Орындаған: Өтепберген Арай Тобы: фат-112б түркістан 2023ж Отбасы және қазіргі заман



бет1/4
Дата04.05.2023
өлшемі29,36 Kb.
#89941
түріПрезентация
  1   2   3   4

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Филология факультеті


Педогогикалық шетел тілдер кафедрасы


БӨЖ
Орындаған: Өтепберген Арай


Тобы: ФАТ-112Б

Түркістан 2023ж
Отбасы және қазіргі заман
1. Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылаңыз.
2. «Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде» тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).
3. Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз.
4. Отбасыңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз.

Еркектік және әйелдік бастаманы екі мағынада түсіну керек – биологиялық және 


әлеуметтік-мәдени. Ол үшін ғалымдар екі түрлі мағына енгізді – биологиялық - «жыныс» 
(әйелдер мен еркектердің биологиялық айырмашылығы) және әлеуметтік - «гендер» 
(әйелдер мен еркектердің мәдени айырмашылығы).
Гендер – бұл әлеуметтік рөлдердің жинағы. Жыныс емес гендердің өзі әйелдер 
мен еркектерде психологиялық қасиеттермен, қабілеттермен, қызмет, мамандық 
және іс түрлерімен қамтамасыз етеді.
Гендер әйелдер мен еркектер арасындағы табиғи, биологиялық және болмысты 
болып табылмайтын айырмашылықтарды тудырады. Гендерлік теңсіздік отбасында
достық қарым-қатынаста, қоғамдық немесе қауымдық өмірде (мысалы, еркектің/ұлдың 
абыройлы мәртебесі) орын алады. 
Қоғамдағы болып жатқанөзгерістер ер адамдар мен әйел адамдардың отбасындағы 
және күнделікті өмірдегі мәртебесінде, бір-біріне және балаларға қатынасы бойынша 
олардың міндеттері мен құқықтарын түсінуінде айтылып өтті. Отбасылық өмірдің аясы еркектер мен әйелдердің рөліне заманауи және дәстүрлі көзқарастарға оқыс қарсыласу орны болып табылады. Отбасында гендерлік рөлдердің өзгеруінің мысалы бойынша, қоғамдық санада патриархалдылықтан заманауи әйел кейіпіне ену қадамдарына 
жылжығандықты айқын байқауға болады. 
Әйелдің әлеуметтік дәстүрлі рөлі – бұл ана мен жардың рөлі. Осы тұрғыдан оның 
гендерлік мәртебесі – үй бикесінің, ошақ қорғаушысының, балалардың қамқор және 
эмоциялы тәрбиешісінің және т.б. мәртебесі. Еркектің мәртебесі керісінше, балалармен айналыстпайтын, тек отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін үй қызметтерін тұтынушы, табыскердің, іскердің рөлін көрсетеді.
Қоғам мен мемлекет отбасы саулығына мүдделі, олар бірігіп қызмет атқарады, 
өзара байланыста және бір-біріне өзара әсер етеді. 
Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қиындығына орай, әсіресе, жас балалы 
отбасыларда әйелдердің қолында үй шаруаларын басқару (отбасының басқа мүшелері
арасында міндеттерді бөліп беру, қаржыны басқару) және қоғамдағы әйелдің рөлін 
күшейтудің арқасында отбасын басқару рөлі феминизацияланады (әйелдер рөлінің 
артуы). 
Сонымен қатар, бұл отбасылық рөлдерді дәстүрлі түрде бөлу көптеген 
отбасыларда үйлеседі: ері (әкесі) – табыс табушы және асыраушы, әйелі (анасы) – үй бикесі және балалардың тәрбиешісі. Әкенің рөлін көтеру отбасында ер адамның билігін 
мықтап құрады, ол болашақта отбасы рөлдерінде ұл балалардың бағдарларын күшейтуде 
байқалады. 

Отбасындағы әке мен ананың рөлі 


Барлық уақытта да ана мен әкенің рөлі ұлы және ештеңемен теңеспейді. 
Табиғатынан және қоғамда әйел адам – ана мен жар болуға дайындалған сияқты, әрбір ер 
адам да ері, әкесі болуға дайындалады.
Некеге отырған соң ер адам өзіне үлкен жауапкершілік алады – әке болып, 
отбасында тірек болады. Бірақ, шындығында қаланың өмір салтының таралуына орай,көбіне отбасылық өмірді әйелзайыбы, ана басқарады. Заманауи пәтерлерде барлығы бар, сол себепті, балалар әкесінің еңбектену үлгілерін жиі көре алмайды. Оның еңбегі 
толығымен отбасынан тыс қалып қояды. Ана – бұл басқа іс. Ол өндірісте жұмыс істесе де, 
үйде де оның жұмыс күні бар. Дегенмен, әке бәрібір – тұрмыстық мәселелерде күш, ақыл 
және отбасының тірегі болып табылады.
Әкелік ету – ер адамның әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан пісіп жетілуіне 
емтихан болып табылады. Некеге отырып алып әке болуға дайын емес жастар әрқашан 
кездеседі. Бала – отбасының мықтылығына арналғанүлкен сынау.
Біздің уақытымыздағы балалар бақшасында және мектептерде негізінен әйел 
адамдар жұмыс істейді, ер адамардың балаларға әсерінің жоқтығы білінеді. Сол себепті, 
әкелер отбасылық қатынастарда өзініңәсерін толықтырып отыруы қажет.
Балалардың бос уақытын, ата-аналарға көмек көрсету бойынша, балалармен 
қосымша білімді алу бойынша және басқалай жақсы ұйымдастыру – міне осылар әкенің 
бірінші деңгейлік тапсырмасы. Балалардың жанында бола отырып әкесі мейірімділік, 
адалдық, бауырмалдық сияқты өзінің еңжақсы қасиеттерін көрсетеді.
Балаларды тәрбиелеуде әкенің жанды үлгісі өте қажет. Балалары көбіне әкесінің 
өмір салты мен ойларын көшіреді: сөйлеу мәнерін, жүрісін, дене қимылын үлгі етіп 
алады. Олар әкесінен рухани мықтылық, күш, еркектік сенімділік, тапқырлық, қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қатынас сияқты ерекшеліктерін қабылдап өседі.
Айтып өткендей, әкенің рөлі тек балаларды тәрбиелеумен ғана шектелмейді. Ол 
аналарымен бірге отбасын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Ол отбасының
алдында тұрмыстық керек-жарақтарға жауапты. Пәтерді жөндеу, шаруашылықтағы 
еңбекті көп қажетсінетін жұмыстар, азықтүлікпен қамтамасыз ету – бұл ең алдымен әкенің міндеті. Отбасында ананыңрөлі үлкенжәне баға жетпес.Анасы ерекше эмоциялы әсерге, жылылық пен ізгілікке, рухани жұмсақтық пен 
сезімталдылыққа ие болғандықтан балаларды мейірімділік пен махаббатқа үйретеді, 
адамгершіліктің алғашқы сабақтарын, адамдарға жылы қатынас ету сабақтарын береді. Ана – бұл баланың өз бейнесін көретін айна, сол себепті, ананың жанды жақсы үлгісі өтемаңызды. Балаларды тәрбиелеуден бөлек, анасы үйдегі үйбикесі де болып табылады. Ол кр жуады, үй жуады, ас дайындайды және көптеген басқа шаруаларды атқарады. Әйелдің үй жұмыстарының орташа ауырлығы еркектің үй жұмыстарының орташа ауырлығына қарағанда екі есе көп, ал оның (әйелдің) орташа еңбек ауыртпалылығы еркектің орташаеңбек ауыртпалылығына қарағанда 15-20%-дан жоғары. Әйеланада екі еселенген жұмыс күні бар – өндіріс орнында және үйде.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен отбасына әке де, ана да қажет екендігі туралы 
қорытынды жасауға болады. Өйткені, анасынан балаларлар адамдарға деген нәзіктік, 
жылылық, мейіріміділік пен сезімталдылықты қабылдап өссе, әкесінен батылдықты, 
ерікті күш-жігерді, күресе білу мен жеңуді үйреніп өседі. Тек осы қасиеттердің үйлесуі 
толыққанды жеке тұлғаны қалыптастырады. 
Отбасындағы міндеттерді бөлудің заманауи әдісі жұмыс істеу, мансаппен 
айналысу сияқты күйеуінің де, әйелінің де мүмкіндіктері мен құқықтарын тең екендігін 
мойындайды. Күйеуі де, әйелі де балаларға қатысты жылылық, қамқорлық пен көңіл бөлу 
арқылы бірдей дәрежеде оларға тәрбие бере алады. Осы әдіске сәйкес, заманауи қоғамда 
ер адамның жағынан өз баласына жұмсақ қарым-қатынас жасауы әйел адамның жағынан 
балаға жасалатын әдістен ешқандай айырмашылығы жоқ. Оның үстіне, балалар оған (әкесіне) қатты бауыр басып қалғанда, әкесі анасына қарағанда балаларға жақсырақ қамқорлық жасайды. Барлығы да гендерлік дәстүрлерге емес, нақты адамдар мен жағдайларға байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет