Орындаған Еркебай Қайрат



Дата31.12.2021
өлшемі15,18 Kb.
#23692

Орындаған Еркебай Қайрат

Глоссарий

Эмоция - қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Көңіл - адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Эмоция жағымды, ұнамды, жағымсыз, ұнамсыз, қарапайым, күрделі болып келеді.

Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, тепе-теңдігіне және қозғалғыштық ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

Тұлға-адамның адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық аспектілерін ашатын, адамды саналы іс-әрекеттің иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.

Экзистенциализм - Батыс философиясындағы адам өмірінің мәні,оның тұлғасы туралы иррационалистік бағыт.

Физиогномия- Адамның сыртқы табиғи қозғалыстарына жеке тұлғаның ерекшеліктері, сипаты-адамның сыртқы келбетімен байланысты сала жатады.

Агрессивтік мінез-құлық - адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады.

Ауытқыған мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерді қайталап бұзудағы, тұрақты сипаттағы мінез-құлық; белгілі бір қоғамда қалыптасқан дерек, балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасау, қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттердің орындалуы.

Меланхолик - темперамент типі. Жүйке жүйесі әлсіз, сәл нәрсеге реакция білдіретін, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, жайбасар адам.

Мінезтану – адам мінезін зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Оның негізін салушы ежелгі грек оқымыстысы Феофраст.

Мінез-құлық - адамның генетикалық ерешеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктердің жиынтығы.



Мінез - адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы жеке дара қасиеті.

Мінез бітістері - өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерешеліктері. Адамның айналасына, басқаларға қатынасын білдіретін: адамгершілік, қайырымдылық, адалдық, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық және тағы басқа жағымды және жағымсыз мінез бітістері кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет