Орындаған: Құлтас Гүлназ



Дата10.03.2022
өлшемі3,02 Mb.
#27387

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Тақырыбы: Көп қылтанды құрттар класы. Нереида (Бас бөлімі, параподия). Аз қылтанды құрттар класы. Жауын құрты (сыртқы, ішкі құрылысы). Сүліктер класы. Медициналық сүліктің сыртқы, ішкі құрылысы.

Орындаған: Құлтас Гүлназ

Еркінқызы Бағым

Қабылдаған: Абдукадирова Жансая

Көпқылтанды құрттар , полихеттер (лат. Polychaeta) – буылтық құрттар типіне жататын құрттар. Бұлар кембрий кезеңінен белгілі. Жер шарында кең тараған 5 мыңнан астам түрі бар, көпшілігі теңізде тіршілік етеді. Денесінің ұзындығы бірнеше мм-ден 3 м-ге (Eunіce gіgantea) дейін жетеді. Басым көпшілігі белсенді жүзіп, ал кейбіреулері су түбіне бекініп, немесе топырақты қазып тіршілік етеді, “үйшік” немесе түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Денесі бас, тұлға және аналь (пигидия) бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімі екі пигменттен тұрады: ауыз алды немесе бас қалқаншасы – простомиум және ауыз сегменті – перистомиум. Тұлғасы біркелкі бөлшектелген гомономды сегменттерден (5 – 800) тұрады, олардың әр қайсысының бүйірінде параподия (жұптасқан өсінділер) деп аталатын жалған аяқтары орналасқан. Құйрық бөлімі 5 – 6 өте жіңішке сегменттерден тұрады, онда целом қуысы және параподиялары болмайды

К. қ-дың денесі бір қабатты эпителиймен қапталған. Эпителий өзінің сыртқы жағына жұқа кутикула бөліп шығарады. К. қ-дың ішкі мүшелері екінші реттік дене қуысының ішінде орналасқан. Целом қуысының негізгі қызметі – тірек, зәр шығару, тасымалдаушы, әрі онда ұрық клеткалар дамып жетіледі. Ас қорыту жүйесі алдыңғы ішек бөлімінен (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш) және ұзын ортаңғы, қысқа артқы ішектен тұрады. Еркін жүзетіндерде жұтқыншағының ішкі қабырғасында хитинді өткір тісшелері не жақ пластинкалары болады. К. қ., негізінен, денесімен, тек кейбір түрлері параподияларында орналасқан желбезек арқылы тыныс алады. Қан айналу жүйесі – тұйық, яғни қан басты тамырлардан майда тамырларға және капиллярларға өтіп, олардан қайтып басты тамырларға оралып келеді. Зәр шығару жүйесі – метанефридиальді. Денесінің әрбір сегментінде оң және сол жақтарында зәр шығару каналдары орналасқан, олардың алдыңғы ұшы түтік тәрізді кеңейіп целом қуысына, екінші ұшы сыртқа ашылады, осындай жүйені сегменттелген жүйе деп атайды. Жүйке жүйесі жұп жұтқыншақ үсті немесе ми және жұтқыншақ асты ганглияларынан, жұтқыншақ маңындағы сақина – коннективадан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Еркін тіршілік ететін түрлерінде сезім мүшелері жақсы жетілген.

Нереида. Теңіз түбіндегі тұнба немесе құмнан ін қазып тіршілік етеді. Басқа көпқылтаңды құрттар секілді денесі созылыңқы, өте көп буылтықты және буылтықтарында шоқтанып орналасқан қылтанды болып келеді. Құрттар қылтандары арқылы су түбінде жорғалап жүреді (қылтандар аяқтың қызметін атқарады). Нереиданың түсі - жасыл. Нереида 1939 жылдан бастап Каспий теңізіне жерсіндірілді, оны бекіре балығы қорек етеді. Денесі шамамен үш бөліктен тұрады: басқы бөлігі, көптеген буылтықтардан құралатын тұлға бөлігі және қысқалау келген аналь бөлігі. Нереиданың денесінде көп қылтандардың болуы, оның алдағы уақыттағы аяқтарын білдіреді. Денесі құрт тәрізді созылыңқы және сәл жалпақтау болып келеді.Бас бөлігі бастан және ауыздан құралады.

Көпқылтандылардың аналь бөлігінен басқа дене бөліктерінде аяқтың қызметін атқаратын қылтандары болады. Денесі бір қабатты эпителиймен қапталған, оның сыртын кутикула қаптайды. Тері-бұлшықет қапшығы екі қабаттан: эпителий астында сақиналы бұлшықет қабаты, оның астында бірыңғай салалы бұлшықет қабаттарынан құралады. Құрттар осы бұлшықеттері арқылы созылып-қысқарып, ирелеңдеп жүре алады. Дене қуысы тері-бұлшықет қапшығының астында сұйықтыққа толы болады. Сол сұйықтықта құрттың ішкі мүшелері орналасады. Дене қуысы жұмыр құрттардағыдай бүкіл денеге созылмай, буылтық сайын перделермен бөлінеді. Тынысалу мүшесі-желбезек. Терісі де тыныс алуға қатысады. Оның зәр шығару жүйесі ашық болады. Әрбір буылтықтарда зәр шығару мүшелері болады. Зәр шығару мүшесінің кірпікшелі шұқырағы буылтық қуысына ашылады, денедегі қажетсіз зат дененің қабырғасындағы арнаулы зәршығару тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Оның тұйық қанайналым жүйесі бар. Мұнда екі тамыр- арқа және құрсақ қан тамырларының тақаратын мәні зор. Тамырлар құрт денесінде ішектің үстіңгі және астыңғы жағында орналасып, әрбір буылтық сайын бірімен-бірі сақиналы тармақтар арқылы жалғасады. Құрттың арқа тамыры жиырылады, қанды лүпілі арқылы басына қарай айдайды, ал қан құрсақтамырға сақиналы тармақтар арқылы таралады. Құрсақтамырдағы қан дененің соңғы бөлігіне қарай жылжиды. Қанның түсі - қызыл.

Азқылтанды құрттар – буылтық құрттар өкілі. Ғылымға шамамен 35 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілігі тұщы суларда, ылғалы мол топырақта, кейбір түрлері теңіздерде тіршілік етеді. Азқылтанды құрттардың арасында ұзындығы бірнеше см-ден 3 м-ге жететіндері де кездеседі. Ірі түрлері тек тропиктік аймақта тіршілік етеді. Азқылтанды құрттардың денесі қайталанып отыратын 500 – 600 біркелкі сақиналардан тұрады. Дене сегменттерін сыртынан тығыз жамылғы (қабықша) жауып тұрады. Көпшілік түрлерінің терісінде әр түрлі шырындар шығаратын тері бездері, әр түрлі түс беретін пигменттер бар. Жүйке жүйесі көмегімен сыртқы дүниені сезіне алады, бірақ көбінің көзі болмайды. Жануарлар дүниесінде алғашқы қан айналу жүйесі Азқылтанды құрттарда пайда болған. Топырақта өмір сүретіндері терісі арқылы, ал теңізде тіршілік ететіндері желбезектерімен тыныс алады. Азқылтанды құрттар балдырлармен, бактериялармен, әсіресе, өсімдіктердің шіріген қалдығымен қоректенеді. Көбею жолы қос жынысты (гермофродит), тура дамиды. Қазақстанда көп тараған түрі – жауын құрты. Олар топырақ құнарлылығын арттырады. Ал суда тіршілік ететін түрлерін балықтар қорек етеді.

Жауынқұрты, шұбалшаң - жерқұрттары, азқылтанды құрттар туыстасына жататын құрттар тобы, өз құрамына әдетте ірі топырақта мекендейтін түрлері енеді.

Шұбалшаң түсінің қызғылт болуы, оның денесін қан жабдықтайтынын білдіреді. Құрттың негізгі екі қантамырлары ішектің үстіңгі және астыңғы жағынан өтеді. Дененің арқа бөлігін жабдықтайтын тамырлар арқа қантамыры, ал құрсақ жағын жабдықтайтын тамырлар құрсақ қантамыры деп аталады. Қантамырлардағы қанды арқа және құрсақ тамырларымен сақина тәрізденіп жалғасқан "жүрекше" бүкіл денеге айдайды. Қан дененің алдыңғы бөлігінен артқа қарай және артқы бөлігінен алға қарай жай жылдамдықпен жылжиды, қылтамырлар арқылы барлық мүшелерге таралады. Қанның дене қуысына таралмай, қантамыр арқылы үнемі айналуы тұйық қанайналым жүйесі деп аталады. Шұбалшаңның әрбір буылтығында екі-екіден орналасқан кішкене ақ имек түтікшелер - зәршығару мүшесі. Имек түтікшенің бір жағы шұқырақ тәрізденіп дене қуысына, екінші жағы келесі буылтық арқылы сыртқа ашылады. Жүйке жүйесі құрсақ жүйке тізбегін құрайтын ірі жұтқыншақ үсті жүйке түйіндісінен және көптеген ұсақ түйінділерден тұрады.Шұбалшаңның бас пен құрсақ бөлігінде жүйке жүйесі болады



Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет