Операцияларының арнайы саласы болып



Дата24.11.2022
өлшемі22,89 Kb.
#52490

Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып_табылатын_нарықтық_қатынастаржүйесі; капитал мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі.Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттергене бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларынжүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологияларнегізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі,көрсеткіштерін_салыстырсақ,соңғы10жыл_ішінде,қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 
1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;
2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;
3) макроэкономикалық тұрақтандыру;
4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;
5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі.Нарықтық экономика баға мен рыноктар жүйесі арқылы жұмыс істейтін күрделі механизм секілді.
Нарықтық экономикада өнімдер тұтынушылар арасында рыноктік бағаға сәйкес тікелей аларлықтай қабілеттері мен тілектері негізінде бөлінеді.
Қазақстан Республикасының ұлан – ғайыр жері, оның ерекше бай қазыналары, табиғи- экономикалық қолайлы жағдайлары бар. Қазақстанның осыншама байлыққа ие болуы оның экономикасының дербестігінің.негізі,болып_табылады.
Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалы да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемлдік тәжірибе мен республикамызға тән ерекшеліктерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.
Саналы нарыққа көшу жағдайларындағы ең маңызды міндет – республикасының өндірістік ахуалына экономикалық дұрыс баға беру, қолда барды ұтымды пайдаланудың нақтылы бағдарламасын жасап, “технологиясын” талдау.
Экономиканы қайта құру бағдарламасындағы және оларды іс жүзіне асырудағы тиімсіздіктер білмеушіліктен ғана емес, адамдардың отан шаруашылығының шын мәнін, ерекшеліктерін, кездесетін қайшылықтарды болжай,алмайтындықтарынан,болыпотыр.
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы, экономикасын дамыту жолында – нарықтық,экономикасынаөтті.
Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар,ерекшелеіктербереді.
Қазақстан Республикасында экономиканы нақтылы қайта құру нарықтық қатынастырды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей, республиканың табиғи және экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп құру. Бұның өзінде Қазақстанның нақтылы жағдайлары -–табиғи мүмкіндіктері, экономикалық, ғылыми – географиялық тиімді орналасуы нарыққа жетістікпен көшуге әсер етті. Сыртқы экономикалық байланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар.
Қазақстанның нарыққа еркін өту үшін негізгі концептуалдық бағыттарының мынандай міндетитерін шешу қажет:
Экономикалық дербестікке қол жеткізу. Ол республиканың жерге деген бірегей меншігі, оның қазба байлықтары, ішкі және аймақтардағы сулары, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар дүниесі, мәдени және тарихи қазыналары, материалдық және финанс /қаржы/ мүмкіндіктері, өндірістік және өндірістік емес орындары экономикалық дербес саясат жүргізе алатындығы.
Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде шектеледі. Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік – экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми -–техникалық прогресс пен озат тәжірибеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады. Ал егер өнім пайда бермесе сұраным жоқ болса немесе азайса, өндіруші өнім шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы реттелінеді.
Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған өнімді сатуға байланысты мәселелермен маркетинг саласы айналасады.
Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінің де сіңірген еңбегі қоғамға қажет, ал өндірген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады.
Нарықтық қатынас сұраным мен ұсынысқа негізделеді. Сұраныс тұтынушылардың қаражатына қарай нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың басты жетекшісі өнімнің бағасы — өнімнің бағасы өссе сұраным арта береді. Алайда, нақтылы өмірде болып жатқандай, өнімге деген сұраныстың көлемі сатып алушының орташа кірісі, нарықтық көлемі, басқа өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына басқадай өнім алу сияқты сатып алушының қалауына байланысты болады.
Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарған товарының санынан – ақ белгі бермек. Товар неғұрлым тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, товар өндіру көбейтіле түседі немесе керісінше болады. Өйткені бәсеке дегеніміз біреуге жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан ұсынысқа әсер ететін басты себеп – пайда. Алайда пайда қуалап бағаны өсіре беруге тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылар ықпал жасайды. Демек, өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе өндіріс шығындарын азайтады.
Қазақстан республикасында экономиканы нақтылы қайта құру нарықтық қатынастарды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей, республиканың табиғи және экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп құру. Бұның өзінде Қазақстанның нақтылы жағдайлары – табиғи салауатты салмақтары, экономикалық – географиялық тиімді орналасуы нарыққа жетістікпен көшуге әсер етті. Сыртқы экономикалық байланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар.
Қазақстан экономикасын қайта құруда аймақтық бағдарламаларды іске асыру үшін республиканың әрбір аймағында экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік жағдайларды жан – жақты терең зерттеу қажет. Бұл жағдайда республиканың аймақтық экономикасының маңызы өте зор.
Қазақстанның толық дербестік алуы және жаңа өндірістік қатынастарға (нарыққа) көшу республиканы экономикалық аудандарға бөлудің мәселесін терең зерттеуді күтіп отыр. Еліміздің өндіргіш күшінің орналасуы және дамуы өндіргіш күшінің даму деңгейінің және өндірістік қатынастарының белгілі бір кезде пайда болатын әлеуметтік – экономикалық мүдделермен байланысты,жинамикалық,процесс.
Кез келген нарықтық өнім тұтынушылар арасында олардың тілектері және оның нарықтық бағасын төлеуге қабілеттілігі негізінде тұтынушының таңдауеркіндігі,принципі_бойыншабөлінеді.
Нарықтық жүйе бағаның бағдарлы функциясы арқылы кәсіпорындар және ресурстар мен қамтамасыз етушілер тарапынан тиісті реакция тудырып, тұтынушылар ықыласындағы өзгерсітерді жеткізіп тұруға қабілетті.
Нарықтық экономикада өндіріс пен тұтынуды қадағалайтын әкімшілік бақылау жоқ. Нарықтық жүйеде бәсекелестік тетік бақылау функциясын атқарады. Нарықтық экономика жеке және қоғамдық мүдделердің теңдігін жасайды. Бәсекелік нарықтық ортаның бас пайдасын ұлғайтуды көздеген кәсіпорындар мен ресурстарды жеткізушілер, бір мезетте, әлдебір көрінбейтін қолмен бағытталып, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге ықпал тудырады.Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы экономикалық жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықты қайта құруды одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Осы процесті тездету барысында жүзеге асатындай тиімді механизмі бар терең мазмұнды заңнама базасы қажет. Әрі, ұлттық және халықаралық заңнамалар арасында айырма үлкен болған сайын, ішінде шетелдіктер де бар кәсіпкерлер үшін де, инвесторлар үшін де тәуекел ұлғая түседі. Нарықтық экономикалық жүйені жүзеге асыру үшін Қазақстанда заңдардың толық кешені жасалған. Соның өзінде ол кешен Қазақстанның тек экономикалық мүмкіндігін ғана ескеріп қоймай, республика халқының ділі мен экономикалық танымына да байлансты көптеген толықтамалар жасауды қажет етеді.
Көптеген нарықтық институттар ішінде республиканың банктік жүйесі өзінің дамуына айтарлықтай қысқа кезеңде қалыптасуының теріс салдарын көп жағынан жеңе білді, экономика секторының қайта құрылуы бойынша жетекші болды, олардың өлшемі қолайлы инвестициялық ахуалдың және инвестицияның елге құйылысының кепілдемесі болып отыр. Ақшалай – несиелік реттеудің құралдары нарықтық экономиканы дамытудың макро – экономикалық тұрақтануында, оның салалары мен нарықтық инфроқұрылымның өрлеуі мен дамуына аса маңызды рөл ойнады. Банкілік жүйелердің дамуына орай ақша рыногы инфроқұрылымның жұмыс істеуі арқылы дәстүрлі және баламалы қаржылық құралдарды пайдалана келіп, ішкі жинақтау тетіктерін жандандыру мүмкін болды.
Нарықтық қатынсқа өту аймақ экономикасының ешқандай секторларына инвистициялық процестің өзіндік жандануына әзірше нақтылы алғышарт жасалған жоқ. Инвистициялық институттардың қалыптасуы, олардың қаржылық тұрақтылықтарының проблемалары инвестициялық процестердің барлық деңгейінде мемлекеттік реттеудің басты рөлін өзіне қалдырады. Мемлекеттік емес эмиссиялық құнды қағаздардың қор рыногы арқылы инвестиция тарту, акционерлік меншік формаларын пайдалану арқылы қолайлы инвестициялық ахуал тудыру оның институциялдық дамуының аяқталмағандығына, Қазақстан компаниялары мен банктерінің ішкі биржа рыногында “көгілдір қағаздарға” сұраныстың жоқтығына келіп тіреледі.
Дағдарысқа қарсы бағдарламалар:Елбасы Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, энергетика желілерін қайта жаңғыртуға және жаңарту, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру міндеті, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы үкімет назарында болатынын қадап айтты. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында әлемдік қаржылық дағдарыстан қиналмай шығудың айқын міндеттері белгіленген. Солардың бірі өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын мүлтіксіз жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет әлемдік дағдарысқа, біз басымыздан өткеріп жатқан кезеңнің қиындықтарына қарамастан, өмірлік маңызы зор әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру мен қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруды одан әрі жалғастыра береді. Ең алдымен “Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ” магистральдік газ құбырын салу, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының транзиттік дәлізін қайта жарақтандыру, Атыраудағы мұнай-химия кешенін салуды жалғастыру және т.б. жұмыстар әрі қарай шешімін таба береді. Cондай-ақ, “Еуропаға жол” бағдарламасы негізінде саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы еліміздің Еуропа мемлекеттерімен қатынастарын стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру күн тәртібіндегі іс. Ал алдағы 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтары мен міндеттері – гуманитарлық, экономика-экологиялық және әскери-саяси қызметін дамыту жөніндегі белсенді жұмыстарын жалғастыруға мемлекетіміз ниетті. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет