Орындаған: Оринханов М. Е тексерген: Жарыкбасов Т. с Кіріспе



Дата18.12.2022
өлшемі18,3 Kb.
#57877

«ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY»

Эссе


Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптілік жарғысының жалпы ережелері. Көтермелеулер.Тәртіптік жазалар.


Орындаған: Оринханов М.Е
Тексерген: Жарыкбасов Т.с

Кіріспе
Әскери тәртіп (орыс. Воинская дисциплина, ағылш. Military discipline) — барлық жауынгерлердің заң мен әскери жарғыда белгіленген тәртіп пен ережені бұлжытпай орындауы. Қарулы Күштердегі Әскери тәртіп әрбір жауынгердің өз әскери міндетін сапалы атқаруына, өзінің Отанын қорғауға жауапты екенін түсінуіне негізделеді. Жауынгерлер үшін Әскери тәртіп — командирге, басшыға сөзсіз бағыну, олардың бұйрықтары мен жарлықтарын дер кезінде, дәлме-дәл мүлтіксіз орындау. Командирлердің бұйрығынан жауынгерлер өз Отанының талабын көреді, сондықтан да оны орындауға білімін, әскери даярлығын, кажыр-кайратын жүмсайды. Әскери тәртіп дегеніміз — барлық әскери кызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери кызметшілердің арасындағы мінез-құлык және өзара карым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтауы. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін кәміл сезінуіне негізделеді. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні өзінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді. Әскери қызметшілерде тәртіптілікті тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру болып табылады, бұл өзінің әскери борышын адал орындамайтындарға мәжбүрлеу шараларын колдануды жоққа шығармайды. Әскери тәртіп – кез келген әскери орындардың ішкі және сыртқы заңнамаларына сәйкес қабылданатын бірыңғай қабылдану және орындалу міндеттемесі. Әскери тәртіптің ішкі түріне әрбір сарбаздың дұрыс киінуі, ерте жатып ерте тұруы, тамақтануы, уақытқа жұмыс жасауы және тазалық жатса, сыртқы тәртіпке қару-жарақты дұрыс пайдалану, әскери технологияларды меңгеру сынды әрекеттер жатады. 
Негізгі бөлім
Әскери тәртіптің адам баласына әсер ету маңыздылығы жоғары. Біріншіден жеке тұлғаның өзіне-өзі жауап бере алуы. Әрбір сөз бен іске жауап беру кез келген адамның бойында болатын қабілет емес. Ал әскери адамдардың бұл қасиетке жақын болуы ішкі тәртіптің күштілігінде. 
Екіншіден – тазалық мәселесі. Адамның өзіне ғана ұқыпты болуы аздық етеді. Әскери орындарда әрбір көйлектің жағасын жуу, үтіктеу ең алғашқы талаптардың бірі болса, осыған қоса төсек-орынды дұрыс жинау міндеттері де бар. Әскерге барып борышын өтеген әрбір азаматтың бойында жігіткен тән сабырлы мінезбен қатар, адами құндылыққа сай жақсы қасиеттер қалыптасады. 
Үшіншіден – сөзден іске көшу. Патриоттық тәрбие жолында жасақталған әрбір сарбаздың бойында қалыптасатын тағы бір қасиет – іске көшу. Сөздің бос екенін түсіну, әрекет болмай қарекет болмайтынын сезіну. Әскери тәрбие біз айтып өткен тәртіптердің орындалуын және дұрыс жағынан қалыптасуын қадағалайды. «Тәртіпке бағынған құл болмайды», деп Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, патшасына бағыну, еліне бағыну, халқына бағыну – қасиет. 
Әскери жарғы— әскери қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы. Әскери жарғы әскери қызметшілер үшін бұлжытпай орындауға тиіс заң болып табылады. Арнаулы мақсатына қарай жауынгерлік (соғыстық) әскери жарғы және жалпыәскерлік әскери жарғы. (ішкі қызметтік, тәртіптік, саптық, горнизондық және қарауылдық әскери жарғылар) болып бөлінеді. Жалпыәскерлік әскери жарғылар Қарулы Күштер түрлерінің бәріне ортақ ережелерді әскери қызметті өтеу тәртібін, әскери қызметшілердің міндеттері мен құқығын анықтайды. Әскери жарғылар (Воинские уставы) — Қарулы Күштер әскерлерінің күнделікті басшынықка алатын, олардың қызметін белгілейтін ресми құжаттар. Әскери жарғылар Қарулы Күштердің ішкі қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің гарнизон және қарауылдық қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің саптық жарғысы, Қарулы Күштердің тәртіптік жарғысы болып бөлінеді. Әскери жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибелері, әскери ғылым жетістіктері, жауынтерлерді оқыту мен тәрбиелеудің көп жылғы тәжірибелері талданып, қорытындыланған. Олардың бүкіл мазмұны мемлекеттің, халықтың мүддесіне сай келеді. Әскери жарғылардың негізгі идеясы — патриотизм, әрбір жауынгердің Отанды қорғаудағы жауапкершілігі, әскери борышына, әскери антына шексіз берілгендігі. Әскери жарғылар барлығы бір мақсатқа бағытталған. Олардың мақсаты: әскер қатарында темірдей берік тәртіпті сақтау, жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеуді бір жүйеде жүргізу, әскери істі қазіргі әскери өнер мен ғылым талаптарына сай ұйымдастыру және жүргізу. ҚР Қарулы Күштерінің жарғылары 1998 ж. 27 қарашада бекітілді
Қортынды
Өйткені, Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады.
Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай - ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез - құлық және өзара қарым - қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.
Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет