Орынбасары: 2021ж



бет2/2
Дата06.09.2022
өлшемі25,77 Kb.
#38515
1   2
____________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
_________________________________________________________________________
Автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын түсініктемелері бар бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдау (ақпараттық жүйе болмаған жағдайда, қағаз түрінде)
______ тоқсан ____________ пәні бойынша

Тәлімгердің жас маманмен 2021-2022 оқу жылы
І тоқсанда жүргізілген жұмысының есебі
2021-2022 оқу жылында жас маман, физика пәні мұғалімі Болатов Манас Арманұлына тәлімгер болып бекітілдім. Ең алдымен жас маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім.
Жас маман өз жұмыстарына тиянақты қарайтын, жаңашылдыққа бейім, тіл табысуда қиындық тудырмайтын пәндері, мамандығы бойынша жетістікке ұмтылатын деңгейлік курстан өтпеген, оқытушылық қызметті жаңа бастап отырған оқытушы. Оқу жылының басында арнайы пәндер бойынша оқу бағдарламарымен танысып, түсіндіріп өттім.
Жүргізілген кеңестер мен әңгімелер арқылы перспективалық, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға, сабақ өткізуге көмек көрсетілді, күнтізбелік – тақырыптық және сабақ жоспарлары, әзірлеу және қолдану, дидактикалық материалдарды сабақта қолдану жолдары анықталды. 
Сағат жүктемелерін ескере отырып, сабақ кестесі мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрдық. Құрбан Нүрпейіс Бақытбекұлы алғаш рет ұстаздық жолды бастап отырғандықтан күнтізбелік тақырыптық жоспар, күнделікті сабақ жоспарын құруда тәлімгері менен біраз қолдау, көмек көрсетілді, күнтізбелік тақырыптық жоспарды бірігіп жасадық. Дегенмен, жас маман жоспарды уақытында жасап тапсырып отырды.
Жас маманға өзара сабаққа кіруге жоспар құрылды. Сабақтарға кірген соң жас маманмен кәсіби байланыс жасалды. Өз сабағы мен тәлімгердің сабағын салыстыра отырып өз тәжірибесіне нені жетілдіру керектігін өзі анықтап отырды
Сонымен қатар жас маманның сабақтарына да кіріп отырдым. Жас маманның алғашқы сабағына сыни көзбен қарау мақсатында емес, үйрету, бағыттау мақсатында қатыстым. Тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, түзету бағытында жүргізілсе және мектепке келген жас маманға үнемі қолдау көрсетіп отырса, нағыз шебер ұстаз болып қалыптасуына бағыт беру бағытында жүргізілді. Мектептің жақсы нәтиже көрсетуіне жас маманның да алар орны ерекше.
Тәрбие жұмысы бағыты бойынша да жас маманға көмек берілді, тәрбие жұмысы жоспарын дайындауда, сыныптағы білім алушылармен қалай тіл табысып, жұмыс жасауға.
І тоқсандағы жасалған жұмыс нәтижелері келесі жарты жылдықта он бағасын береді деп ойлаймын. Алда апталықта ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланған. Жалпы айтқанда жас маман Құрбан Нүрпейіс Бақытбекұлы жұмысын жақсы көреді, алдағы уақытта бірігіп көптеген жұмыстар жүргізіледі деп сенемін.
Алдағы уақытта қойылатын міндеттер: 
• жас педагог құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сабақтарында қолданысқа енгізу. 
• зерттеу және тәжірибелік кезеңінде сабаққа қажетті тиімді әдістерін дұрыс жолмен бағыттау, оқушылармен жұмыс істеу деңгейінде әртүрлі ынталандыруды қамтамасыз ету; оқушылардың бүкіл сабақ бойы рефлексия мен өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру. 
Тәлімгер Хитарова М.С.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет