Орындаған: Өмірзақова Жансая Қабылдаған: Бибігүл Тұрсынбекқызы



бет1/7
Дата10.03.2023
өлшемі1,55 Mb.
#73253
  1   2   3   4   5   6   7

Тіндік гомеостаз. Тіндер гомеостазын қамтамасыз ететін механизмдер. Тіндердің адаптациясы және регенерациясы. Тіндердің өзгергіштігі.

Орындаған: Өмірзақова Жансая

Қабылдаған: Бибігүл Тұрсынбекқызы

Мақсаты:

  • Кіріспе
  • Тін туралы түсінік
  • Тіндік гомеостаз
  • Тіндер гомеостазын қамтамасыз ететін механизмдер
  • Тіндік жүйені қалыптастырушы факторлар
  •  Тіндердің регенерациясы
  • Тiндердiң өзгергiштiгi
  •  Метаплазия
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тін – шығу тегі, атқаратын қызметі, құрылысы бірдей жасушалар мен постжасушалық құрылымдардың жиынтығы. Тіндердің аталған құрылымдық-функциялық элементтері бір-біріне өзара тәуелді және өзара тығыз байланысқан. Тіндердің онтогенезде дамуы – гистогенез процессі деп аталады.

Жалпы адам ағзасында тіндер 4 топқа жіктеледі:

1. Дәнекер тіні

2. Бұлшық ет тіні

3. Эпителий тіні

4. Нерв тіні

Дәнекер тіні

  • Адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер тіні жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер тінінің атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген.

Дәнекер тіндердің түрлері

  • 1.Тығыз талшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бірімен-бірі тығыз тор тәрізді жанасқан. Жасушааралық заттар аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірдеі артериялық қантамырлардың қабырғасында орналасқан. Жасушалары бірімен-бірі тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі беріктігін қамтамассыз етеді.
  • 2.Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бірімен - бірі байланысқан жері, көмей қақпағы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзілген. Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты болғанымен серпінділік қасиеті бар.
  • 3. Сүйекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бірімен-бірі байланысқан сүйек тақташаларынан түзіген.
  • 4.Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп, жасушалары тығыз орналасқан.
  • 5.Қан - дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан, қанды дәнекер ұлпасына жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет