Орынбасар Маржан



Дата08.12.2022
өлшемі19,22 Kb.
#55801

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік мәдениетінің мәні мен мағынасы. Іскерлік қатынастар. Кәсіпкерлік этикасы, іскерлік этикет


Орындаған: Орынбасар Маржан
Тобы:1404-11
Қабылдаған: Темирова.Ж


Кәсіпкерлік мәдениет - субьектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Ол елдегі ( қорамдағы) қолданыстағы құқыктық нормаларға, бизнесті жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекет нормаларына, іскерлік дағдыларга, этикалық және адамгершілік ережелеріне негізделеді.


« Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінін мазмұнын мынадай 3 құрамдас бөлік(компонент) арқылы анықтауға болады:

  • 1. Кәсіпкердің бизнестің құндылықтары туралы түсінігі

  • 2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезіндегі мінез - құлық ( іс- әрекет)
    нормалары мен ережелері.

  • 3. Кәсіпкердің нақты іс- әрекеті, соның нәтижесінде кәсіпкер әзірленген ережелер мен мәдени мінез- құлық нормаларын іс-жүзінде жүзеге асырады



Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне мыналар жатқызылады:



  • Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы:

  • Міндеттер мен міндеттемелерді мінсіз орындау;




  • Кәсіпкерлік субъектілерінің өз бизнесін адал жургізуі, адамдармен, тұтынушылармен, әріптестермен, мемлекетпен адал қарым-қатынаста
    болу;

  • Кәсіпкердің жалпы этикалық нормаларды сақтауы

  • Кәсіпкерлік қызметтің қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталуы;

  • Кәсіпкерлік іс-әрекеті болжау мүмкіншілігі



Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті мынадай ішкі факторлар арқылы анықталады:



  • Кәсіпкерлік қызметтің пәні және оны
    уйымдастыру жағдайы;

  • Меншік иелері мен қызметкерлердің
    мотивациясы:

  • кәсіпорын басшылары мен жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынас механизмі, басқарушылық мәдениет деңгейі; 

  • кәсіпорын басшылары мен жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынас механизмі, басқарушылық мәдениет деңгейі; 

  • нарықта жетекші орынға ие болуға мүмкіндік беретін ерекше басқару стилінін болуы:

  • Кәсіпорын басшылары, менеджелері мен қызметкерлерінің жоғары кәсіби құзыреттілігі және оларды оқыту мүмкіншілігі;

  • Кәсіпорын жетуге ұмтылатын құндылықтар туралы нақты әрі айқын түсініктер жиынының болуы;

  • Кәсіпорын қызметінің жоғары тиімділікке бағытталуы және
    ұсынылатын тауарлар мен қызметтер сапасы:

  • Тұтынушыларға анық және сапалы
    қызмет көрсетуі, тұтынушылармен
    жақсы, өзара қарым-қатынастарда болуы:

  • Қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның көздеген мақсаттарға жетуі барысындағы олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;

  • Қажетті санитарлық гигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет