Орындаған: Өтепберген Арай Тобы: фат-112б түркістан 2023ж



бет1/2
Дата04.05.2023
өлшемі36,44 Kb.
#89948
  1   2

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Филология факультеті


Педогогикалық шетел тілдер кафедрасы


БӨЖ
Орындаған: Өтепберген Арай


Тобы: ФАТ-112Б

Түркістан 2023ж

  1. Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба? Осы ойыңызды дәлелдеңіз.

  2. .Қазақстандағы идеологиялық жағдайды сипаттаңыз.

  3. Саяси бейімделуге байланысты қандай көзқарастарды білесіздер. Шолу жасаңыз.

  4. .Қазіргі әлемдік геосаяси жағдайындахалықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп ойлайсыз.



Сұрақтарға жауап


Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба? Осы ойыңызды дәлелдеңіз.
XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған коныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бокейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының "делегатгар съезі" шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уакытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өніріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардын өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де козғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа "Алаш" партиясын кұруға мәжбүр етті. Ол туралы "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.Бірінші бүкіл қазактық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды. 1917жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бокейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы карашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, "Алаш" партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
"Алаш" партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзкарас бар. Біреулерідбұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны "буржуазиялық-ұлтшыл" партия ретінде қарайды. Екіншілері оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынындада, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттык мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес, жалпы демократиялык мақсатка жатады.
"Алаш"теориясы сияқты 1917жылдың күзінде Қазақстанда "Үш жүз" деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, "Алаш" партиясының басты оппоненті болды.1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінін қазақ. халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген "Желтоқсан" қозғалысы дүниеге келді, кейін сонын негізінде осы аттас партия құрылды.Республикадағы алғашқы қоғамдық0саяси құрылымдароКоммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтык, мемле-кеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. койылды.Егер Республика аумағында белді рөль атқарған бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламаларына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар:
Ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл козғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылғы мамырда "Әділет", "Азамат", "Жерұйық", "Кәусар бұлақ","Форум" сиякты қоғамдық ұйымдардың бастамасымен құрылтай съезі шақырылды. Сонда "Желтоқсан" коғамдық комитетінін негізінде осы аттас партияның кұрылғаны туралы декларация кабылданды. Қазақстанньщ социал-демократиялық партиясы. 1990 жылғы 26-27 мамырында кұрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.
Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 жылғы 7 қыркүйекте кұрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезектен тыс (төтенше) съезі өтіп, оның мүшелері өзін-өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазакстаннын социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарла-масында мынадай стратегиялык мақсаттарды кояды: саяси салада шынайы демократияны, кұқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жактайды, экономика саласында — катаң каржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметгік салада - халыктың осал жігін - аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғүрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға карсы еместігін білдіреді. Өздерін Коммунистік партияның мирас корымыз деп санайды.
"Қазақстанның Халық конгресі" партиясы 1991 жылғы 5 қазанда өткен құрылтай съезінде күрыдды. Өзін центристік либералдык-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарыктық экономиканы құруды дұрыс көреді. Қазақстанньщ социал-демократиялық партиясы. 1990 жылғы 26-27 мамырында кұрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.
Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 жылғы 7 қыркүйекте кұрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезектен тыс (төтенше) съезі өтіп, оның мүшелері өзін-өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазакстаннын социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарла-масында мынадай стратегиялык мақсаттарды кояды: саяси салада шынайы демократияны, кұқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жактайды, экономика саласында — катаң каржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметгік салада - халыктың осал жігін - аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғүрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға карсы еместігін білдіреді. Өздерін Коммунистік партияның мирас корымыз деп санайды.
"Қазақстанның Халық конгресі" партиясы 1991 жылғы 5 қазанда өткен құрылтай съезінде күрыдды. Өзін центристік либералдык-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарыктық экономиканы құруды дұрыс көреді.республикадағы барлық партиялар оздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын калайды.
Республикадағы партиялардыңосаныоүнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың калыптасу процесі акырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол — көптеген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, коғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық туралы айту әлі ерте сияқты.Оның себептері қандай? Ең алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттің төмендігі, құқықтық негіздің әлсіздігі. Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, "жоғарғы" жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда оз кандидатурасын ұсыну үшін кұрады. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді.Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.
Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ дегенсұрак тууы мүмкін.Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағытибағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы бар.Қазақстанның Конституциясы елдегі конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдастыруға тыйым салады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халықаралық ұйымдарының қаржыландыруынаорұқсатщетілмейді.Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады.Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін кұрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.
Қазақстандағы идеологиялық жағдайды сипаттаңыз.
Идеология – ілім, қоғамдық сана.Таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы.Идеология, ұлттық және ұлттық мемлекеттің идеясының қалыптасуы мен институционалдануымен байланысты. Соңғы екі-үш жүзжылдықта идеологи мен ұлтшылдық бірін.бірі толықтырып, тұрақтандырады. Олардың үшінші таптың немесе буржуазияның мүдделерін көрсету үшін бір мезетте қалыптасуы кездейсоқ емес және олар алғашқы кезде мәні бойнша бір нәрсені көрсетті. ХХ ғасырда екі феномен де универсальды бейнеге еніп, құбылыстың кең спектірін айқындау үшін қолданылды. өткен жүзжылыдқта қалыптасқан «буржуазиялық ұлтшылдық», «ұлтшыл шовинизм» және т.б. түсініктер мәні бойынша, сәйкес әлеуметтік.саяси күштердің саяси.партиялық және идеологиялық бағдарламаларын негіздеуге және ақтап алуға қолданылды. Қазақстан халқы да басқа елдер сияқты өз ішінде әлеуметтік, этникалық, генеологиялық, діни және идеологиялық, тағы басқа ерекшеліктерге байланысты жіктелген, бөлшектенген қоғамға жатады. Осылардың ішінде идеологиялық ұстанымына байланысты халықтың қандай ағымдар мен топтарға бөлінетініне тоқталып өтуді жөн көрдік. Алайда, Қазақстанның жағдайын әлемдік идеологиялық ағымдардан бөлек қарастыруға тура келеді. Егер әлемде либерализм, консерватизм, марксизм, социал-демократизм сияқты идеологиялық бағыттар үстемдік құрып, бір-бірімен бәсекелес болса, тарихи даму ерекшелігіне байланысты Қазақстанда бұл ағымдардың күресі жоққа тән. Марксистік-ленинистік идеология үстемдік құрған КСРО-ның құрамында болған Қазақстан либерализм және консерватизм сияқты ағымдармен тек қана өткен ғасырдың аяғында ғана танысты. Сондықтан, Қазақстанда аталған ағымдар кең қанат дая алмады, ал, бір ғасырға жуық уақыт монополия құрып келген коммунизм идеологиясынан халықтың басым көбі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін-ақ бас тартты. Сөйтіп, елімізде жоғарыда аты аталған ағымдардың кейбір элементтерін ғана бойына сіңірген өзіндік идеологиялық топтар қалыптасты. Өзіндік идеологиялық ағымдардың қалыптасуына жоғарыда айтылып өткендей, Қазақстанның тарихи даму және саяси-әлеуметтік ерекшелігі әсер етті. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап, марксистік-ленинистік идеологияның әлсіреуімен бірге пайда болған вакуумды отаршылдыққа қарсы көтерілген ұлтшылдық сезім толтыруға тырысты (бұл жерде қазақ ұлтына қатысты айтылып отыр). Біртіндеп кеңейе берген вакуумді түрікшілдер, діншілдер, славяншылдар, демократтар, либералдар болып толтыра бастады. Сөйтіп, Қазақстанда бірнеше идеологиялық ағымдар қалыптасты, бұл әлемнің көптеген елдеріне тән қалыпты құбылыс болып табылады. Өйткені, билікке күрес дәл осы идеологиялық ағымдардың арасында жүреді. Сондықтан, идеологиялық ағымдардың мемлекетте көп болуынан аса қатты қорқудың қажеті жоқ, себебі идеология: 
*белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін қорғауына мүмкіндік береді; 
*пікірлес, идеялас, мүдделес адамдарды жақындастырады; 
*өздерінің талаптарын саяси шешім қабылдаушылар тарапынан ескерілуіне жағдай жасайды. 
Бір ғана идеология үстемдік құрған қоғамның етегінен шыққан Қазақстан халқы үшін қазіргі идеологиялық ағымдардың көптігі, олардың бір-бірімен өзара қайшылығы, теке-тіресі «хаос» сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, бұл «ашық» қоғамның көрінісі болып табылады, яғни, «тоталитарлық емес жүйеде бәсекелес бірнеше идеологиялық ағымның болуы заңды». Сол себепті, идеологиялық ағымдардың көп болуынан емес, тек олардың радикалданып, мемлекетке қарсы бағыт алып кетпеуінен сақтану керек. 
Қазақстанда әлі идеологиялық ағымдар саяси партия құрып, билікке күресуші күшке айналып үлгермегендіктен, оларды қалыптасу үстінде деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан, елде нақты қандай идеологиялық ағымдар бар екенін, халық арасында олардың үлесі қаншалықты екендігін дөп басып айту қиын. Тек, баспасөз беттерінде көтеріліп жүрген мақалалар мен әлеуметтік желілердегі пікірлерге, дискуссияларға қарап болжам ғана жасауға болады. Өз кезегінде, бұл тақырыпты абстрактілі ғана елестетіп, оны тереңірек ашуға, оқушыға түсініктірек болуға қиындық тудырады. Бұл қиындықтан құтылу үшін, елімізде бар деп алынған идеологиялық ағымдардың болмыс-бітімін, кескін-келбетін жасауға тура келді. Осы мақсатпен сызылған «ағаш» бізге тақырыпты анығырақ анықтауға, кеңірек ашуға және көз алдымызға нақтырақ елестетуге мүмкіндік береді. Мақалада, Қазақстандағы идеологиялық ағымдар осы ағаш сурет бойынша сипатталады. 
Бүгін елімізде ұлтшылдық идеологияның белең алып тұрғаны ешкімге жасырын емес, сонау тоқсаныншы жылдары қатты көтерілген бұл сезім одан кейінгі жылдары басылғандай болған еді, алайда кейінгі жылдары орын алған саяси-экономикалық үдерістер оның қайтадан жандануына алып келді... Ұлтшылдықтың көтерілуі тек Қазақстанға ғана емес, әлемнің көптеген елдеріне, әсіресе Еуропа мемлекеттеріне де тән құбылысқа айналып отыр. Еуропада ұлтшылдықтың (радикал ұлшылдықтың да) қайта жандануына қаржы тудырған проблемалар, иммиграция, діни және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қоғамда өзара түсіністіктің нашарлауы, терең ықпалдастық нәтижесінде мемлекетүсті ұйымдардың күшеюі, тағы басқа себепкер болды. Ал, Қазақстанның жағдайында ұлтшылдықтың оянуына Еуразиялық Одақ аясында жаңа қол жеткізген тәуелсіздіктен айырылып қалу қаупі түрткі болғаны анық. Қысымда қалған ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді қалпына келтіру, этникалық дискриминациядан құтылу үшін бас көтерген мұндай ұлтшылдық, көптеген философтар мен саясаттанушылар тарапынан позитивті қабылданады. 
Қорытындыласам, Қазақстанның идеологиялық жағдайы-отарлықтан азат болып жаңа тәуелсіздігін алған елдерде ұлтшылдықтың көтерілетіні қалыпты жағдай. Алайда, оның екінші негативті қабылданатын түрі де бар, өз ұлтының басқа ұлттардан жоғары екенін дәлелдейтін тұжырымдар шығарып, басқа этникалық топтарды кемсітуге бағытталған «әсіреұлтшылдық» идеология – фашизмнің негізгі қозғаушысы болып саналады. Қазақстандағы ұлтшылдық бұлардың алғашқысы болып табылады, сондықтан, одан үрейленудің қажеті шамалы


Саяси бейімделуге байланысты қандай көзқарастарды білесіздер. Шолу жасаңыз.
Саяси даму мен бейімделудің мәні. Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады.Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүддерерді жаңа үлгіліеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн.Себебі, соңғысы, қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді,бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді.Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін өзгерісті ғана бейнелейді.
Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді.Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.
Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуының дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегенді әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады.Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз, Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айналлысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды алғашқы өңдеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымда отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған.
Қазіргі қоғам индустриялды, жоғары индустриялды (постининдустриялды)қоғам болып есептеледі.Ол рационолизмге, ақыл, парасатқа, баяндылыққа негізделеді.
Дәстүрлік қоғамның қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қыры бар.
Құрылымдық бейімделу.Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды. Оған индустриализацияландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы,жұмыс бастылық құрылымның түбегейлі өзгеруі,білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, қоғамның әлеуметтік жіктелу құрылымының өзгеруі және т.б. жатады.
Азаматтық.Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі—азаматтылық, азаттық құқықтар.Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған.
Саяси қатынасу.Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі---сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыптасады. Олар халықтың саяси өміріне қатынасуына көмектесіп,тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді.
Қазіргі адам.Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа -тайпаның шеңберінде ғана іс-әрекет етпейді.Мемлекеттік,ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып,өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады.
2.Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар.
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты бар.
Біріншісі----өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер ажатады.Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болыпесептеледі.Ал осы жолды кецін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, “қуалай дамушы” мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгерту, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрынна келе жатқан және кең тарағанының бірі----бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейде елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларға соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да кәзіргі жоғарғы индустриялды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; б) Батысқа бейімделу “үшінші елдердің” табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; в) бұл елдер дамыған Батыс Европа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынастың, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылдаған.
60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысына бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болды. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.
Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.
Ә р түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлерді, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.
Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылуы және мәдени ерекшеліктері.Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.
Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды.Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. “Қуалай дамумен” қатар “жарым-жартылай”, “Тығырыққа тірейтін” бейімдеушіліктер жөнінде де айтыла бастады.
Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс иен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін,ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты.Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылды.
Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары.
Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелілік болуы керек дегенді айтады.Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаландырудан бастағанды,екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегімен, төртіншілері елді мекендерді қалаландырудан және т.с.с. бастаған жөн деп санайды.
Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г.Альмонд,Р.Даль,Л.Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударды. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші роль атқарады. Себебі, солардың арқасында саяси реформалар атқарылады.Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол серіксіз,біртіндеп жасалуға тиіс дейді.
Консерваторлар (С.Ханингтон, Дж. Нельсон,Х.Линдз) бұған керісінше қарайды.Олардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленген, биік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араласатын керегі шамалы.Ол қоғамды саяси дамуға емес, құлдырауға әкеледі.Егер экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш өсу болса, саяси реформа үшін тұрақтылық керек.Сондықтан дейді олар, дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделу үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежейтін заңды, беделді саяси партия,авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Солар ғана билікке саяси басшылық жасай алады, мемлекетте мықты бюрократия қалыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады.Авторитарлық тәртіп әр түрлі кездескендіктен бейімделу де әр түрлі болуы мүмкін деп пайымдайды консерваторлар.


Қазіргі әлемдік геосаяси жағдайындахалықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп ойлайсыз
Қазіргі саяси проблемалардың бірі – геосаясат. Геосаясатты талдаудың өзіндік ерекшелігі саясаттың кеңістік-географиялық факторларын қарастырумен, макросаяси үрдістерді зерттеумен, тұрақты және ұзақ мерзімді сипаттағы құбылыстарды ашатын ұғымдар мен категорияларды кеңінен қолданумен байланысты. Мұндай ғылыми амал, әсіресе геосаяси проблемаларды қарастыру кезінде аса маңызды. Соңғы уақытта геосаясаттың, геосаяси білімнің, әлемнің геосаяси архитектурасының маңыздылығы айтарлықтай артты. Қазіргі кезде Қазақстанның геосаясаты, геосаяси факторлары, геосаяси жағдайы жөнінде жиі айтылады. Алайда осы тақырыпта сөйлейтін адамдардың бәрі бірдей геосаясат дегеннің не екенін және оның архитектурасына не жататынын жете біле бермейді. Соған қарамастан геосаясат дүниежүзі тарихын пайымдаудың ерекше амалы ретінде қазіргі Қазақстанның шынайы саясаты тұрғысынан өте үлкен пайдасы бар. Осымен байланысты геосаясаттың және қазіргі әлемнің геосаяси архи­тек­турасының аса маңызды өзекті мәсе­лелердің бірі екенін атап көрсетуіміз қажет. Өйткені онсыз қазіргі әлемнің шынайылығын толықтай және қай­шылықсыз анық түсіну мүмкін емес. Қазіргі геосаясатты дұрыс түсіну үшін, ең алдымен, ,оның архитектурасын білу керек. Қазіргі әлемнің геосаяси архитектурасы геосаясат субъектілерінің (әлем қауымдастығы субъектілерінің) жиынтығынан, өздерінің жеке және ортақ мүдделерін жүзеге асырудағы олардың стратегиясынан, әрекетінен және өзара қатынасынан тұрады. Ол әлемдік саясаттың, халықара­лық қаты­настардың мынандай субъектіле­рін – мем­­лекетті, үкіметаралық және халықара­лық үкі­меттік емес ұйымдарды, сондай-ақ ­гео­­сая­­­си орталықтарды өзіне қосқан. Геосаяси орталықтардың негізгілеріне әлемдік саясаттағы ірі факторларды – Еуропаны ( Еуропа одағы келбетіндегі), АҚШ-ты, Азия Тынық мұхиты аймағын және Ресейді жатқызуға болады. Еуропа Одағы (ЕО) – федеративті мемлекет элементтерінен тұратын мемлекетара­­лық, аймақтық масштабтағы конфедератив­тік бірлестік. Халқы 500 млн. адамнан асады. Еуроодақты құрудың бастамашысы – Франция мен Германия. ЕО 1992 жылы 12 Еуропа мемлекеттері қол қойған Маастрих келісімшарты негізінде 1993 жылы құрылды. Қазір оның құрамында 27 ел бар. Еуроодаққа бірігудің мақсаты – ­саяси, экономикалық және валюта одағын құру, адамдардың, капиталдың, тауарлар мен қызмет көрсетудің еркін қозғалысы негізінде біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру. Еуроодақ көшбасшыларына келетін болсақ, онда олардың саясатында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Франция өзінің АҚШ-тан тәуелсіздігін көрсетір, аймақтық көшбасшы болып дамуға тырысады. ЕО-ты құрудың есебінен біріккеннен кейін құрлықта айтарлықтай нығайған Германияның позициясын әлсіретуге қарсы емес. Өз кезегінде Германия АҚШ-пен қатынасын өзгертпей-ақ, құрлықтағы өзінің ықпалын, ең алдымен, Орталық Еуропа және Шығыс Еуропа, сонымен қатар Балтық мемлекеттері есебінен кеңейтуге тырысуда. Германия Еуропаның геосаяси осі болуы мүмкін. Англия толықтай АҚШ-тың ықпалымен келеді. Еуропа Одағының өзіне тән геосаяси тұжырымдамасы бар. Ол 1970 жылы «ЕО геосаяси тұжырымдамасы» деген атпен дайындалған еді. Оның негізіне «азаматтық күштер» идеясы алынған, оған сәйкес сыртқы саяси міндеттер әскери күш позициясы тұрғысынан (мұны АҚШ көбірек жақтайды) шешілмеуі тиіс, керісінше, ынтымақтасу арқылы, экономикалық тетіктердің әсерін қолдану арқылы (соның ішінде, қажет болған жағдайда экономикалық санкция жасау), әр жақ өзіне қайсыбір функциялар мен міндеттерді алып, жалпы құрылымды қолдану арқылы шешілуі қажет. Күш қолдану немесе қауіп-қатер жасаудан бастарту идеясы Хельсинкиде өткен Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы кеңесінің жұмысының барысында пайда болған еді. Еуроодақ елдері және АҚШ батыс өркениетінің ажырамас құрамдас бөлімі болып саналады. Алайда олардың арасындағы қатынаста бірқатар қарама-қайшылықтың бар екендігі байқалады. Мәселен, кезінде Иракқа шабуыл жасалғанда, ортақ мүдде ауызбіршілік болмады деуге болады. Бұл қарама-қайшылықтар Еуропаның бірлігін бөліп жіберді және шоғырландырушы әлеуетін бұзды. Еуропа АҚШ-тың ха­лықаралық институттарды мойындамауына қарсы (мысалы, Югославияға қарсы агрессия кезінде БҰҰ мұндай оқиғаға кезікті). Еуропа, сондай-ақ Құрама Штаттардың Американың стратегиялық мүдделерін шешуде басқа елдердің мүдделерін жоққа шығаруына қарсы, өйткені бұл антиамерикандық және антибатыстық көңіл күйді және әлемнің өзге елдерінен АҚШ-тың және батыс елдерінің оқшаулану қаупін тудырады. Еуропа АҚШ-пен салыстырғанда, әлемнің басқа аймақтарындағы орнықтылық пен тұрақтылықты қолдайды және аймақтық істерге араласпауды қолдайды. Осымен байланысты жарты ғасыр әлемде орнықтылық пен тұрақтылықты қамтамасыз еткен геосаяси биполярлы әлемдік құрылыс конструкциясы ыдырығаннан кейін «қырғи-қабақ соғыстың» басты жеңімпазы ретінде әлемді бірполюстікке өткізуге барынша тырысқан екі ұлы державадан бір ғана – АҚШ қалғанын айтуымыз қажет. Сөйтіп, АҚШ биполярлы жүйе ыдырағаннан кейін қалыптасқан вакуумды толтырды. АҚШ планетамыздағы бірден-бір негізгі геосаяси күштердің орталығы екені белгілі. Оған келесі сипатты белгілер тән: біріншіден, әскери, экономикалық, технологиялық, ақпараттық қатынастарда және мәдени ойын-сауық салаларында әлемдегі ең қуатты держава. Сонымен бірге АҚШ-тың бас болу жағдайы оның халықаралық институттарда (ХВҚ, БСҰ, Бүкілдүниежүзілік Банк, Қайта құру және даму банкі), НАТО және т.б. басымдығымен түсіндіріледі. Екіншіден, әлемдегі жаһандану және жаңару үрдістері АҚШ-тың бақылауында. Үшіншіден, ол әлемде бірполярлы конструкция құруға тырысуда. АҚШ-тың геосаяси ұмтылысы өзінің аумағын қорғаумен бітпейді, оны басқа мемлекеттердің аумақтарына таратады, ол жерлерде Америка азаматтарының, Америка капиталының, Американың сыртқы саяси курсының және жалпы батыс өркениетінің мүдделері қорғалады. Төртіншіден, өзінің мақсаттарына жетуде күш көрсету саясатына тірек жасайды, ондағы басты құралы – НАТО – батыс мемлекеттерінің әскери-саяси блогы, мұнда да АҚШ бағыттаушы ел болып табылады. Олар НАТО-ны демократия мен тұрақтылықтың зонасы ретінде қарап, оны кеңейту тұжырымдамасын белсенді пайдаланады. Осылайша, өзінің геосаяси алаңын кеңейтеді. Бесіншіден, АҚШ-тың сыртқы саясатына тән белгілердің бірі – мессианизм, бұл дегеніміз бүкіл әлемге өзінің либералды-демократиялық құндылықтарын тарату арқылы әлемді американдық етіп құруға тырысушылық. Американың жаппай ықпал ету мақсаттарына жету үшін АҚШ Еуропадағы одақтастары мен Жапонияға және қалған өзге де елдерге қатысты «Бағдарламалы көшбасшы тұжырымдамасын» қолданатынын айтуымыз керек. Бұл тұжырымдаманы 1993-2000 жылдары. Клинтон әкімшілігі жасады. Тұжырымдаманың мәні – АҚШ саясатының шеңберінде одақтастарға белгілі бір әрекеттерге бағыттарын таңу. Дегенмен, соңғы уақыттарда Құрама Штаттар әлемдік аренадағы бәсекелестіктен қауіптенеді. Жаһандық көшбасшылық үшін күресте Қытай, Индия, Еуроодақ оның басты бәсекелестері болып отыр. Осымен байланысты әлемдік дамудың соңғы он жылдығы келесі бір геосаяси орталықтың Азия Тынық мұхиты аумағының (АТА) салмағының қарқынды артып отырған­дығын атап өтуіміз қажет. Менің көзқарасым бойынша АТА-ға тән белгілерге: біріншіден, бірнеше күштер орталықтарының болуы жатады. Әдетте әлемнің көптеген аймақтарында бір ғана көшбасшы болады немесе жақсы жағдайда, көшбасшылық үшін күштердің екі орталығы күреседі. АТА бірден кем дегенде 4 күштер орталықтарын өзіне қаратып алған. Мұнда аймақтық қана емес, әлемдік күштер балансын анықтайтын: АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония сияқты әлемдік бірнеше ірі державалар орналасқан. Олардың бәрі геосаяси және геостратегиялық маңызды орын алады, аймақта және әлемде ауқымды мүдделері бар және оларды жүзеге асыру үшін қуатты әлеуетті иеленген. Екіншіден, экономикалық, саяси және әскери салмақты шапшаң арттырушы мемлекеттердің болуы жатады (мысалы, Корея Республикасы, Сингапур, Малайзия, АСЕАН, басқа да елдері), бұлардың мүддесін аймақтық күштер балансында есепке алуға тура келеді. Үшіншіден, АТА халықтың аса көп қоныстанған аймағы. Оның планета халқының шамамен 50 пайы­зы тұрады. Төртіншіден, АТА жердегі динамикалық дамушы, қуатты экономикалық аудан. Жалпыәлемдік өнімнің жартысынан астамы, әлемдік сауданың жалпы көлемінің 50 пайыздан астамы, инвестицияның 55 пайыз­дан астамы, әлемдік порттың 40 пайыз­дан астамы және электроқуаттың 42 пайы­зы, т.б. оның үлесіне тиесілі. Бесіншіден, аймақтағы елдерді экономиканың аса жоғары қарқынмен артуы сипаттайды. Азия даму банкінің болжамына сәйкес, АТА елдерінің экономикасының өсу қарқыны таяу жылдары әлем елдерінің экономикасының өсу қарқынынан екі-үш есе артатын болады. Аймақ әлемнің негізгі қаржы және инвестиция орталығына айналуда. Алтыншыдан, АТА-ға тән геостратегиялық ерекшеліктерде оның сипатты белгілеріне жатады. Өйткені мұнда өте көп әскери әлеует, ең алдымен АҚШ, Ресей және Қытайдың зымыран-ядролық әлеуеті шоғырланған. КХДР-дың да ядролық әлеуеті бар болуы мүмкін. Бұған әскери әлеуетті арттыру тенденциясының да болуын қосамыз, ол жоғарыда аталған мемлекеттердің әлеуетінің есебінен іске асуда. Мысалы, АТА-ның Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі елдер сарапшылардың мәліметі бойынша, бүгінде мемлекеттік бюджеттің 5-20 пайызын әскери шығынға жұмсайды. Осы аймақтағы қару-жарақ сауда-саттығы Таяу Шығыстың қару-жарақ және әскери техникаларынан кейін екінші орын алады, сөйтіп, қару сатудың әлемдік айналымының шамамен үшінші бөлігін құрайды. Жетіншіден, АТА әлемнің жетекші мемлекеттерінің геосаяси мүдделерінің (АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония) түйісетін, мемлекетаралық өткір қарама-қайшылықтардың тоғысатын, аймақтағы бірнеше мемлекеттің шамданушылығын арттыратын, өзара талаптар бар. Соның ішінде аумақтық (мысалы, Жапонияның,, Ресейдің Оңтүстік Куриль аралдарына) талаптарды айтуға болады. Америка Құрама Штаттарының АТА-дағы геосаяси мәселелерді айқындауда айтарлық­тай рөл ойнайтынын атап көрсету қажет. Ол АТА-ны өзінің геосаяси мүдделерінің бірден-бір маңызды зонасы ретінде қарастырады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мұнда қалыптасқан қауіпсіздік құрылымын нығайту мен жетілдіру бағыты Вашингтонның аймақтағы саясатының басымды бағыты болып табылады. Бұл құрылым АҚШ-тың көшбасшылық рөліне, Жапониямен және Оңтүстік Кореямен әскери Одаққа, Таиландпен, Филиппинмен, Австралиямен және Жаңа Зеландиямен отырған келісімшарттарға, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен әріптестік қатынастарға негізделген. Осы құрылым, АҚШ-қа Тынық мұхиты аймағында алдыңғы қатарлы күштерді орналастыруға мүмкіндік берген басты әскери-стратегиялық аудандарға бақылауды қамтамасыз ететін және американың гео­саяси көшбасшылығына негізгі механизм рөлін атқарады. АҚШ-ты ең алдымен Қытайдың экономикалық және әскери әлеуетінің шапшаң артуы алаңдатады. АҚШ пен Жапония арасында қарама-қайшылық бар, дәлірек айтқанда, АҚШ пен Жапонияның экономикалық қарсыластығы шиеленісуде. Экономикалық бәсекелестікке төтеп бере алмағандықтан, АҚШ Жапонияның үкіметіне қысым көрсетеді. Ресейге қатысты АҚШ бұрынғысынша Ресейді АТА нарығынан оқшаулауды көздейді. Оның ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуетін, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін және экономиканың басқа да жоғары технологиялық салаларын әлсірету сияқты стратегиялық ниетін сақтап отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет