г.А.  Химия.  5В073100  мамандығының 

студенттеріне  зертханалық  жұмыстарды  орындауға  арналған  әдістемелік 

нұсқаулар. –Алматы, АЭжБУ, 2011. 

14.

 

Кишибаев  Қ.О.,  Қолдасова  Г.А.  Химия.  5В073100  мамандығының 



студенттеріне  семестрлік  жұмыстарды  орындауға  арналған  әдістемелік 

нұсқаулар. –Алматы, АЭжБУ, 2011. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет