Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау



Дата30.11.2022
өлшемі2,07 Mb.
#54012

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Айтмухамет Камила

Өнімнің өзіндік құны — кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы.

  • Өнімнің өзіндік құны — кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы.

Калькуляция (латынша сalсukatіo кіші шот‚ есептеу) өнімнің бір өлшемін өндіруге‚ жұмыстардың бір өлшемін орындауға‚ қызметтердің бір өлшемін көрсетуге жұмсалған шығынның‚ шығыстың есебі, яғни өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын айқындау тәсілі.

  • Калькуляция (латынша сalсukatіo кіші шот‚ есептеу) өнімнің бір өлшемін өндіруге‚ жұмыстардың бір өлшемін орындауға‚ қызметтердің бір өлшемін көрсетуге жұмсалған шығынның‚ шығыстың есебі, яғни өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын айқындау тәсілі.

Ол құжат (калькуляциялық парақ) түрінде ресімделеді‚ онда шығыс бағыттар (объектілер) және белгіленген баптар бойынша көрсетіледі. Калькуляция кәсіпорын (фирма‚ ұйым‚ бригада‚ тағы басқа) дайындаған өнімнің‚ орындаған жұмыстың‚ көрсеткен қызметтің жекелеген түрлері өлшемінің өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып табылады. 

  • Ол құжат (калькуляциялық парақ) түрінде ресімделеді‚ онда шығыс бағыттар (объектілер) және белгіленген баптар бойынша көрсетіледі. Калькуляция кәсіпорын (фирма‚ ұйым‚ бригада‚ тағы басқа) дайындаған өнімнің‚ орындаған жұмыстың‚ көрсеткен қызметтің жекелеген түрлері өлшемінің өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып табылады. 

Калькуляциялау жүйесі – бұл өнімнің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі, ол өнімді өндіру мен сатуға арналған шығындарды есепке алудың қорытынды кезеңі болып табылатын өндірістің басқару кезеңіндегі маңызды процесі.

  • Калькуляциялау жүйесі – бұл өнімнің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі, ол өнімді өндіру мен сатуға арналған шығындарды есепке алудың қорытынды кезеңі болып табылатын өндірістің басқару кезеңіндегі маңызды процесі.

Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:

  • Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:
  • өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
  • шығарылатын өнім ассортиментін оңтайландыру;
  • жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік күнын калькуляциялауды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. 

  • Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік күнын калькуляциялауды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. 
  • Бірінші кезеңде жалпы барлық шығарылған өнімнің өзіндік құны есептеледі
  • екіншіде - әрбір өнім бойынша нақты өзіндік құны (немесе "шығындарды тарату"),
  •  үшіншіде - өнім (орындалған жүмыс немесе көрсетілген қызметтің) бірлігінің өзіндік кұны.

Кез келген ұйымда калькуляциялау белгілі бір принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:

  • Кез келген ұйымда калькуляциялау белгілі бір принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:
  • - өндіріс шығындарын жіктеу (нормативті құжаттарға сәйкес);
  • - шығын есебінің объектісін, калькуляциялау объектісін және калькуляциялық бірлікті белгілеумен;
  • - жанама шығынды бөлу әдісін іріктеумен;
  • - шығынды кезендер бойынша жіктеумен;
  • - өндірістің және күрделі қаржы жұмсалымының ағымдағы шығыны бойынша бөлек есеппен;
  • - шығын есебінің әдісі мен калькуляциялауды іріктеумен.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет