Орындаған: Жумабекова Н. О тексерген: Богданов. О. Ф топ



бет1/3
Дата11.03.2022
өлшемі23,04 Kb.
#27649
  1   2   3

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Жаратылыстану-математика факультеті

СӨЖ


Тақырыбы:Спорт.Жоғары деңгейдегі спорт,бұқаралық,кәсіпқой,әуесқой,студенттік спорт

Орындаған:Жумабекова Н.О

Тексерген:Богданов.О.Ф

Топ:Б-001

Семей


2022 жыл

Жоспар:


1.Спорт туралы түсінік.

2.

Спорт (фр. Desport — бекершілік (leisure)) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Cпорт сөзінің арғы төркіні Көне Француз тілінен басталады, desport - көңіл ашу дегенді білдіреді екен. Ағылшын тіліне бұл сөз 1300 жылдары еніпті, кейін басқа тілдерге таралып, 19ғ. соңына таман қазақ тілінде қолданысқа ене бастапты.

Оның басқа мағынасы ұтысу, аулау, ойын, көңіл ашу, шынығу деген мағыналарды береді. Рогеттің анықтамасы бойынша, зат есім күйіндегі спорт сөзі "босау мен көңіл ашу үшін жасалатын әрекет" дегенді білдіреді.



Спорт — дене мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Спорт материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы ретінде қоғамда адамдардың ойындық дене әрекеттері үшін жүйелі, арнайы бағытталған,  құрылып  және  пайдаланылатын  ағза  құрылысының түрлері қызметінің және психологиялық қарқынды дайындығының, оған жалғасатын барынша толық қабілеттерін спорттық жарыс жолдарымен алдын-ала анықтайтын, қозғалыс әрекеттерінде көрсететін дене мәдениетінің табиғи бөлігі болып саналады. Яғни, спорт мүддесіне қызмет ететін саланың бірі болып табылады. Ол өзінің қызмет аясында тәрбиелік, дайындық және қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметтің шешімін табады, бірақ, ол адамның барлығының тұрақты және арнайы кәсіби мамандығы бола бермейді (түрлі бағыттағы спорт түрлерінде спортшылар әртүрлі жастарда спортпен айналысуды тоқтатады. Мысалы, бокс, баскетбол секілді, осыған ұқсас белсенділік деңгейі ылғи да жылдамдық пен төзімділіктің жоғары шегінде жүруді талап ететін спорт түрлеріндегі спортшылар. Спорт — өндірістік, яғни, экономикалық қызмет түріне кірмейді. Заттар немесе тұрмыстық қажетті бұйымдар т.б. тауарлар шығармайды, былайша айтқанда, оның өнеркәсіппен тікелей игілік арқылы байланысы жоқ. Бірақ, адамның ағзасын шыныктырып, дені сау адамдарды қоғамға дайындай, сол арқылы экономикаға пайдасын келтіреді және оқу-тәрбие жүйесінің заңдылықтарына бағынышты болады. Балалар спортында аталмыш екі мэселенің белгілері былайша түсіндіріледі: спорт — оқушылардың мемлекеттік жоспар мен бағдарламаға сәйкес, жалпы білім беретін мектептердегі оқу пәні ретінде сабақтан, сыныптан және мектептен тыс уақытта барынша ерікті түрде жүзеге асырылатын жұмыс түрі. Спорт үзіліссіз, қарқынды дайындықсыз нәтиже бермейді.

Жалпы дене шынықтыру дайындығы базасында спортгық мамандық түрінің сипаты анықталып, іске асырылады. Балалар спортында бұл белгі толығымен және үлкен қызығушылықпен, нақтылы, барынша кең және ұзақ мерзімге шешімін табады. Адам спортпен шұғылдануға кіріскенде, барынша толық дене күштерінің мүмкіндіктерін және рухани қабілеттерін тар және қысқа, барынша аз шектелген, алдын-ала анықталған қозғалыс әрекеті шеңберінде көрсетуге дайындалады. Бұл мәселенің сипат белгісі балалар спортына да тән немесе барынша толық қатысты. Бірақ, оның деңгейі олардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты. Олардың өз мүмкіндіктерін барынша толық көрсетуі өз заңдылықтарымен жалғасатын жарыс үлгісі арқылы салыстырмалы түрде көрінеді (ережесі, спорттық жіктелуі, марапатталуы, мадақталуы, көрнекілігі т.б.). Бір сөзбен айтқанда, тек жарыста спорттың мақсат-мұраты, міндеттерінің қызметі шешімін табады. Бұл заңдылық балалар спортында да анықтаушы қағида болып қалады, тек жарыстардың сыртқы бейнесі ғана өзгеріп, ал өздерінің күштерін салыстырмалы түрде сынауга ұмтылу рухы сабақталады. Жоғарыда аталып көрсетілген спорттағы бұл заңдылықтар (белгілер) әрқилы деңгейде спорттық ойыңдарда, гимнастикада, жеңіл атлетикада, туризмде және т.б. спорт түрлерінде кездесуі мүмкін. Мысалы, бар мамандық түрлері бойынша кейбір ойындарға немесе спорттық гимнастикаға кіріп, оларды өз алдына жеке спорт түріне айналдырады. Солай бола тұрса да, спорттың өзіне тән ойын қасиеттері және белгілері болғандықтан, ойын әдістемесі кең ауқымда қолданылады.

Спортты толығымен сипаттайтын барлық белгілер балалар спортында өз көрінісін табады. Оны баланың оқудан тыс уақыттағы әртүрлі әрекетінде арнайы дайындық және жарыстарға қатысудағы жас ерекшеліктерін есепке алып, алдын-ала қозғалыс әрекеттерін анықтайтын қабілеттерін тиімді етіп көрсету болып табылады. Арнайы дайындыққа рұқсат етілген сәттен, жалпы білім беретін мектепті бітіргенше, балалар спортының ауқымы жас ерекшелігімен анықталады. «Жасөспірімдер спорты» үғымы барынша тар, ауқымы шектелген мағынада түсіндіріледі. Оның жас ерекшелігі шекарасы іске біреу ғана, ол жасөспірім-бозбала жасы тобы. Бұл үғым (термині) спорттаіъі қыз балаларының да қатысатындығын назарға салады (қыз налалар қатыса бастаган спорт түрлері көп. Мысалы, күрес, бокс, ауыр атлетика).

Спорт - сайыстық, бәсекелестікте өтетін, спорттық жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік қызмет. Спортқа негізінен жарыстық қызмет, оған арнайы дайындық , ерекше қатынас, талап және нәтижеге жету кіреді.

Спорт адамды жан-жақты жетілдірудің тиімді құралы ретінде оны рухани және дене дайындығына тәрбиелеудің қозғаушы күші болып саналады. Спорттық жоғары нәтижеге жеткен сайын спортшы тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық , ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады. Спорттың адамды тәрбиелеудегі педагогикалық маңызы өте зор.

Ал, жоғары нәтижелер спорты барынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылумен байланысты (әлемдік рекордтар, Олимпиадалық ойындарда, Әлем, құрлық чемпионаттарында және ҚР біріншіліктерінде). Алайда спорттық нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, бұл жоғары нәтижеге жететіндердің саны да азая береді.

Спортшы өмірінің белгілі кезеңдерінде жоғары нәтижелер спорты басымырақ жағдайда болады. Олардың дайындығын жоғары біліктілігі бар жаттықтырушылар жүргізеді және ондағы жаттығу барысында ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктері пайдаланылады, жаттығу және жарыстық жүктемелердің көп мөлшері қолданылады, ал спортшылар көп кезеңдік қатаң іріктеуден өтеді.

Жоғары нәтижелер спортының қоғамдық қызметін іске асырудың да белгілі ерекшеліктері бар. Жоғары спорттық нәтижелер үлкен қоғамдық қозғалыс (резонанс) туғызады және қандай мектепте спорттың даму деңгейі, халықаралық жарыстарға қатысуы жоғары екендігі, әртүрлі елдер спортшылары мен спорт сүйер көпшіліктің әртүрлі әлеуметтік орталарында байланыс орнатуға, сонымен бірге халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Спорттың экономикалық мәні спорттық қозғалыстың бұқаралығының арттырылуында, спорттық көріністерді өткізудегі оның сауықтыру тиімділігінің жақсаруында көрінеді. Спорттық нәтижелердің өсуі адамның мүмкіндік шегі туралы ұғымы аясын кеңейтеді, спортшыларды дайындау әдістемесіне жаңа жолдар ашуға жәрдемдеседі, ол сонымен бірге бұқаралық спорттық қозғалысқа қатысушылар үшін жаңа бағдарлар мен мөлшерлік белгілерді (норматив) орнату қызметін атқарады (үлгілік және ынталандыру маңызы). Спорттың эстетикасы ымырасыз спорттық сайыс сұлулығында, қозғалыстың жетілуінде және т.б. көрінеді.Жоғары дәрежелі спортшылармен шұғылданудың сауықтыру әсерлілігі тиянақты дәрігерлік бақылаудың, жаттығуды үйлесімді құрудың және спортшылардың жеке ерекшеліктерін есепке алып жүктеме мөлшерін тиімді таңдаудың нәтижесінде қамтамасыз етіледі.



Әуесқой спорт – жеке адамдарға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және әртүрлі спорт түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы;

Кәсiпқой спорт – спорттық ойын-сауық іс-шараларын (жарыстарды) ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған, оларға дайындалғаны және қатысқаны үшін спортты кәсіби қызметі ретінде таңдаған спортшылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сыйақы алатын спорттың құрамдас бөлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет