Орфографиялық СӨздік



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет88/88
Дата19.02.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
§ 6. э, ё (йо) әріптері орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден

енген   сөздерде   ғана  жазылады.  Мысалы:  экономика, этика, эстетика, дуэт,



эволюция, этнография, экспорт, электр, Пётр.

Ескерту. Жазу тәжірибесінде ё (йо) таңбасының орнына көбінесе  е әрпі

қолданылады, бірақ сөзді  ё  (йо) дыбысымен айту қажет:  актёр  (айтылуы  -



актиор), Петр (айтылуы - Пиотр).

§ 7. ю әрпі мынадай орындарда жазылады:

а)   сөз   құрамындағы  дауысты   дыбыстан  кейін   қосынды   й+ү+у,  й+ү+у

дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: аю, ою, үюлі, кею, көркею;

ә) орыс тілінен енген сөздерде сөз басында  және дауыссыз дыбыстан

кейін де жазылады. Мысалы: бюджет, полюс, люкс, адъютант.



Ескерту, Айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз

деген сөздер осында таңбаланғандай жазылады.

§ 8. я әрпі мынадай сөздерде жазылады:

а)   сөз   басында   және   дауысты   дыбыстардан   кейін   қосынды   й+а

дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: яки, яғни, қоян, таяқ, ая, мая,

сая, қия, мия, сия, қияқ,  тұяқ, саяқ;

ә) орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз  дыбыстардан  кейін де

жазылады. Мысалы: отряд, снаряд, аккумулятор.

Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы

§ 9.  б, в,  г, д  әріптері, негізінде, сөздің  басында, ортасында және орыс

тілінен  енген  сөздердің   соңында  да   жазылады.   Мысалы:  байқа, хабар, гүл,



әдет, вагон, авиация, клуб, штаб, актив, пассив  (қаржы   терминдері),  резерв,

анклав, педагог, округ, наряд.

§ 10.  ж, з, к,  қ,  л, м, н,  п,  р, с, т, ф,  х,  ш  әріптері сөздің  басында да,

ортасында   да,  соңында  да   жазылады.   Мысалы:  жаз, жақсы,  қажет,  құж,

лаж, заң, сазан, саз, қол, көңіл, қоғи, шағи, намыс, нан, самал, лақ, фабрика, шкаф,

альманах, хат, химия, цех, алхоры, рас, ру, рет, лас, лау, лек, көп, жаздым, келдім.

§ 11.  ң  әрпі сөздің  ортасында  және соңында ғана,  ал  ғ  әрпі сөздің  ба-

сында және ортасында  ғана  жазылады. Мысалы:  жаңа, аң, таң, ғалым, аға,

ағартушы.

§ 12. ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы:



физика, кафе, кофе, щи, борщ, лифт, цифр, фонетика, очерк, центнер.

Ескерту.  щ  әрпі қазақтың байырғы сөздерінен  ащы, тұщы, кеще  деген

сөздерде ғана  жазылады,  ф  әрпі  араб, парсы  тілдерінен  енген  кейбір жалқы

есімдер   мен   бірен-саран   жалпы   есімдер   және   одағайларда  жазылады.

Мысалы: Фазыл, Фәрида, Фәтима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние), тіфу.

§   13.  й  әрпі   қысаң  ы,   і  дыбыстарынан   басқа  (тый,   сый  сөздерін

қоспағанда) дауысты дыбыстардан кейін жазылады. Мысалы: ой, ай, кей, құй,



күй, әй, ой, магний, калий, санаторий, сценарий, комментарий, Маяковский.

§ 14. х әрпі мынадай орындарда қолданылады:

а)  орыс  тілінен  енген  сөздерде  жазылады. Мысалы:  химия, хлор, архео-

логия, бухгалтер, цех, хирург, зоотехник;


ә) араб, парсы  тілдерінен  енген  кейбір  жалпы,  жалқы есімдерде  жазы-

лады.   Мысалы:  хал, хат,  халық, тарих,  кітапхана,  асхана  (ондай  сөздердің

тізімі емле сөздіктерінде беріледі); Хамит, Ахмет, Халел.

§  15.  һ  әрпі  араб,   парсы  тілінен  енген  сөздерде  дауысты  аралығында

және   у   дыбысы   мен   дауысты   арасында,  сондай-ақ  одағайларда   жазылады.

Мысалы: қаһарман, қаһарлы, ене, гауһар, уһ, аһылады, уһіледі.

3. ь, ъ белгілерінің қолданылуы

§   16.   ь,   ъ  таңбалары  орыс  тілінен  енген  сөздерде  айыру   және  жіңішкелік

белгісі   ретінде   ғана  жазылады.   Мысалы:  съезд,   объект,   субъект,   альбом,

асфальт, вексель.

ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ

§ 17. Сөз тіркесіндегі жеке сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылмай,

негізгі   тұлғалары   сақталып   жазылады.  Мысалы:  ала  am  (алат  емес),  бара

алмаймын (баралмаймын  емес),  көк орамал (көг орамал  емес),  ақ лақ (ақ лақ

емес) барса игі еді (барсигеді емес) келсе игі еді (келсигеді, келсегеді емес), барып



па екен (барыппекен емес)

§   18.   Орыс   тілінен   енген   атау   сөздердің   тұлғасы,   негізінен,   орыс

орфографиясы   бойынша   өзгертілмей  жазылады.  Мысалы:  вагон,  паровоз,

гидрология,  биология, комитет, агроном, агротехника, педагог, медицина, спорт,

хирург, конституция, клуб, кино, радио, адвокат, планета, молекула, бюджет,

банк, транш.

Ескерту. сс, лл, кк, тт сияқты қосар әріппен келген кірме сөздердегі екі

әріптің біреуі қосымша жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: прогресс -



прогреске,  металл-  металдар,  грамм  - грамы,  балл (баға) - бес балдық  жүйе,

Донбасс - Донбастан.

Ал   орыс  тілінен  енген  бірқатар   кірме   сөздер,   әсіресе   тұрмыс-салтқа

қатысты   зат,   бұйым   атаулары   ерте   кездерден   дыбысталуы   қазақша

қалыптасқан   түрінде  жазылады.   Мысалы:  жәшік,   бәтеңке,   сіріңке,   божы,



бөкебай, бөшке, қалаш, шөген, кір  (гиря),  келі  (кило), сот,  болыс, облыс, зауыт,

тауар  (бұл   түркі   тілдерінің   өз   сөзі).   Соңғы   дауысты   дыбысын   түсіріп

қалыптасқан  газет, минут, гранат, цифр, координат сияқты  он  шақты сөзден

басқа кірме сөздерде соңғы  а  дыбысы түсірілмей қолданылады және солай

жазылады: оптика, кантата, капсула, тирада.

§ 19. Араб, парсы  тілдерінен  енген  сөздер, негізінен, қазақша  дыбыс-

талуы бойынша жазылады. Мысалы: әділ, амал, пейіл, ақпар, әлем, мектеп, пән,



кітап, бұқара.

Кірме  араб  сөздерінің   ішінде   екі-үш   түрлі   мағынаны   білдіру   үшін

түлғасын   сәл   өзгертіп   қалыптастырылғандары   сол   екі-үш   вариантта

жазылады. Мысалы: үкімет және өкіметхабар - ақпар, әрекет - қарекет, пейіл -



пиғыл, ақирет - ақырет (кебін), мәлімет - мағлұмат, қазына - қазине (қазинелі қара

нар), қазір - әзір, қақы - ақы - құқы, хақ - ақ, ғашық - асық, ғылым - ілім.

Араб, парсы  тілдерінен енген бірқатар кісі аттары әркімнің әртүрлі ат

қоюына   байланысты   сол   қалыптасқан   күйінде  жазылады.   Мысалы:  Хасан,


Хасен; Зәуре, Зура, Зухра; Бәтима, Фәтима, Пәтима; Қали, Ғали, Әли, Әлі; Жүсіп,

Түсіп, Нүсіп; Омар, Ғұмар.

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

§ 20. Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым

аттарының)   әрбір   сөзі   бөлек  жазылады.   Мысалы:  Қазақстан Республикасы,

Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы.

§ 21. Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды

атап,   алдыңғысы   соңғысының   тегін   (неден   жасалғанын),  неге,  кімге

арналғанын,   немен   жұмыс   істейтінін   және   өзге   заттардан   ажырататын

белгілерін   білдірсе,   олар   бөлек  жазылады,  мұндай   күрделі   тіркестердің

алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді. Мысалы: ағаш



күрек, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.

Ескерту.   Анықтаушы-анықталушы   қатынастан   ажырап,   бір   заттың

атауы болып кеткен сөздер бірге  жазылады:  беторамал, қолорамал, асқасық,



шайқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шыға- беріс, қолайна,

қолара т.б.

§ 22. Күрделі сан есімдердің, күрделі  сын  есімдердің әрбір сөзі бөлек

жазылады. Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті, екі

жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым;

қара  ала,  көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла  жирен, торы  төбел, ақ

шабдар.

§ 23. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады: Мысалы: жаза



бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара

алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.

§   24.   Есім,   еліктеуіш   сөздер   мен   етістіктерден   құралған   күрделі

сөздердің   әрбір   сөзі   бөлек  жазылады.   Мысалы:  қызмет ету, жұмыс қылу,

жәрдем ету, шап ету, лап қою, man беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету.

§ 25. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек  жазылады.

Мысалы: таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.

Ескерту. а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі -ты, (-ті,ды,

-ді) қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе -па (-пе, -ба, -бе) қосымшалы

сөз   болса,   мұндай   бейнелі   тіркестер   қосылып  жазылады  (олар   сөздікте

көрсетілді).  Мысалы:  алыпқашпа  (сөз),  жүрекжарды  (қуанышты  хабар),



жолсоқты (болу), қағазбасты (болу), пышақкесті (тыйылу), бау- кеспе (ұры);

е)  о   баста  идиомалық,   фразалық   тіркестер   болғанымен,   терминдік,

атауыштық   мәнге  ие  болып   бірігіп   кеткен   тұлғалар   қосылып  жазылады.

Мысалы:  ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек, ойтолғақ, ойтүрткі  (бұ-   лар

емле сөздіктерінде көрсетіледі);


б)

әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған

есімді   тұрақты   тіркестердің   түбір   қалпы  да,  қосымшалы   түрі   де   бірге

жазылады,   мысалы:  ержүрек, ержүректік, ақниет,  ақниеттік, дүние- қоңыз,



дүниеқоңыздық,   дүниеқоңыздану,   ақкөңіл,   ақкөңілдік,   жанпида,   жанпидалық,

алақол, алақолдық т.б.

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

§   26.   Тұлғасы   өзгертіліп   барып   біріккен   сөздер   қосылып  жазылады.

Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу,

апар, әпер, түрегелді, ерғашты, жарғанат, алтатар, көгөніс, қыргүйек, шегара,

көгала (мылжың), көгала (қойдай сабау).

§ 27. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер

түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрдайым,

әрқашан,   ешкім,   ешбір,   ешқандай,   ештеңе,   кейбір,   қайбір,   қайсыбір,   бірдеңе,

бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай, біркелкі, бірқыдыру,

әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдеқашан, әртүрлі.

Ескерту.  Еш, әр, кей, бір, қай, әлде  сөздері зат есімдермен тіркескенде,

бөлек жазылады. Мысалы: еш адам, әр бала, қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде



жылқы, әлде сиыр.

§   28.   Екі   түбірден   құралып,   ғылымның   әр   алуан   (саяси-әлеуметтік,

лингвистикалық,   филологиялық,   биологиялық,   астрономиялық,   физика-

математикалық, химиялық т.б.) саласында терминдік мәнге ие болған атаулар

бастапқы тұлғаларын сақтап, бірге  жазылады. Мысалы:  баспасөз, өнеркәсіп,

кәсіподақ, арасалмақ, арақатынас, келіссөз, көзқарас, еңбеккүн, шикізат, көкжиек,

кемпірқосақ,   шоқжұлдыз,   оттегі,   сутегі,   қостотық,   үшбұрыш,   сегізжақ,

көпмүше,   тозаңқап,   гүлтабан,   тамыржеміс,   сүтқоректілер,   оңқанаттылар,

сөзжасам.

§   29.   Екі,   кейде   үш   түбірден   құралған   аң-құс,   жан-жануар,   құрт-

құмырсқа,   өсімдік   атаулары   түбір   тұлғалары   сақталып,   бірігіп  жазылады.

Мысалы:  қосаяқ,   қарақұйрық   ақбөкен,   тасбақа,   құрбақа,   бірқазан,   аққұтан,



көкқұтан, аққу, қарақұс, есекмия, өгізшағала, жаужұмыр, түйеқарын, шегіргүл,

айдаршөп, қырықаяқ, қаракүйе.

Ботаника,   зоология  терминдерінің   ішінде   мынадай   жолмен   жасалған

күрделі атаулар біріккен сөз болып, сыңарлары қосылып жазылады:

1) бірінші   сыңары  ақ, қара, сары, көк, қызыл, ала, боз  деген   түс   атауларымен

келген аң-құс, өсімдік аттары және қой, сиыр, түйе, бота, қозы, am, қоян, аю,

бөрі немесе ит, құм, су, бал, у, сор деген жалпы атаулар мен жеке тұрғандағы

лексикалық мағынасынан айырылған сөздер тіркесі болып келген терминдер

қосылып жазылады: алақоржын (тышқан), қарақанат, қарабай, ақиық (құстар),

ақбілек, көкқасқа, көкнайза, қызылбас (өсімдік атаулары), ақкөз, қаракөз, алабұға

(балықтар),  қарақұйрық  (аң),  құмбетеге, субетеге, сиыржоңышқа, қойжусан,



қойқарақат, бөріқарақат, аққайың, қотырқайың, итбүлдірген, укекіре, убидайық,

балқарағай, балқоға;

ЕскертуАқ, қара, қызыл, қоңыр, сұр, шұбар сияқты сын есімдер аң- құс,

өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: ақ аю,



қоңыр аю, сұр жылан, шұбар бақа.

2) бірінші сыңары  түсті  білдіретін  сын  есімдер  немесе   әртүрлі  есім  сөздер,

екінші   сыңары  ағаш, шөп, гүл, тікен, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық,

құрт, жидек, жеміс сияқты жалпы атаулар болып келетін тіркестер қосылып

жазылады:  қараторғай,   қараағаш,   қарақұрт,   қаражидек,   қарабидай,



қызылжидек, қызылбалық, сарышөп, сарыағаш, қаракүйе, қарақат, қоңыраушөп,

сәлемшөп, тарақбалық, қылышбалық, күркетауық, түйетауық, қоянот, киікот,

түймежапырақ, сужапырақ, сүтжапырақ, әректікен.

§ 30. Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық,

тұрмыс,   мәдениет,  өнер,  спорт  т.б.   салаларға   қатысты   зат,  құрал-   жабдық,

ұгым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп

жазылады.   Мысалы:  шаңсорғыш,   еттартқыш,   бесатар,   өнертапқыш,

жанкүйер, бессайыс; ақсүйек, қосқұлақ, соқыртеке,  балтамтап  (ойын аттары);

беташар,   тоқымқағар,   ақсарбас  (ырым,  дәстүр  атаулары),  тоғызқұмалақ,

асатаяқ, алыпсатар.

§ 31.  Екінші сыңары  аралық, тану, mac, таным, жай, хат, қағаз, ішілік,



сымақ  деген  сөздер  және  бірінші сыңары  әсіре, көп  сөздерімен келетін қазақ

сөздері, сондай-ақ бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино,



гидро, агро,  транс,  инфра,  ультра, изо,  гипер,  ал  екінші сыңары қазақ сөздері

болып келген тіркестер бірге жазылады.  Мысалы:  халықаралық, ауданаралық,



континентаралық;   жаратылыстану,   шығыстану,   абайтану;   тілтаным,

дүниетаным, жартас, қойтас, жылыжай, саяжай, мекенжай, ашықхат, қолхат,

ауруханааралық, рұқсатқағаз, түсқағаз, шешенсымақ, фотосурет, электрұстара,

радиоқабылдағыш,   автоқалам,     аэрошана,   киноқондырғы,   агрошаралар,

инфрақызыл,   ультракүлгін,   изосызық,   гипержазықтық,   әсіресолшыл,

әсірепатриот, әсіреқызыл; көпбалалы, көпдінді, көпүнділік, көпұлтты.

Ескерту.Бірігіп   жазылуы   дәстүрге   айналған  дүниежүзілік,   бүкіл-

одақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы

түрінде жазылады (олар сөздікте беріледі).

§   32.   Екі   кейде   үш   сөзден   құралған   кісі   аттары   мен   географиялық

атаулар,   негізінен,   түбірі   сақталып,   бірге  жазылады.   Мысалы:  Досжан,



Өтепберген, Әбдіманап, Мергенбай, Қартбай, Талдықорған, Жезқазған, Екібастұз,

Қызылжарқұдық, Ақтүйесай, Ақдаласор.

Алдыңғы   сыңары   дауысты   дыбысқа   аяқталып,   екіншісі   дауыстыдан

басталатын, негізінен, кісі есімдеріндегі қатар келетін екі дауыстының бірі

(алғашқысы)   түсіріліп  жазылады.  Қожа+Ахмет   Қожахмет,   Торы+айғыр  -



Торайғыр, Мырза+әлі — Мырзәлі (немесе Мырзалы).

Ескерту.  а)  Адам аттарының ішінде  бек, хан, мырза, құл, әлі (әли, ғали)

сияқты   сөздермен   жасалған   есімдердің   сыңарлары  да  әрдайым   бірігіп

жазылады:

 Мырзалы,  Тұрсынзада,   Әбдуәлі   (Әбдуәли),   Құлмұхамбет,



Бекмұхамбет;   соңғы   кездерде   байқалғандай   жалқы   есімдердің   сыңарларын

ажыратып жазу (Мырза Әлі, Бек Мұхамбет) тәжірибесі сәтті емес.



Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен

тіркескенде,   жалқы   есімге   косылып  жазылады.   Мысалы:  Бауыржан



Момышұлы, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Сара Сәтбақызы Есова;

ә) екі түбірден құралған бірқатар кісі аттары түбір тұлғалары өзгеріп

біріккен түрінде жазылады. Мысалы: Дәметкен, Ұлмекен, Ұлбосын (Дәмееткен,

Ұлмаекен, Ұлболсын емес);

б)

екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кейбір кісі аттары



екі   түбірдің   үндесу   ыңғайына   қарай  да   жазылады:  алдыңғы   түбір   қатаң

дыбысқа аяқталса, келесі сөз де қатаң қ,  к  әріптерімен  жазылады. Мысалы:



Күсепқали,   Қоскелді,   Айткелді,   Айтқожа,   Сейітқұл,   Аққыз;  алдыңғы   түбір

дауысты   дыбыстар   мен   ұяң,   үнді   дыбыстарға   аяқталғанда,   келесі   түбірдің

басқы   дыбыстары   ұяндап,   ғ,  г   болып  айтылса,   ғ,   г   әріптері  жазылады.

Мысалы:  Амангелді, Нұргелді, Төрегелді, Нұрғиса, Нұрғожа, Есенгүл, Қарагөз,



Ботагөз, Айғыз.  Ал қатаң түрде айтылса, қ,  к  әріптері  жазылады. Мысалы:

Әбілқайыр, Әбдіқадыр, Әбілқасым, Қаламқас, Бибікамал, Шәмшіқамар;

в)

қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген сөздерден



жасалған   кісі   аттары   қатарынан   екі   дауыссыз   дыбыстан   басталмайды,

олардың  не  алдынан,  не  ортасынан   ы,   і   әріптерінің   бірі  жазылады.

Мысалы:Ысқақ (Сқақ емес), Ысқақбай (Сқақбай емес), Сымахан (Смахан емес),

Ырза (Рза емес), Ырзабай (Рзабай емес), Рысалды (Рсалды емес);

г)

аттас



 жерлерді   бір-бірінен

 ажырату


 үшін

 алдарынан

қолданылатын анықтауыш есімдер  бас  әріптен басталып, бөлек  жазылады.

Мысалы: Кіші Азия, Орта Азия, Орталық Азия, Үлкен Қарой, Кіші Қарой.



V. ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ

§ 33. Қос сөздердің барлық түрі дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы:



дүркін-дүркін, үлкен-кіші, үлкенді-кішілі, аяқ-табақ, қып-қызыл, қолма- қол, көзбе-

көз, қолды-қолына,  жалт-жұлт,  өзінен-өзі, қараптан-қарап,  некен- саяқ,  жөн-

жосық, саяси-бұқаралық.

Араларына  да,   (де,   та,   те)шылауын   салып,   етістіктің   бұйрық   рай

тұлғаларынан   жасалған   сипаттама   тіркестер   қос   сөздер   сияқты   дефиспен

жазылады,  шылау   сөз   бірінші   сыңарға   (сөзге)   қосылып   беріледі:  уда-илу

(айғай),  аста-төк  (байлық),  ұрда-жық  (мінез),  келде-кет  (немесе   кел-кет

болып отыру).



ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

§   34.   Қосымшалар   сөздің   соңғы   буынындағы  дауысты  дыбыстың

әуеніне қарай буын үндестігі бойынша  я  жуан,  я  жіңішке  болып жазылады.

Мысалы:  жұмыс-шы-лар-дың,   инсти-тут-тар,   пле-нум-да,   бюлле-тенъ-дер,



мұға-лім-ге, по-ляк-тар.

Ескерту. Күнә, кінә, шүбә, куә, іңкәр, күмән, Күләш, Күләй, Мүтән сияқты

соңғы буынында жіңішке  ә  әрпі жазылатын сөздерге қосымшалар жіңішке

жалғанады, тек барыс, жатыс, шығыс жалғаулары мен етістік тудыратын -ла

жұрнағы   жуан   айтылып,   жуан   жалғанады.  Мысалы:  күнәсіз,   күнәлі  (бірақ



кінәға,   кінәдан,   кінәсіна,   күнәлау),   шүбәсіз,   шүбәлі  (бірақ  шүбәлану,   шүбәға,

шүбәсінан), куәсі, куәлік  (бірақ  куәға, куәдан, куәда), күмәнсіз  (бірақ  күмәндану,

күмәнга, күмәнінан), Күләштің (бірақ Күләшқа).

§ 35. Соңғы дыбыстары рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль

сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке

түрде   жалғанады.   Бұлар  к,  г  дыбыстарының   және   жіңішкелік   белгісімен

келген  р,   л  дыбыстарының   жіңішке   айтылуына   байланысты.  Мысалы:

парктен, паркке, паркі, митингілер, митингіге, фактіге, фактісі, полкке, полктер,

полкі, ансамблъге, ансамблі.

Ескерту. Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздер мен соңғы

буынында  ё,   э  дыбыстары   бар  сөздерге   қосымша   әрдайым   жіңішке

жалғанады.  Мысалы:  тюльдер,   тюлі,   Пётрдің,   Пётрге,   актёрге,   актёрлер,

дуэттер, дуэті.

§   36.   Сөздің   соңғы   дыбысы   қатаң   болса,   дауыссыздан   басталатын

қосымшаның басқы  дыбысы да  қатаң, ал сөздің соңғы дыбысы ұяң  я  үнді

болса, қосымшаның басқы дыбысы да ұяң я үнді болып жалғанады. Мысалы:



астық-ты, астық-тан, табыс-пен, айт-тыр, трактор-лар, қағаз-дар,  мал-мен,

киім-мен, ауыз-бен.

Ескерту.  б,   в,   г,   д  әріптеріне   бітетін   сөздерге  дауыссыз   дыбыстан

басталатын қосымшалар тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады. Мысалы:



штаб-тан,   клуб-қа,   парад-тан,   парад-қа,   актив-ке,   пассив-   тен,  резерв-тік,

педагог-тер, геолог-тер, геолог-ке, Ашгабад-қа, Мадрид- тен.

§ 37. Сөздің соңғы дыбысы с немесе з болып, оған с, ш дыбыстарынан

басталатын  қосымша   жалғанғанда,   түбірдің   соңғы  дыбысы  өзгертілмей

жазылады.   Мысалы:  ауызша (ауышша  емес),  жұмысшы (жұмышшы  емес),



басшы (башшы емес), сөзсіз (сөссіз емес), жазсын (жассын емес), көзсіз (көссіз

емес).


§ 38. Сөздің соңғы дыбысы н болып, оған ғ, г, б дыбыстарының бірінен

басталатын  қосымша жалғанғанда, алдыңғы  дыбыс  өзгертілмей  жазылады.

Мысалы: күнге (күңге емес), жанбайды (жамбайды емес), жанға (жаңға емес).

§   39.   -ов,   -ев  жұрнақтары   арқылы   жасалған   фамилияларға   қосымша

түбір   сөздің   соңғы   буынындағы  дауысты  дыбыстың   жуан-жіңішкелігіне

қарай жалғанады. Мысалы: Әділбаевқа (соңғы буын - бай - жуан), Әділбековке

(соңғы буын - бе-к), Жүсіповтің (соңғы буын - сі-п).

§ 40. Қосымшалар дауысты дыбыстан басталғанда, түбірдің соңындағы

қ, к, п дыбыстары ұяңдап, ғ, г, б (немесе у) болып өзгерген түрінде жазылады.

Мысалы: тарақ - тарағы, тайлақ - тайлағы, қызық - қызығы, жүрек - жүрегі,



тік - тігеді, кітап - кітабы, жап - жауып - жабады; manтауып - табады, кеп -

кеуіп  -  кебеді.  Бірақ  қазақы  (ат),  қалмақы  (ер),  can  -  сапы(еңбек   сапында)

сияқты бірер сөздердің түбірі сақталып жазылады.

Ескерту.а)   Соңғы   буынында   ы,  і  дыбыстары   бар  кейбір   сөздерге

дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ыі дыбыстары түсіп

қалады. Мысалы: орын+ы - орны, құлық+ы - құлқы, әріп+і - әрпі, ерін+і - ерні,

көрік+і - көркі, халық+ы - халқы, ойын+а - ойна, үрік+ек - үркек (мұндай сөздер

емле сөздіктерінде толық көрсетіледі);

ә)  ауыл,   дауыс  сияқты   бірен-саран   сөздерге   тәуелдік   жалғауы   жал-

ғанғанда, айтылу (дыбысталу) ыңғайына қарай соңғы буындағы ы, і әріптері

түсіріліп те, түсірілмей де жазыла береді (олар емле сөздіктерінде және деген

белгімен қатар беріледі);

б)

п,   х   дыбыстарына   аяқталатын   кірме   сөздерге   дауыстыдан



басталған   қосымша   жалғанғанда,   п,   х  дыбыстары  ұяңдамайды:  принцип  -

принципі,  тип  -  muni,  окоп  -  окопы, цех  -  цехы, альманах  -  альманахы; тарих -

тарихы.

§   41.   нд,   мп,   кт,  нк,   мб,   ск,   фт  сияқты  дыбыстар  тіркесіне   бітетін

сөздерге   қосымшалар  ы,   і  дәнекері   арқылы   қосылады.  Мысалы:  штамп  -

штамп-ы-лау;  факт  - факт-і-ге;  митинг  -  митинг-i-ге;  объект-  объект-і- лер,

объект-і-ге;ромб - ромб-ы-ның.

§ 42. ст, сть, зд  дыбыстар  тіркесіне біткен сөздер түбір күйінде ешбір

өзгеріссіз  жазылады   да,  оларға   қосымшалар   жалғанғанда   түбірдегі   соңғы

дауыссыз түсіріліп жазылады. Мысалы: трест - трес-тің, трес-іне; ведомость-



ведомос-қа,   ведомос-ы;  съезд-  съез-ге,   съез-і-нің;  социалист  -   социалиске,

социалистік.

§ 43. Бас әріптерден қысқарған сөздер тек қана дауыссыз дыбыстардан

тұрса, оларға қосымшалар соңғы әрпінің  жуан я  жіңішке айтылуына қарай

үндесіп,  я   жуан,   я  жіңішке  болып  жалғанып,  дефис  арқылы  жазылады.

Мысалы:  ТМД-ға,  АҚШ-қа.  Ал араларында немесе  соңында  дауысты дыбыс

әріптері тұрса, қосымша сол дыбысқа үндесіп, жуан не жіңішке болып дефис

(-) арқылы жазылады. Мысалы: ЮНЕСКО-ның, НАТО-ңа, БҰҰ-ның.

§   44.  Тырнақшаға   алынған   сөздерге   жалғанатын   қосымшалар   тыр-

нақшаның ішіне  жазылады. Мысалы:  Ол өлең «Қазақ әдебиетінде» басылды.

Лев  Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігін» қазақ тілінде де, орыс тілінде де

оқыдық.

ШЫЛАУ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ

§ 45. Шылау сөздер төмендегіше жазылады:

а)

шылаулар, негізінде, бөлек  жазылады. Мысалы:  сабақтан кейін,



жиналысқа дейін; қағаз да, қарындаш та; қалам мен сия; аз ба, көп пе?

ә)  ақ, ау, ай, мыс, міс, ды, ді,  шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден

дефис (-) арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: сен-ақ, келмейді-ау, әдемісін- ай,

барыпты-мыс, шамалы-ақ, көретін-ді, қой- ақ қой;

б)

ма   (ме,   ба,   бе,   па,   пе)  сұраулық   шылауы   түбір   мен   қосымша

арасында қолданылғанда мы, мі, бы, бі, пы, пі болып өзгерген қалпында бірігіп

жазылады. Мысалы: келемісің? айтыппысың? Сұлтанбысың?



БАС ӘРІПТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

§   46.   Нүкте,   сұрау,  леп   белгілерінен   кейінгі   сөйлемнің   бірінші   сөзі,

көбінесе, өлеңнің әрбір жолы бас әріптен басталып жазылады.

§   47.   Жалқы   есімдер   (кісі  аттары,  географиялық   атаулар,   кәсіп-

орындардың  аттары,  кітап,  журнал,  шығарма, мереке, мекеме, ұйым  аттары

т.б.)   бас  әріптен  басталып   жазылады.   Мысалы:  Абай  Құнанбаев,  Максим



Горький, Балқағи, Алматы, М.Әуезовтің «Абай жолы» романы, Наурыз мейрамы,

Мәдениет министрлігі, Ғылыми комитет Тіл білімі институты.

§ 48.  Күрделі есімдерден құралған мынадай атаулардың әрбір сөзі бас

әріппен жазылады.

а)

Ең   жоғарғы   мемлекеттік   кызмет  аттары   мен  құрметті   атақтар:



Қазақстан Республикасы Президенті, Халық Қаһарманы;

ә)

мемлекеттердің,   республикалардың,   жоғарғы   мекемелер   мен



ұйым- дардың күрделі атауларының әр сөзі бас әріппен жазылады: Қазақстан

Республикасы, Ресей Федерациясы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы.

Ескерту.  Әртүрлі   мекемелердің,   білім-ғылым   орындарының,   партия-

лардың, ұйымдардың, бірлестіктердің, қорлардың т.б. күрделі атауларының

бірінші сөзі ғана бас әріппен  жазылады:  Сыртқы істер министрлігі, Ғылым



академиясы, Тіл білімі институты, Ұлттық банк қоры.

§ 49. Бірінші әріптерден қысқарған мемлекет, үлкен халықаралық ұйым

т.б.   күрделі   атауындағы   әрбір   сөздің   бірінші   әрпі   бас   әріппен  жазылады.

Мысалы:  ТМД  (Тәуелсіз   Мемлекеттер   Достастығы)  ҚР  (Қазақстан

Республикасы),  БҰҰ  (Біріккен   Ұлттар   Ұйымы),  ҚХР  (Қытай   Халық

Республикасы).



Ескерту.  Әріптерден   қысқарған   сөздердің   бірқатары   өзге   тілдердегі

тұлғасымен қолданылады: НАТО, ЮНЕСКО, ГУЛАГ, УАЗ (автомәшенасы).

Алғашқы   сөздің   басқы   буынынан,   соңғы   сөздердің   бас   әріптерінен

қысқарып   жасалған   сөздердің   қысқарған   буынының   алғашқы   әрпі   бас

әріппен, қалған әріптері  кіші әріппен  жазылады.  Мысалы:  ҚазТАГ— Қазақ

телеграф агенттігі, ҚазҰУ - Қазақ Ұлттық университеті.

СӨЗДЕРДІҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ

§   50.   Жазып   келе   жатқанда,   жолға   сыймаған   сөз   буын   жігіне  карай

тасымалданады. Мысалы: ала-қан, ор-на-лас-ты-ру.

§ 51. Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар

сөздерді буындағанда, бұл дыбыстар келесі буынның  басында  келеді  және

солай  тасымалданады. Мысалы:  да-уыс (дау-ыс  емес),  са-уат (сау- ат  емес),



да-йындық (дай-ындық  емес),  құ-йын (құй-ын  емес). Ал  үу, үу, ый, ій дыбыстар

тіркесінің   орнына   жазылған  у,   и  әріптері   бар   сөздер   тасымалданғанда,

тасымал   жігі  дауысты  әріптен   басталады   және   солай  тасымалданады.

Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, ти-ын, жи-ын (тасымалданудың бұл түрі



қазақ сөздері буындалуының табиғатына қарай емес, қос дыбысты и, у деген

жалаң таңбалармен жазуға байланысты қолданылатын шартты ереже).



Ескерту.   Сөз   ішінде   үш   дауыссыз   дыбыс   қатар   келгенде,   алдыңғы

жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз дыбыс әрпін

шығарып тасымалдау керек.  Мысалы:  құмырс-қа (құмыр-сқа  емес),  күңгірт-

теу (күңгір-ттеу емес), жаңғырт-ты (жаңғы-ртты емес).

§   52.   Жазып   келе   жатқанда   жолға   сыймаса,   мынадай   орындарда

тасымал жасауға болмайды:

а)

екі, үш  не  одан  да  көп әріптерден құралған бір буынды сөздер



жеке тұрғанда тасымалданбайды. Мысалы: ай, күн, вольт, кварц, пункт;

ә)   сөздің   жеке  әрпін   сол   жолдың   өзінде   қалдыруға  да,  келесі   жолға

тасымалдауға  да болмайды.  Мысалы:  ара (а-ра, ар-а  емес),  аяқ  (а-яқ  емес),

алақан (а-лақан емес);

б)

бас  әріптен   қысқарған   сөздерді   бөліп   тасымалдауға  болмайды.



Мысалы: БҰҰ (Б- ҰҰ немесе БҰ-Ұ емес);

в)

кісі   атының   қысқартылып   алынған   әрпін   (инициалдарын)



фамилиядан айырып, сол жолда қалдырмаған да, екінші жолға көшірмеген де

дұрыс: А.С.Пушкин, Л. Н. Толстой, М. О. Әуезов;



г)

цифр арқылы таңбаланатын сандарды оларға қатысты қысқарған



атауларынан бөлмей тасымалдаған жөн. Мысалы: 25 га (25-га емес,  50 см (50-

см емес), 50% (50-% емес).    

Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет