Оперциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамасы, эволюциясы, қызметі



Дата06.01.2022
өлшемі15,2 Kb.
#13249

Оперциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамасы, эволюциясы, қызметі
Операциялық жүйе тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады.

Бірінші сандық есептеуіш машиналар 1940 жылдардың басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 1950 жылдар ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975 жылдары интегралды микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі  IBM/360. Осы кезеңде қазіргі операциялық жүйелерге қатысты барлық коцепциялар:  мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көп терминалды іс-тәртіп,  виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар  жасалды.

1960 жылдар аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің даму нүктесі болды.

         1970 жылдар ортасына қарай  мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың операциялық жүйелерінде де кескінделді.

1970 жылдар ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ UNIX алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және  ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды.

1980 жылдардың басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 1980 жылдар аяғында — FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті.

1990 жылдар басында барлық ОЖ-лер әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік операциялық жүйелер де пайда болды.

         Соңғы он жылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдары болуы қажет.

 

Операциялық жүйенің қызметтері

Операциялық жүйе қызметі келесі негізгі функцияларды орындайды:



Процесстерді басқару. Процесс (немесе басқаша, есеп) – бұл орындалатын бағдарламаны сипаттайтын абстракция. Операциялық жүйе үшін процесс жұмыс бірлігін білдіреді, жүйелік ресурстарды қолдануға мәлімдеме береді. Процесстерді басқару ішкі жүйесі процесстердің орындалуын жоспарлайды, яғни жүйедегі бірмезгілде бар бірнеше процесстер арасында уақытты бөледі, сондай-ақ процесстерді құру және жоюмен айналысады, процесстерді қажет жүйелік ресурстармен қамтамасыз етеді, процесстер арасындағы байланысты қолдайды.

Ресурстарды тарату және тағайындау. Операциялық жүйе компьютер ресурстарын орындалу кезегінде тұрған қосымшалар арасында таратады. Мысалы, операциялық жүйе есептеріне әрбір жіберілген қосымшаларға және оған қажет деректерге жадтың бөлек аймағын белгілеу, сондай-ақ енгізу-шығару құрылғыларын басқару (пернетақта, принтер, монитор, желілік карта және т.б.) жатады.

Жоспарлау. Компьютер бірнеше бағдарламаларды бірмезгілде орындайды. Әр есеп көптеген "тармақтарға" немесе "бөліктерге" бөлінеді, компьютер есептер арасында көшіп отырып, оларды өңдейді. Мыңдаған осындай бөліктер компьютердің әртүрлі құрылғыларымен орындалуы тиіс – бір бағдарламаға электрондық кестені есептеу қажет, екіншісі – құжатты принтерге басуды, үшіншісі деректер қоймасы орналасқан ұйым серверіне қатынасады және т.б. ОЖ міндеті – компьютердің барлық компоненттерінің жұмысын барлық қосымшалар тез және тиімді орындалатындай етіп үйлестіру. Ол үшін операциялық жүйеге компьютердің әртүрлі ресурстарын (алдымен, ОП, ОЗУ және қатты диск) қолдануды жоспарлау қажет. Әр есепке орындалу басымдылығы меншіктеледі, соған сәйкес жоспарлау жасалады. Біздің мысалда баспаға басу тапсырмасынан кестені есептеу жоғары басымдылықта болуы мүмкін. 

Бақылау. ОЖ компьютер жұмысын бақылайды. Ол әр есептің орындалу стадиясын қадағалайды, сонымен бірге тіркеу журналын жүргізеді – кім компьютерді қолданып отыр, қандай бағдарламалар жіберілді,  деректерде немесе бағдардамаларда санкцияланбаған қолдану жағдайлары болған, болмағанын бакылап отырады. Кез-келген жағдайда кез-келген компьютердің ОЖ және мэйнфрейм, ДК өз бетінше үлкен бағдарлама. Сондықтан оперативті жадта әрқашан ОЖ-нің тек ядро (kernel) деп аталатын бөлігі ғана сақталады. ОЖ-нің үлкен бөлігі қатты дискіде сақталады. Операциялық жүйе сақталатын диск жүйелік (system disk) деп аталады. 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет