Орындаған: Раушанбекова Ақниет Тексерген: Рахымқұлов Д. А топ



Дата21.11.2022
өлшемі27,01 Kb.
#51546

ЭССЕ


Тақырып:Адам өміріндегі мәдениет мәдениет

Орындаған:Раушанбекова Ақниет
Тексерген:Рахымқұлов Д.А
Топ:14-96,1 курс 
Адам өміріндегі мәдениет
Мәдениет дегеніміз-кісілер арасында адам болу өнері.
Олжас Сүлейменов
“Мәдениет дегеніміз не?”-деген сұраққа жауап беру үшін бұл күрделі ұғымның шығу тегіне тоқталуды жөн көрдім.Бұл термин араб тілінен қазақ тіліне аударғанда,”маданият”-қала,қалалық деген мағынаны білдіреді.Мәдениет ұғымы ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің даму кезеңінде енген.Сонымен қатар,мәдениет термині шетелде “культура” деп қолданылады.Культура ұғымы бұл-натураға яғни,табиғатқа қарсы айтылған термин болып табылады.Осы бір күрделі ұғымды білдіретін мәдениетке мынандай анықтамалар беріп кетуге болады.XX ғасырдың белгілі ғұлама психологы Зигмунд Фрейдтің тұжырымдамасы бойынша “Тотем және табу” деген еңбегінде ,мәдениет бұл адамның табиғатпен қарым-қатынасын ретке келтіретін талап ретінде баяндалады.Басқа да анықтамаларды қарастыратын болсақ,өмірде адамдарға не нәрсе құнды және пайдалы болса,бұл мәдениет ұғымына жатады.
Әр елдің,адамның,қоғамның өзіне тән мәдениеті болады.Жалпы мәдениет ұғымына адам өміріндегі,қоғамдағы,өндірістік және рухани құндылықтар,белгілі бір заңдылықтар,тәрбие,тағы да басқа түсініктер жатады.Мәдениет-адам өз үлесін қосатын қызметтің,соның нәтижесінде пайда болатын қатынас.Адам өмірінде мәдениет екі бағытта қалыптасқан.Осыдан рухани және материалдық мәдениет негіздері болып бөлінеді.Материалдық мәдениет-қолмен ұстап,адамның өз қажеттілігін материалды түрде қанағаттандыруы.Ал,рухани мәдениет-рухани құндылықтар,мораль,философия,өнер,тәрбие,білім мен ішкі сана-сезімнен құралады.Материалдық және рухани мәдениет қос ұғым.Себебі,екеуіде адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын факторлар.
Адам-мәдениетті,мәдениет-адамды жаратушы.Мәдениет-бұл адамның іс-әрекеті және сана сезіммен жасалған барлық нәрсе емес,сонымен қоса бірнеше ғасырлар бойы өз құндылығын жоғалтпай келе жатқан халқымыздың әдет-ғұрыптары,діні ,нанымы,сенімі,ана тіліне деген құрметінен көрінеді.Менің ойымша,әр адам өз елінің мәдениетімен ара-қатынасы қаншалықты берік болса,соншалықты әр тұлға, материалдық және рухани игіліктердің басты жасаушысы,мәдениетті адам ретінде үміт артуға болады.Мәдениет-адамды жаратушы демекші,мен ата-анамды қатты жақсы көремін,құрмет тұтамын,өйткені олар маған өмір сыйлады,мені жеке тұлға ретінде қалыптастырды.Мен ата-анама үлкен алғыс айтамын.Себебі, мені Құдайға сенуді,әдет-ғұрыптарымызды,дәстүрлерімізді,ең басты құндылық-мәдениетімізді сақтауды үйретті.Мен үшін мәдениетті адам-тарихи және рухани құндылықтарды тереңірек бойына сіңірген,өзінің және де басқа халықтардың мәдениетін жетік білетін,жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылықты білетін адам мәдениетті тұлға болып саналады. Адамның мәдени деңгейі оның отбасы қасындағы мәдениеттілігімен,отбасына деген ілтипатына,балаларына берген мейірім шапағат,қамқорлығымен өлшенуі тиіс.Тіпті ғылымда мәдениет ұғымы жеке “мәдениеттану” пәні ретінде қарастырылған.Мәдениеттанумен көптеген ғылым салалары шұғылданады.Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология,тарих,психология,педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті.
Қорыта айтқанда,адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.Жалпы қоғамда неғұрлым мәдениетті адамдар көп болса,соғұрлым ол өркендеп,басқалардан ерекшеленеді.Болашақта мәдениет пен адам арасындағы байланысты сақтап қалу үшін,қоғамда мәдениет ұғымының рөлін одан әрі арттырып,құндылығын жоғалтпауы тиіс.Мәдениет-мыңдаған жылдар бойы өзекті болды,қазір де өзекті және болашақта да өзекті болады.Менің ойымша,мәдениетті әр адам өз бойына, жалпы игілігі үшін ғана емес,ең алдымен мәдениетті тұлға болуы үшін қалыптастыру керек.Сол себепті ,қазіргі таңда қоғамда мәдениет салтын әрі қарай дамытып,қалыптастыру-әр адамның парызы!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. МӘДЕНИЕТ – АДАМЗАТ ӘЛЕМІНІҢ АЙНАСЫ:HTTPS://INFOUROK.RU/PSIHOLOGIYALY_DRS_MDENIETT_ADAM-516236.HTM 
2.МӘДЕНИЕТ.:https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82 
3. https://library.atu.kz/files/27073.pdf 
4. https://melimde.com/medenietti-adam-omirindegi-maizi-men-roli-medeniet.html 
5. https://stud.kz/referat/show/34162 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет